Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 00:03, курсовая работа
Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” /1, 21б/ атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері.................................5
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары..................................8
II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
қызметін талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қызмет етуінің заңдылық негіздері.......................................................................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-
тасуы........................................................................................................................15
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі
жағдайын талдау.....................................................................................................20
III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
операцияларын жетілдірудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі
мәселелерді шешу жолдары..................................................................................25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру.................................................................................................27
Қорытынды................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................33
1) бағалы қағаздар нарығының жіктелуін ұлғайту;
2) бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын ролін көбейту;
3) барлық техникалық функцияларды атқаруда бағалы қағаз нарығында транс-
фер-агенттік желілерді жетілдіру;
4) инвестициялық қорды жетілдіру;
5) «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы инсайдерлік
келісімшарт » туралы заң жобасын қайта өңдеу;
6) бағалы қағаздардың шығарылуына байланысты транзакциондық шығындар-
ды төмендету.
Аталған үлгімен бағалы қағаздар нарығының дамуы оның сапалы жақсаруы
на жекелеген инвесторлардың құқықтарымен қызығушылықтарының тұрақ тылығы мен бірқалыптылығын қамтамасыз етуде бағытталған және болашақ та да бағытталмақ.
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемелекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген Республика ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұллтық комиссия, Қаржы министрлігі,Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жеке меншіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі – Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21- дегі Республика Президентінің “Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы” жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.
Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелеріне құрылады. Олар Республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президентті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы ақпараты құрылған.
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар.Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт, сонымен бірге бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірибесінің маңызы мен олардың сезімталдығын да бағалауға болмайды. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, джобберлер.
Брокерлер- делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар.Брокер келісім жасасатын әрбір табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес,ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттілік беріледі. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.
Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.
Джобберлер - нарық конъюнктурасын бақылаушылар.
Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже-нормалар шығаратын мемелекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кесдесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті норматифтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құрладары аз. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінгені дұрыс.
Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
осы мәселелері бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл - бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және сол сияқты жұмыстар.
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
мемлекеттің салық саясаты;
депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімт кепілдігі;
қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта мен ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыруды реттеу);
мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу);
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не бағалы қағаз жөніндегі комиссияға, не Қаржы министрлігіне, не мемлекеттік банкке жүк- телді. Мысалға келтіретін болсақ АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған. Бағалы қағаздар және қор биржа лары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министр- лігінде қаралады.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.Негізінен олар:
1) Нарықта шаруашылық субьектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздар тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың керекті мөлшерде өз капиталын болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқын алады.
2) Экономиканың барлық субьектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету. Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оларды шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын-ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары өзгерістері туралы өэгерістерді жариялап тұруы міндетті.
3) Институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп,кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар. Ол үшін оларға үлкен бағалы қағаздарды өкілеттік берілген және соның ішінде бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға, құжаттарын алуға және өкілеттіктер.
Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдермен қатар нарықтық өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Оның ең бір дамыған формасы - қор биржасы.Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қадағалап отырады. /16, 44-49б/
Айта кететін жәйт, қазіргі кезде Қазақстанда екі қор биржасы, яғни Қазақстан банкаралық валюта -қор биржасы және Орталық Азиялық қор биржасы жұмыс істейді. Екі биржада да сату көлемі әзірше төмен жағдайда. Биржадан басқа бағалы қағаздар нарығына белсене араласатын басқа ұйымдар да болады. Оның бірі, инвестициялық бизнеске қатысушы - Кәсіби мамандардың қауымдастығы. Ондай ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушылырға нұқсан келтірілгенін тексереді. Сонымен қатар, маманданған қауымдастықтың бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыдағы мемлекет мүддесімен сай келеді.
Қорытынды
Курстық жұмысты қорытындылай келе «Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекет қызметі» атты тақырып төңірегінде күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілді деп айтуға болады.
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономи-касында ең маңызды болып табылады және ол бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды өсіп дамуы қаржы мекемелерінің қызметтеріменен тығыз байланысты болып отыр. Өйткені, экономикадағы қаржы секторының дамуы негізінде экономиканың өндіріс секторларын ақшалай қаражаттарымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие боламыз. Сондықтан қор нарығының атқаратын қызметі аса зор.
Нарықты экономика жағдайында бағалы қағаздар нарығының жүзеге асы-луы негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан бағалы қағаздар экономикалық кате-гория ретінде әлеуметтік-экономикалық қатынастар процесінде және қаржы на-рығында айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен көрінетін тауар болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық қатынастардағы қаржы жүйесін сауықтырудың маңызды механизмі болып қызмет етеді. Дамыған бағалы қағаз-дар нарығы жағдайында қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымдары пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады. Осы жағдайларда бағалы қағаздар экономиканың өсуін қаржыландырудың тиімді көзі болады.
Курстық жұмыста бағалы қағаздар нарығының экономика саласында ба-сымдылығы мен олардың даму маңыздылығы нақтыланды. Зерттеу жұмысында төмендегідей қорытындылар келтірілді:
─ Бағалы қағаздар тауар түрінде ішкі өз қасиетімен және сыртқы көрінісі мен-
шік құқын анықтайтын жалған өзгеше тауар ретінде көрінеді;
─ Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бір бөлігі болып табы-лады;
─ Бағалы қағаздар нарығының даму бағдарламасы мемлекеттік басқару органдарынан белгілі ретпен реттелуі қажет;
─ Бағалы қағаздар нарығының дамуы қоғамымызға экономикалық пайда кіргі-зіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайды. Осыған орай, бағалы қа-ғаздар нарығын талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік жағдайлардың маңыздылығы зор. Сол себепті мемлекет-тік реттеулердің дұрыс жүргізілуі ел үшін, оның болашағы үшін жауап беруші талап болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығын экономиканы дамытуда, қаржы ресурстарын жи-нақтау және қайта бөлу құралдары ретінде көреміз. Бұл нарық қаржы активтері-нің қозғалысын қамтамасыз ете отырып, экономиканың субъектілерінің уақыт-ша бос қаржы ресурстарының пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» /17,4б/ атты Жолдауын жария ету кезінде: “Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз. Біздің тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес”,- деп айтып өтті ол өз сөзінде. Яғни, осы сөздерден шығарар қорытынды бағалы қағаздар нарығының дамуы мен халықаралық аренаға сай жетілдірілуде Үкімет тарапынан халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне тиісінше үйрету жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізілуді қажет етеді.
Сонымен, қорытындылай келгенде көптеген бағалы қағаздар нарығы тұрғысынан қарастырылмай қалған мәселелерді мемлекет тарапынан зерттеліп, оларды шешудегі тәсілдерді барынша тез арада сапалы түрде жүзеге асыру - Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды дамып, дамыған елдер қатарына қосылуына алып келер еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2030», Алматы «Жеті Жарғы» 2005
2. Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев. «Қаржы». Алматы-2005.
3. А.Г. Көшенова. «Ақша, несие, банк». Көкшетау 2002
4. Ғ.С.Сейітқасымов. «Ақша, несие, банктер». «Экономика», 2001