Инвестициялық қоржын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 19:03, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының алдындағы міндеттері, алға қойған мақсаты болып әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады. Банк ісі көзқарасы тұрғысынан қарағанда, инвестицияның мағынасы туралы түсіндірілгенде үшінші жақтан бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге қаржының салынуын айтуға болады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Коммерциялық банктің инвестициялық қоржынын басқарудың
экономикалық мәні және қажеттілігі ...............................................................5
1.1 Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды
қалыптастырудың рөлі мен тәртібі .....................................................................5
Инвестициялық қоржынның диверсификациясы...............................................9

ІІ Екінші деңгейлі банктерде инвестициялық қоржынды басқару..............12
2.1 Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері.............................12
2.2 Инвестициялық қоржынның табыстылығы және оның депозиттік
сыйақымен байланысы («КазИнвестБанк» АҚ мысалында)...........................20
III Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды
жетілдіру жолдары ............................................................................................26
Қорытынды .............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................36

Содержимое работы - 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 281.50 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     III Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды жетілдіру жолдары 
 

       Нарықтық экономикаға бетбұрыс инвестициялық саясатты бірінші кезекке қойғанын естен шығаруға болмайды. Демек, инвестицияның қажеттілігі де, сол үшін елімізді инвестициялық тұрғыда тартымды ету міндетті де өзекті бола түседі. Экономикалық жүйенің қалытасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттілігін шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады.

       Қазақстанға тартылған шетелдік  инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі есеге дейін ұлғайды. Мұның өзі әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы тұрақтылық пен оның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетеді. Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған.

       Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері  мен жаңа арналарының ашылуы  халықаралық инвесторларды біздің  елмен белсенді ынтымақтасуға  ынталандырып отыр. Оның үстіне  елдегі банк секторының дамуы  да бұған жағдай туғызады. 2005 жылы  «Инвестициялар туралы» Заңның қабылдануы және онда осы заң күшіне енгенге дейін жасалған келісім – шарттар негізінде берілген жеңілдіктердің сақталатындығының көрсетілуі Қазақстанның инвесторлармен жұмысы жақсы негізге қойылғанын көрсетіп берді. 1998 жылы Қазақстанда инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсартуға бағытталған тағы бір шара қабылданды. Яғни, осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылып, жұмыс істей бастады. Биыл құрылғанына 8 жыл болатын, оның қызметінің тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп берді.

       Әлемге танымал менеджерлердің  бірі Питер Робертсон бүгінгі  Қазақстан экономикасын, оған салынған  инвестиция көлемі тек ТМД  – ның шеңберімен шектеу өлшем  бола алмайды. Қазақстан үшін  қазір өз экономикасын Орталық  Еурапа мен Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің экономикасымен салыстырған орынды болды деп мәлімдеді былтыр 17 маусыл күні Қарағандыда өткізілген Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар елу елінің қатарына шығару туралы алдына қойған мақсаты сүйсіндіреді. Бұл өте орынды нақты шындыққа негізделген әрі қолдан келетін міндет. Егер шетелдік мықты мамандар бұл саясатты қолдап, мойындап отырса, Қазақстан үшін оның өте тиімді екенін мойындағаны ғой. 1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейін елімізге келген тікелей инвестициялар көлемі шамамен 4,7 есе өскен екен. Сондай – ақ Елбасымыздың өміршең инвестициялық саясатының арқасында 2004 жылы «Муудис» және 2006 жылы «Фитч» халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанға ТМД елдері арасында бірінші болып инвестициялық сынып рейтингін берді. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап келеді. Егер бұл көрсеткіш Қазақстанда 1037,4 доллар болса, бізге ең жақын тұрған Әзірбайжандағы көрсеткіш 661 доллар екен. Бұдан үш жыл бұрын Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым қолайлы жиырма мемлекеттің қатарына қосты.

       Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық  тұрғыдан тұрақты түрде дамуы  шетелдік инвестицияларға тәуелді  болмауға тиіс. Сондай – ақ  осыдан үш жыл бұрын экономикамызды  одан әрі дамыту үшін индустриялық  – инновациялық даму жүйесі  қабылданды. Даму банкі, инвестициялық және инновациялық қорлар, жаңа даму институттары құрылды. Бұған дейін үш жарым жылда бұл институттар 1 миллиард 700 миллион долларға арналған жобаларды мақұлдады. Ол экономикалық үрдістерді басқарудың қағидаты түрдегі жаңа жүйесі екені белгілі. Бүгінде Қазақстанда шетелдік инвесторлар мен мемлекет мүддесінің арақатынасы олардың оңтайлы балансы «Инвестициялар туралы» Заңмен бекітілген. Қазақстанда қызмет жасайтын шетелдік компаниялардың жетекшілері осы заңдарды құрметтеуге оның өздеріне қатысты тараулары мен баптарын сақтауға өздері басқарып отырған кәсіпорындарда ұлт кадрларын көптеп қабылдауға бағыт ұстап келеді.

       Республика Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев мемлекетіміздің экономикалық  мүмкіндіктеріне сенім білдіріп, елімізге жаңа идеялар мен  технологиялар әкелген шетелдік инвесторларға әркез қолдау көрсетіп жүр.

       Елімізге қосымша инвестициялар  таратуда жаңа технологиялар  мен сапаның жаңа стандарттарына  жету жолында Қазақстанға әлі  де көмек қолдау қажет екені  анық. Төменде көрсетілген деректерден  шетел инвестициялары үлесінің қысқаруы мен отандық инвестициялар көлемінің көбеюін көруге болды. Онда шаруашылық субъектілерінің жеке меншік қаржылары есебінен жасалған инвестициялардың аз көлемде төмендеуі кезінде бюджеттік инвестициялардың оның ішінде бдюжеттік инвестициялау көлемінің өсуі айқын көрініп тұр.

     2009 жылдық қорытындысы бойынша инвестициялардың салалық құрылымында негізгі капиталға ең көп құйылған - өндіріс саласы, ол инвестициялардың жалпы көлемінің 38% - ын жылжымайтын мүліктер мен операциялар бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсету - 20% , көлік – 9% құрайды. Нақты секторға биылғы жылдың басында құйылған несиелік салымдардың көлемі 20,2 млрд теңгені құрап, 2009 жылдың басымен салыстырғанда 17% - ға өсті. Алайда, инвестициялардың өндірістің техникалық қайта жарақтануы мен негізгі капиталдың тез жаңаруын қамтамасыз ететіндей ауқымды көлеміне қарамастан бұл процестер өте баяу жүріп жатыр. 
 
 
 

     4-кесте. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

  2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Көрсеткіштер млн теңге % үлгісі млн теңге % үлгісі млн теңге % үлгісі
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың барлығы 18925 100 24318 100 31505 100
Бюджет  қаражаты есебінен 3025 16 6634 27,3 9602 30,4
Оның  ішінде:            
Республикалық бюджет 923 4,9 3760 15,5 5868 18,6
Жергілікті бюджет 2102 4,9 2874 11,8 3734 11,8
Кәсіпорындар  мен ұйымдардың өз қаржысы 12923 68,6 15057 61,9 1940 60,8
Шетел инвестициялары 2923 15,4 2627 10,8 2736 8,8
Ескерту – Егемен Қазақстан газеттер жинағынан  алынған мәліметтер
 

     Инвестициялардың  бағытталу көрсеткіші ретінде банктер беретін несиелердің жіктемесіне келсек, 2009 жылдың басында несиелік салымдардың 52% - ы айналым қаражатын несиелендіруге бағытталып, тек 3% - ы ғана негізгі қор сатып алуға құйылған. Бүгінгі күні нақты сектор үшін өндірістік қуаттарды жаңартуға ұзақ мерзімді инвестициялардың қажеттілігін тек ауаға деген қажеттілікпен салыстыруға болады. Қайтарымдылық негізіндегі тікелей инвестициялар салымдары негізінен айналым қаражаттарын толықтыруға жұмсалады. Дегенмен шешім бар. Ұзақ инвестициялық өсу, ең бастысы оның ішкі құрамдас бөліктерінің сапасын жақсарту үшін мемлекет өз мүмкіндіктерін пайдаланады. Атап айтқанда республикалық және жергілікті бюджет есебінен облысымызда әлеуметтік инфрақұрылым объектілері салынды. Бұл мақсаттарға 2009 жылы 5,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген.

       Мемлекет басшысы 1991 жылы Қазақстан  тәуелсіздігін жариялаған кездегі  елдің жағдайын шолып өтіп, оны  түзету мақсатында қолға алынған  шараларға тоқталды. «Біз алдымен  экономика, содан кейін саясат»  айқындамасын қабылдады деді Нұрсұлтан Назарбаев. Алдымен адамдарға жұмыс, экономикалық қызметке еркіндік беріп, еркін экономикаға көшудің дұрыстығын дәлелдеу, яғни психологиялық күресте жеңіске жету керек болды.

       Қазір Қазақстанда демократиялық  мемлекеттің жалпыға ортақ барлық институттары құрылған және жұмыс істеуде. Саяси саналуандылық пен көппартиялық өмір нормасына айналды. Еркін демократиялық сайлаулар жүйелі өтіп келеді. Алайда өмір бір орында тұрмайды. Біз күн тәртібінде ел дамуының қисыны да сонымен бірге ауқымды халықаралық тұрғыдан да талап етілетін жаңа қоғамдық қажеттіліктер тұрғанын айқын сезінеміз. Осы заманға сынақтар мен қатерлер әлеуметтік экономикалық және қоғамдық – саяси қатынастардың бүкіл жүйесін әлдеқайда серпінді жаңартуға талап етеді. Оның бәрі Президенттің биылғы Жолдауында нақты көрініс тапты. Бұдан кейін Мемлекет басшысы, бизнес – конференцияның тақырыбына тікелей қатысты жоспарларымызға Азияның ашық рыноктарына халықаралық бизнесті дамыту болашағында және ұлттық экономикалардың өзара тиімді ықпалдасуына тоқталып өтті.

       Нұрсұлтан Әбішұлы ТМД елдерінің  арасында Қазақстан бірінші болып  тұрақты әлеуметтік – экономикалық  дамуды қамтамасыз етуге қолайсыз  сыртқы факторларға тәуелділікті  төмендетуге арналған Ұлттық  қор құрғанын еске салды. Бұдан  екі жыл бұрын экономиканы жандандыру және шикізаттық салаларды дамыту үшін Индустриялық – инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Жыл сайын жаңа нысандар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болды.

       Біз тізімі Үкімет қаулысымен  бекітілген басым салаларда қосымша құны жоғары жаңа өндірістерді құру жөніндегі жобаларды іске асыратын инвестор үшін өте тиімді преферакциялар жасаудамыз деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осынау өзгерістер орбитасына шағын және орта бизнес белсене тартылып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік екінші тынысқа ие болуда. Кеңестік дәуірден бізге кенжелеген ауыл шаруашылығы және тұрғын үйге деген ұлан – ғайып кезек қалған болатын. Адамдар ондаған жылдар бойы көп ретте еш үмітсіз пәтерге деген өз кезектерін күтті. Сондықтан да қазір біз ипотекалық тұрғын үй құрылысының бағдарламасын жүзеге асырып, азаматтардың өздерін осы үрдіске қатыстырудамыз дей келіп, Президент тұрғын үй және ауылды түлету мәселесіне тоқталды.

       Экономиканың шаруашылық жүргізудің  нарықтық тәсілге көшуінің ерекше  жағдайлары шаруашылық қызметін қаржыландыруға, бұрыннан бар кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыруға және жаңаларын құруға байланысты көптеген шешім қабылдауды керек етеді. Инвестициялық процесс және оған тиісті инвестициялық жоспарлау жүйесін жетілдіру, анығырақ айтқанда болжалап отырған инвестицияның бюджетін қаржылық жоспарлау мазмұнына жаңа ерекшеліктер қалыптасуда. Оның қалыптасуына мемлекеттік қаржыландыру мөлшерінің айтарлықтай қысқаруы елеулі ықпал етті. Өйткені қаржыландырудың балама көздері іздестірілді. Бұл жұмыста шаруашылық жүргізудің түрлі жүйесіндегі қаржы жұмсау инвестициясының тиімділігін бағалаудың тәсілдемелік амалдары қарастырылған.

