Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:02, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын.

Содержимое работы - 1 файл

негизги курал теория.doc

— 195.00 Кб (Скачать файл)


КІРІСПЕ

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің  мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».  
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.

Экономиканың тиімділігін  арттыру мемлекеттің осы заманғы  экономиалық стратегиясының басты  міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Нарықтық экономикаға  көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың  қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі  қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі  құралдардың ең қажетті объектілеріне  бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда  бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.

Осы курстық жұмысының  басты мақсаты- негізгі құралдарды қалыптастыру және кәсіпорында қалай  жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл  курстық жұмыс ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген. Негізгі капитал — бұл материалдық құндылықты ұзақ кезендегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы.

Осыған байланысты  қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар — өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің байланыстың,      сауданың      және   басқа   да      материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар — тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Натуралды заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады - ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер төлімдері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар
    1. Кәсіпорындағы негізгі құралдарға сипаттама

Кәсіпорының қалыпты өндірістік - шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.

Ұзақ пайдалану процесінде негізгі  құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру.

Негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану  мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс  құралдары негізгі құралдардың  қатарына жатпайды. Сонымен қатар  негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

"Негізгі  құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен  ұйымдардағы негізгі құралдардың  бәрі тек қана ұйымның негізгі  шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын)   болса,   онда  бұл   ұйымдағы   негізгі   құралдардың   барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінің басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Негізгі құралдар- материалдық  активтер олар:  
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;  
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.  
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:  
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;  
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;  
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;  
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.  
Негіізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.  
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:

• салалар бойынша;

• бағыты бойынша:

1) Өндірістік – бұл  өндірістік процеске тікелей  қатысатын немесе өндірістің  негізін құрайтын негізгі құралдар.

2) Өндірістік емес  – бұл тұтыну мақсатындағы  негізгі құралдар.

• пайдалану бағыты бойынша  түрлер мен түр топтарына:

1) Жер- субъектінің  меншік құқығымен алынған жерінің  саны мен бағасы.

2) Үйлер- еңбек етуге,  тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени  қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.

3) Ғимараттар- іс-қызмет  аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге

асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.

4) Машиналар мен жабдықтар-  әрбір машина егер ол басқа  мүліктік объектінің бөлігі болмаса,  құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен,  қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік  объект болып табылады.

5) Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.

6) Көлік құралдары-  адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.

7) Басқа да негізгі  құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.

8) Бітпеген құрылыс.

• иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда.

• пайдалану мерзімі  бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы.

• мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз.

• салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген  норма белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпорындағы негізгі  құралдарға сипаттама

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер    (тұрғын    үй,    кеңес    үйі,    қойма,    тағы    басқалары);

б) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстакадалар, скважиналар, тағы басқалары);

б) өткізгіш   тетіктер       (жұмыс    машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);

в) машиналар     (бумен     жұмыс     істейтін     двигательдер, іштен жанатын       двигательдер,       электроаппараттық      трансформаторлар, экскаваторлар,     грейдерлер,     бульдозерлер,     бетон араластырғыш машина, көтергіш-крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аплараттар мен тағы да басқалары);

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;

ғ) құрал-саймандар мен  жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);

д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары);

с)    жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);

и)   жерді  жақсартуға   (өңдеуге)  жұмсалған  күрделі   негізгі құралдар (кітапхана қорлары  тағы басқалары);

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы "Жалга алынган негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.

Сонымен қатар пайдалану  барысына қарай негізі құралдар жұмыс  істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісінде, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі  құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайлайға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың соңына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып  алыну мақсатына қарай былай  бөлініп есептеледі:

а) негізгі құралдар;

е) тауарлық-материалдық қорлар

б) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған, көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы   мақсатында   алған   жер   учаскелері   мен   үйлері   қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған  болып бөлінеді:

Меншікті негізгі құралдар –сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.

Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын  ие болып, басқа бір ұйымда жалға  алу шарты бойынша уақытша  пайдаланған негізгі құралдар. Бұл  құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Информация о работе Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар