Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 00:03, курсовая работа

Краткое описание

Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” /1, 21б/ атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері.................................5
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары..................................8

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
қызметін талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қызмет етуінің заңдылық негіздері.......................................................................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-
тасуы........................................................................................................................15
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі
жағдайын талдау.....................................................................................................20

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
операцияларын жетілдірудің жолдары

3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі
мәселелерді шешу жолдары..................................................................................25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру.................................................................................................27

Қорытынды................................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................33

Содержимое работы - 1 файл

Бағалы қағаздар.doc

— 297.00 Кб (Скачать файл)


6

                                                                                                                                                          

 

  Мазмұны

 

 

  Кіріспе.......................................................................................................................3

 

  I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні 

   1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері.................................5

   1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары..................................8

 

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

   қызметін талдау

 

   2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының

   қызмет етуінің заңдылық негіздері.......................................................................12

   2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-

   тасуы........................................................................................................................15

  2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі 

   жағдайын талдау.....................................................................................................20

 

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының

  операцияларын жетілдірудің жолдары

 

   3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі

   мәселелерді шешу жолдары..................................................................................25

3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік

    реттеуді жетілдіру.................................................................................................27

 

Қорытынды................................................................................................................30

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................33

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      “Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” /1, 21б/ атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының  қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.

       Қазақстан Республикасы (ҚР) егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда ел басымыздың қойған мақсаттарының бірі – қор нарығы және бағалы  қағаздар саласын дамыту болып табылады.

      Бағалы қағаз немесе қор нарығының қалыптасуы 1922-1924 ж.ж. ақша ре-формасы кезімен байланысты. Аталған кезеңде халықтың уақытша бос ақша-сын тартудың тағы бір әдісі − заттай және ақшалай облигациялық займдар шығару кеңінен қолданыла бастады. Облигациялар ақшаға сатылып, ал оларды өтеу ақшамен де, астықпен де жүргізіледі. Заттай  салықтарды облигацияларын өтеуге болғандықтан, шаруалар облигацияны шын көңілімен сатып алатын.

       Бағалы қағаздар қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде, әлеуметтік- экономикалық жағдайдың дамуына айтарлықтай ықпал етіп, экономиканың әр саласын инвестициялайтын негізгі инфрақұрылымдық элементтердің бірі бо- лып табылады. Бағалы қағаздар экономиканың тұрақты дамуында маңызды рөл атқарады, ол нарықтағы табысты көбейту арқылы бүтіндей елдің тұрғындары-ның тұрмыс деңгейінің өсуіне жақсы ықпал етеді.

      Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы  мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бо- йынша  зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында экономикалық  мәселелерді, соның бірі бағалы қағаздар нарығын талқылау, оларды дамыту мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын көтеру үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды қолдануды заң тұрғысынан нығайту  аса маңызды жұмыс болып отыр. 

        Курстық жұмыстың мақсаты.  Нарық жағдайында бағалы қағаздар нарығы- ның ролін жүйелі түрде зерттеп, оларды мемлекет тарапынан дұрыс ұйым- дастыру және жүйенің дамуын нақтылы талдау. Банк қызметтерін жетілдіру мәселелерін анықтап, оларды әрі қарай дамыту мәселелерін қозғау.

  Курстық жұмыстың міндеттері:

–        Бағалы қағадар нарығы ұғымына және қызметіне сипаттама беру;

–        Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау;

–        Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының операцияла-рын жетілдірудің жолдарын қарастыру.

        Курстық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетіміздің экономикалық жағ- дайын талдау, атап айтса, бағалы қағаздар нарығы ұғымының мәнін ашу, бағалы қағаздар түрлерін зерттеу және бағалы қағаздар нарығындағы мәселелерді шешу жолдарын көрсету.

         Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасы- ның бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, еліміздің банк сферасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы, отандық және шетелдік банктердегі ақша-несие саясаты және банк жүйесі болып табылады.

        Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні 

1.1   Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері

 

   Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізді оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда бұрын соңды қаржы рыногы болған емес.

    Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттардың, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен етене байланысты. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногі қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылық та ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді.

    Қаржы рыногында сатып алу-сатудың обьектілері айрықшалықты тауарлар ақша және бағалы қағаздар (ақшалай) болып табылады.

    Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. /2, 436 б/

                                                                                                           1-сызба

Қаржы рыногының құрылымы

 

       Бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдан бастап белсенді дамуда, ол кезде  Қаржы  министрлігі бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес нысандарына көше бастады және бағалы  қағаздар шығару арқылы ішкі қарыз алып пайдалануды жүзеге асырды.

      1997 жылы қысқа мерзімді  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың нарығы  толығымен қалыптасты. Алғашқы  орташа мерзімді бағалы қағаздар 1997 жылы  шығарылды, 2000 – 2001 жылдары  айналыс  мерзімі 10 жылға дейінгі бағалы қағаздарды шығару реттелді.

       Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде қүллі ұлттық шарушашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991–1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30 ға жуық акционерлік коммерциялық банктердің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80% құрады. /3, 65б/

      Бағалы қағаздар нарығы дегенміз - ол қаржы нарығының бір бөлігі. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды.Банк,шын мәнінде,коммерциялық банк болса, қарызды бір жылдан астам өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы  банктың кредит жүйесін толықтырады,өзара байланысты әрекет етеді. Мысалы,коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылуы үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.

     Бағалы қағаздар нарығының маңызды бір бөлігі ақша нарығы болып табылады,онда қысқа мерзімді қарыз міндетемелері бар казначейлік вексельдер айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшалары табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды.Онсыз толыққанды қаржы нарығын алу мүмкін емес.

       Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар нарығы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді болады. Яғни бағалы қағаздар нарығы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесіне байланысты. /2, 445б/

       Бағалы қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама нарықтан тұрады.Алғашқы нарықты мемлекеттік және муниципиялды облигациялар,сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асарылады,оны қаржылық және қаржылық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады.Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары,сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке адамдар. Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатып алады. Бағалы қағаздар қайталама нарығы эмитент бағалы қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сату-                               

ды түсіндіреді.                                                                              

     Бағалы қағаздар нырығы – шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі.Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестері реттеп,олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және де өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

      Бағалы қағаздар нарығы  экономиканың барлық субьектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

       Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленуілерінің жаңа шығарылған қағаздары сатылады. Ал қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмисиялық, нарықтық бағасы болады.

      Қайталама нарық екі бөліктен тұрады:

      Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы – мәмілелер сауда-саттықты   ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым нарығының ұйымдастырылған нарықтан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асырлатын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында диллерлер мен брокерлер жүргізеді.Ұйымдастырылған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізеді. Бұдан басқа қаржы критерийлер бойынша ажыратады : бағалы қағаздар түрлері бойынша: акциялар, облигациялар және т.б.

Информация о работе Бағалы қағаздар