Инвестициялық қоржын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 19:03, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының алдындағы міндеттері, алға қойған мақсаты болып әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады. Банк ісі көзқарасы тұрғысынан қарағанда, инвестицияның мағынасы туралы түсіндірілгенде үшінші жақтан бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге қаржының салынуын айтуға болады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Коммерциялық банктің инвестициялық қоржынын басқарудың
экономикалық мәні және қажеттілігі ...............................................................5
1.1 Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды
қалыптастырудың рөлі мен тәртібі .....................................................................5
Инвестициялық қоржынның диверсификациясы...............................................9

ІІ Екінші деңгейлі банктерде инвестициялық қоржынды басқару..............12
2.1 Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері.............................12
2.2 Инвестициялық қоржынның табыстылығы және оның депозиттік
сыйақымен байланысы («КазИнвестБанк» АҚ мысалында)...........................20
III Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды
жетілдіру жолдары ............................................................................................26
Қорытынды .............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................36

Содержимое работы - 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 281.50 Кб (Скачать файл)

         Инвестициялық шешім мыналардан тұрады:

  • номер және қабылдау күні
  • инвестициялық шешім қандай негізде қабылданды, кепілдеме номері және беру күні
  • келісім шарт жасалынатын бағалы қағаз туралы мәлімет
  • келісім шарттың орындалу мерзімі
  • келісім шарт жасалынатын нарық типі ( екінші ретті немесе

     бірінші ретті, ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар)

     - келісімнің жасалу шарты және  түрі, бағалы қағаз көлемін бекіту  және сату (сатып алу) бағасын  бекіту

  • клиенттің реквизиттері
  • инвестициялық шешімді қабылдағандардың қолы
  • инвестициялық шешімді орындау туралы белгі.

     Басқарушы бағалы қағаз қоржынының сапасына санына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді және басқару стратегиясын, тәуекел деңгейін, табыстың нормасын сондай – ақ берілген бағалы қағаз қоржынының диверсификациясын анықтайды.Қоржынды басқару қызметі ҚР-ң азаматтық заңына сәйкес орындалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     II Екінші деңгейлі банктерде инвестициялық қоржынды басқару үлгісі

                    2.1 Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері 

       Инвестициялық қоржынды басқару кезінде туындайтын тәуекелдің проблемалары ең негізгі орынды алады. Ауыспалы экономика кезіндегі тәуекелдер тұрақты экономика кезіндегі тәуекелдерге қарағанда көп мөлшерде жоғары.

       Қазіргі кезде Қазақстанда жеке  эмитенттердің сенімділік проблемалары  өте көп. Сондай – ақ клиенттердің  және мемлекеттің сенімділігі  болуы керек. Инвестициялық қоржынды басқару классикасының жалпы танымалы Марковиц теориясы болып саналады. Ол тәуекелді жақсы диверсификацияланған статистикалық өлшемнің көмегімен анықталады.

       Практикада және де теорияда  бастапқы тапсырма - капиталды салған  уақытта тәуекелге ұшырайтын және тәуекелге ұшырамайтын салымды бөліп ажыратып алу қажет.

       Инвестициялық қоржында ғалымдардың айтуы бойынша үш түрлі тәуекелдің типтерін бөліп көрсетуге болады:

     - бірлік тәуекелі - бұл жерде бағалы қағаздар тәуекелі басқа қоржындағы бағалы қағаздармен байланыссыз болғандағы тәуекел.

     - корпорациялық тәуекел - бұл жерде бағалы қағаздардың тәуекелі қоржындағы бағалы қағаздармен байланысқанда туындайтын тәуекел.

     - нарықтық тәуекел - бұл жерде диверсификация жағдайында туындайтын тәуекел.

       Егерде қоржыннның типтерін тәуекел деңгейіне байланыстырып қарасақ, олардың классификациясын қарастыру керек. Оларды консервативті, орташа – селективті, селективті және рационалды емес деп бөлеміз. Әрбір инвестордың типіне сәйкес өздерінің бағалы қағаздар қоржынында типтері бар:

     - сенімділігі жоғары, бірақта табысы  төмен.

     - диверсификацияланған.

     - тәуекелділікке барғанымен де  жоғары табыс әкеледі.

     - жүйесіз.

       Селективті инвестор - тәуекелдің жоғары деңгейіне көп келеді.

       Консервативті инвестор - ол тәуекелділігі төмен деңгейдегі амалдарды іздейді. Ол көбінесе облигациялармен және қысқа мерзімдегі бағалы қағаздармен жұмыс істейді.

       Орташа селективті – ұзақ мерзімді капитал салымы және оның өсімі. Осы айтылғандар төмендегі кестеде көрсетілген.

       Инвестициялық қоржынның тәуекелділік бағасы тәуекел коэффицентін есептегенде және сәйкес инвестицияның түріне салымдардың мөлшеріне байланысты. Бастапқыда әрбір инвестицияның түріне байланысты тәуекелдің көрсеткіштері есептеледі.

 

      

1-кесте. Банктің инвестициялық қоржынының типтерін анықтайтын қаржы инструменттері. 

