Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:22, курсовая работа

Краткое описание

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы – бұл экономикалық категория, айналым процесiндегi капитал жағдайын көрсететiн және берiлген уақытқа субьектiнiң өзi даму қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау өте маңызды үрдiс болып келедi. Өйткенi кәсiпорында бар және мүмкiн болатын қаржы ресурстарын айқындау, оларды тиiмдi қолдану әдiстерiн және кәсiпорынның нақты белгiлi бiр кезеңге қаржылық потенциалын анықтау кәсiпорынның келешектегi қызметiн одан әрi жетiлдiруге немесе тоқтатуға кеңес бередi.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3
1 Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері....................5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау....................5
1.2 Қаржылық жағдайды талдау бағалау әдістері.........................................8
2 “Торғай боксит кен басқармасының” экономикалық сипаттамасы.........13
2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама........................................................13
2.2 “Торғай боксит кен басқармасы” ашық акционерлі қоғамының төлем қабілеттілігін тұрақтылығын талдау...............................................................16
3 Кәсіпорынның тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдау........... 20
3.1 Кәсіпорынның өтімділігін талдау ............................................................20
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................23
3.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау..........................................26
4 Кәсіпорынның төлем қабілетсіз қаржылық жағдайын талдау..................30
Қорытынды........................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі....................................................................35

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау».doc

— 411.00 Кб (Скачать файл)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Экономика және басқару кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: « Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау»

 

Пән кәсіпкерлік

Мамандық 050506- Экономика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                            

 

                                                                         Курстық жұмыстың қорғалуы

                                                                                                                       ___   ___________ 20__ж

                                                                            Бағасы_________________                                                                

 

 

Қостанай, 2011

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе...............................................................................................................3

1 Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері....................5

1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау....................5

1.2 Қаржылық жағдайды талдау бағалау әдістері.........................................8

2 “Торғай боксит кен басқармасының” экономикалық сипаттамасы.........13

2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама........................................................13

2.2 “Торғай боксит кен басқармасы” ашық акционерлі қоғамының төлем        қабілеттілігін тұрақтылығын талдау...............................................................16

3 Кәсіпорынның тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдау...........  20

3.1 Кәсіпорынның өтімділігін талдау ............................................................20

3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................23

3.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау..........................................26

4 Кәсіпорынның төлем қабілетсіз қаржылық жағдайын талдау..................30

Қорытынды........................................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі....................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы – бұл экономикалық категория, айналым процесiндегi капитал жағдайын көрсететiн және берiлген уақытқа субьектiнiң өзi даму қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау өте маңызды үрдiс болып келедi. Өйткенi кәсiпорында бар және мүмкiн болатын қаржы ресурстарын айқындау, оларды тиiмдi қолдану әдiстерiн және кәсiпорынның нақты белгiлi бiр кезеңге қаржылық потенциалын анықтау кәсiпорынның келешектегi қызметiн одан әрi  жетiлдiруге немесе тоқтатуға кеңес бередi.

Қаржылық жағдайдың сандық және сапалық параметрлерi кәсiпорынның нарықтағы орын және экономикалық кеңiстiгiнде қызмет ету қабiлетiн анықтайды.

Нарықтық экокномикалық жағдайында қаржы менеджерiнiң қызметi қаржылық талдаумен тығыз байланысты, өйткенi қаржылық жағдайын, баланс өтiмдiлiгiн, қаржылық тәуекелдiлiктерiн есептеу мен талдау әлуеттi банкроттықты бағалау қаржылық талдаудың мақсаты болып табылады.

Мүмкiн болатын тәуекел деңгейiнiң жақдайында кәсiпкерлiк сенiмдiлiгi, кәсiпорынның өмiрлiк iс-әректтерiнiң нәтижелерi көптеген және әр түрлi факторларынан тәуелдi. Олардың iшiнен негiзгi орынды қаржылық стратегияның өңделуiне қаржылық қатынастарының қазiргi деңгейiнде бөлек кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң қаржылық бақылауының жаңа себептерi қалыптасады. Бұл алдымен қаржылық ресурстар мен соңғы қорытындылар, қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерi мен оларды қолдану бағыттары, қолдану тиiмдiлiгiнiң бағалау сәйкестiлiгi бойынша пропорцияның сақталу мен өңделi сұрақтарына байланысты келедi. Мұнда тек қана айналымда бар қаржылық ресурстар туралы ғана емес, сонымен қатар жинақталу және қолдануды жақсарту есебi бойынша айналымға енгiзiлетiн ресурстар жөнiнде де айтылған сөз. Қаржы орбитасына, тиiмдiлiкке қаржылық әсер ету сұрақтары ғана енгiзiледi, бiрақ керiсiнше болуы мүмкiн емес. Қаржы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiк нәтижелерi ретiнде ғана қарастырылған.

Шарауашылықтанулың қазiргi жағдайында қаржылық тұрақсыздықты тоқтату үшiн (нақты жағдайларда банкроттылық) қаржылық жағдайды уақытындағы және перспективтi түрдегi жорамалау қажет. Оның негiзiнде ағымдағы және инвистицияланған қаржылық ресурстардың көлемiн анықтау ғана қажет емес , сонымен қатар олармен мүмкiндi қамтамасыз етiлудi бейнелеу, қаржылық жағдайдың тұрақтылығын, кәсiпорынның тиiмдiлiгiн, өтiмдiлiк дәрежесiн талдауда аса мәнi зор.

Шаруашылық факторлардың барлық жиынтығы мен анықталатын қаржылық жағдай, кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгi мен сенiмдiлiгiнiң негiзгi сипаттамасы болып саналады. Ол кәсiпорынның бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн және оның бiрлескен iскерлiк қызмет етудегi потенциалын анықтайды, шаруашылық iс-iрекеттiң қатысушыларының экономикалық мүдделерiн тиiмдi өткiзу кепiлi болып саналады. Ең қажеттi мәселелердiң бiрi менiмше ол-кәсiпорынның тұрақтылығына талдау жасау. Жеткiлiксiз қаржыландыру кәсiпорынның төмен төлем қабiлетiне әкеледi, ағымдағы және инвестициялық қызметтi қаржыландыруға арналған ақшалай қорлардың болмауына, ал қаржылық жағдайдың терең деңгейiнде банкроттылыққа әкеледi.

Қаржылық талдау кәсiпорынның болашақ потенциалын бағалау мақсатымен, оның өткен және талдау кезiндегi қызметiнiң есеп беруде көрсетiлген қаржылық жағдайы мәлiметтерiн зерттеуде негiзделген процесс болып табылады.

Талдау объектiсi болып “Қазақстан алюминийi” Ашық Акционерлiк Қоғамының филиалы “Торғай боксит кен басқармасы” болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1 Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері

 

       1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мәселесі туралы әр түрлі авторлардың өз көзқарасы бар. Соларға тоқталып кететін болсақ Савицкая Г.В. көз қарасы бойынша, шаруашылық қызметін талдау - жалпы теориялық экономикалық талдау [7]. Ол экономикалық процестерді және құбылыстарды макродеңгейде зерттейді және микродеңгейді нақтылы экономикалық талдау. Ол бөлек кәсіпорындар экономикасын тану үшін қолданады. Бұл талдаудың туындауы келесі де жатыр, өндірістік күштердің өсуі, өндірістік қатынастардың жетілдіруі, қызмет көлемінің өсуі. Жалпылама әр қилы шаруашылықтың қызметін талдаусыз күрделі экономикалық процестермен басқару, оптималдық шешімдер қабылдау мүмкін емес. Қаржылық жағдайы дегеніміз кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеттілігін айтамыз. Қаржылық жағдай тұрақты есем немесе тұрақты бола алады. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді жүргізу, кеңейтілген негізде қызметін қаржыландыру қабіллеттілігі оның жақсы қаржылық жағдайы туралы мінездейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық қызметінің нәтижесімен байланысты.

Егер өндірістік немесе қаржылық жоспары ойдағыдай орындалса ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына жақсы әсер етеді және керісінше. Жоспар орындалмаған жағдайда өндірілген өнімнің өзіндік құны өседі, түсім азаяды, пайда кемиді нәтижесінде кәсіпорынның қаржылы жағдайы және төлем қабілеттілігі төмендейді.

Қазіргі нарықтық жағдайға бейімделу үшін кәсіпорын қаржымен қалай жұмыс істейтінің білу керек, капитал құрлымы және пайда болу көзі қандай болу керек екенін білу керек.

Ришар Ж. пікірі бойынша кіріс, сенімділік, жойылымдылық, қауып - қатер деңгейі көз қарастарынан қызметтің талдауы нарықтық экономика жағдайында және бәсекелестік ортада өте қажет [16]. Кірісті максималды көбейткенде және шығынды азайтқандағы ұсыныстар жасағанда нақты талданған аналитикалық негізге сүйену қажет. Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау экономикалық саясатта нақты бағыттар қалыптастыруға мүмкіндік береді, оның кемшіліктерін анықтауға, және оларды жоюға бағытталған ұсыныстар жасау. Талдаудың нәтижелері ұзақ мерзімге немесе жақындағы болашаққа даму жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жұмысын жетілдіру жєне жақсарту туралы ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесі бизнес - жоспар және ағымдағы жоспарлау жасағанда пайдаланады. Талдаудың болмауы немесе жетілдірмеген талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс нәтиже әкелуі мүмкін.