       Инвестицияның шетелдік теориясын  зерттеу объектісінің, ең алдымен  қаржылық инвестиция екенін атап  көрсету керек. Отандық экономика ғылымы күні кешеге дейін нақты инвестициямен айналысты. Ғылыми ортада талқыланған мәселелердің ішінде тиімділік критерийі экономикалық тиімділік, өтелу мерзімі жағдайлары пікір – талас тудырды. Пікір – таласқа С.Струмилин, Н.Новожилов, Н.Ноткин, Хачатуров тәрізді белгілі ғалымдар қатысты. Одан кейін халық шаруашылығының негізінде қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігін бағалу мәселесіне А.Анчшикин, Д.Львов, В.Красовкий, А.Әлімбаев т.б. көптеген ғалымдар көп еңбек сіңірді.

     Дамушы елдердің шетелдік капиталы 2009 жылдары 3 есе өсті. 2009 жылы шамамен 113 млрд долларды құрады. Берілген сомманың 55,8 млрд долларын инвестициялық қоржын құрайды. Ал екінші бір бөлігін тікелей инвестиция құрайды. Дамушы елдерде 2006 – 2010 жылмен салыстырғанда шетелдік инвестициялық қоржынның көбейгенін көруге болады. Ол төмендегі кестеде көрсетілген. 

5-кесте. Қазақстандық банк секторларының инвестициялық портфелін

           қалыптастырудың макроэкономикалық  жағдайы 

  2006 2007 2008 2009 2010

Барлығы

7,5 9,3 20,3 36,7 55,8
Ұзақ  мерзімді қаржылық құралдар (облигация, коммерциялық вексельдер, депозиттік сертификаттар) 4,0 5,5 12,7 23,7 42,6
Депозиттік  вексельдер 0,0 0,1 4,9 5,9 7,3
Акция 1,3 0,8 1,5 5,8 3,2
Шетелдік  инвестициялық қор 2,2 2,9 1,2 1,3 2,7

     Дамушы  елдерде шетелдік инвестициялық қоржынның үлесі 7,4 есе өсті. Ұзақ мерзімді қаржылық құралдарға (облигация, депозиттік сертификаттар және коммерциялық вексельдер) салымының үлесі 10,6 есеге өсті. Шетелдік инвестицияның акциясы 2006 – 2010 жылдар аралығында өсуінің себебі шетелдік инвесторлардың көптеген компаниялардың бағдарламаларына қатысуына байланысты. Дамушы елдердің бірі Чили елі американдық депозиттік вексельдерді қолданды. Ол Нью – Йорктің қор биржасында шығарылған болатын жалпы соммасы 98 млн доллар. Аргентина елі халықаралық депозиттік вексельдерді шығарды. Шетелдіктер сондай-ақ акционерлік капиталдарға тікелей салым салуды орындады. 2006 жылы 21 кездейсоқ жағдай тіркелген жалпы соммасы 4 млрд долларды құрайды. Сондай – ақ төмендегі кестеде дамушы елдердің жалпы инвестициялық қоржынының үлесі келтірілген. 

6-кесте. Дамушы елдердің инвестициялық қоржынының жалпы үлесі

  2006 2007 2008 2009 2010

Барлық  дамушы елдер 

7,52 9,33 20,27 36,71 55,79
Латын Америкасы 1,39 3,77 14,96 20,47 27,20
Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы 2,88 3,14 4,04 10,00 15,92
Европа  және Орталық Азия 2,30 1,91 0,80 5,17 9,22
Басқа да аймақтар 0,95 0,51 0,47 1,07 3,45
Ескерту- Егемен Қазақстан мәліметтер жинағынан  алынған

Информация о работе Инвестициялық қоржын