Инвестициялық қоржын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 19:03, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының алдындағы міндеттері, алға қойған мақсаты болып әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады. Банк ісі көзқарасы тұрғысынан қарағанда, инвестицияның мағынасы туралы түсіндірілгенде үшінші жақтан бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге қаржының салынуын айтуға болады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Коммерциялық банктің инвестициялық қоржынын басқарудың
экономикалық мәні және қажеттілігі ...............................................................5
1.1 Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды
қалыптастырудың рөлі мен тәртібі .....................................................................5
Инвестициялық қоржынның диверсификациясы...............................................9

ІІ Екінші деңгейлі банктерде инвестициялық қоржынды басқару..............12
2.1 Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері.............................12
2.2 Инвестициялық қоржынның табыстылығы және оның депозиттік
сыйақымен байланысы («КазИнвестБанк» АҚ мысалында)...........................20
III Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды
жетілдіру жолдары ............................................................................................26
Қорытынды .............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................36

Содержимое работы - 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 281.50 Кб (Скачать файл)
 

       Шетелдік инвестиция ағымының  динамикасына бірнеше фаркторлар әсер етеді:

     - макроэкономикалық тұрақтылық және  экономикалық өсімнің басталуы.

     - экономикалық реформалардың жалғасуы, дамудың жаңа сатысы.

     - экономикалық өсімнің ашылуы  және нормативтік құқықтық негіздің  дамуы, шетелдік инвесторлардың  қызметі.

     - халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдардың перспективті дамуы.

     Қазақстан ХХІ ғасырдағы дамуының баламасөз  нұсқасы болып табылады. Елдің  ұлттық мүдделері осыны талап  етеді, әлемдік дамудың негізгі  үрдістері осыны қуаттайды. Жаһандану  үдерісімен ішкі – сыртқы рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму қағидаларының өзгеруі жағдайында экономикалық үдерістерге мемлекеттік ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы коньюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамытуға анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар. Қазіргі кезеңде мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттары мыналар бола алады:

     - мемлекеттің мемлекеттік даму  институттары арқылы жүргізетін инвестициялық қызметі;

     - отандық бизнестің мүдделерін  ілгері бастыру, озық технологияларға  қол жеткізу және ұлттық экономиканы  теңдестіру мақсатымен қазақстандық  капиталдың шетелдерге экспансиясын  жүзеге асыру;

     - аса маңызды компаниялардың капиталдандырылуын ұлғайту және оларды дамудың жаңа деңгейіне шығарудың арқасында мемлекеттік капиталдың қазақстандық трансулттық корпорацияларды қалыптастыруға тікелей қатысуы.

       Ұлттық экономиканың жаһандану  жағдайында тиімді дамуы неғұрлым  ойдағыдай тиімді дамыған елдер  басшылыққа алған қағидаларды,  соның ішінде отандық капиталдың  шетелге экспансиясын жүзеге  асыруды да пайдалану негізінде  мүмкін болмақ. Қазақстанның қазіргі  заманғы жағдайларда осы қағидаттарға сүйеніп, постиндустриялық тұрпаттағы экономика, әлемнің түрлі елдеріндегі анағұрлым табысты компанияларға қаржылай қатысуға негізделген экономика құруды бастауға мүмкіндіктері бар. Дамудың мұндай сипатын «инновациялық тұрпаттағы инвестор ел тұжырымдамасы» деп атауға болады. Бұл тұжырымдама Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторына сүйенеді, бұл оның қазіргі нақты алғандағы жай күйіне сай келеді. Осымен қатар белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізат секторы жедел даму үшін базис қана болып табылады. Бұл дамуды тек дәстүрлі әртараптандыру жолымен ғана емес, шикізат салаларынан шетелдерден алынған қаржыны тиімді және жоғары табысты инвестициялаудың жәрдемімен жүзеге асыру көзделеді. Мұндай инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесі, мейлі бүгінде қызмет істеп тұрған, немесе қызметі жаңғыртылған жаңалары болсын, іске асыруы керек.

     Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып экономикалық үрдістерді басқарудың принципті түрдегі жаңа жүйесі - Ұлттық инновациялық инфрақұрылым негізін қалау жөнінде шаралар қабылданды.

