Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 00:03, курсовая работа
Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” /1, 21б/ атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері.................................5
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары..................................8
II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
қызметін талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қызмет етуінің заңдылық негіздері.......................................................................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-
тасуы........................................................................................................................15
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі
жағдайын талдау.....................................................................................................20
III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
операцияларын жетілдірудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі
мәселелерді шешу жолдары..................................................................................25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру.................................................................................................27
Қорытынды................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................33
Кестелік санақ бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызын өтеудегі бағалы қағаздардың жалпы негізгі және пайыздық көрсеткіштерін оқу-
ға болады. /12, 10-15б/
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының даму деңгейіне келесілер жатады:
Құқықтық инфрақұрылымның құрылуы. Ол бойынша бағалы қағаздың шығарылуын реттеу және олармен қатынас орнату;
Бағалы қағаздар нарығының институционалды инфрақұрылымның кең көлемде құрылуын қамтамасыз ету. Институционалды инфрақұрылым-ның дамуы зейнетақы қорының жүйесіне байланысты болды. Ол бойын-ша бағалы қағаздар нарығының делдалдары, атап айтсақ, банк-кастодиан-дар сандық және сапалық өркендеуі және нарықты мемлекеттік реттеу жетілгендігінен көрінеді.
Соңғы мерзімде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының институционалды инфрақұрылымының жағдайы тұрақты қалыптасуда. Оны келесідей кестеден көруге болады:
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының институцоналды инфрақұрылымының жағдайы
Барлық лицензияны иемденуші ұйымдар жалпы саны |
01.01.02. |
01.01.03. |
01.01.04. |
01.01.05. |
01.01.06 |
Барлық брокер-дилер саны және банктер саны Оның ішінде I деңгейлілері Банктік емес ұйымдар Оның ішінде I деңгейлілері Регистраторлар Кастодиандар Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылар Инвестициялық портфелмен басқарушылар СРО | 58 26 19 32 23 24 11 7
1
2 | 51 25 20 26 20 23 12 7
2
2 | 51 23 19 28 22 22 11 8
3
2 | 50 23 20 27 21 21 10 9
4
2 | 52 23 21 29 23 19 10 10
10
2 |
Бағалы қағаздар нарығында техникалық инфрақұрылымның құрылуы және соған сәйкес дүниежүзілік тәртіпке сайлылығы болып табылады;
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтерінің реттеу жүйесінің құрылуы және өзін өзі реттеу ұйымдарының алдын ала жоспарлануы.
Мемлекеттік бағалы қағаздар негізінен Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан республикалық бюджет тапшылығын жою үшін, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығын диверсификациялау үшін шығарылады. Соңғы сараптамалық зерттеулердің қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау көрсеткіштері 3 кестеден көруге болады. /14, 18-25б/
2000-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын эмиссиялау көрсеткіштері ( млн. тенге )
Бағалы қағаздар түрлері |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
МЕККАМ ҚР ҰБ қысқа мерзімді нота МЕОКАМ МЕАКАМ-120 МЕИКАМ МЕКАВМ млн,$ АВМЕКАМ $ ҚР ҰБ валюта лық нот. млн $ Еурооблигацияла ры млн. $ | 10507 14769
- - - - - -
-
| 30297 36561
1500 - - - - - - -
| 52598 77581
1500 - - - - - - -
| 69655 60979
170 - - - - - - 200
| 38490 61613
320
870 - - - - 350
| 36290 132551
- 673 2709 290 244 63
300
| 30690 116433
- 10510 3765 198 200 96
300
| 40654 127549
- 20136 2724 304 - 86
350
|
Мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші реттілік нарығының құрылуы ұзақ мерзімді казначействалық және Ұлттық Банктің қысқа мерзімді нотасына байла
ланысты.
Cонымен «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайын талдау » бөлімін қорытындылай келе келесі ұсыныстар келтірілді:
─ Бағалы қағаз нарығына қажетті инфрақұрылымды дамыту;
─ Нарықтағы кәсіби қызметтердің реттеу жүйелерін енгізу;
─ Техникалық инфрақұрылымды жетілдіру. Осындай шараларды енгізу арқы-лы нарық болашақта нәтижелі жетістіктерге жететіні анық.
III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
операцияларын жетілдірудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі
мәселелерді шешу жолдары
Бағалы қағаздар нарығы механизмі барлық экономикалық субъектілерге қажетті инвестициялық ресурстарды тартуды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсына-ды. Акцияларды шығару кәсіпорынның тіршілік етуінің барлық мерзімінде ресурстарды шектеусіз, мәңгі пайдалануына мүмкіндік береді.Облигацияларды шығару арқылы инвестициялық ресурстарды алуды тиімді түрде қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекет бюджеттік тапшылықты жою үшін ақша белгілерін эмиссиялау емес, бағалы қағаздарды шығаруды қалайды.
Бағалы қағаздар нарығы көптеген елдер үшін әр түрлі қатынастарда қаржы-лық экономикалық өсуі мен ұлттық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуда маңызды механизм болып табылады.
Қазігі таңда бағалы қағаздар нарығы ұлттық шаруашылықтың жоғары дең-гейде дамуы мен халықаралық экономиканың негізі болып табылады. Оның да-му деңгейі кәсіпкерліліктің мәдениеті мен экономикасының дамуынан байқала-ды. Бағалы қағаздар нарығы « экономикалық жағдайдың» барометрі болып табылады. Бұл нарық еркін ақша қатынастарынан және оған қажеттілігі бар капитал қоғалысына байланысты туындады.
Соңғы жылдар бойы Қазақстанда қаржылық сектордың сандық және сапа-лық дамуының позитивті қағидалары қарастырылуда. Қаржылық ұйымдардың активі мен капиталы жоғарғы қарқында дамуда және олар мемлекет экономи- касын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығындағы бірінші реттілік нарығы қанша қарқынды даму үстінде болса да, екінші реттілік нарық механизмі артта қалуда. Соның салда-рынан қор нарығының бірінші реттілік нарығы бәсеңдейді. Ресей ғалымдары-ның айтуынша бағалы қағаздар нарығы бағалы қағазға деген қатынасқа байла нысты өседі, алайда соңғы уақыттары осы нарықтың екінші реттілігінің артта
қалуынан бағалы қағаздар нарығы толығымен әлсірейді деген сөз.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялау уақытында басқа барлық қаржылық секторларға қарағанда бағалы қағаздар нарығы артта қалды. Қор на-рығындағы көптеген мәселелердің шешілмеуінен нарық мүлдем жойылды деп айту қате тұжырым. Себебі, қор нарығы позитивті процесс негізінде дамып отыратын жас, орнықты және перспективалық нарық болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы мемлекетте қаржылық ресурстарды қайта бөлу жүйесінде маңызды роль атқарады, сонымен қатар нарықтық экономиканың қалыпты қалыптасуында маңызы зор. Сондықтан Республика Үкіметі мен басқару органдарына қойылатын талап қор нарығының дамуын белгілі бір ретпен реттеу қарастырылады.
Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуын келесі жолдармен шешуге болады:
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылар санын көбейту;
Бағалы қағаздарды иемденушілердің құқығын тұрақтандыру;
Қатысушылар үшін бағалы қағаздар нарығының «мөлдірлілік» ақпаратын енгізу, яғни бұл арқылы инвесторлар үшін тәуекелділікті төмендетіп, нарыққа жаңа бастау алады;
Еркін ақша қатынастарының эффективті мобилизациясын иемденетін инфрақұрылымдық нарықты жетілдіру, бағалы қағаздар үшін сатушы мен сатып алушыларға арналған нарықтың нақты құнын белгілеу, сонымен қатар операция бойынша нарық қатысушыларының шығыстыран дамыту.
