Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

Экономикалық өсуге бағытталған қозғалыс үдерісінде өсу факторларының бірінен екіншісіне қарай өту маңызды деп саналады.

Егер өткен ғасырдың 90-шы жылдары ел экономикасын тұрлаулы өсу жолына бағыттау үшін ең алдымен оны қалпына келтіру әрекеттері жүзеге асырылған болса, ендігі жерде интенсивтендіру шаралары қолға алыну үстінде.

Қалпына келтіру іс-қимылдары экстенсивтік өсу кезеңі болып табылады, және ол тоқыраудағы өндірістік қуаттарды іске қосу және пайдалану шараларымен ерекшеленеді. Ал, тұрлаулы экономикалық өсу – интенсивтік өсу кезеңі және ол негізгі капиталға ірі инвестицияларсыз жүзеге аспайды.

Сонымен, экономикалық өсудің экстенсивті типі өндірістің кеңеюін жаңа жұмыс орындарын ашу есебінен жүзеге асырады. Бұл үшін елде бос жұмысшы күші болуы тиіс және олар ұдайы өндіріс үдерісіне қамтылуы қажет.

Экономикалық өсудің интенсивті типінің мәні бойынша қосымша тұтыну құнын еңбекке тартылған жұмысшы күшінің еңбек өнімділігін арттыру, ұдайы өндіріс үдерісінің барлық элементтерін сапалық жағынан жаңарту арқылы жасауға болады.

Экономикалық тиімділік тұрғысынан өндірісті кеңейтудің экстенсивті және интенсивті типтерін бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ.

Егер, экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды сандық жағынан өсіру арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік болса оларды интенсивтік сипаттағы факторлармен біріктіру негізінде қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай жасап, өндіріс дамуы қарқынын жеделдете түсіп, экономикалық тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады.

Экономикалық өсудің интенсивті типін қалыптастыру қосымша шығындармен байланысты емес деген көзқарас та шаруашылық жүргізу практикасына қарама-қайшы көзқарас болып табылады.

Жұмыс бабындағы өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және жетілдіру әрекеттері едәуір қаржы талап ететін экономикалық өсудің интенсивті типінің практикалық көрінісі екендігі баршаға түсінікті құбылыс деп санаймыз. Өндірісті интенсивтендіру арқылы кеңейту еңбек өнімділігін арттыру негізінде жүзеге асады. Ал, еңбек өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық прогресс пен еңбектің техникалық жарақтануына байланысты болғандықтан материалдық шығындарды қажетсінеді.

Экономикалық тиімділік – басым интенсивті немесе басым экстенсивті әдістер негізінде өндірісті ұлғайту бойынша іс-әрекеттің нәтижелілігі болып табылады. Қазіргі жағдайларда экономикалық тиімділік проблемасын шешу қиыншылықтары өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің елдер, кезеңдер, сфералар мен салалар, сондай-ақ меншікті иемденушілер бойынша бірдей еместігіне байланысты болып отыр. Мұның өзі өндірісті интенсивті ұлғайту және оның экономикалық тиімділігін арттыру түсініктерінің жалпыға бірдей түсіндірмесінің болмауынан туындаған мәселе.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай «өндірісті ұлғайтудың (кеңейтудің) басым интенсивті типі» және «өндірісті интенсификациялау» категорияларындағы өзгешеліктерді түсіндірудің өзі едәуір қиыншылықтар туғызады. Егер өндірісті ұлғайтудың басым интенсивті типі еңбек өнімділігін және оның техникалық жарақтануын арттырумен байланысты экономикалық өсудің әдісі болса, онда өндірісті интенсивтендіру дегеніміз өндіріс элементтерінің әрекетін және оларды пайдалану қарқынын күшейту болып табылады.

Экономикалық мәні бойынша интенсивтендірудің процесс ретіндегі ерекшелігі, оның шығынсыз атқарылуында болса керек. Интенсивтендіру құрал-жабдықтарды қалыпты қуатына жеткізу мақсатында еңбек қарқынын жоғарылатумен байланысты мүмкін болады.

К.Маркс интенсивтендіру және ұдайы өндірісті ұлғайтудың интенсивті типі деген ұғымдарды ажыратқан болатын. Өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануды интенсивтендіру туралы ол былайша жазған еді: «Сол қалпындағы еңбек құрал-жабдықтарының, яғни сол қалпындағы негізгі капиталдың тиімділігін жыл сайынғы пайдалану уақытын ұлғайту арқылы да, сондай-ақ оны қолдануды интенсивтендіру арқылы да арттыруға болады». Маркс жұмысшы күшінің тұрақты саны жағдайында «авансталған капиталды көбейтпей-ақ» олардың еңбек қарқындылығын арттыруға болатындығын да қарастырған еді.

Үдеріс ретіндегі интенсивтендірудің ерекшелігі жұмыскерлердің белсенділігі, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеті арқылы айқындалады. Бұл тұжырымның шаруашылық механизмін жаңғырту үшін практикалық маңызы бар. Интенсивтендіру процесінің шығынсыз жүзеге асуы және оның экономикалық нәтижелері әрбір жұмыскердің ұйымдастырушылық іс-әрекетіне байланысты болғандықтан еңбекті интенсивтендіруден алынған экономикалық өсім сол жұмыскерлердің мүддесіне жұмсалуы қажет. Бұл принципті практикада жүзеге асыру интенсивтендіру дәрежесін жоғарылату ісіне жұмыскерлердің ынталылығын арттыра түседі.

Дамыған елдердің соңғы он бес жыл ішіндегі ресурстарды үнемдеу жолындағы үлкен табыстары пайданы бөлу қатынастарын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу процесіне тікелей қатысушылардың экономикалық мүддесіне қозғау салатын механизмдермен тығыз байланысты болуы.

Интенсивтендіру экономикалық өсудің интенсивті типімен өзара байланысты. Себебі, экономикалық өсудің интенсивті типі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының салыстырмалы жоғары деңгейін көрсетеді және ол затқа айналған еңбектің қорлану көлемімен және жоғары білікті жұмысшы күшімен сипатталады.

Экономикалық өсудің басым интенсивті типі экстенсивті типімен салыстырғанда қымбатқа түседі, бірақ қоғамдық өндіріс нәтижелері мен оған байланысты қоғамдық еңбектің жиынтық шығындарының арақатынасы ретінде экономикалық өсудің интенсивті типі экстенсивті типке қарағанда өзінің зор потенциалдық мүмкіндіктерін пайдаланады.

Елдің экономикалық дамуы деңгейін анықтайтын экономикалық өсудің интенсивті типі және интенсивтендіру болса, онда олардың арасында тек қана тікелей емес, сонымен бірге кері байланыс та болады. Елдің экономикалық дамуының жоғары деңгейі қамтамасыз ететін өмір сүрудің жоғары дәрежесі ұдайы өндіріс процесін интенсивтендіруден бастау алатын экономикалық өсудің басым интенсивті типінің тиімділігін жоғарылатуға потенциалды мүмкіндіктер береді.

Үкіметтік емес «Бүкіл әлемдік экономикалық форум» корпорациясының сарапшыларының қорытындысы бойынша мол табиғи ресурстары бар елдердің әлемдік артықшылыққа ие болатын уақыты өткен. Ендігі уақытта экономикалық өсудің сапалық типтері қандай болмасын елдің халықаралық позициясын анықтайтын болады. Аталмыш позицияны анықтаушы факторларға еңбекке құлшыныс (мотивация) білімділік дәрежесі және кадрлардың біліктілігі, өндірістегі құндылықтар жүйесін қалыптастыру, ақпаратты практикалық мақсаттарға пайдалану т.с.с. жатады.

Экономикалық өсуді орнықтыру мақсатындағы мемлекеттің экономикалық саясаты келесі мәселелерді қарастыруы тиіс:

                  Қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қамтамасыз ететін базалық заңнамалық негіздер жасау;

                  Мемлекеттік міндеттемелерді қолда бар ресурстармен сәйкестендіру және ресурстарды мемлекеттің базалық функцияларын орындауға шоғырландыру. Ал, мұның өзі инвестициялау мен шаруашылық жүргізуді едәуір жақсартуды, салық ауыртпалығын кемітуді, сондай-ақ салықтық және кедендік жүйелердің тиімділігін арттыруды көздейді;

                  Бюджеттік жүйенің тепе-теңдігіне және оның қызметі тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

                  Қазақстан экономикасында прогрессивті құрылымдық өзгерістерді ынталандыру;

                  Қазақстанда әлемдік экономикаға интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

Қазақстан Республикасын бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосу үшін ел экономикасы дамуының тұрақты жоғары қарқынын ұстап тұру қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады.

Даму қарқынын едәуір жоғарылатудың негізгі факторлары келесідей:

                  Инновацияларды және техникалық прогресс жетістіктерін өндіріске енгізу;

                  Қазақстанның негізгі байлығы – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

                  Салық жүйесін мейлінше жетілдіру;

                  Қазақстаннан капиталдың кетуін кеміту және шетелдік инвестицияларды еселеп тарту үшін инвестициялық ахуалды жақсарта түсу;

                  Рынокқа кіру кедергілерін азайту бағытындағы кешенді шараларды жүзеге асыру;

                  Ресми және көлеңкелі экономика арасалмағын біріншісінің пайдасына едәуір өзгерту;

                  Үкіметке әкімшілік реформалар жүргізу, ең алдымен электрондық үкіметті жасақтауды жеделдету.

 

Ізденіс сұрақтары

1.                 «Экономикалық өсу» және «экономикалық даму» түсініктері

2.                 Экономикалық өсу сапасы

3.                 Экономикалық динамиканы болжау

4.                 Өндірістік функция аппараты

5.                 Қоғамдық өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері

6.                 Қазақстанның тұрлаулы экономикалық өсуіне негізгі шектеулер мен кедергілер

7.                 Қ.Р. экономикалық дамуының перспективалары

 

 

IV-тарау Мемлекеттік экономикалық саясат

§1 Экономикалық саясаттың мәні

Экономиканы мемлекеттік реттеуде биліктің жүргізіп отырған экономикалық саясаты маңызды рөл атқарады.