       Нұрсұлтан Әбішұлы қажетті реформаларды  жүйелі жүргізумен қатар экономиканы  белсенді ету жөнінде де қызу  жұмыстардың жүргізіп жатқанын  атап көрсетті. Бұл бағытта негізгі  салмақ республиканың бәсекеге қабілетті болуын анықтауға салынып отыр. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша қазақстандық өңірлік және әлемдік рыноктарында өсу әлеуметтеріне ие 23 сала іріктелініп алынды. Бұл міндетті жүзеге асыру шетелдік және отандық инвесторлармен арадағы әріптестік ынтымақтастық арқылы қамтамасыз етілетін болады. Осылайша Қазақстан әлеуметтік - экономикалық дамуда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, деп атап өтті Елбасы. Қазақстан басшысы осы орайда өзінің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Жолдауында Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы идея көтергенін атап көрсетті. Оның өзі өңірдегі интеграциялық үрдістердің қисынды жалғасы болып табылмақшы. Бұл сияқты одақтар бүгінде жер шарының барлық құрлықтарында бар. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Даму банкі әлеуметінің өңірдегі перспективті жобаларды инвестициялауға толық жететінін ерекше атап көрсетті. Жақын шетелдердің бірқатар жобалары қазірдің өзінде қаралу үстінде. Мұндай шаралар инвестициялық қор тарапынан да қарастырылуда. Өз ойын қорытындылай келіп, Президент шетел инвесторларының қызметіне қатысты кейбір мәселелерге айрықша назар аударып өтті.

     Мустаф  В.Коч, «Коч Холдинг» компаниясының  президенті: - Өткен он жылда Қазақстан  Республикасы тамаша экономикалық прогреске  қол жеткізді. Ол өсудің өңірлік қозғаушы күші болып келеді. Қазақстанның банк жүйесі ТМД – дағы барынша серпінді жүйелердің бірі санайды. Қазақстан экономикасы 2007 жылы 8,4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар алыпты, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 83 пайызға өркенді өсу болып табылады.

       Александр Ломакин, «Дойче Банк  Лондон» директоры: - қаржы секторында  реформа жүргізудегі Қазақстанның  тәжірибесі Орталық Азияның көршілес  мемлекеттері үшін айрықша қызығушылық  туғызуы керек. Қазақстан банк секторын, қор рыногын және зейнетақы жүйесін реформалауда және дамытуда әлдеқайда алға кетті. Андрей Кузяев «Лукойл оверсиз Холдинг ЛТД» президенті: - соңғы 10 жылда біздің компания Қазақстан экономикасына 2 млрд доллардан астам қаржы инвестициялады және біз инвестиция көлемін өсіруді жоспарлап отырмыз. Біз үшін бұл инвестициялардың қазақстандық ІЖО – нің жедел өсуінде ғана емес, сонымен бірге республика экономикасын белсенді етуге жәрдемдескені маңызды.

       Дуглас Гарднер, «Эрист энд  Янг» АҚ – ның басқарушы әріптесі: - Мен ең алдымен нормативтік құқықтық және іскерлік ортаны дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтінің іс - әрекетін жоғары бағалағым келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан ТМД – да қаржы есептілігі банк қызметі және капитал рыногындағы операциялар саласында жетекші орын алып отыр, мұның өзі қазақстандық бағалы қағаздардың түрлі эмитенттеріне халықаралық капитал рыногында табысты түрде қаржы тартуға мүмкіндік арқасы. Мұның өзі Қазақстанның қаржы секторын дамытуда жұрт мойындаған көшбасшы болуына жәрдемдесті. Қазіргі кезде Қазақстан өз алдына жаңа маңызды міндет - Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін жақсарту, салық салу және салық әкімшілігі жүйесін жетілдіру, шетелдік жұмыс күштерін енгізуді лицензиялау, көршілес мемлекеттермен тарифтік саясатты және көлік тарифтерін үйлестіру, заң шығарушылық процесінің ашықтығын арттыру, инвестициялық тартыстың алдын алу және дауды соттан тыс шешу, шетелдік компаниялар басшылық құрылымдарының елге келу және елден кету тәртібін оңайлату, саяси және реттеуші қатерлерден инвестицияларды сақтандыру мәселелері жан – жақты талқыланды

 

      Қорытынды 

     Нарықтық  экономикаға бетбұрыс депозиттік саясатты бірінші кезекке қойғанын естен  шығаруға болмайды. Шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарланып негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахлау, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттілігін шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады. Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі есеге дейін ұлғайған. Соңғы 10 жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр. Оның үстіне елдегі банк секторының дамуы да бұған жағдай туғызады. 2005 жылғы «Инвестициялар туралы» Заңның қабылдануы және онда осы заң күшіне енгенге дейін жасалған келісім – шарттар негізінде берілген жеңілдіктердің сақталатындығының көрсетілуі Қазақстанның инвесторлары мен жұмысы жақсы негізгі қойылғаны көрсетіліп отыр. 1998 жылы Қазақстанда инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсартуға бағытталған тағы да бір шара қабылданды. Яғни, осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылып, жұмыс істеу бастады. Биыл құрылғанына 8 жыл болатын оның қызметіннің тиімділігін уақыттық өзі дәлелдеп берді.

       Республика Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев мемлекетіміздің экономикалық  мүмкіндіктеріне сенім білдіріп, елімізге жаңа идеялар мен  технологиялар әкелген шетелдік  инвесторларға әркез қолдау көрсетіп жүр. Елімізге қосымша инвестициялар тартуда жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек қолдау қажет екені анық. Депозиттік портфельдер жоспарлауды, бағалауды инвестициялық қызметтің соңғы нәтижелерін бақылауға нарық қорындағы әртұрлі сектордардағы жұмыстарды бақылауларды орындайды.

     Курстық жұмыста жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша еліміздегі депозиттік нарықта тұрақтылық байқалатынын айтып кетуге болады. Қазақстандық депозит нарығын талдай келе соңғы төрт жылдың ішінде ұлттық валютадағы салымдардың үлесі шетел валютасындағы салымдарға қарағанда көп болғанын айқындадық. Сондай –ақ депозиттердің ішінде заңды тұлғалардың салымдары жеке тұлғалардың салымдарына қарағанда көп екені көрсетілген.

       Қорыта айтқанда коммерциялық  банктерде депозиттік портфельді  басқару менеджерлері соңғы 10 жылда күрт өсуде. Менеджер  практикада өздерінің әдіс тәсілдерін  қолданады. Сондай – ақ елдегі  жалпы экономикалдық және саяси  тұрақтылық портфель менеджерінің кәсіби жұмысына тәуелді. Неғұрлым менеджерлер кәсіби маманданған және білімі жоғары өз жұмысын жақсы орындайтын болса, соғұрлым банктерде және басқа салалар да экономикалық тұрақтылық деңгейі өседі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Әдебиеттер тізімі 

    1. Бановское дело /Под.ред. Г.Н. Белослазовой и Л.П. Кроливецкой - СПб: Питер, 2004г.

    2. Банковское дело: Учебник / Под.ред. д – ра экон. паук. проф. Г.Г. Коробовой. - М: Экономист, 2006г.

    3. Банковское дело: Учебник – 2 – е изд, перераб и доп. / Под. ред. О.И.Лаврошина. – М.: Финансы и статистика, 2000г.

    4. Банковское дело: стратегическое руководство. Под ред. Владимира Планова, Майклаа Хиггинса, - М: Изддательство АО «Консалтбанкир» 1998г.

    5. Банковское дело / Под.ред д – ра экон. наук. Г.С.Сейткасымова. – Алматы: Қаржы қаражат, 1998г.

    6. Бочаров В.В. Инвестиции - СПб: Питер, 2005 – 288 с: ил – (серия «Учебники для вузов»)

    10. Гитман  ЛДж, Джонн М.Д. Основы инвестирования  Пер с англ – М: Дело 1997 –  1008с.

    11. Инвестиционные  фонды: Доходность и риски, стратегии управления портфелем, объекты инвестирования в России / А.Е.Абрамов - М: Альпина Бизнес Букс, 2007 - 416с.

    12. Найденков  В.И. Инвестиции: Учеб. пособие - М:  Издательство РИОР, 2006 - 128с.

    13. Шарп. У. Александер Г. Бэнли Дж  Инвестиции: Пер с англ – М: ИНФРА М, 2006 - ХІІ, 1028с.

    14. Управление  инвестициями: В 2 – х Т.1 / В.В.  Шермет, В.М.Павлюченко, В.Д. Шапиро  и др - М: Высшая школа, 1998 - 416с.

    15. Денежное  обращение и банки: Учеб. пособие  / Под.ред. Г.Н. Белоглазовой, Г.В.Толоконцевой - М.: Финансы и статистика, 2000г.

    16. Кошенова  Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта  қатынастары, Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000ж.

    17. Мақыш  С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы 2 – ші басылым, қайта  өңделген және толықтырылған. - Алматы: ИздатМаркет, 2006ж.

    18. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана: Елорда, 2007 – 48 бет.

    19. Ұлттық  Банк Басқармасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі №137 қаулысымен бекітілген «Бағалы қағаздар портфелін басқару бойынша қызметінің орындалуы туралы» ереже.

    20. Ұлттық  Банктің Басқармасының 2004 жылы 3 маусымындағы №213 қаулысымен бекітілген  «Екінші деңгейдегі банктер үшіін  бекітілген пруденциалды нормативтер туралы» ереже.

Информация о работе Инвестициялық қоржын