Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқаруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 21:02, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6

1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7

1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31

1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38

2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39

2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының

жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40

2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45

2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51

2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59

2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64

2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70

3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75

3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен

төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен

іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83

3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85

Қорытынды........................................................................................................ 86-88

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94

Қосымшалар......................................................................................................... 91-9

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқаруды жетілдіру.doc

— 563.00 Кб (Скачать файл)

   Кесте мәліметтерінен активтердің нақты  құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының  теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.                                                                                                           

4-кесте  мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды  ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол  37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құ-рады.                                                                                                                                    

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенді-гін көрсетеді.                                                                                       

   Талдау  жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл  коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.                                                                                                                                      

   Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.                                                                                         

   Талданып  отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш  деңгейі жыл басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында – 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффи-циент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттар-дың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28,12%-ға (-44190:157170 100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақ-тылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтер-мен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұ-рақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы-ның коэффициентінен артық болуы керек.                                                   

   Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде  қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның  материалды-техникалық  базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалы-ның маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.                 

   Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі  құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құ-ралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің бар-лық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.                                               

   Біздің  мысалымыз бойынша баланс валютасындағы  негізгі құралдардың қал-дық құнының үлесі жыл басында - 40,03%-ды, ал жыл соңында - 58,44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.                                 

   Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құра-ды.                                                                                                             

     Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

 Есепті  жылы дебиторлық борыш та әжептеуір азайған. Егер оның көлемі жыл басында - 91595 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 47525 мың теңгені құ-райды немесе 48,11%-ға төмендеген, ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 11,6 пунктке азайды (24,81-13,21).                                                                             

   Айта  қеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына  дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруа-шылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге бол-майды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табыла-ды да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген деби-торлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылы-мын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс [1].                                                                                                        

   2.3. Кәсіпорынның төлем  қабілеттілігін талдау. 

   Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

   Баланс  өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

   Өтімділіктің  екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші  тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.                                                                                                           

   Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.

   Баланс  өтімділігін талдаудың мәні –  активтегі өтімділік дәрежесі бойынша  топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

   Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына  айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын  активтері келесідей топтарға бөлінеді:

   А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

   А2. Тез өткізілетін  активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

   А3. Баяу өткізілетін  активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

   А4. Қиын өткізілетін  активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.

   Баланс  пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының  мерзіміне байланысты топтастырылады:

   П1. Неғұрлым тезірек  төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

   П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

   П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

   П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

   Баланс  өтімділігін анықтау үшін актив  пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:

   

   Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол  алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес.

   Жоғарыда  келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртін-ші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бо-йынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төр-тінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономика-лық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарт-тарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының ба-рын дәлелдейді. 

   Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету орынды бола-ды.

     Кесте-4

   «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.»  компаниясының мәліметтері  негізінде баланс активінің өтімділік  дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша  баптарының тобы.

     

   Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

   К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)

   Біздің  кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,3;

жыл соңында – 1,07;

   Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып  табылады.

   Алайда  бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа  мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі  мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қа-тар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиы-нымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданыла-ды.

   Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.

   Кәсіпорынның  перспективті төлем қабілеттігін анықтау  анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.

   Үш  көрсеткіш жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқаруды жетілдіру