Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

                  Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін орындау үшін экспорттық өнімдер жеткізуді қамтамасыз ету;

                  Мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру.

Мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында тауар жеткізілімдерін ұйымдастыру үшін Қазақстан үкіметі мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімін бекітеді.

Мемлекеттік тапсырыс берушінің негізгі функцияларының бірі өнім жеткізушілерді таңдау, яғни мемлекеттік тапсырысты жеткізушілер арасында орналастыру болып табылады. Ережелерге сәйкес мемлекеттік тапсырыс бәсекелік негізінде жүзеге асырылады. Ашық бәсекеде жеңіске жеткен өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізушімен (атқарушымен) тапсырыс беруші мемлекеттік келісім-шарт жасайды.

Мемлекеттік келісім-шарт мемлекеттің қажеттіліктері үшін өнім жеткізуші мен мемлекеттік тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Мемлекеттік келісім-шартта мыналар көрсетіледі:

                  Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізу көлемі, тізбесі және үлес салмағы;

                  Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) сапасына қойылатын талаптар;

                  Өнімді жеткізу мерзімі;

                  Тауар бағалары және оларды өзгерту шарттары;

                  Жеткізушіге берілетін мемлекеттік келісім-шартты атқару үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемі.

Индикативтік жоспарлау рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу формасы болып табылады. Директивтік жоспарлау жағдайында ел экономикасын дамыту жоспары заң күшіне еніп экономиканың барлық буындары үшін міндетті болса, индикативтік жоспарлауға ұлттық шаруашылық-дамуына бағдар, бағыт беру және соған жұмылдыру тән болып келеді. Бұл жағдайда жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер жалпыұлттық мүдделерге сай жоспарлар мен жобаларды атқаруға ұсыныстар мен кепілдіктер алады.

Индикативтік жоспарлау – экономиканы басқарудың мемлекеттік және мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүдделері мен іс-әрекетін үйлестіруші механизм болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің аталмыш формасы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін талдап жасауға негізделіп, мемлекеттік реттеуді рыноктың өзін-өзі реттеу қызметімен ұштастырып, байланыстырады. Индикативтік жоспарлауда жалпыұлттық басымдықтар жүйесі анықталып, зерделенеді.

Индикативтік жоспарлаудың ерекшелігі жекеменшік сектор өніміне сұранысты ынталандыру немесе шектеу негізінде ықпал ету арқылы реттеуде көрінеді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы ретінде экономиканың динамикасы, құрылымы және тиімділігі, қаржы, ақша айналымы, бағалы қағаздар мен тауар рыногы, бағалар қозғалысы, жұмыспен қамту, халықтың өмір сүру деңгейі т.с.с. көрсеткіштер пайдаланылады.

Стратегиялық жоспарлаудың мемлекеттік реттеу формасы ретіндегі мәні ұлттық экономика дамуының басты басымдықтарын сараптау негізінде таңдау болып табылады.

Таңдалған басымдықтарды жүзеге асыру жөніндегі жетекші рөлді мемлекеттің өзі атқарады. Стратегиялық жоспарлаудың көмегімен қоғамның алдағы даму бағыттары айқындалады.

«Қазақстан 2030» даму стратегиясы бойынша ол, әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар құқықтық мемлекет қалыптастыру екендігі белгілі. Бұл стратегияның  жетекші критериі ағымдағы пайда көздері емес, тиімді стратегиялық даму мүмкіндіктерін толық пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуын анықтайтын ең маңызды басымдықтардың қатарына мыналар жатады:

                  Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

                  Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы;

                  Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтар жоғары деңгейлі ашық рыноктық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

                  Қазақстан азаматтарының жоғары әлеуметтік деңгейін (денсаулық, білім беру және әл-ауқаттылық) қамтамасыз ету;

                  Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату;

                  Инфрақұрылымды, әсіресе көлік пен байланысты дамыту;

                  Мемлекеттік органдар қызметінің кәсібилігін арттыру.

Бағдарламада елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатқа сай кешенді бағдар-бағыттары көрсетіледі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді перспективасы келесі көрсеткіштерді қамтуы тиіс:

                  Қазақстанның өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларын сараптау;

                  Қазақстанның орта мерзімді перспективада әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының концепциясы;

                  Макроэкономикалық саясат;

                  Институционалдық жаңғыртулар;

                  Инвестициялық және құрылымдық саясат;

                  Аграрлық саясат;

                  Экологиялық саясат;

                  Әлеуметтік саясат;

                  Өңірлік саясат;

                  Сыртқы экономикалық саясат;

                  Орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік мақсатты бағдарламалар тізбесі, атқаруға қабылданған мақсатты бағдарламалардың негізгі міндеттері, атқарылу мерзімдері,  бекітілген уақыты және мемлекеттік тапсырыс берушілер.

