Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 18:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мәні. Бұл курстық жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Асыл Астық» ЖШС–гі.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың теориялық аспектілері
1.1 Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі......................4
1.2 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі.......7
1.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері.......................................................................................10
2. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуын экономикалық талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму тенденциясы.........................................................................................13
2.2 «Асыл Астық» ЖШС шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау...........................................................23
2.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері.......................................................................................34
3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.............................................................38
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар......................................................................................40
Қорытынды............................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................46

Содержимое работы - 1 файл

жоспар 46.doc

— 636.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың теориялық аспектілері

1.1 Шағын және орта  бизнестің мәні, экономикалық негізі......................4

1.2 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі.......7

1.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес дамуының    ерекшеліктері.......................................................................................10

2. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуын экономикалық талдау

2.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму тенденциясы.........................................................................................13

2.2 «Асыл Астық» ЖШС шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау...........................................................23

2.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері.......................................................................................34

3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары

3.1  Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.............................................................38

3.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар......................................................................................40

Қорытынды............................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................46

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық  жұмыс тақырыбының  өзектілігі. Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнес  Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  ролі  артып  келе  жатыр. 2011 жылы Қазақстандағы шағын және  орта бизнес  секторымен  өндірілген  жиынтық өнімдердің  ЖІӨ - ге қатынасы  17%  - ды құрады, ал 2012 жылы осы сектор   субъектілерінің  бұл  макроэкономикалық   индикаторындағы   үлесі  20% - дан астам  шамаға  жетті. Осы статистикалық  мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып келеді.  2013 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды  көсеткіш  деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар  ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында  қарастырылып, бекітілген).

Курстық  жұмыстың  мақсаты. Шағын  және   орта  кәсіпкерліктің  дамуында  кедергі  болып  тұрған  проблемаларды  қарастырып, оларды шешу  жолдары  арқылы  осы  секторды  дамыту  жолдан  зерттеу  болып  табылады. 

Курстық жұмыстың  мәні. Бұл курстық жұмыстың  зерттеу пәні  ҚР – дағы шағын және  орта  бизнес  секторының  субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің  объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы  проблемалар. Сондай – ақ «Асыл Астық» ЖШС–гі.

Курстық жұмыстың  міндеттері:

  1. Шағын және орта  бизнестің экономикалық  жүйедегі  дамытудың варианттарын  зерттеу  арқылы рөлін  қарастыру;
  2. Шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын  терең  талдау  мен  сипаттамаларын  бітіріп  кету;
  3. Терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

Курстық  жұмыстың  маңыздылығы. Бұл курстық  жұмыстың теориялық  маңыздылығы  қазіргі  жағдайда  өте  жоғары.  Сондай – ақ бұл  бітіру  жұмысныда  тәжірибелік  маңыздылығы  да  бар. Оның  тәжірибелік  маңыздылығы  қазіргі  таңдағы шағын  және  орта  бизнестің  қамтуындағы  проблемалармен  қиындықтарды  шешу  жолдарының шынайы  өмірге,  жүзеге  асырулары  бойынша  рекомендацияларды  ұсынумен   анықталады.

Курстық жұмыстың теориялық - әдістемелік негізін ҚР-ның Елбасының жарлықтары, Үкімет қаулылары, нормативтік заң актілері және де шетелдік тәжірибелер құрайды.

 

1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың теориялық аспектілрі

 

    1. Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі

 

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі

Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер  әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік  теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне  дейін көтерілген3. Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады4. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент. Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.

Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық. Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады.

Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі. Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек. Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады.

Көптеген шетелдік зерттеулер шағын  кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады. Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде  «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік  пен бизнесті экономикалық қызметтің  бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады.          «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек.

 Шетелдік әдебиеттерде нарықтық  экономика бойынша бизнес қағамның  қажеттілігін қамтамасыз ететуге  қажетті өндіріс жүйесі ретінде  анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): «кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мотиві ретінде келесілерді көрсету керек:

  • тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі
  • шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу
  • қосымша және басқада ресурстарды қосу
  • азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу

Шағын кәсіпкерлік базар  қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің  50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің  80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының   3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.

Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін  қалыптасыру әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.

 

    1. Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі

 

Әлемдік тәжірибе шағын  және орта бизнестіңэкономикадағы рөлі бағалауға клмейтіндей жоғары екнің  көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

Информация о работе Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі