Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

А.Ө.К. – күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Бұл жүйеге көптүрлі қажеттіліктері мен мүдделері бар, әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар кіреді.

Мемлекеттік реттеу шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сәйкестендіру және тең құқылық жағдайында А.Ө.К-тің тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталады.

Аграрлық саясат агроөнеркәсіптік өндірістің орнықты және бәсекеге қабілетті дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Ал, мұның өзі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын, сондай-ақ олардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақындатуға оңды әсер етеді.

Табиғи-экономикалық шарттардың көптүрлілігіне байланысты жекелеген өңірлердегі өндірісті ұтымды орналастыру қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық саясатты да жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізуді қалайды. Агроөнеркәсіптік кешенді дәстүрлі қалыптасқан қағидаларға сәйкес орналастыру рыноктық механизмдер, сондай-ақ салалық және аумақтық бағдарламалар негізінде реттеледі.

Ұзақ мерзімді перспективада агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мақсаты рынокты тұрғындардың барлық топтарының қолы жетімді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді ауыл шаруашылығын қалыптастыру болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің бірінші кезектегі міндеті азық-түлікпен қамтамасыз етуде импорттық тәуелділікті кеміту; азық-түлікті жан басына шаққандағы тұтынуды жоғарылата отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының табысты жұмысы үшін ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары келесідей:

                  Рыноктық принциптер мен мемлекеттік реттеуді қатар қолдануға негізделген А.Ө.К.-тің қызмет ету механизмін қалыптастыру;

                  А.Ө.К.-тің тиімділігін жоғарылату және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ғылым мен ғылыми-техникалық прогресс әсері мен рөлін күшейту;

                  Отандық рынок үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін тауар өндірушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында протекционистік сырткыэкономикалық саясат жүргізу;

                  А.Ө.К.-тің өндірістік әлеуетін пайдалану тиіміділігін арттыруға бағытталған жер қатынастарын жетілдіру, интеграциялық процестер мен кооперацияны дамыту;

                  Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған әлеуметтік саясатты мейлінше жетілдіру.

Ауылдың дамуына жаңа көзқарас қажет. Ауыл тек қана ауыл шаруашылығымен байланысты аумақ деп қана емес, сонымен бірге оның тұрғындарының өмір сүру ортасы ретінде қарастырылуы қажет және олардың өмір сүру жағдайлары қала тұрғындарының жағдайына теңдестірілуі тиіс.

Табиғи-экономикалық жағдайлардың көптүрлілігіне байланысты жекелеген өңірлер мен өндірісті ұтымды орналастыруға қатысты әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыруда дербес әдіс-тәсілдер қолданылуы қажет. Агроөнеркәсіптік өндірісті орналастыру және мамандандыру мәселесі рыноктық қатынастарды реттеу механизмдері, сондай-ақ салалық және аумақтық мақсатты бағдарламалар негізінде жүзеге асады.

Ұзақ мерзімді перспективада А.Ө.К.-ті дамыту мақсаты рынокты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ететін орнықты және тиімді ауыл шаруашылығы мен басқа салаларды қалыптастыру болып табылады.

Аграрлық өндіріс, ешнәрсемен орнын толтыруға болмайтын, бастапқы қажеттіліктерді қанағаттандыратын азық-түлік өнімдерін өндіреді. Мұнда табиғи өндіргіш күш пайдаланылады, соның ішінде жер-бағалы және көлемі бойынша шектеулі ресурс болып табылады.

Биотехникалық революция аграрлық еңбектің экономикалық өсуі үшін өз артықшылықтарын максималды пайдалануға жағдайлар жасады. Аграрлық еңбектің өнімділігі өнеркәсіп өндірісі өнімділігінен арта түсті. Сонымен бірге аграрлық өндіріс өзі үшін жасанды құрал-жабдықтар жасап беретін өнеркәсіптік салаларға тікелей тәуелділікке түсіп, өзін-өзі ұдайы өндіретін сала болудан қалды. Макродеңгейде аграрлық өндіріс рыноқтық экономиканың қазіргі моделіне сәйкес келе қоймайды және сондықтан мемлекеттік қолдаудың тиісті бағдарламасы болған жағдайда ғана одан әрі дами алады. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек негізінде жаралған жоқ, сондықтан оның өндіріс шығындары да жоқ. Ол табиғаттың сыйы. Ендеше, рынок аумағындағы жер үшін ұсыныс абсолютті икемді емес, рынокта жерге сұраныс қана едәуір белсенді.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымында үш сфераны ажыратады: бірінші – ауыл шаруашылығы, тамақ және ет-сүт өнеркәсібін, дайындау жүйесін өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптік салалар жиынтығы; екніші – ауыл шаруашылығының тікелей өзі (егін, мал және орман шаруашылықтары); үшінші – ауыл шаруашылығы шикізатын дайындауды, тасымалдауды, сақтауды және өңдеп, ұқсатуды қамтамасыз ететін салалар мен өндірістер жиынтығы.

Қазақстандағы аграрлық реформа барысында А.Ө.К.-тің ұйымдастыру-экономикалық, қаржылық және құқықтық жағдайлары түбегейлі өзгертілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық формаларын, өзінің өндірістік-қаржылық қызметін жоспарлауды, өндірілген өнім мен табысты пайдалануды, өткізілетін өнімге баға тағайындауды таңдауда дербес құқыққа ие болды.

Аграрлық реформаның мәні, ол – меншік қатынастарын өзгерту және соның негізінде ел экономикасында көп салалы аграрлық секторды қалыптастыру болып табылады. Заманауи ғылым мен практика шаруашылық жүргізудің талаптарға сай жолдарын ұсынады. Бүгінгі таңдағы аграрлық секторға қойылатын талаптар келесі концепция нұсқаулықтарымен байланысты болса керек. Олар:

                           Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар ресурстық мүмкіндіктердің шектеулілігіне сәйкес А.Ө.К. дамуының басым бағыттары бойынша қабылдануы тиіс; осыған байланысты ішкі резервтерді мейлінше пайдалануға үлкен мән беріледі, сондай-ақ А.Ө.К.-тің ішкі экономикалық қатынастарын жетілдіруге, яғни тік және көлбеу байланыстағы құрылымдарды жасауға назар аударылуы қажет;

                           Ауыл шаруашылығы тек экономика секторы ғана емес, сонымен қатар қоғам өмірінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы керек, сондықтан ол мемлекеттік саясаттың объектісі болуы тиіс;

                           Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік рыноктарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі бар, себебі тиімді құрал ретіндегі реттеу іс-әрекеттерінен аталмыш сала шаруашылығының нәтижесі белгілі болады.

Рыноктық механизмдер отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау саясатын толықтыруы қажет.

Агроөнеркәсіптік кешенді өркендетуде өзіндік өндірістік мүмкіндіктерге басымдықтар беріледі. Бұл отандық азық-түлік рыногын қалыптастырудың негізгі шарты. Есептеулер көрсеткеніндей жақын онжылдықта отандық өнім шығару есебінен ет, құс, сүт, жұмыртқа, картоп және көкөніс өнімдері бойынша ішкі тұтынуды қанағаттандыруға мол мүмкіндіктер бар. Қазіргі кезде бұл өнімдерді өндіру бойынша мамандандырылған аймақтар кешендер ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасы үкіметі өңдеуші, ұқсатушы өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыруда материалдық, қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Мұның өзі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетіндігі анық. Сондықтан аграрлық саясат ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандырып, жоғарылату ісіне қызмет көрсетуі тиіс.

 

§2 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері

Қазіргі дамыған елдердің барлығында дерлік ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды сферасы ретінде мемлекеттің қолдау объектісі болып отыр. Өндірістің бұл саласындағы басты қағида еркін рынок жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасын белсенді мемлекеттік реттеумен толықтыруда болса керек.

Батыс елдерінде мемлекет ең маңызды деген ауыл шаруашылық өнімдеріне минималды бағалар тағайындайды және оны қайта қарап отырады. Осындай әрекеттер арқылы өндірушілер бағаның тым төмендеп кетуінен қорғалады. Аграрлық саясатты жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. А.Ө.К.-ті рыноктық экономика жағдайында реттеу көпқырлы мәселе болып табылады.

Сонымен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру, өңдеу және өткізу, сондай-ақ аграрлық секторды өндірістік-техникалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістер арқылы әсері болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттің реттеуші қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

1.                  Заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу монополдық құрылымдардың теріс әсерін болдырмауға бағытталуы тиіс.

Қазақстанда аграрлық реформа жүргізу барысында мейлінше монополданған ресурстық, шикізаттық, азық-түлік рыноктары қалыптасты. А.Ө.К.-пен шектес салалардың монополизмі, делдалдардың көптігі бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатып, ауыл шаруашылығында жасалған жалпы табысты монополистер мен делдалдардың пайдасына қайта бөліп, А.Ө.К.-тің негізгі саласындағы ұдайы өндіріске кедергі келтірді.

2.                 Аграрлық рыноктардың барлығында бәсекелік орта қалыптастыру. Мұның өзі А.Ө.К.-тің түпкі табысын оның барлық буындарының шығындарына сәйкес қайта бөлуге көмектеседі. Бұған қоса баға теңсіздігін жою үшін энергетикалық кешен, көлік, байланыс кәсіпорындарының қызметін реттеуде мемлекет-рөлін күшейте түсетін заңнамалық негіз қажет.

3.                 Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, тауар өндірушілерді рынок шарттарына бейімдеу жағдайларын жасауды қолдау. Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің маңызды қызметіне тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарына орнықты сұранысты қолдау жатады.

Мемлекет А.Ө.К. өнімдеріне, мемлекеттік тапсырысқа қажетті баға жүйесін реттеу арқылы халықтың табысын қалыптастыруға әсер етіп, тұрғындардың төлем қабілеті бар сұранысын түзуге жәрдемдеседі.

4.                 Ақылға қонымды протекционизм (қолдау) саясатын жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кедендік тарифтер, импорттық азық-түлік тауарларына салықтар көмегімен жүзеге асады.

5.                 Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау, А.Ө.К.-тің біріккен кәсіпорындарын құру, озық техника мен технологияны импорттауды қолдау мақсатында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.

6.                 А.Ө.К.-проблемалары бойынша шешуші ғылыми бағыттарды қаржыландыру, әлемдік стандарттарға сай жаңа технологияларды жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.

Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу бірқатар экономикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Бұлардың ішінде бағаның рөлі ерекше. Баға – рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бағаларды ырықтандыру ұсынысты да, сұранысты да қысқартты және бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатты. А.Ө.К.-тің негізгі баға жасаушы буындары бойынша бағалар теңсіздігін реттеу қажеттілігі туып отыр. Бұл диспаритеттер: энерготасушылар – транспорттық тарифтер - А.Ө.К. үшін машина жасау салаларының өнімі – ауыл үшін қызмет көрсету – ауыл шаруашылығы шикізаты – өңдеу, тамақ өнімдері саудасы тізбесі бойынша реттелуі тиіс.

Бағалар диспаритеті екі формада көрініс табады:

                  Ауыл шаруашылығына тауар жеткізілімдері мен қызмет көрсетулерге шығындар деңгейінен әлдеқайда артық баға тағайындау;

                  Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын шығындарды жабу және қажетті пайдалылықты қамтамасыз ету деңгейінен едәуір төмен тағайындау.

Сондықтан, ауыл шаруашылығын бағалық диспаритеттің қатаң құрсауынан шығару үшін бағаларды қалыптастыру және реттеу іс-әрекеттеріне мемлекеттің белсенді түрде араласуы қажет.

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуде келесі бағалар жүйесі қолданылады:

                  Ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат және азық-түлік рыногында экономикалық негізі сұраныс және ұсыныс әсерімен қалыптасатын рыноктық (келісімді) бағалар болып табылады;

                  Егер орташа рыноктық бағалар кепілденген (гарантиялық) бағалардан төмен болса, онда ауыл шаруашылығы өнімдерге кепілді бағалар қолданылады;

                  Мақсатты бағалар (нормативтік индикаторлар) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдеріне паритеттік (теңестірілген) бағалар арақатынасын қамтамасыз ету үшін; салық төлеумен байланысты шығынды жабу үшін; кредит бойынша пайыздарды төлеу үшін қолданылады.

Ауыл шаруашылығындағы бағалар паритетін орнықтыру барысында ауылдық тұрғындар үшін тұтыну бағаларының да паритеті ескерілуі тиіс. Ауылдағы жалдамалы жұмысшылардың жалақысы жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі мен әлеуметтік сфера дамуын қамтамасыз етуі қажет.

Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығын жеңілдікті несиелеу жүйесін ұйымдастыру әдістері қалыптасқан. Ауыл шаруашылығын несиелеу қызметін атқаратындар:

                  Кооперативтік ауыл шаруашылығы банктері;

                  Мемлекеттік банктер;

                  Мемлекет бақылайтын және қолдайтын мамандандырылған банктер;

                  Бюджеттік несиелеу.

Рынокқа бейімделген қаржы-несие жүйесіне мыналар жатады:

                  Бағалық кешірімдер мен орнын толтырулар (дотациялар мен компенсациялар);

                  Жеңілдікті шарттар негізінде бөлінетін ақшалай несие;

                  Ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын қолдау үшін республикалық бюджеттен субсидиялар (қайтарымсыз арнайы ақшалай жәрдем).

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың болжамды көрсеткіштерін негіздеу үшін келесі әдістер қолданылады:

                  Бағдарлы-мақсатты әдіс;

Информация о работе Экономика