Мақсатты бағдарламаларды қолдану ресурстарды шоғырландыруды, түпкі нәтижелер мен қажеттіліктерге жетуді қамтамасыз етеді.

Бағдарлама ұдайы өндіріс процесіне әсер етудің салыстырмалы қатаң формасы болып табылады, сондықтан реттеудің бұл формасы мемлекеттік реттеудің басқа формалары қажетті нәтижелер бермеген жағдайларда қолданылады.

Қазақстандық жағдайларда өңірлік даму бағдарламаларын талдап жасау ерекше өзекті болып табылады. Сондықтан ҚР үкіметі өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып келесі мәселелерді шешеді:

                  Өңірлік дағдарыстық жағдайларды жою үшін нұсқаулық ұсыныстарды әзірлейді және ірі салааралық мәселелерді шешу жолдарын қарастырады;

                  Аумақтық диспропорциялық қиыншылықтарды еңсеру және күйзелісті аймақтардың жағдайын жақсарту бойынша шаралар жүйесін белгілейді;

                  Ұзақ мерзімді аумақтық әлеуметтік-экономикалық даму концепциясының бөлімдерін қалыптастырады, сондай-ақ өңіраралық мақсатты бағдарламалар әзірлейді.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды формасы болжау болып табылады. Мемлекеттік болжау дегеніміз елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қайсыбір бағыттары туралы ғылыми негізделген түсініктер жүйесі.

Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару ісінде болжамдардың рөлі өте маңызды. Мұның өзі едәуір қиыншылықтары бар мәселе және әсіресе қазіргі жағдайларға сәйкес күрделене түскен жайы бар. Бүгінгі таңда қоғамдық болмыстың барлық формалары және олардың өзара әрекеті шиеленісті болып отыр. Ғылымның, техниканың, әлеуметтік жағдайлардың, жалпы әлемдік шаруашылықтың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі күшейе түсті. Сондықтан, көптеген объективті және субъективті фактордың өзара әрекетін есепке ала отырып, шын мәнінде қоғамдық дамудың элементі ретіндегі болжаудың ғылымилығы мен шынайылығына қол жеткізу өзекті мәселеге айналды.

Болжаудың негізгі функциясы рыноктық экономика жағдайында басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми алғышарттарды қалыптастыру болып табылады.

Сонда ғана болжаудың мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың ғылыми алғышарттарын зерделеп жасау бағытындағы іс-әрекеттер жиынтығы болмақ. Соның ішінде: 1) экономикалық даму үрдістерін ғылыми сараптау; 2) қоғамдық ұдайы өндірістің болашақтағы дамуының нұсқаларын зерделеу; 3) қабылданатын шешімдердің ықтимал салдарын бағалау; 4) басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағыттарын негіздеу.

Болжамдар ішкі және сыртқы саяси, экономикалық, табиғи т.б. факторлардың ықтимал әсерін ескеру үшін бірнеше нұсқауларда талдап, жасалынады. Олар макроэкономикалық дамудың сандық және сапалық көрсеткіштерін, экономикалық құрылымын, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуды, сыртқыэкономикалық қызметті, өндіріс және тұтынудың динамикасын, өмір сүру деңгейі мен сапасын, экология жағдайын, әлеуметтік құрылымды, сондай-ақ білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық болжаудың әдіснамалық және әдістемелік мәселелерін үкімет жүктеген ұйымдар мен ғылыми-зерттеу мекемелері талдап, жасап ұсынады.

 

§2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері

Мемлекеттің экономикалық үдерістерге әсері рыноктық өзін-өзі реттеуді мемлекеттік реттегіштермен үйлестіре қолдану арқылы жүзеге асады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу барысында жалпы, жекеленген және арнайы әдістер қолданылады.

Жалпы әдістер қатарына, мұны реттеу методологиясы деуге де болады, таным әдістері, жүйелілік әдісі, қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы т.б. кіреді.

Макроэкономикалық процестерді зерттеу методологиясы, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардағы қайсыбір оқиғалардың дамуын болжау сандық және сапалық сараптау әдістеріне, сондай-ақ жүйеленген кешенді тәсілдерге негізделеді.

Методологияны қолдану арқылы туындайтын қорытындылардың ғылыми негізділігінің қажетті алғышарты объективті экономикалық заңдарды және олардың әрекет ету механизмін терең түсінуде ғана емес, сонымен бірге олардың шынайылығын практика жүзінде тексеру болса керек.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекелеген әдістеріне статистикалық, экономикалық-математикалық т.б. әдістер жатады.

