Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 21:02, дипломная работа
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9
1) ұзақ
мерзімді активтер;
2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ
мерзімді міндеттемелер;
5) ағымдағы
міндеттемелер.
Баланс
қаржылық есеп беруде үш элементті
сипаттайды: активтер, меншікті капитал
және міндеттемелер. Қалған екі элемент
- табыс және шығын – қаржы - шаруашылық
қызметі нәтижелері туралы есеп беруде
көрсетіледі.
Қаржылық
жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік
баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды.
Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі
бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек
қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары
келесілер болып табылады:
1.Баланс
табиғаты жағынан тарихи сипатта болады.
Баланста келтірілген мә-ліметтер оны
құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің
нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс
ақпараттары ретроспективалық және перспективалық
тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
2.Баланс
кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде
статус-квоны си-паттайды, яғни пайдаланылып
жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде
кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда тұр
деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл
жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне
жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру
үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес,
сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін
көптеген факторлардың талдануы қажет
(мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс,
контрагенттегі қаржылық қиындықтар және
басқалар).
3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық
талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ.
Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен
қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы
динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше
көр-сеткіштерге, олардың орташа салық
және орташа прогрессивтік маңыздылығы-на
шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай
мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша
негізгі есептік көрсеткіштерді ашық
жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді
есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен са-лыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.
5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық
операцияларының
жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның
есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын
көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың
динами-калық баптарына қатысты, олар
"материалдар", "дайын өнім",
'"тауарлар", "де-биторлық борыш"
және басқалар.
кесте-1
БЕС - 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс.
Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының
үлес салмағының көп бо-луы мен дебиторлық
борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай
жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.
6.Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Ин-фляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құ-ны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл ке-дергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді.
Баланс
жиыны кәсіпорын активтері мен
оны жабу көздерінің есептік баға-сын
ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің
нарықтык бағасы мүлдем бас-қаша болуы
мүмкін және берілген активтің пайдалану
мерзімі мен оның баланс-та көрсетілуі
қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен
ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылык
соншалықты көп болады.
7.Баланс
және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары
шаруашылық субъектісі қызметінің барлық
жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы
тек қаржылық сипаттағы факторлардың
ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық
бағасы жоқ фактор-лардың да ықпалында
болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын
саяси және жалпы экономикалық өзгерістер,
саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйым-дастырушылық
құрылымын қайта құру, меншік түрінің
алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы
білімдік дайындығы және тағы басқалар.
Сондықтан қаржы-лық есеп беруді соның
ішінде бухгалтерлік балансты талдау
кешенді экономи-калық талдаудың тек бір
ғана бөлімі болып табылады.
Осы
шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік
баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің
бірден-бір басты көзі болып табылады,
ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы
болып табылады.
Алайда
кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау
жүргізгенде баланс көр-сеткіштерімен
қатар қаржылық есеп берудің басқа да
нысандарының көрсет-кіштерін
қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл
бойғы барлық табыс сома-сын
осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу
үшін жұмсалған барлық шы-ғындар
сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық
қызметінің нә-тижесі
туралы есепті қолдану керек, оның баланстан
айырмашылығы ол кәсіпо-рынның
мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық
жағдайы емес, ол капитал козғалысы, есепті
кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі
болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның
балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы
адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық
болып табылады. Ол бұл кәсіпорын та-быс
немесе зиян (шығын) әкелетіндігін анықтау
үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті
мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің
көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның
кызмет нәтижесіне баға береді. Батыс
тәжі-рибесінде, балансты есеп берудің
басты нысаны ретінде бөліп карастыратын
біздің елге қарағанда, табыс және зиян
туралы есепке біршама басымдылық бе-рілуі
кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы
үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық
фирмалардың жылдық есебінде бірінші
болып келтірі-леді. Мұның түп тамырын
психологиялық тұрғысынан іздеген жөн,
табыс ба-тыс фирмалары қызметіндегі маңызды
көрсеткіш болып табылады, олар сон-дықтан
да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға
әйгілеп көрсетуге тырыса-ды.
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі
туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есеп"
стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды
рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
жөніндегі есептің баптарын жіктеу және
есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл
өз кезегінде занды тұлғаның әр мезгілдегі
есептік кезеңдердегі қаржылық есебі
мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін
салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ
стандарт, негізгі қызметтен алынған
табыс пен шығынды, төтен-ше жағдайлардан
және тоқтатылған операциялардан болатын
табыс пен зиян-ды, сондай-ақ есеп кезіндегі
есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен
және қаржылық есептегі елеулі қателерді
түзетуден болатын әр түрлі табыс және
шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.
Табыстар
мен шығындар баптарының арасын ажырату
да субъектінің жұмы-сының нәтижесін көрсетуге
мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі
баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі ту-ралы есеп жалпы
табысты, салық салынғанға дейін және
салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен
алынған табысты және таза табысты көрсетуі
мүмкін.
Бұл
есептің жасалуы №3 бухгалтерлік
есеп стандартына сәйкес келесідей
түрде болады.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған.
Мұнда табысты пайдалану-ды, бюджетке
төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді
есептеу барысын-дағы шығындар ашып көрсетілмеген.
Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәти-женің
қалыптасуын (таза табысты немесе зиянды)
ғана көрсетеді.
Есепті
кезеңде табылған табыстар мен шығындардың
барлық баптары есепті кезеңнің таза
табысын немесе шығынын анықтау
барысында есепке алыңады.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық
есептің қалған екі элементі туралы - яғни
табыс пен шығындар туралы мәліметтерден
тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы
№2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң
күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның
Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген
бухгалтерлік есеп бойын-ша 1996 жылы 12 қарашада
№2 каржылық есепті дайындау және тапсыруға
қа-жетті Концептуалдық негізінде айтылғандай,
бұл элементтер субъектінің қар-жылық
көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты.
Табыстар активтердің көбейюін немесе
міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал
шығындар – активтер-дің азаюын немесе
есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін
көрсетеді.
Табыстар
мен шығындар баптарынын арасына койылған
шектеулер тәжіри-беде жалпы қабылданған
болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу
көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын
болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау
барысында белгілі бір маңызға ие болады
деген негізде жүргізіледі.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқаруды жетілдіру