Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

Мемлекеттің бюджеттік саясатының ең бірінші міндеті қауіпті деңгейге жеткен бюджет тапшылығын еңсеру болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемінің 5% шектеріндегі және жалпы ішкі өнімнің 1-2% деңгейіндегі тапшылық қауіпті деп саналмайды. Бірақ, егер бюджет тапшылығы оның көлемінің ондаған пайызын құрап, Ж.І.Ө-нің 5%-нан артып кетсе, онда бұл бюджеттік саясаттағы ірі ақаулықтарды көрсетеді.

Мемлекеттің бюджет тапшылығын ақша эмиссиясымен жабуға ұмтылысы инфляцияға жетелейді, ал мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және сату болашақ борыштарды туындатады, өйткені қағаздарды өтеу және олар бойынша пайыздар төлеуге тура келеді. Сондықтан, мемлекеттік бюджеттің теңгермелігіне қол жеткізу үшін бюджеттік саясат мемлекеттің кірісі мен шығысы саясатымен байланыстырыла жүргізілуі тиіс.

Мемлекеттік шығындар саясаты ең алдымен мемлекеттік сектордың сұранысын қанағаттандыруы қажет, яғни бюджеттің шығысы баптарында көрсетілетін мемлекеттік зәру қажеттіліктерді қанағаттандыруы тиіс.

Мемлекеттік кірістер саясаты мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын келтіретін қолда бар және потенциалды көздерге сәйкес жүргізілуі керек. Мемлекеттік бюджет негізінен салықтық түсімдерден құралатынын ескерсек, онда мемлекеттік кірістер саясаты салықтық саясатпен тығыз байланыста болары даусыз.

Салықтық саясат – салық түрлерін, салық салу объектілерін, салықтық қойылымдарды, салық алу шарттарын, салықтық жеңілдіктерді тағайындаудан көрінетін фискалдық экономикалық саясаттың бір бөлігі. Бұл параметрлерді мемлекеттік реттеудің басты мақсаты салықтан түсетін ақша қаражаттары мемлекеттік бюджетті қаржыландыруға жеткілікті болуы тиіс. Бірақ, бұл арада салықтық және бүкіл фискалдық саясаттың басты қарама-қайшылығымен кездесуге тура келеді.

Салықтық ауыртпалық жоғарылаған сайын қайсыбір шектерден бастап оны төлеуге ықтиярлық пен мүмкіндік кеми түседі. Салықтардың жоғарылығы оны қоректендіріп отырған салықтық негізді үгіте бастайды. Сондықтан мемлекеттік салықтық саясаттың негізінде жоғары емес, ұтымды салықтық қойылымдар болуы тиіс.

Мемлекеттің салықтық саясаты бюджетке түсімдерді қамтамасыз етумен ғана байланысты емес, сонымен бірге құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізумен де байланысты. Салықтарды, салықтық қойылымдарды, салықтық жеңілдіктерді реттей отырып мемлекет өндірістің белгілі бір түрлерінің өзін-өзі дамытуға ынталандыруға, тұтыну құрылымына әсер етуге, қаражатты экономика дамуына салуды көтермелеуге мүмкіндіктер жасайды.

Сонымен, фискалдық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың ең қуатты бағыты ретінде, қаржыландырудың, бюджеттеудің, салық салудың әртүрлі құралдарын тиімді қолданады.

§4 Монетарлық экономикалық саясат

Мемлекеттің фискалдық саясатымен оның монетарлық саясаты тығыз байланысты. Егер фискалдық саясаттың жаратылысының мәні қаржылық-бюджеттік болса, онда монетарлық саясат мемлекеттің ақша саясаты, немесе дәлірек айтсақ мемлекеттің ақша массасына әсер ету саясаты деуге әбден болады. Сонымен, монетарлық саясат – бұл тікелей мемлекеттік әсермен немесе ұлттық банк арқылы елдегі ақша массасы мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Монетарлық саясат ақшаға да, бағаға да ықпал ету арқылы ақша жүйесі мен ақша айналымы қызметін қамтамасыздандырады.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында Қазақстанда жүргізілген рыноктық реформалардың бірінші кезеңін мамандар монетарлық деп атады. Ол уақытта жүргізілген саясат белгілі бір мағынада монетарлық болғаны шындық, өйткені ол саясат бостан (либералды) бағаға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, екі деңгейлі банк жүйесіне өтуге негізделді. Бірақ реформаторлардың орталықтандырылған жоспарлауды, басқарудың ұйымдық құрылымдарын, меншіктің формалары мен қатынастарын жаңғырту бойынша іс-әрекеттері сол кезеңдегі жүргізілген саясатты таза монетарлық саясат шектерінен алысқа, автократтық либерализм (бас басына еркінау) аймағына алып кеткен болатын.

Монетарлық саясаттың мұраты фискалдық саясат сияқты шаруашылық жүйесі қызметін тұрақтандыру, орнықтылығы мен тиімділігін арттыру, дағдарысты еңсеру, жұмыспен қамту мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады.

Дегенмен, фискалдық саясат бюджет және салықтармен байланысты антициклдық сипатта әрекет ететін болса, монетарлық саясат ақша айналымы мен ақша массасын тұрақтандыруға және бағаларды, табыстарды, жалақыны реттеуге бағдарланған. Олай болса монетарлық саясат міндеттерінің де өзіндік сипаты бар. Бұл – бағалар деңгейін тұрақтандыру, инфляцияны жаныштау, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы рыноктардағы сатып алу қабілеттілігі мен бағамын қолдау, орнықты ақша айналымын қамтамасыз ету, банктік жүйе арқылы ақша массасын, ақшаға сұраныс пен ұсынысты реттеу.

Макроэкономикалық ақша саясаты өзінің монетарлық формасында ең алдымен ақша массасына әсер етуді білдіреді. Егер мемлекет ақша массасын қысқартса, эмиссияны шектесе, кредитке ақша алудың жоғары пайыздық қойылымын ұстап тұрса ақша саясаты қатаң деп саналады. Және керісінше, егер мемлекет ақша массасының көбеюіне ықпал етсе немесе ең ақыры кедергі келтірмесе, жаңа ақша шығаруға тыйым салмаса және кредиттерді арзандатса, онда ақша саясаты жұмсақ, жайлы деп аталады. Өзінің эмиссиялық саясатын мемлекет негізінен ұлттық банк арқылы жүргізеді.

Мемлекеттік монетарлық саясаттың құрамдас бөлігі және сонымен бірге құралы ретінде қайта қаржыландыру саясаты, ашық рыноктағы операциялар, резервтеу, өтімділікті қамтамасыз ету істері танылады. Бүкіл осы құралдардың жиыны айналымдағы ақша массасын және жекелеген ақша агрегаттарын реттеуге мүмкіндіктер туындатып рыноктық бағалар динамикасына, инфляция деңгейіне, өндірушілер мен тұтынушылардың тауар-ақша қатынастарына, рыноктық айырбасқа, рынок субъектілерінің табысы мен шығынына жанама ықпал етеді.

Қайта қаржыландыру саясаты, оны басқаша есеп саясаты деп те атайды, ұлттық банктің пайыздық қойылым арқылы кредиттік ресурстар көлеміне және, тиісінше айналымдағы ақша массасына әсері бар пайыздық саясат болып табылады. Ұлттық банк пайыздың есептік қойылымын тағайындайды да соған сәйкес коммерциялық банктердің вексельдерін қайта есептейді және оларға кредиттер береді. Кеңейтілген мағынада айтатын болсақ коммерциялық банктер ұлттық банктен кредиттік ақшаны сатып алады да оны өздерінің қарыз алушыларына қайта сатады, яғни қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. Мұның өзі ұлттық банк қаржы рыногындағы кредиттік ақша бағасына ықпал ете алады деген сөз. Бағаны жоғарылату, өзінің есептік қойылымын арттыру арқылы ұлттық банк кредитке сұранысты кідіртеді және айналымдағы ақша массасын қысқартады, ал есептік қойылымды төмендету негізінде ақша массасының көбеюіне ықпал етеді.

