Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 00:03, курсовая работа

Краткое описание

Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” /1, 21б/ атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері.................................5
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары..................................8

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
қызметін талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қызмет етуінің заңдылық негіздері.......................................................................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-
тасуы........................................................................................................................15
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі
жағдайын талдау.....................................................................................................20

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
операцияларын жетілдірудің жолдары

3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі
мәселелерді шешу жолдары..................................................................................25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру.................................................................................................27

Қорытынды................................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................33

Содержимое работы - 1 файл

Бағалы қағаздар.doc

— 297.00 Кб (Скачать файл)

     Заңдық жоба бекітілмеген бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтық негізін қарастырмайды. Жобада эмиссиондық бағалы қағаздардың шығарылуын жою мәселелері қарастырылады, олар белгіленген соттық шешіммен және акционерлік қоғамның ликвидациялық бөлімімен қарастырылады.

     Халықаралық тәжірибе бойынша кәсіптік бағалы қағаздардың түрлері жоба арқылы реттеледі. Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіптік бағалы қағазармен келісім белгілі бір қаржылық құралдардың жетіспеуінен жасалмай отыр. Құжат арқылы «шығарушы» бағалы қағаздардың түрлерін түсінуге мүмкіндік береді. «Шығарушы» бағалы қағаздарға ─ фьючерлер, опциондар, Қазақстандық депозиторлық қолхат жатады. Жоба арқылы аталған бағалы қағаздардың түрле-рімен кәсіби қатысушылардың келісімге келуіне болады. Қазақстандық депозиторлық қолхаттың болашақта қаржылық құрал ретінде шығарылуы қарас тырылуда, яғни сол арқылы табыс табуға, басқару ұйымдарында қатысуға және эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын сақтауға мүмкіндік береді.

      Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында жобаның түп нұсқасына қызығушылығын тудырады және эмиссиялық бағалы қағаздармен ретті түрде келісімге келу және номиналды бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының сақталуы.

     Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымдық ұйымының қатысушылары-ның құқықтық негізін қорғауда заң жобасының бағалы қағаздар нарығында  кәсіби және басқа да қызметтерін ұсынады. Оларға ұйымның болашақтағы қызметінің жоғары кәсіби деңгейде құрылуы мен қызмет етуінің бағалы қағаздар нарығында жобаны лицензиялауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік орган бағалы қағаздар нарығының қызметтерінің құрылуын, қаржылық тұрақтылық критерийлерін және пруденциалды нормалардың құрылуындағы құқықтарын бекітіледі. Сонымен қатар, нарықтағы пайда болатын жағымсыз іс әрекеттердің болуына қарсы іс шаралар қолданылады. /9, 5б/

      Заң жобасы арқылы инвесторлардың қызығушылығын қорғауға, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, бағалы қағаздар нарығын дамытуға,   

ұйымдар мен эмитенттердің қызметтерінің жетілдірілуі, қаржы шаруашылық қызметтердің жоғарғы деңгейіне  жетуіне бірден бір шара болып табылады.

Қазақстан Республикасының  «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы

6 шілдесіндегі заңы. Ол бойынша инвестициялық қор құқықтық статусын анықтайды, олардың қызметін реттейді және құрылу ережелерін белглейді.

     Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы заңы. Ол мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылу тәртібі мен қызмет атқаруын анықтайды.

     Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы заңы. Ол акционерлік қоғам құрудың тәртібін олардың түрлерін және де АҚ, ЖАҚ, екінші деңгейлі банктердің, бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатынасушыларының және басқа да қаржы институттарының акция-ларын эмиссиялауды тіркеу тәртібін анықтайды.

     Біздің пікірімізше, заң жобасы белгілі бір жетіспеушілікті иеленеді, елімізде бағалы қағаздардың әлуметтік-экономикалық басымдылығы артуы үшін біріншіден, инвесторлар мен эмитенттердің мақсат-мүдделері Заң бойынша қорғалып, екіншіден бағалы қағаздардан түсетін пайда әлеуметтік жағайларды көтеру үшін жұмсалуы қажет.

     Қор нарығын тәртіпке келтіру оның барлық қатысушыларын яғни, эмитент-терді, инвесторларды, кәсіпқой қор делдалдарын, нарық инфрақұрылым ұйымдастыруды қамтиды. Сонымен бірге, қор нарығын тәртіпке келтіру барлық қызмет түрлерін және олармен операциялардың барлық түрлерін қамтиды: яғни, эмиссиялық, делдалдық, инвестициялық, спекулятивті, кепілдік-ті, трасттық және т.б.

     Нарық қатысушыларын реттеу ішкі және сыртқы болуы мүмкін.

     Ішкі реттеулер ─ бұл берілген ұйымның осы ұйымның қызметін оның бөлімшелерін және оның қызметкерлерін анықтайтын нормативтік құжаттары-на бағыныштылығын білдіреді.

    Сыртқы реттеулер─ бұл аталған ұйым қызметінің мемлекеттің басқа ұйым-

дардың, халықаралық келісімдердің нормативті актілеріне бағыныштылығы болып саналады. /8, 24б/

    Қор нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:

      Нарықтағы тәртіпті қолдау, барлық нарық қатынасушыларының жұмыс

жасауы үшін қалыпты жағдай туғызу;

      Нарық қатынасушыларын жекелеген ұйымның тұлғаларынан, қылмыс-

тық ұйымдардың адал еместігін алаяқтығынан қорғау;

      Бағалы қағазға сұраныс пен ұсыныс негізінде баға құрылу процесінің ер-

кіндігі мен алшақтығын қамтамасыз ету;

      Барлық уақытта кәсіпкерлік қызметке ынталандыру бар болып табыла-

тын және де әрбір тәуекелге пара пар сыйақысы бар тиімді нарық құру;

      Белгілі бір жағдайларда жаңа нарық құру;

      Қандай да бір қоғамның мақсатқа жету мақсатымен нарыққа әсер ету.

    Сонымен осы бөлімді қорытындылай келе, қор нарығын мемлекеттік реттеу-де арнайы нормативтік құқықтық актілер арқылы, нарық қатысушыларына міндетті талаптар жиынтықтарын қолдану арқылы, негізгі процедуралар мен нарыққа қатынасушылар тарапынан қолданыста жүрген заңдарды сақтауға мемлекет тарапынан бақылау арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік реттеу механизмдері болып, қор нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, кәсіпқой қатынасушылар мен клиенттер үшін бағалы қағаздар нарығының қауіпсізігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-

тасуы
 

      Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда ба- ғалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізін де 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

     Бағалы қағаздар нарығы әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қа-тынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе ол Англияда шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше. Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы ғана нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.

     Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегйлі жаңа, нарық-тық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде иә қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ.

     Нарықтық экономика- адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің

көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өте-тек ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен бас тарту. /3, 257б/

     Қаржы нарығында біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш нарық қызмет етеді. Соның бірі ─ бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да қазан революциясына дейін болғанмен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90 жылдардың басында ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынаста-рын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады.

     Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айырықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар ─ бағалы қағадар.

    Бағалы қағаздар нарығының құрылуы мен оны дамыту республика үшін нарықтық экономикаға өтуге мүмкіндік береді. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев-тың Қазақстанның қаржы Конгрессінде айтқан сөзінде: «Бағалы қағаздар нары-ғын дамыту мемлекет үшін басым міндет және нарықты жетілдіруге бар үлес қосуымыз біз үшін мақсат болып табылады.»,-деген.

     Бағалы қағаздар нарығының  ел ішінде негізгі қалыптасуы 1991-1994 жыл- дарды  қамтиды. Бұл кезең шаруашылықтың әлеуметтік жүйесінің нарықтық экономикаға өтуін сипаттайды.1994 жылдың көктеміне дейін қазақс танның заң щығару органдары қор нарығының басты төрт субъектілерін атап көрсетті. Олар: эмитенттер, инвесторлар, қатысушылар және қор биржасы болып табылады және осы уақытта бағалы қағаздардың акционерлік қоғамдардың оларды шығару құқығы жоқ, кәсіпорын акциялары шығарылды. Атап өтетін бір жайт бұл кезең эмиссиялық бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеудегі немқұрайлылықты сипаттайды. Аталған кезеңнің бағалы қағаздар нарығын мем

лекеттік реттеу органы болып  Қаржы Министрлілігі есептелді.

      Сонымен қатар, бұл өтпелі кезеңде Қаржы Министрілігімен бағалы қағаздар нарығына делдалдық қызметтерді лицензиялау басталды және ол бойынша 1994 жылдың соңында заңды тұлғаларға 98 лицензиялар, жеке тұлғаларға  1460 лицензия берілді. 1994 жылдың соңына қарай бағалы қағаздар нарығының жал-пы инфрақұрылымы нақты көрсетілді. Республика Президентінің 1994 жылғы 20 наурыздағы “Бағалы қағаздар нарығының құрылу өлшемі” туралы жарлы- ғында сипатталды және соның нәтижесінде ҚР-ның бағалы қағаздар нарығы- ның Ұлттық комиссиясы құрылды. Берілген жарлыққа байланысты бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия тарапынан Орталық депозиторииліліктің құрылу сауалдары қарастырылды; 1994 жылдың 3 қазанындағы бағалы қағаздар туралы уақытша ережеге сәйкес ұйымдық және кәсіпорын акцияларын шығару мүмкіндігін бөлінді.

      1995 жылдың алғашқы жартысында бағалы қағаздар қызметін реттейтін Ұлттық Комиссия өз жұмысын бастады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қызметтерінің түрлері клирингтік, бағалы қағаздар портфелін басқару қызметте рімен, бағалы қағаздарды ұстаушылар үшін реестрлер кірістіру қызметімен, бағалы қағазды сақтау қызметтерімен толықтырылды.

     Сонымен қатар, мемлекет қор нарығы инфрақұрылымының әлі де болса жетілмегендігін және болашақта нарықтың дамуына түрлі шаралардың қолданы луын қажет ететіндігін болжады. Аталған мақсатқа байланысты Үкімет тарапы-нан 1996-1998 ж.ж арналған Қазақстан Респуликасының бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы құрылды.

     Сол уақыт аралығында брокер-дилерлік ұйымдардың жалпы саны 1995 ж сәуір айында 21 болса, 1996 жылдың соңына дейін 93-ке жетті. Бағалы қағаздар нарығының жұмысына қызмет ететін мыңдаған мамандарды дайындайтын тір-кеу орындары мен ғылыми орталықтар пайда бола бастады. Сонымен қатар, ба-ғалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының алғашқы ассоциациясы құ-рылды.

    1996 жыл бағалы қағаздар нарығында басты екі қор биржаларының құрылуы-

мен, яғни Ортаазиялық және Қазақстандық қор биржаларының пайда болуымен сипатталады.

    1997 жыл бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының түпкілікті өзге- руіне әсер етті. 1997 жылдың наурыз айында қор нарығын реттеуші болып табылатын басты екі заң қабылданды. Олар: “Бағалы қағаздар туралы” және “Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарын тіркеу туралы” заңдар болып табылады. Сонымен бірге “Қазақстан Республикасының инвестициялық қоры туралы” заңы шықты. Алайды бұл заң 1999 жылдың қараша айына дейін жұмыс тық күшіне ене алмады. 1997 жылдың жазында “Бағалы қағаздардың орталық деплзиторийі” атты  ЖАҚ құрылды. 1997 жылдары брокер-дилерлердің құрамы мемлекеттік тұрғыдан реттеуден өтті. Бағалы қағаздар нарығы қызметтерінің басқа да кәсіпкерлік қызмет түрлерімен және жеке капи-талдың минимальды деңгей крийтерийлерімен байланысына деген заңдылық шектеулердің қоюлуы нәтижесінде брокер-дилерлік ұйымдардың саны 93 тен 1 шілдеде оның саны 43ке жетті. 1997 жылдың екінші жартысынан бастап брокер-дилерлердің өсу қарқыны басталды және ол 1999 жылға дейін созылды. Өсу қарқындылығының негізгі себебі болып “Көгілдір фишка” атты бағдарлама болып табылады. 1997 жылы қараша айында Қазақстан Республика-сының Президентімен Бағалы қағаздар нарығы бойынша Ұлттық комиссияның құрамы түгелімен өзгертілді.

     1998 жыл нарықтық заңдылықтың жетілдірілу жылы болып табылады. Осы жылдың жазында акционерлік қоғамдардың қызметтері мен реттемелеуші процесстердің құрылуын, корпоративті басқару мен акционерлердің құқығын қорғау мақсатында  “Акционерлік қоғам туралы” заң қабылданды.

     1998 жылдың көктемі Ортаазиялық қор биржасының лицензиясы болып табылады және бұл биржа Қазақстанның негізгі қор биржасы болып қалыптас ты. 1998 жылы зейнетақы активтерін басқаратын 8 компания құрылды, оның құрамына 13 жинақтаушы зейнетақы қорына қызмет көрсететін, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақылық активтерді инвестициялық бағыттау ретінде қызмет атқаратын Ұлттық Банк кірді.

    Ресейдің қаржылық күйзелісі Қазақстанның брокерлер мен дилерлерді иемденетін бағалы қағаздар нарығына қатты әсер етті. Алайда жыл бойына өсу қарқыны байқалып, оның көлемі 1999 жылдың 1 қаңтарында 73 ке жетті және өсу қарқыны ағымдағы жылдың екінші жартысында баяулағанын көрсетті. Бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына бағалау жүргізгенде Ұлттық комиссияның директорлар бөлімінің арнайы “Бағалы қағаздар нарығының брокерлік дилерлік қызметтерін ерікті түрде тоқтату реттілігі туралы” қаулысы қабылданды.

Информация о работе Бағалы қағаздар