Экономикалық саясатты қалыптастырып, қолдану арқылы мемлекет мақсатты бағдарламаларды, ұстамды және байыпты экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Кез-келген елдің экономикасы ең алдымен объективті тарихи және экономикалық заңдылықтарға бағынышты. Бұл мағынада мемлекеттің бағыты белгілі және айқын деп айтуға негіз бар. Бірақ, ақиқатында экономика өткен тарихпен және келер болашақпен жарым-жартылай ғана байланысты. Көп жағдайларда оның қозғалыс траекториясы басты әрекет етуші субъектілерге ұйымдар мен азаматтардың ынтасы мен ерік-жігеріне тәуелді. Бұл субъектілердің әрқайсысының экономикалық тағдырға әсер ету мүмкіндігі бар. Бұған қатысты едәуір мүмкіндіктер мемлекеттің құзырында екендігі даусыз.

Мемлекеттік биліктің субъектісі үкімет ел экономикасы дамуының бағытын таңдайды, таңдалған әлеуметтік-экономикалық стратегияны жүзеге асыру үшін белгілі бір бағытта іс-қимылдарды қолға алады, яғни мемлекеттік экономикалық саясатты жүргізеді.

Сонымен, экономикалық саясат – бұл мемлекет, ел үкіметі жүргізетін экономикалық іс-әрекеттердің басты желісі, экономикалық үдерістерге қажетті бағыт берудегі мемлекет қолданатын шаралар жиынтығы. Экономикалық саясатта үкімет жүзеге асырып жатқан курс (бағдар) өзінің тікелей көрінісін табады. Өзінің мәні бойынша экономикалық саясат елдің, мемлекеттің, халықтың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, күнделікті тәжірибеде іске асыруы қажет. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарын практика жүзінде дәлелдейтін үкімет болғандықтан мемлекеттік экономикалық саясатта үкіметтің өзінің көзқарастары айқындалады. Азаматтардың экономикалық саясатқа әсері, олардың үкіметке әсері дәрежесімен шамалас келеді.

Көп жағдайларда мемлекеттің экономикалық саясатына өткен шақтың мұрасы, елде қалыптасқан экономикалық болмыс, ертеде қабылданған шешімдер әсер етеді. Экономикалық саясатты едәуір дәрежеде ел ішіндегі және әлемдік конъюнктура (ағымдағы жағдай), яғни шаруашылық пен рыноктық жағдайы, экономикалық белсенділік деңгейі, өсу және құлдырау үрдістері, тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұсынысы анықтайды.

Әлемдік экономика циклды дамиды, онда тербеліс үдерістері, толқынды қозғалыстар орын алады. Сәйкесінше экономикалық циклдың бірін-бірі ауыстыратын фазаларын ерекшелейді. Олар: жандану (экономикалық өсу), жоғары экономикалық конъюнктура (өрлеу, экономикалық даму), тоқырау (рецессия, экономикалық дағдарыс), төмен экономикалық конъюнктура (күйзеліс).

Ұлттық экономиканың қандай фазада тұрғанына байланысты үкіметтің, мемлекеттің экономикалық саясатының типі қалыптасады. Мемлекеттік экономикалық саясатты жасаушылар назар аударатын индикаторлар қатарына жалпы ішкі өнімнің, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, табыстар мен тұтынудың, бағалардың, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың көлемі мен динамикасы жатады.

Экономикалық саясат мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатпен, мемлекеттік идеологиямен, әскери саясатпен тығыз байланыста мемлекеттің саяси доктринасын сипаттайды. Сонымен бірге ол мемлекеттік саясат жүргізудің экономикалық алғышарттарын, экономикалық базисін құруға мүмкіндіктер туындатуы тиіс. Елдегі саяси күштер, партиялар, қозғалыстар мемлекеттің экономикалық курсына, экономикалық саясатқа едәуір әсер ете алады.

Экономикалық саясаттың әлеуметтік аспектілері үкімет қабылдаған экономикалық шешімдерден, бюджеттің қалыптасуынан, халықтың әртүрлі топтарының реакциясынан көрінеді. Ереуілдер, демонстрациялар және басқа да әлеуметтік қарсылық формалары мемлекеттік экономикалық саясат элементтеріне белгілі деңгейде әсер ете алады.

Жүргізілетін экономикалық саясат өз көрінісін жоспарланған мемлекеттік бюджет құрылымынан, мақсатты мемлекеттік бағдарламалардан, инвестициялық жобалардан, мемлекеттік заңдардан, әлеуметтік қорғау параметрлерінен, салық салу қойылымдары мен кредиттеу шарттарынан, жеңілдіктер беруден, экспорт пен импортқа мемлекеттік әсерден, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз көлемінен табады. Сонымен бірге экономикалық саясат мемлекеттік бюджет пен бағдарламаларда көрсетілгендермен ғана сипатталмайды, ол ағымдағы үкіметтік шешімдермен, ірі оперативтік шаралармен де айқындалады.

Жедел, оперативті іс-қимылдардың қажеттілігі, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, табиғи-экологиялық жағдайлармен шартталады.

Информация о работе Экономика