Әлемнің барлық мемлекеттері мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы ішкі мемлекеттік қарыздарды және құнды ұстап тұруды реттейді. Қазақстанда бұл нарық заңды түрде ірі институттық инвестор болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы көптеген инвесторлар үшін қаржы қажеттілігін қамтамасыз етуде толыққанды механизм болып табы- лады. 1991 жылдан бастап Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыпта-суына және экономикада нарықтық қатынастардың құрылуына экономикалық қайта құру әсер етті. Қазақстан Республикасында қр нарығы құрылып қана қой-
май, сол саланың дамуында белгілі бір жетістіктерге жеткендігі көрінеді. Со-ның негізгілерінің бірі:
─ Бағалы қағаздар нарығында тұрақты жетілген және дамыған техникалық ин-
фрақұрылымның құрылуы;
─ Бағалы қағаздар нарығының заң шығару базасының прогрессивтілігі және
ТМД мемлекеттер ішінде оның жоғарғы деңгейде корпоративті басқарылуы;
─ Ірі ішкі институттық нвесторлардың құрылуы және бағалы қағаз портфелін
басқару;
─ Корпоративті облигация нарығының потенциялды дамуы.
Бағалы қағадар нарығын жетілдірудің негізгі бағыттары болып келесілер саналады:
Қажетті тартымды құралдардың тапшылық мәселелерін шешу;
Ішкі институттық инвесторлардың дамуына қажетті мүмкіншілікті құру;
Техникалық инфрақұрылымның дамуы;
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының екі деңгейлі жүйесін жетілдіру болып табылады.
Қаржы нарығының, атап айтсақ, бағалы қағаздар нарығын дамытуға арналған Қазақстан Республикасының қаржылық сектор тарапынан 2003-2010 жылдарға арналған дамыту концепциясы белгіленді және ол Еуропалық Одақпен стандартты түрде анықталған.
Қажетті тартымды құралдардың тапшылық мәселелерін шешу. Тартымды құралдар көзіндегі тапшылық мәселелері бағалы қағаздар нарығының бастысы болып табылады. Бұл салада басты институттық инвесторлар зейнетақы актитерін қадағалау. Берілген мәселелер бойынша басты бағыт болып, институт тық тартымды бағалы қағаздарды жоғарлату. Бұл мақсатқа жету болып корпоративті басқарудың тұрақтылығын қарастыру, құқық қорғау принципте-рін нығайту, акционерлік қоғам саласындағы мәселелердің шешілуі. Қазақстанның қор нарығында ақпаратты жоғарлату мәселелерін шешуде қаржының орталықтанған жүйесі енгізілді. Жақын арада Қазақстандық өндірісте мемлекеттік акциялар пакетін іске асыру бағдарламалары қолдануда.
Ішкі институттық инвесторларды дамыту. Бағалы қағаз нарығының да-муы бағдарламасының бірі инвестициялаудың ұжымдық формасы арқылы нақты экономикаға маманданбаған инвесторлардың жиналу механизмін құру болып табылады. Алайда республика аумағында бағалы қағаздар нарығында маңызды орын алатын ішкі институттық инвесторлар ретінде танылатын сақтандыру орындары толық дамымады. Сақтандыру нарығын дамыта отыра бағалы қағаз нарығы да белгілі бір жетістіктерге жететіндігі анық. Мемлекеттің қоятын шаралары ол қор инвестициясының даму бағытын болжай ды. Осыған байланысты 2003 жылы «Инвестициялық қор» туралы заң құрылды.
Техникалық инфрақұрылымды жетілдіру. Бұл саланың жетілдіру мәелелерінің бірі болып Қазақстан азаматтарын қажетті қаржылық ұйымдармен қамтамасыз ету. Сол үшін трансфер агенттер желілерін дамыту қажет. Осы салада басты аударатын мәселе болып KASE және Орталық депоиторий қарастырылады.
Бағалы қағаздар нарығын реттеудің екі деңгейлі жүйесін дамыту. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзіндік реттеушілік ұйымын дамыту шебінде осы нарықтағы кәсіби қатысушыларының қызметін бақылауды оларға жеке функция ретінде бөлу мүмкіндігі қарастырылады. /15, 35б/