Н.Н. Русак, В.А. Русак "Қаржылық жағдай" түсінігіне мынандай сипаттама береді, кәсіпорынның қаржылық жағдайы өндірістік, коммерциялық, және басқа қызметтің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды мақсатты және тиімді орналастыру және пайдалану, қаржылық қарым - қатынас және төлем қабілеттіліқ, қаржылық тұрақтылық [18].

В.В Ковалев пікірі бойынша кәсіпорынның жағдайы қаржы ресурстарын қалыптастыруда, үлестіруде және пайдалануда көрініс табады [12].

И.Т. Балабанов айтқандай, шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайы  - оның қаржылық бәсеке қабілеттілігінің сипаттамасы (яғни төлем қабілеттілігінің, несие қабілеттлігінің), капиталды және қаржы ресурстарды пайдалану, мемлекет және басқа шаруашылық субъектілер алдында міндеттемелерді орындау [5]. Шаруашылық субъектінің қаржылық талдауы келесі талдауларды кіргізеді: кірістің және тиімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың несие қабілеттіліктің, капиталды пайдалану, валюталық өзін -өзі өтеуліктің.

М.С. Абрюкина өз көзқарасын былай дейді, кәсіпорынның қаржылық  жағдайы – бір қатар көрсеткіштермен сипатталатын оның денсаулығын және өмір қабілеттілігінің кешендік бағасы[1].

К.Ж Жапаровпікірі бойынша, жақсы қаржылық жағдай – бұл тұрақты төлем қабілеттілік, абсолютті қаражатпен толық қамтамасыздануы және оларды тиімді пайдалануы, есептеулерді қатаң ұйымдастыру және де тұрақты қаржылық базаның болуы[10].

Кәзіргі экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектінің қызметінде О.В. Ефимованың айтуы бойынша, оның қаржыландыру нәтижесінде қызыққан көптеген нарықтық қатынастар қатысушыларының ықпалының объектісі болып табылады.

В.В. Ковалев айтуы бойынша талдау қаржылық мінезі бар мәліметтердің жинау, біріктіру және пайдалану әдісі болып табылады, оның келесі мақсаттары бар:

-         кәсіпорынның ағымдағы және болашақ қаржылық жағдайын бағалау;

-         қаржымен қамтамасыз етілген позициясында кәсіпорынның мүмкін және мақсатты даму қарқынын бағалау;

-         қаражаттың мүмкін көзін табу және олардың мүмкіндігін бағалау;

капитал нарығындағы кәсіпорынның жағдайын болжау[12].

Бланк келесіге тоқталады, қаржылық жағдай – қаржы ресурстарының болуын, орналасуын және пайдалануын бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығы [7].

Ал Дюсембаев К.Ш. келесіге тоқталады, көптеген басқару шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның алынған пайда мөлшерін бөліп қана қоймай, оның кірістігін де білу керек. Ол оның қызметінің тиімділігін сипаттайды, және де инвестициялармен басқаруды көрсетеді. Қазіргі күнге пайдамен қатар үлкен маңызды басқа эмитенттерден алынатын бағалы қағаздардан алынатын дивиденттер алады. Осымен байланысты оның қаржышаруашылық  қызметінің соңғы дамуын баланстық пайда деп атамайды, ал баланс бойынша пайда дейді. Көрсеткіштін атауы оның экономикалық мәнін көрсету керек[9].

Барлық көрсетілген анықтамалар қаралып  жатқан түсініктің мағынасын ашпайды, бірақ әр қайсысы өзінше дұрыс. Сөзсіз: қаржылық жағдай әр түрлі көрсеткіштерді есептегенде табылады. Нәтижесінде қаржылық жағдай кәсіпорынның сенімділігін, тұрақтылығын және болашақтылығын сипаттайды.                        Сенімділік дегеніміз кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуі және төлеу міндеттемелерін орындау қабілеттілігі. Осыдан К.Ш.Дюсембаева, С.К.Егибердиева, З.К.Дюсембаева осы түсініктің келесі анықтамаларын ұсынады, қаржылық жағдай анықталған бір уақытқа кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді және оның тоқтаусыз шаруашылық қызметін жүргізуге қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін және уақытында қарыз міндеттемелерін орындау[9].

Ал қаржылық тұрақтылық дегеніміз әр әдебиеттерде әр түрлі жазылады. Бір авторлар қаржылық тұрақтылық деп қызмет процессінің тоқтаусыз қаржылық қамтамасыздылығын айтады.

Басқалары қаржы тұрақты болып меншікті қаражат арқылы активтерге салынған қаражатты жабатын, аяқталмаған дебиторлық және кредиторлық қарызды жібермейтін және өз міндеттемелерін дер кезінде есептейтін субъектіні айтады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау