Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 18:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мәні. Бұл курстық жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Асыл Астық» ЖШС–гі.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың теориялық аспектілері
1.1 Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі......................4
1.2 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі.......7
1.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері.......................................................................................10
2. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуын экономикалық талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму тенденциясы.........................................................................................13
2.2 «Асыл Астық» ЖШС шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау...........................................................23
2.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері.......................................................................................34
3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.............................................................38
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар......................................................................................40
Қорытынды............................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................46

Содержимое работы - 1 файл

жоспар 46.doc

— 636.50 Кб (Скачать файл)

         Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.

         Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.

          Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде  нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.Шағын бизнес кәсіпорнының дамуы Қазақстан экономикасындағы жүзеге асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етпейтін  осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту шаралары және елдегі бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.

          Қазіргі кезде бұл касіпорындарды дамыту, алдымен қаржылық қамтамасыз ету және қаржылық - несиелік талдауды іздеу проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл шағын бизнес кәсіпорнының несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекетік емес бағдарламалардың , қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады.

          Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің әкеп соғады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт - бағдарға, тәуекелдік бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми - техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда - көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және басқа да коммерциялық делдалдық сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2010-2012 жылдарға арналған бағдарламсы әзірленді. Бағдарламаның мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілері асын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі  бағыттары:

  • шағын бизнес мәселелері бойынша заң шығарудың жаңа регламентін қабылдау жолымен заңнаманы жетілдіру;
  • шағын бизнес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің нәтижелілігін қадағалау институтын енгізу;
  • әрбір мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетін» негізу;
  • әкімшілік кедергілерді азайту және бюрократиясыздандыру;
  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

  • мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-қимылының жаңа идеологиясын құру;
  • кластерлік - желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйені құру және қамтамасыз ету;
  • шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру;
  • шағын кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналымдағы қысқарту.

         Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ , шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.

         Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ  емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды

 

Байқағанымыздай, шағын  және орта кәсіпкерліктің экономиканың тұрақты дамуында рөлі өте жоғары. Белгілі бір өндірістік және қызмет көрсету саласында осы кәсіпкерлік  түрінің үлесі көп. Осы белсенділігіне орай елімізде бұқара халық тұрақты жұмысбастылықпен қамтылуда және әлеуметтік деңгейі біршама жоғарылап, нарықтық тұтынушылық қабілеті де өсті, белгілі бір мамандырылған кадрлар ағымы пайда болды. Нарықтық заманға тез бейімделген шағын және орта бизнес өзінің әрі қарай дамуында ірі кәсіпорындардың өсіп өркендеуіне септігін тигізіп отыр, сондай-ақ қажетті саяси тұрақтылық та байқалып тұр.

Шағын және орта бизнестің  дамуын талдау жасаған кезде, тіркелген  шағын және орта бизнес субьектілерінің саны жұмыс істеп тұрғандар санынан алты есе көп екенін аңғардық, яғни сапалы шағын бизнес субьектілері алты есеге аз деген сөз. Мұндай жағдайға жоғарыда атап өткен факторлардың кері әсері әсерін тигізіп отыр, атап айтсақ, тиімсіз салық ставкалары, қаржы-несиелік бағдарламаның әлсіздігі, қажетті инфрақұрылымдардың жоқтығы және де өзге де факторлар бұл жағдайға ұшыратып отыр. Бірақ келешекте шағын және орта бизнестің жағдайы нашарлайды деп айтуға да болмайды, жылдан жылға салық ставкалары азайып  келеді, несиеге деген қолжетімділік те қолұстатардай жағдайға жақындап келе жатыр, жаңадан тәй-тәй басып қолдаушы инфрақұрылымдар да құрылып жатыр, сәйкесінше, шағын және орта кәсіпкерліктің өсім қарқыны да динамикалы өсуде, яғни халықтың жарқын келешекке деген сенім де артуда. Енді халық тек маман ретінде біреуге қолқағыс болмай, өз бизнесін бастауға мүмкіндігінің барын түсінді, яғни көзі көрген нарықтық белсенді халық қалыптаса бастады.

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік орг


Информация о работе Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі