Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 00:03, курсовая работа

Краткое описание

Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” /1, 21б/ атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері.................................5
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары..................................8

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
қызметін талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қызмет етуінің заңдылық негіздері.......................................................................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-
тасуы........................................................................................................................15
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі
жағдайын талдау.....................................................................................................20

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
операцияларын жетілдірудің жолдары

3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі
мәселелерді шешу жолдары..................................................................................25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру.................................................................................................27

Қорытынды................................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................33

Содержимое работы - 1 файл

Бағалы қағаздар.doc

— 297.00 Кб (Скачать файл)

      Эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді,орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық,форвардтық және тағы басқа сол сияқты  салалық критерийі бойынша.

      Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсетіп отырады.

      Бағалы қағаздар негізі специфиялық тауар,барлық тауар сияқты тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді,яғни процент және дивиденд төлегенде,сонымен қатар бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.

   Бағалы қағаз немесе қор нарығының жоғарғы деңгейде арнайы ұйымдасып, заң негізінде жүретін арнайы технологиялық циклі нарық жүйесінде қалыпта-сады. Ол қорды қалыптастырып, айналуын, ұйымдастыруын, құнды қағаз нарығының жұмысын жүргізуін қамтамасыз етіп отырады.

    Бағалы қағаздардың тууына себеп болатын жағдайлар әр түрлі қорлардың жоқ болмаса кәсіпорындардың, әсіресе эмитенттік субъектілердің, қорлардың индекстердің төмендеу немесе жоғарылау жағдайы осымен тікелей байланыс ты болып келеді. /4, 156 б/

    Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар рыногы– шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған айналысқа шы ғарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алына– тын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының– бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

   Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

   Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады.

   

1.2   Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары

 

    Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың на- рығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Баға номиналдық, эмиссиялық, нарықтық бағасы бо-  лады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қа- ғаздар нарығы мәмілелер сауда саттықты ұйымдастырушының ішкі құжатта-рына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасала-тын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда ─ саттықты ұйымдастырушысының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым ры-ногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистерінде дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта операциялар қатаң регламенттелген, ал ұйымдастырылмаған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.  /2, 452б/

    Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционер- лік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында лицензиясы бар заңды тұлға.

    Сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы.

    Өзін-өзі реттейтін ұйым бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға. 

  Бағалы қағаздар нарығының кәсіби өкімдеріне – брокерлер ,дилерлер, ,касто- диан, депозитарийлер, джобберлер ,андеррайтерлер және басқалар жатады.

     Брокер- бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.Ол келісім жасалатын әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:

      Консалтинг (кеңес беру);

      Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;

      Инвестициялық қорларды құру мен оны басқару.

      Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі, т.б. Сонымен қатар брокерлік фирма ақша нарығындағы банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру сияқты қызметтерді атқарады. Брокерлер өз қызметтерінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

      1.Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде.

     2.Брокерлер клиенттің белгіленген сомасы ақша шамасында әрекет жасайды. Бірақ бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.

      3.Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады.

      4.Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет.

     5.Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.

    Сонымен қатар брокерлік фирма клиентке несие беріп, барлық операция-ларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табы- сына делдалдық үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.

     Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат  құралда рында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.Олардың брокерлерден айыр- машылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің атқаратын қызметі:

   1.Бағалы қағаздарды шығару,олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;

    2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;

    3.Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қа-ғаздарды сату–сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.

    4.Сатып алушы мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың ака- тализаторы ретінде жұмыс істейді.

    Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаз нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шарттарға сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету  жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.

    Орталық депозиторий– бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады.

  Орталық депозиторийдың акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсіби қатысушылары сондай-ақ шетелдік депозиторийлер мен кастодиандар орталық депозиторийдің депоненттері болып табылады.

    Андеррайтер– бағалы қағаздар рыногының брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды  тіркеуге әзірлік жүргізеді, бағалы қағаздар нарығында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.

     Джобберлер– бағалы қағаздар нарығындағы конъюктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бақылайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғандықтан оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланады. /3, 106б/

     Қорытындылай келгенде, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

қызметін талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының

қызмет етуінің заңдылық негіздері

 

     Кез-келген заң жиынтығы қоғамда нақты орын алады және даму үстіндегі экономикалық процестерге негізделеді. Сондықтан да құқықтық норма жасау белгілі экономикалық мүдделерге бағытталады. «Халық шаруашылығының», «кеңестік» үлгісінен еркін дамитын нарықтық экономика үлгісіне өту, мұндай заң жиынтығын жасақтау үшін құқықтық базаны түпкілікті реформалауды талап етті. Сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеуде (АҚШ, Ұлыбри-тания, Жапония) рыноктық типтегі дамыған мемлекеттердің жергілікті жағдай-ларға бейімделу мен зерттеу тәжірибесіне сүйену ұйғарылды, сөйтіп Қазақстан-ның бағалы қағаздар институтының құқығы мен бағалы қағаздар нарығын құ-қықтық қамтамасыз ету керек болды.

      Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету ─мемлекет мүдделері максималды түрде тұрғындардың қажеттіліктерімен және кез келген нарыққа бағытталған қоғамның объективті экономикалық даму заңына сәйкес бағалы қағаз айналымы аса тиімді және мақсатты болатындай белгілі бір жағдай туғызу үшін соған сәйкес келетін заң жинақтарын қалыптастырушы арнайы өкілеттік орган тұлғасындағы мемлкеттік қызметті білдіреді.

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының актілері бағалы қағаздарды жүзеге асыруда ерекше орын алады.

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын қазіргі таңда Азамат-тық Кодексті есепке алмағанда 1997 жылдан бері қызмет ететін екі басты заңмен реттеледі. Ол «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Рес- публикасында бағала қағаздарды тіркеу туралы келісім» заңы.

    «Бағалы қағаздар нарығы» туралы заң, ол Парламеттің қаралуында болатын, заң шығарушы органдардың жоғарғы деңгейлі заңдарымен шығарылған және

бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеумен айналысып, нарық объектілері мен субъектілері анықталған, институционалды инвесторлардың негізгі түрлері анықталған, инвестициялық қорлар, инвестициялық банктер, зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, ұйымдасқан бағалы қағаздар нарықтары,  бағалы қағаз - дар нарығын өздігінен реттейтін ұйымдар және де бағалы қағаздарды мемлкеттік реттеудің негіздері кіреді. Заң жобаларын енгізілуінің басты себебі болып, Қазақстанның экономикалық жағдайының дүниежүзілік талапқа сай келмеуі болып отыр. /8, 18б/

     Заң жобасының негізгі аспектісі болып инвесторлар үшін қажетті қосымша сапалы инвестициялау мүмкіншілігін іске асыратын қаржылық құралдардың көлемін кеңейту болып табылады. Бекітілген заң жобалары арқылы Қазақстан-ның  бағалы қағаздар нарығын кеңейтуге және оны жетілдіруге, сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту жолындағы ұйымдардың жұмысын мақсатты бағыт бойынша қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бекітілген заң жобасы шығарылған акцияларды мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қадағалап, олардың түрлі аукциондық қоғамдарда тиімді пайдалануын бақылайды. Осы арқылы Қазақстан экономикасының салаларында артық шығындардың шығарылуын болдырмауға тырысады. Заң жобасы бойынша шығарылған акцияларды мемлекеттік тіркеуден өтікілгенде заңда бекітілген органдармен жүзеге асырылады. Акциялар акционерлік қоғамдардың органдарынан тіркеуден өткен соң, оның бірінші реттілік нарығының жетілдірілуі қарастырылады. Заң жобасы бойынша шығарылған акция көлемін алты ай уақыт аяқталмағанға дейін есептеу жүргізілуіне болады.

      Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік облигациялардың шығарылуының белгілі бір ретпен мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етеді. Заң жобасы арқылы облигацияларды шығарумен айналысатын нақты анықталған эмитент-тің инвесторлық құқығын сақтауды жүргізеді. Ипотекалық несиелеуді және мемлекеттік саясатты дамытуда арнайы агенттік, ипотекалық облигацияларды шығаруды және реттеумен айналысатын құрал ол заң жобасы болып табылады.

Информация о работе Бағалы қағаздар