Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

Әлемдік экономикалық ғылымға өзіндік үлес қосқан И.Шумпетер, Н.Д.Кондратьев т.б. ғалымдардың зерттеулері әлеуметтік-экономикалық даму ұзақтығы әртүрлі ұдайы өндірістік циклдар бойынша жүзеге асатындығын көрсетті. Ұзын толқынды циклдар ескірген технологиялық жағдайлардан прогрессивті технологиялар үстемдігіне бірте-бірте өтумен байланысты.

Экономикалық ғылымда индустриалды және постиндустриалды дәуірлерде бірін-бірі алмастырған негізгі бес технологиялық укладтың (кезеңнің) сипаттамалары берілген.

Қазіргі кездегі бесінші кезеңнің басымдығы тұсында анықтаушы компоненттерге микроэлектроника, бағдарламалық қамтамасыз ету, есептеу техникасы, ақпараттық қызмет көрсету, ғарыштық байланыстар т.б. жатады.

Дамыған, заманауи экономиканы бүгінгі күнде ақпараттық экономика деп атайды. Қазақстан экономикасы құрылымында шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық экономикаға өту жүзеге асуы тиіс.

4.                 Өңірлік құрылым. Бұл құрылымды өндіргіш күштерді орналастыру іс-әрекеттері айғақтайды. Өңірлік пропорциялар аумақтық еңбек бөлінісі, өңірлердің ресурстық әлеуетін пайдалану, тарихи дәстүрлер сияқты негіздерден байқалады. Өңірлік құрылымды көп жағдайда салалық құрылым анықтайды. Елдің өңірлік құрылымындағы орнын анықтайтын жиынтық көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көрсеткіші болып табылады.

5.                 Әлеуметтік-экономикалық құрылым. Аталмыш құрылым меншік формасына тәуелді. Рыноктық экономика шарттары бойынша меншік формаларының көптүрлілігі мемлекеттік және жеке меншік арасындағы үлес салмағының түбегейлі өзгерістеріне алып келеді.

6.                 Капиталды шоғырландыру, кооперациялау және орталықтандыру үрдісін көрсететін құрылым. Шартты түрде мұны «көлемдік құрылым» деп те атауға болады. Бұл құрылым өндірістің жалпы көлеміндегі шағын, орта, ірі кәсіпорындардың, қаржылық-өнеркәсіптік топтардың үлесін сипаттайды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы бірігу, ірілендірулер трансұлттық корпорациялардың әлемдік әсерін күшейте түсті. Шаруашылық іс-әрекеттерінің интернационалдануы қарқыны артып келеді. XXI ғасырдың басында әлемдік экономика «жаһандану» деп аталатын үрдістердің өсе түскен әсерін сезінуде. Ұлттық экономиканың құрылымын болжаудың және реттеудің, сондай-ақ сараптаудың негізгі әдісі баланстық (теңдестіру) әдісі болып табылады.

Баланстық әдістің дамытылған түрін салааралық баланс деп атайды. Жоғарыда көрсеткеніміздей салааралық баланс сараптамалық есептеулерде, болжамдарда және жоспарлауда кеңінен пайдаланылады. Салааралық баланстардағы қажетті ақпарат және оның нәтижелері мынадай мүмкіндіктер береді:

1.                 Салааралық баланстарды экономиканы сипаттайтын модель ретінде және ұлттық экономика дамуының қарқыны мен пропорциялары бойынша болжамдық есептеулер әдісі ретінде қарастыруға болады. Салааралық баланстар салалар бойынша нақтыланған үдемелі ұдайы өндірістің жан-жақты схемасы болып табылады. Қоғамдық өнім құнының қалыптасуы процесі, оның орнын толтыру, тұтыну және жинақтау қорларына бөлу, жалпы ішкі өнімді жасау, бөлу, қайта бөлу процесі салааралық баланста тәптіштеле, нақтыланады;

2.                 Жоспар, болжам, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талдап, жасау кезінде қоғамның түпкі қажеттіліктерін бастапқы пункт ретінде қабылдайды; мұның өзі қарқындылық және пропорцияларды болжау бойынша атқарылатын жұмысқа мақсаткерлік сипатын береді.

3.                 Салааралық баланс көрсеткіші негізінде техникалық прогресс бағыттары зерттеледі. Еңбек заттарының тікелей шығындары коэфициенттері, өнімнің капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы коэффициенттері сияқты салааралық баланс көрсеткіштерінде қоғамдық өнім өндірісіндегі және жекелеген салалар өніміндегі металл сыйымдылығы, электр сыйымдылығы және жағармай сыйымдылығы, химия сыйымдылығы сияқты көрсеткіштер өздерінің сандық мәнін табады. Салааралық баланс, сондай-ақ ұлттық экономика құрылымына өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі формалары – мамандандыру, кооперациялаудың әсері байқауға мүмкіндік береді.

4.                 Салааралық баланс салааралық байланыстардың салалық құрылымын негіздеу және болжау әдісі ретінде қолданылады. Салааралық байланыстардың өзгерістері жекелеген салалардағы өндірістің өсу қарқынындағы қажетті арақатынастарды объективті түрде анықтайтын шешуші факторлар қатарына жатады. Салааралық байланыстар механизмі ұлттық шаруашылық ресурстары құрылымындағы өзгерістерге сәйкес экономикалық дамудың әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер нақты салалардағы өнім шығарылымы артуының экстенсивті және интенсивті әдістерінің арасалмағын анықтайды.

5.                 Салааралық баланстың нұсқалары қоғамдық өндірістің бірқатар құрылымдық түрлерін салыстыру арқылы экономиканың ең тиімді деген құрылымын таңдауға көмектеседі. Баланстың экономикалық-математикалық моделі стандартты бағдарлама жасауға және оны электронды машиналарда есептеуге мүмкіндік туғызады.

6.                 Салааралық баланс өндірісті кеңейту үшін қажетті күрделі қаржыны есептеуге жағдай жасайды және сол қаржыны салалар және жылдар бойынша бөлуді қамтамасыз етеді.

7.                 Салааралық баланстың көмегімен қажетті жұмысшы күшін анықтауға, ұлттық шаруашылық салалары бойынша жұмыспен қамту деңгейін  болжауға болады.

8.                 Салааралық балансты әртүрлі бағаларда талдап  жасауға болады. Салааралық баланс бағалардың экономикалық негізделген деңгейін, құрылымы мен арақатыстарын жетілдіру үшін белгілі бір мүмкіндіктер береді.

9.                 Салааралық баланс өңірлік байланыстарды, аумақтық еңбек бөлінісіндегі өңірдің орнын, өңір экономикасы дамуының кешенділігін сараптауға негіз бола алады. Салааралық баланстың өңірлік және өңіраралық моделдері өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруды жоспарлаудың құралы болып табылады. Салааралық баланс шаруашылық іс-әрекетті динамикада сараптауға қолайлы жағдай жасап, соның негізінде көпнұсқалы антикризистік ұсыныстар даярлауға алғышарт рөлін атқарады.

Сонымен, салааралық баланс әдісінің көмегімен экономикалық құлдыраулар мен дағдарыстарды болжауға, сондай-ақ өндірістік, қаржылық және сауда дағдарыстарын шектеу үшін шаралар жүйесін қарастыруға болады. Ал, мұның өзі экономикалық өсу динамикасының болжамдылығын арттырады, сонымен бірге тұрақтылыққа қол жеткізуге жәрдемдеседі.

Салааралық моделдерді мемлекеттік секторда да, аралас экономикада да қолдануға болады.

Экономикадағы едәуір мемлекеттік сектор болған жағдайда көпсалалық сараптау мен болжаусыз бұл сектордың іс-әрекетін тиімді басқару мүмкін еместігі өзінен-өзі түсінікті болса керек.

Көпсекторлы моделдеу мен бағдарлаудың объектісі шаруашылық ресурстарының ауыспалы айналымын сараптау болып табылады.

Экономикалық ағындар параметрлері белгілі болған жағдайда мемлекеттік мекемелер материалдық және құндық ағындарды мейлінше дәлірек реттеуге қол жеткізеді де ұдайы өндіріс процессі шеңберіндегі капитал айналымын мүмкін болар кедергілерден сақтайды.

Аралас экономиканы реттеу кезінде мемлекет ең алдымен «шығын шығарылым» моделі шеңберіндегі «түпкі сұраныс», «инвестиция», «тұтыну», «үкіметтік сатып алулар» деп аталатын элементтерге әсер ете алатын болады. Тиісті реттегіштерді пайдалана отырып, мемлекет осы элементтердің әрқайсысының көлемі мен құрылымына өз ықпалын жүргізе алады.

§2 Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу

Материалдық өндіріс сферасы – мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі болып табылады. Материалдық өндірісті мемлекеттік реттеу ірі салалар, оның бөлімшелері, кәсіпорындар, салааралық кешендер, сондай-ақ өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші салалары шеңберінде жүзеге асады.

Материалдық өндіріс сферасын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, сыртқы экономикалық байланыстар мен әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерді, мемлекеттік реттеудің басты мақсаттарын ескере отырып кезең-кезеңімен дәлдеп, нақтылау болып табылады. Қазіргі рыноктық экономика жағдайында өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну тауарларын өндіруді мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

1.                 Материалдық өндіріс салалары дамуының негізгі көрсеткіштерін тұрақтандыру;

2.                 Өндіруші және өңдеуші салалар арақатынасын өзгерту, ғылыми сыйымды өндірістердің рөлін арттыру арқылы материалдық өндіріс сферасының құрылымын прогрессивті жолмен қайта құру.

3.                 Материалдық өндіріс салаларын техникалық қайта жарақтандыру;

4.                 Дамыған әлем елдерімен тең құқылы әріптес ретінде әлемдік экономикаға өзара пайдалы интеграциялану

5.                 Өнеркәсіптің өңдеуші салаларының экспорттағы үлесін көбейту арқылы қазақстандық өндірушілердің шикізаттық бағытын бәсеңдету;

6.                 Ішкі және сыртқы рыноктардағы отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

7.                 Материалдық өндіріс субъектілерін ел өңірлері бойынша ұтымды орналастыру;

8.                 Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Материалдық өндіріс сферасын реттеуде мемлекеттің бақылаушы функциялары мен реттегіш тетіктерін сақтап қалудың негізі оның өндірістің материалдық факторларына иелік етуімен тікелей байланысты. Сондықтан, жер, су, орман, жер қойнауы, өндірістік инфрақұрылым мемлекеттің меншігінде болғаны жөн. Мемлекет елдің бүкіл шикізат кешеніне әсер ететін маңызды тетіктерді де өз қолынан шығармайды. Сонымен бірге мемлекет шикізаттық салаларға инвесторларды (жер қойнауы мен ресурстарды пайдаланушыларды) тартуға да мүдделі болса керек. Өнімді бөлісу шарты негізінде пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелері мемлекеттің заңдарымен бекітіледі. Өнімді бөлісу туралы келісім тендерде немесе аукционда жеңіске жеткен инвестормен жасалады. Өнімді бөлісу келісімі негізіндегі жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығы тек қана лицензиялау жолымен беріледі.

Келісімге сәйкес өндірілген өнім мемлекет және инвестор арасында бөлініске түседі. Келісімде келесі шарттар қарастырылады:

                  Өндірілген өнімнің жалпы көлемі мен құнын анықтау;

                  Келісім бойынша атқарылған жұмысқа жұмсалған инвестор шығындарының орнын толтыру үшін берілетін өнім көлемін анықтау;

                  Пайда әкелетін өнімді мемлекет пен инвестор арасында бөлу. Пайда әкелетін өнім дегеніміз жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем және компенсациялық өнімді алып тастағандағы шығарылған өнім көлемі;

                  Өндірілген өнімнің тиісті бөлігін немесе оның құндық эквивалентін мемлекетке өткізу;

                  Өндірілген өнімнің тиісті бөлігін келісімге сәйкес инвестордың иелігіне беру.

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесіне өту көптеген сатушылары мен сатып алушылары бар рыноктың пайда болуымен бірге көптеген сатушылар және бір ғана сатып алушы ретінде мемлекет  көрінетін ерекше, арнайы рынок та қалыптасады. Рыноктарды жіктеу көзқарасы бойынша бұл – монополизацияланған рыноктың антиподы (қарама-қарсысы) монопсония болып табылады.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алуларды басқару теориясы мен практикасында келесі терминология пайдаланылады:

                  Мемлекеттік тапсырыс беруші – мемлекеттің атынан сатып алуға өкілеттігі бар органдар мен тұлғалар;

                  Жеткізуші – мемлекеттік тапсырыс бойынша өнім өндіруші және жеткізуші;

                  Сатып алушылар – мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынатын тауарлар;

                  Жеткізілімдер – жасалған келісімге сәйкес мемлекеттік тапсырыс берушіге тауарларды өткізу, қызмет көрсетулерді атқару;

                  Мемлекеттік келісім-шарт (контракт) – жеткізілім шарттары келісілген тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы келісім.

Материалдық өндіріс сферасына мемлекеттік әсерлер түрлерінің біріне мемлекеттік тапсырыс жүйесі жатады. Мемлекеттік тапсырыс – рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құралдарының бірегейі болып табылады. Мемлекет өнімге, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші рыноктық субъект ретінде өндірісті мейлінше жандандыру бағытында мультипликативтік сұранысты туындататын нақты күшке айналады. Мемлекеттік тапсырыстың отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы рөлі тіпті ерекше. Сондықтан түпкі сұранысты анықтауда мемлекеттік тапсырыстың үлесі айтарлықтай жоғары межені көрсетеді. Дамыған елдердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі жалпы ішкі өнімнің (ж.і.ө.) 20-30% құрайды. Мемлекеттік тапсырыстың үлесі, әсіресе әскери-өндірістік кешендерде жоғары болады 50%-дан астам болып келеді.

Өнімдерге, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге мемлекеттік тапсырыс мемлекеттің ең маңызды деген қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолданылады.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнім жеткізу келесі мақсаттарды көздейді:

                  Мемлекеттік материалдық ресурстарды жасау және қажетті деңгейде ұстап тұру;

                  Елдің қажетті деңгейдегі қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

                  Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін атқару үшін өнімдердің экспорттық жеткізілімдерін қамтамасыз ету;

                  Мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен толық немесе жартылай қаржыландырылатын мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру.

Информация о работе Экономика