Қайта қаржыландыру саясаты пайыздық қойылымдарды, пайыздық саясатты реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады және мұны тек қана ұлттық және коммерциялық банктер ғана емес, пайызға ақша беретін кез келген кредитор жүргізе алады. Бірақ бұл мемлекеттік монетарлық саясат шектерінен шығып кету болып саналады.

Ұлттық банк ақша массасын және ақша айналымын мемлекеттік бағалы қағаздарды сатушы, сатып алушы ретінде ашық рыноктағы операциялар арқылы реттеуге мүмкіндік алады. Облигациялар, қазынашылық міндеттемелер түріндегі бағалы қағаздар эмиссиясының өзі мемлекеттік монетарлық саясат актісі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың сату-сатып алуын ашық рынокта ұйымдастыра отырып, ұлттық банк белгілі бір ақша саясатын жүргізеді. Бағалы қағаздарды сату арқылы ұлттық банк айналымдағы ақшаны алып, ақша массасын кемітеді, ал ашық рынокта бағалы қағаздарды сатып алу арқылы ақша массасын көбейтіп, нәтижесінде қосымша эмиссияны жүзеге асырғандай болады.

Мемлекет ұлттық банк арқылы резервтеу саясатын жүргізе отырып, ақша массасы шамасына тиімді әсер ете алады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге өз активтерінің белгілі бір бөлігін пайызсыз резерв түрінде ұлттық банкте сақтауға міндеттейді. Мұндай резервтердің нормасы жоғарылаған сайын коммерциялық банктердің өз қаражаттарымен еркін операциялар жүргізу мүмкіндіктері кемиді, яғни ақша массасы азаяды. Резервтеу нормасының кемуі айналымдағы ақша массасының көбеюіне әкеледі.

Коммерциялық банктердің ақша ұсынысы ұлттық банк шығаратын ақшаның қолда бар көлеміне тәуелді. Сондықтан ұлттық банк, ол арқылы мемлекет коммерциялық банктердің ақша ұсынысын реттеу мүмкіндігіне ие болады, сөйтіп коммерциялық банктердің қарамағына берілетін ақша массасын өзгерте отырып өтімділікті қамтамасыздандыру саясатын жүзеге асырады.

Фискалдық және монетарлық саясат рыноктық экономикасы бар елдердегі мемлекеттік экономикалық саясатты қолдаушы конструкция болып табылады. Бірақ, экономикалық саясаттың барлық түрлері мен формалары осылармен аяқталмайды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың басқа түрлеріне де атап өтейік.

Құрылымдық-инвестициялық саясат өндірістің салалық және аймақтық құрылымын қалыптастыру және өзгерту бойынша мемлекеттің іс-әрекет желісін сипаттайды. Құрылымдық-инвестициялық саясаттың көрінісі инновациялық және конверсиялық саясат болып табылады. Инвестициялық саясат – инвестиция көздерін іздестіріп, оларды пайдаланудың ұтымды бағыттарын табу.

Әлеуметтік саясат халықты әлеуметтік қорғау, күнделікті өмір сүру деңгейін қолдау. Әлеуметтік саясатқа халықтың табысы мен жалақысын реттеу, жұмыспен қамту т.с.с. жатады.

Демографиялық саясат тұрғындардың санын, құрылымын, орналасуын, қала және ауыл тұрғындарының арақатынасын реттеу.

Миграциялық саясат халықтың көші-қонына ықпал ету, иммигранттар мен эмигранттар ағындарын реттеу.

Аймақтық саясат өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруды, табиғи байлықты тиімді пайдалануды көздейді.

Институционалдық саясат ескіргенді алып тастап, қолда барды тиімді өзгерту және жаңа еңбек, меншік, қаржы, әлеуметтік институттарды құру бойынша мемлекет қолданатын шаралар жиынтығы болып табылады.

 

Ізденіс сұрақтары

1.                 Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні

2.                 Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары

3.                 Фискалдық экономикалық саясат

4.                 Бюджеттік саясат

5.                 Салық саясаты

6.                 Экономиканы тұрақтандыру саясаты

7.                 Монетарлық экономикалық саясат

8.                 Қайта қаржыландыру саясаты

9.                 Резервтеу және өтімділікті нығайту саясаты

10.             Мемлекеттік экономикалық саясаттың басқа түрлері мен формалары

 

 

V-тарау Индустриалды-инновациялық даму – мемлекеттік экономикалық саясаттың негізі

§1 Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері

              Экономиканың құрылымы дегеніміз шаруашылық жүйесінің барлық элементтері арасындағы тұтастықты қамтамасыз ететін пропорциялар мен қарым-қатынастар жиынтығы. Экономиканың динамикасы мен құрылымы – екі негізгі және өзара байланысты категориялар болып табылады. Бір жағынан экономиканың консервативті құрылымы жағдайындағы экономикалық өсу шаруашылықтың тиімділігін арттыра қоймайды. Екінші жағынан қалыптасқан пропорциялардан экономиканың жаңа, мейлінше прогрессивті құрылымға өтуі қажетті құрылымдық өзгерістерді анықтайтын салалар дамуының жоғары қарқыны негізінде ғана мүмкін болады.

Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан экономикаға құрылымдық бей-берекет өзгерістер, өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, монополизм деңгейінің жоғарылығы тән болатын.

Қазақстанда  орныққан рыноктық экономика критерилеріне сәйкес экономикалық құрылым объективті түрде мемлекеттің рөлін күшейтеді, сөйтіп одан белсенді құрылымдық өзгерістер саясатын жүргізуді талап етеді.

Экономика құрылымын қайта құру жөніндегі мемлекеттік саясат қазіргі жағдайларда әлеуметтік бағдарланған, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті рыноктық экономика жасауға бағытталуы тиіс. Мұндай құрылым әлемдік шаруашылықпен тығыз байланыста және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет атқаруы қажет.

Экономика құрылымы көпжақты түсінік болғандықтан оны шаруашылық жүйесі элементтерінің арақатынасын сипаттайтын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыруға болады. Экономика құрылымы қоғамдық еңбек бөлінісі, ғылыми-техникалық прогресс, адамдар қажеттіліктерінің өсуі және күрделене түсуі, сыртқы экономикалық факторларды ескеру сияқты ұзақ мерзімді үрдістердің әсерімен қалыптасады.

Енді негізгі экономикалық құрылымдарды қарастырайық.

1.                 Экономиканың функционалдық құрылымы.

Өндірістің түпкі мақсаты халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру оның өмір сүру деңгейін жоғарылату болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде жалпы ішкі өнімді пайдалану бағыттары бойынша экономика құрылымы үш элементтен тұрады. Бірінші элемент ағымдағы қажеттілікттерді, яғни материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді түпкі тұтыну шығындарын сипаттайды. Екінші элемент қажетті дамуды ұстап тұру және жоғарылатуға жатады және ол үдемелі ұдайы өндірісті жүзеге асыратын ұлттық экономикадағы жалпы қорланудың қалыптасуымен байланысты. Жалпы ішкі өнімнің үшінші құрылымдық элементі тауарлар мен қызмет көрсетулердің таза экспортын көрсетеді.

2.                 Экономиканың салалық құрылымы. Мұның өзі саланың жалпы ішкі өнімдегі, негізгі өндірістік қорлардағы, жұмыспен қамтылғандардың санындағы үлесі түрінде анықталады. Құрылым қоғамдық еңбек бөлінісі, салааралық және ішкі салалық үрдістердің әсерімен қалыптасады. Ішкі салалық үрдістерге ішкі шикізаттық база, орны толмайтын ресурстардың шектеулілігі жатады.

Ұлттық экономиканың ірілендірілген салалық құрылымының құрамына отын-энергетикалық кешені (О.Э.К.) аграрлық-өнеркәсіптік (А.Ө.К.) т.б. кешендер сияқты негізгі құрылымдар кіреді.

3.                 Экономиканың технологиялық құрылымы. Бұл құрылым өндірістің технологиялық базасын анықтайтын біртекті технологиялық жиынтықтардан қалыптасады және заттардың, энергияның, сондай-ақ ақпараттың өңделу деңгейін айғақтайды. Әлемдік шаруашылықтағы технологиялық революция жағдайында бірқатар басым бағыттар бойынша Қазақстанның артта қалуы экономиканың технологиялық құрылымын жаңартудың өзектілігін алға тартады.

Информация о работе Экономика