Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 10:47, курсовая работа
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы.
1.1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мазмұны және құрылымы................................................................................................................5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.................................9
1.3 Негізгі қорларды бағалау. Негізгі өндірістік қорлардың табиғи және моральдық тозуы..................................................................................................13
2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының тиімді басқаруды талдау.
2.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау......................................................................22
2.2 «Ақтаугазсервис» АҚ-ның негізгі қорларын қолдану қарқындылығын және тиімділігін талдау......................................................................................31
3. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары.
3.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – да негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың резервтер жүйесі...................................................................................................37
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату....................................................................................................39
3.3 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның 2010-2011 жылдарға арналған даму жоспары.................................................................................................................42
Қорытынды.........................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........
Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:
А = Н х Ф,
Мұндағы, Н – амортизация нормасы (%);
Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.
Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;
моральдық тозу;
техникалық қайта құрудың жоспары;
жабдықтардың балансы;
модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
Амортизациялық аударым көлемі үш әдіс арқылы анықталады. Олар: тең өлшемді, жеделдетілген тең өлшемді және жеделдетілген әдістер.
Амортизациялық аударымның тең өлшемді әдісі негізгі қорлардың тең өлшемді табиғи және моральдық тозуларға негізделген. Ғылым, техника, өндіріс технологиясы тең өлшемде дамымайды. Негізгі қорлардың моральдық тозуы көп жағдайларда амортизациялық нормада қарастырылғандай тең өлшем қарқынында емес, жеделдетілген түрде жүреді. Сондықтан кәсіпкердің негізгі қорларды пайдаланған кезінде жедел түрде моральдық тозу процесі жүрсе, оларды алмастыратын амортизациялық аударымы болуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін негізгі қорлардың амортизациялық аударымның жеделдетілген әдісін қолдану керек. Олардың алғашқы үш жылында, осыдан кейін, амортизация мерзімінде қалыптасқан қалған құн бірдей (тұрақты) амортизация нормасының әрбір қызмет ету уақытына көшіріледі. /25/
Қазіргі кезде амортизацияның тең өлшемді еместігі кең тараған, онда алғашқы эксплуатациялау жылдарында құралдардың көп бөлігі өндіріс шығындарының құрамына қосылады. Мысалы, алғашқы жылы – 50 %, ал келесіде - 30%, және де үшінші жылы - 20%. Бұл инфляция жағдайында кәсіпорынға шығарылған шығындарын тезірек сатып алуға және оларды құралдардың паркін болашақта жақсартуға бағыталуға мүмкіндік береді.
Өндірістік кәсіпорын ғылыми-техникалық, кәсіпорынның өндірістік дамуына, негізгі қорларды жетілдіру мен қайта өндіруге бағытталған амортизациялық аударымдар сомасын өз қалауынша қолданады.
Амортизацияға тиісті мүліктер келесідей төрт категорияларға біріктіріледі:
а. ғимараттар, құрылыс ғимараттары мен олардың құрылымдық компаненттері;
б. жеңіл автотранспорт, жеңіл жүк автотранспорттары, конторлық құралдар мен жиһаздар, компьютерлік техника, ақпарат жүйелері мен оларды қабылдау жүйелері;
в. бірінші және екінші категорияларға қосылмаған технологиялық, электротехнологиялық, транспорттық және тағы да басқа құралдар мен материалдық активтер;
г. материалдық емес активтер.
2. Амортизацияның жылдық нормасы бірінші категориялар үшін - 5%, екіншілер - 25%, ал үшіншілер үшін - 15% ды құрайды. Ал төртінші категорияларға амортизациялық аударымдар материалдық емес активтерге сәйкес мерзім көлемінде тең үлес арқылы есептелінеді. Мына жағдайда егер, материалдық емес активтердің қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін емес болса, онда амортизация уақыты он жылға есептелінеді.
3. Амортизациялық аударымдарды есептеу кезінде эксплуатациялау жағдайын ескеретін коэффициент қолданылуы мүмкін. Негізгі қорлардың тозуын жоғарылататын келесілер: өндірістің жеке түрлерінің ерекшеліктері, машиналар мен құралдарды эксплуатациялау режимі, табиғи жағдайлар қолданылады.
4. Кәсіпорындар негізгі қорлардың жеделдетілген амортизациясын қолдануы мүмкін. Амортизацияның жеделдетілуіне машиналар, құралдар, транспорт құралдары ұшырауы мүмкін.
Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:
1. Бірқалыпты құнды тізімнен шығару;
2. Жасалған жұмыс көлеміне сәйкес құнды тізімнен шығару (өндірістік әдіс);
3. Жеделдетілген тізімнен шығару әдісі.
Бірқалыпты құнды тізімнен шығару әдісі – объектінің амортизацияланатын құнын ай сайын тең сомада тізімнен шығару. Бұл әдіс негізгі қорлардың объектісін пайдаланудан түскен пайда оны пайдалану уақытының әр кезеңінде бірдей деп болжаған кезде қолданылады, яғни объектінің қалатын пайдалылығы бірқалыпты болады.
Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, экпслуатация сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке пропорционалды жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс эксплуатация уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы.
Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады:
а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (кумулятивті);
б) кішірейетін қалдық әдісі.
Сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі эксплуатация мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады.
Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді. Амортизациялық аударымның тең өлшемді әдісі негізгі қорлардың тең өлшемді табиғи және моральдық тозуларға негізделген. Ғылым, техника, өндіріс технологиясы тең өлшемде дамымайды. Негізгі қорлардың моральдық тозуы көп жағдайларда амортизациялық нормада қарастырылғандай тең өлшем қарқынында емес, жеделдетілген түрде жүреді. Сондықтан кәсіпкердің негізгі қорларды пайдаланған кезінде жедел түрде моральдық тозу процесі жүрсе, оларды алмастыратын амортизациялық аударымы болуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін негізгі қорлардың амортизациялық аударымның жеделдетілген әдісін қолдану керек. Олардың алғашқы үш жылында, осыдан кейін, амортизация мерзімінде қалыптасқан қалған құн бірдей (тұрақты) амортизация нормасының әрбір қызмет ету уақытына көшіріледі. /29/
Соңғы жылдары дамыған елдерде машиндердің құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады.
2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының тиімді басқаруды талдау.
2.1. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау
“Ақтаугазсервис ” АҚ «МАЭК-Казатомпром» ЖШС – нің еншілес кәсіпорны болып табылады. “Ақтаугазсервис” акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Департаменттік Заңнамасына сәйкес тіркеліп, куәлік 15.12.2002ж., №6553-1943-АҚ берілді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие.
Қоғамның негізгі қызметіне мыналар кіреді:
1. Газ желілері мен құралдардың ішкі шаруашылық қызметі;
2. Сыртқы газ желілерінің қызметі;
3. Электрлі қамтамасыз ету және катодтық қауіпсіздік қызметі;
4. Апаттық – диспетчерлік қызмет;
5. Монтажды – жөндеу бөлімшесі;
6. Автотранспорттық қызмет;
7. Байланыс бөлімшесі.
Қоғамның негізгі тұтынушысы болып «МАЭК-Казатомпром» ЖШС табылады, олар жылу электрстанцияларына отын ретінде 1500 млн. м3 көлемінде, яғни газдың 82% тұтынады. Газ желілері табиғи газдың жоғарғы қысымын жылу беретін электр станциялары мен өндірістік кәсіпорындарға бағыттайды.
Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Ұйымдық –құқықтық нысаны: мемлекеттік кәсіпорын себебі - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындаған кәсіпорын болып табылыды. Меншік түрі: мемлекеттік.
Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің заңдарын, кәсіпорынның жарғысын басшылыққа алады.
Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: 4662008, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау Өндірістік алаң.
Бұл акционерлік қоғам Ақтау қаласының коммуналдық жылу , газ желілері мен газ бөлу жүйелерін әрдайым қалыпты жағдайда ұстау мақсатында құрылған әлеуметтік маңызы бар кәсіпорын. Оның негізгі міндеті - қала тұрғындары мен кәсіпорын, мекемелерді үнемі үздіксіз энергия қорларымен қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғам қызметінің негізгі түрлері:
- тұтынушыларды табиғи, қысылған, сұйылтылған және инертті газдармен шарт негізінде жабдықтау;
- газдың магистралді газ құбырлары және газ тарату тораптары бойынша тасымалдалуын қамтамасыз ету;
- тұрғын үй, коммуналдық тұрмыс, өнеркәсіп объектілерін және магистралдық газ мұнай өнім құбырларын газдандыру жүйелерін жөндеу және пайдалану;
- елді мекендерді газдандыру жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары;
- газбен жабдықтау объектілерін жобалау;
- қазандарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану;
- қысылған, сұйылтылған және инертті газды газтолтырғыш стансыларының жұмыстарын қамтып, соның негізінде баллондардың барлық түріне, сонымен қатар автокөліктерге құюды жүзеге асыру;
- газ баллондарының барлық түрін жөндеу және куәландыру;
- қоғамның жаңа нысаналар құрылысы, кеңейтілуі, өзгертілуі және техникалық қайта жаңартылуы;
- газ тораптары мен жабдықтарды жөндеу мен пайдалану жөніндегі кадрларды дайындау, оқыту;
- қолданыстағы заңнамаға қарсы келмейтін басқа да қызметтер.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнім өндірісінің көлемін көбейтудің ең маңызды факторы болып – оларды қажет мөлшерде негізгі қорлармен және олардың толық және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету.
Талдаудың міндеттері:
кәсіпорынның қамтамасыз етілуін, негізгі қор бойынша құрылымының бөлімшелерін, жалпылағыш және жеке көрсеткіштер бойынша олардың қолданылу деңгейін анықтау;
олардың деңгейінің өзгеру себептерін белгілеу;
өнім өндірісінің көлеміне және басқа да көрсеткіштерге негізгі қорларды қолданудың ықпал етуін есептеу;
кәсіпорынның өндірістік қуаттылығымен құрал – жабдықтарды қолдану деңгейін зерттеу;
негізгі қорларды қолдану қарқындылығы және тиімділігіне резервтерді көбейтуді анықтау.
Әдетте, талдау негізгі қорлардың қолдағысымен, олардың құрылымын және динамикасын зерттеуден басталады. Кәсіпорынның негізгі қорлары өнеркәсіптік және өндірістік емес, басқа салалардың өндірістік қорлары болып бөлінеді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын өнеркәсіптік - өндірістік құралдар анықтайды. Сонымен бірге, негізгі қорлардың актив (жұмыс машиналары, құрал – жабдықтар) және пассив бөлігін бөліп қарастырады. Мұндай бөлшектендіру оңтайландыру негізінде негізгі қорларды қолданудың тиімділігін жоғарлату резервін анықтау үшін қажет. Актив және пассив бөліктерінің арақатынасына, күш және жұмыс машиналарына көп мән беріледі, осылардың оңтайландырылуы көбіне қор қайтарымы, қор пайдалылығы және кәсіпорынның қаржылық жағдайларына әсерін тигізіп отырады./39/