Инвестор  типі Инвестиция-лау  мақсаты Тәуекел-ділік  деңгейі Бағалы қағаздардың  типтері Қоржын  типі
Консерва-тивті Инфляциядан қорғау

Төмен

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар тұрақты  эмитентердің акцияс және облигациясы Сенімділігі жоғары бірақ та табысы төмен
Орташа  селективті Ұзақ мерзімді капитал салымы және оның өсімі Орташа Мемлекеттік бағалы қағаздарды шағын бөлігі, бағалы қағаздардың  көп бөлігі, нарықтың тарихы ұзақ эмитенттердің  сенімі. Диверсифи-кацияланған
Селективті  Спекулятивті  ойын, салын-ған құралдың тез өсуі мүмкін Жоғары Эмитенттердің бағалы қағаздарының жоғары табыс әкелетін көп бөлігі венчурлық компаниялар Тәуекелді-лікке  барғанымен де жоғары табыс әкеледі.
Рациолды  емес Нақты мақсаты жоқ Төмен Табылған бағалы қағаздар Жүйесіз

      

       Жалпы инвестицияның соммасы  мына формула бойынша есептеледі:

     Σ Ii Ri

           R = ------------- (1)

     Σ I

     R - жиынтық тәуекелі

     Ii - инвестициялық салымдар

     Ri - тәуекелдің көрсеткіші

     I - жалпы инвестиция көлемі.

       Берілген формула әртүрлі инвестицияның  табысының динамикасы мекемелерде  инвестициялық қоржынды бағалау кезінде өтімділік және проценттік тәуекел тұрғысынан тәуекел деңгейінің көрсеткіштерін қолдануға болады.

       Б.Айдосовтың айтуы бойынша тәуекелдерді  басқару процесін келесі сатыларға бөлуге болады:

     - талданған объектілерді таңдау  және дәрежесінің деталін қарастыру;

     - баға тәуекелінің әдісін таңдау

     - баға тәуекелі

     - тәуекелді сату қорытындысын  таңдау

     - тәуекелдің төмендеу шараларын  таңдау

     - таңдалған шараларды сату және таңдау

     - жеткілікті тәуекелдің бағасы.

       Автордың айтуы бойынша Қазақстандық  инвесторларды тәуекелден қорғау  үшін қор нарығында маманданған  қызметкерлердің нәтижесінде орындалады. Тәуекелді минималдау мақсатында  маманданған қатысушыларда бағдарламаларды талдау қажеттілігі пайда болады. Сондай – ақ маманданған қорды кәсіби қатысушылар компенсация алу мақсатында құрды.

       Қоржынды басқару тәуекелінің жүйесі өте маңызды болып есептеледі. Сондай – ақ инвестициялық қоржынның тәуекелінің бағасына талдау жүргізіп, оларды басқара алу керек.

       Қоржынды инвестициялау теориясына байланысты қор нарығында тәуекел екі түрде болады:

     -спецификалық  тәуекел немесе жүйесіз тәуекел,  олар микроэкономикалық болып  анықталады, әрбір компанияның факторы  жан – жақты болып табылады.

     - жалпы нарықтық немесе жүйелі  тәуекел, ол макроэкономикалық  және саяси жағдайлармен байланысты, әрбір компанияның акциялары  айналымды болады.

       Бағалы қағаздар нарығында тәуекел  жоғары болса, соғұрлым қоржынды басқарудың сапасына талап жоғары болады. Бұл мәселе бағалы қағаздар нарығы өзгерсе өзекті болып келеді. Қоржынды басқару негізінде әртүрлі бағалы қағаздардың анықталған әдістері және технологиялық мүмкіншіліктерді қолданумен түсіндіріледі. Яғни олар алғашқы инвестициялау құралын сақтауға, максималды табыс деңгейіне жету, қоржынның инвестициялық бағытталуын қамтамасыз ету. Басқаша айтқанда басқару процесі негізгі инвестициялық қоржынның сапасының сақталуына бағытталған.

       Инвестициялық қоржынның стратегиясының көз қарасы бойынша келесі заңдылықтарды қалыптастыруға болады. Қоржынның таңдап алынған типі инвестициялық стратегияға сәйкес: активті нарық мүмкіншілігін максималды қолдануға бағытталған немесе пассивті.

       Басқарудың еңбекке бейімділігі  жоғары элемент ең бір қымбат  түрі - мониторинг болып табылады. Ол нарық қорының детальді үзіліссіз талдауын, даму, тенденциясын, нарық қорының секторларын, бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын білдіреді. Мониторингтің ең негізгі мақсаты бағалы қағазды таңдау, инвестициялық ерекшелікті иелену, берілген қоржынның типіне сәйкес келуі керек. Мониторинг ол активті және пассивті басқарудың негізі болып табылады. Басқарудың активті моделін тереңірек бақылап және құралдарды дер кезінде сатып алу, сондай – ақ қоржынның инвестициялық мақсатына жауап беретін, қордағы құралдардың құрамына дер кезінде өзгеруі болып отырады.

       Отандық қор нарығы котировканың  тез арада өзгеруімен, процесстің  динамикасымен тәуекелдің жоғарғы  деңгеймен сипатталады. Осы жоғарыда  аталғандардың барлығы мониторингтің  активті модельдің адекваттық жағдайымен есептеледі, яғни ол қоржынды басқаруды тиімді етеді.

       Мониторинг табыстың көлемін  алдын ала болжаудың базасы  болып табылады. Активті басқарумен  айналысатын менеджер бағалы  қағаздарды сатып алу және  де тиімді қолдану керек. Ал  аз мөлшерде табыс әкелетін активтерден арылу керек. Бұл жерде қоржынның құнының төмендеуіне жол бермеу керек. Бұл әдіс қаржылық шығындарды талап етеді. Ол яғни информациялық аналитикалық эксперттік және бағалы қағаздар нарығындағы сауда активтілігімен байланысты.

       Басқарудың бұл моделі үлкен банктерде немесе қаржылық компанияларда жүргізіледі. Олар нарықта кәсіби жұмыстан максималды табыс алуға бағытталған және де инвестициялық қоржынның көлемі өте үлкен. Менеджерден талап етілетін батылдық және тез шешім қабылдау керек. Өйткені активті қоржынды басқарған кезде оның шығынын азайту керек. Бұл жерде тек қана өзіне табысты бағындыруға негізделген әдістер қолданылады. Мамандар ақша нарығының жағдайын болжап және бағалы қағаздар қоржынын сәйкесінше түзетеді. Егерде табыс төмен деңгейде болса, онда болжамға сәйкес қатаң проценттегі қағаздардың курсы төмендейді. Сондықтан да қысқа мерзімді облигацияларды алу керек. Сондай – ақ көбінесе табысты активтерді қайта қаржыландыру керек. Олар өтімділіктің қосымша қор қызметін атқарады. Егерде табыс деңгейі жоғары және тенденциясы төмендеп кетсе, онда инвестор ұзақ мерзімді облигациялар көп мөлшерде жоғарғы табыс алуды қамтамасыз етеді.

       Егерде берілген операцияны банк  орындайтын болса, онда оның  өтімділікке қызығушылығы аз  болады. Себебі, ссудаға сұранысты төмендетеді. Проценттік ставканың төмендеуі тегінде де банк қоржынды қайта бағалағанда сыйақы алады. Проценттік ставка төмен нүктеге жеткенде банк ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды сатады. Сол күні қысқа мерзімді облигациялар салым салады. Сондай қателіктерді банк жіберуі мүмкін. Сондықтан қоржынның бір бөлігі қысқа мерзімді міндеттемелерде сақтау керек. Себебі өтімділік резервін қамтамасыз етеді. Сондықтан да «алдын ала есептеу ставкасы» әдісі қолданылады. Ол негізінен қоржынның қызмет ету мерзімін ұзартуға ұмтылады. Активті мониторингті басқару көбінесе «алдын ала есептеу ставкасы» әдісіне тәуелді. Басқарудың пассивті моделі жақсы диверсификацияланған қоржынның алдын ала тәуекелділік деңгейін анықтаған және де ұзақ мерзімді дамуға есептелген. Ондай байланыс нарықтың тиімділігі жеткілікті деңгейде болған кезде болады. Негізінен бағалы қағаздардың қысқа мерзімдегі нарығы, қор нарығының тұрақты болмауы инфляция кезінде тиімділігі аз болып келеді:

     - қоржынға қатысты басқарудың пассивті моделі тиімді болып келеді. Отандық нарықтағы бағалы қағаздардың тәуекелге баруы аз мөлшерде болады.

     - бағалы қағаздар ұзақ мерзімді  болуы керек. Себебі қоржын ұзақ уақытта өмір сүруі үшін керек. Бұл негізгі басқарудың пассивті моделінің мүмкін сатуға алып келеді.

       Мысалы, пассивті стратегия бойынша инвестицияны бірқалыпты орналастыру «баспалдақ» әдісіне байланысты. «Баспалдақ» әдісін қолдана отырып, менеджер бағалы қағаздарды сатып алады және де мерзімдерінің соңына дейін орналастырады. Бағалы қағаздар қоржыны - бұл өнім, ол қор нарығында сатылады және сатып алынады. Басқару кезінде оның шығындарын қалыптастыру сұрағы маңызды болып табылады. Сондықтан қоржынның сапасының құрамы туралы сұрақ ең маңызды орын алады.

       Қоржынның сапасы туралы сұрақты инвестициялық талдау теориясының тұрғысынан және қазіргі практика тұрғысынан шешуге болады. Сонымен бірге әр түрлі активтердің көбеюі яғни қоржындағы бағалы қағаздар сегіз және одан да көп жылға дейін қоржындық тәуекелдің азаюына мән бермейді. Тәуекелдің максималды азаюы, яғни жойылуы 10 – нан 15 – ке дейінгі әртүрлі бағалы қағаздар қоржында алынса, ары қарай қоржынның құрамының өсуі мақсаты емес, яғни артық диверсификация тиімділігі шығуы мүмкін. Диверсификацияның тиімділігін болдырмау жолын алдын ала алу керек.

Информация о работе Инвестициялық қоржын