Көптүрлі статистикалық әдістердің ішінде реттеу ісіне қолдануға қолайлы келесі әдістерді атап көрсетуге болады;

Олар:

                  Экстраполяция әдісі;

                  Экономикалық топтастыру әдісі;

                  Индекстік әдіс;

                  Бюджеттік әдіс.

Экстраполяция әдісі негізінен бастапқы болжамдарды, бағдарламаларды басты бағыттар жобасын талдап жасау кезінде қолдануға қолайлы. Бұл әдістің дәлдігі қолдану кезеңі кеміген сайын арта түседі.

Экономикалық топтастыру әдісі мемлекеттік реттеуде кеңінен пайдаланылады. Топтастыру әдісін қолдану нәтижесінде өзінің құрамы бойынша күрделі жиынтықтарды қайсыбір біртекті белгісі бойынша топтарға бөліп қарастыруға мүмкіндіктер туғызады. Сараптау, ең алдымен ортақ белгі бойынша топтастырылған құрылымдық, динамикалық және құрылымдық-динамикалық топтастыру көмегімен жүзеге асырылады. Айталық, халықтың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін жан басына шаққандағы ақшалай табысы, жан басына шаққандағы күнкөріс минимумы, бір мың адамға шаққандағы аурухана төсектері т.б. алынады.

Бюджеттік әдіс мемлекеттік статистикалық органдар жүргізетін халықтың өмір сүру деңгейін статистикалық бақылау әдісі болып табылады. Зерттеу материалдары тұрғындарды материалдық әл-ауқаттылығы, тұтынуы, ақшалай шығындары бойынша негіздік рөлін атқарады. Олар әртүрлі құрамдағы отбасылардың тұтыну шығындары құрылымын сипаттау үшін маңызды ақпарат көзі бола отырып, тұрғындарды қолда бар ресурстарының деңгейі бойынша жіктеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ үй шаруашылығындағы тұтынушылық сұраныс динамикасы өзгерістерін анықтауға көмектеседі. Үй шаруашылығы бюджеттерін зерттеу материалдары тұтынушылық бағалар индексін, ұлттық табысты, халықтың нақты табыстарын есептеуде кеңінен қолданылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің барлық формаларында ерекше рөл атқаратын арнайы әдістерге баланстық, мақсатты-бағдарламалы және нормативтік әдістер жатады.

Рыноктық қатынастарға өткен кездің өзінде де баланстық әдістер экономикалық дамудың, рыноктық тепе-теңдікке жетудің қажетті сапалық сипатының көрсеткіші болып қала береді. Балансталған экономика жағдайында жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс негізгі өндірістік қорлар мен жұмысшы күші, материалдық-заттық және қаржылық ағындар арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізіледі.

Егер жоспарлы экономикада баланстық әдіс халық шаруашылығы пропорцияларын анықтаудың ең маңызды әдісі болса, рыноктық экономика субъектілеріне өндіріс, жеткізу, тұтыну шектері т.б. көрсеткіштер бойынша ешкім де тапсырма бермейді.

Дегенмен, қазіргі кезде де баланстық мәселелердің мазмұны өзгере қойған жоқ. Тек олардың механизмдері және нақты шешу әдістері ғана өзгерістерге ұшырады. Айталық, материалдық баланстардың функциялары өзгеріп, олар тауар рыногындағы тепе-теңдікті сараптау және болжау құралына айналды.

Ал, еңбек ресурстары балансы болса жұмыссыздық және еңбек рыногын болжау құралы болып отырған жайы бар.

Бүгінгі жағдайларда салааралық баланстардың мәліметтері экономиканың салалық құрылымы туралы болжамдарды талдап жасауға көмектесетіндігі айшықтала түсуде.

Бұл баланстар, мысалы экономиканың қуат көздерінің немесе қуат көздеріне бағаның өзгеруіне тәуелділігі сияқты жекелеген факторлардың рөлін анықтайды. Рыноктық жағдайларда өнімнің шектеулі тізбесі бойынша материалдық баланстарды талдап жасау да қажетті шаралар қатарына жатады. Мысалы, мұнай өнімдерінің қандай бөлігін экспортқа, қанша бөлігін ішкі қажеттіліктерге пайдалану керектігін анықтайтын баланстардың маңыздылығы дәлелдеуді қажетсінбейді.

Құндық және қаржылық баланстардың да өзектілігі даусыз ақиқатқа айналып отыр.

Информация о работе Экономика