Зейнетакы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:06, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты зейнетақы қорының қызметіне талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зейнетақылық жинақтау жүйесінің негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәнін және оның ғылыми-теориялық негіздерін оқу;
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы мен дамуын таңдау;
Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну;
Қойылған мақсаттарға жет үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуы мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру;
дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау;
республикадағы зейнетақы қорларының қызмет тиімділігін артырудың маңыздылығын анықтау.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы зейнетақы жүйесінің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерінің кең көлемде, жан-жақты зерттелуі және талдау нәтижелерін зейнетақы қорлар қызмет тиімділігін дамытуда қолдануға болатындығы.

Содержание работы

КІРІСПЕ...... 3
1. ЗЕЙНЕТАҚЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....5
1.1 Зейнетақы жүйесін реформалау алғышарттары мен ерекшеліктері 5
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері мен әлемдік тәжірибесі.......8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ...................17
2.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі АҚ «МЖЗҚ» мысалында 33
2.2 АҚ «МЖЗҚ» Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау қорларының бірі..........33
3. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.......46
ҚОРЫТЫНДЫ.…59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word (Автосохраненный).doc

— 334.50 Кб (Скачать файл)

“ МЖЗҚ”қаржы тобымен бірге қор бірегей  бағдарлама жасауда,оның түпкі мақсаты  халықтың әл-ауқатын жақсарту. Сол  бағдарлама бойынша салымшылар үшін жеңілдік жағдайында қаржылық қызмет көрсету спекторы одан әрі кеңейе түседі. Қор өзінің жұмыс істеген бірінші күнінен бастап-ақ түрлі топтағы адамдарға демеушілік қолдау және қайырымдылық көмектерін жасап келеді. Бұл дегеніміз қор қоғам мүшелерімен толық түсінісіп, бизнесті дамытуға ықпал етуде [32].

 

 

 

 

    1. АҚ «МЖЗҚ» Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау

    

 Бұл тарауда Қазақстан Республикасында әрекет етуші зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жасалып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің  өзекті мәселелері талқыланады,  Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің  өзекті мәселелері зерттеліп, қазіргі жағдайына талдау беріледі.  

Жинақтаушы  зейнетақы қорларының зейнетақы  активтері кастодиандық есеп режимінде  кастодиандық келісімге сәйкес банк–кастодиандарда  сақталады. Кастодиан бірнеше зейнетақы  қорларына қызмет ете алады. Зейнетақы қоры, банк–кастодиан мен ЗАИБАҰ арасында үш жақты келісім құрылады. Үш жақты келісім бойынша зейнетақы қорлары өздерінің серіктестерін ауыстырғандығы туралы деректер тіркелген. Қабылданған инвестициялық шешімдерге сәйкес олардың аударымдарын әр түрлі қаржы құрал––жабдықтарға алынған инвестициялық табыс есебінен есептеп аударуды жүргізеді. Зейнетақы активтерін міндетті басқару, яғни әр түрлі қаржы құралдарына (екінші деңгейлі банктердің депозиттері, мемлекеттік бағалы қағаздары, акционерлік қоғамдардың А және Б листингі акциялары) белгіленген ақшалай құралдардың сомасын бағыттауды ЗАИБАҰ жүргізеді (ал 2003 жылдан бастап – сәйкес лицензиясы бар кейбір жинақтаушы зейнетақы қорлары). ЗАИБАҰ қаржы нарығының маркетингтік зерттеуін жүргізеді, инвестициялар бойынша негізделген шешімдер дайындайды және оларды банк–кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қарауына шығарады. Зейнетақы жинақтарының сақталуы заңнамамен бекітілген шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі:

  • зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау;
  • зейнетақы активтерін басқару мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша компания қызметін лицензиялау;
  • екінші деңгейлі банктердің және басқаларының кастодианды қызметін лицензиялау [17].

Зейнетақы қорларының табыстары еңбек Министрлігі  мен Қазақстан Республикасының  халқын әлеуметтік қорғаудың жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша Комитетпен бекітілген шекті  мөлшерінен жоғары емес шамада өз қызметі  үшін комиссиялық сыйақылар есебінен қалыптасады. Комитет жинақтаушы зейнетақы қорларын бақылау мен реттеу үшін жаңадан, арнайы құрылған мемлекеттік орган болып табылады. Зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылар мөлшері зейнетақы жарналарының 1%–ын және инвестициялық табыстың 10%–ын құрады [27]. Осы қаражаттар көзінен зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияға комиссиялық сыйақылар төлейді. Зейнетақы қорының жеке қаражаттарын инвестициялаудан түскен табысы толықтай қордың өзіне ғана тиісілі.

Бүгінгі таңда  республикада зейнетақылық қызмет ету  нарығы 14 жинақтаушы зейнетақы қорларын ұсынады, олардың ашық типті жинақтаушы зейнетақы қорлары –11, корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорлары – 2 мен ашық типті. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары – (1 кесте).

 

9-кесте

2000–2008 жылдардағы (мерзім соңында) ЗАИБАҰ, банк – кастодиандар мен мемлекеттік емес зейнетақы қорларының саны

 

Жылдар

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ЗАИБАҰ

8

8

8

8

9

10

10

11

11

банк–кастодиандар

9

11

12

11

10

10

10

11

11

МЕЖЗҚ

12

16

15

15

16

16

16

14

14


Дерек көзі -Ұлттық банктің статистикалық бюллетені

 

Жинақтаушы  зейнетақы қорларының құрылтайшылары Қазақстан Республикасының ірі  өндірістік және қаржылық құрылымдары  болғандықтан, олардың мүдделері қорлардың стратегияларында айқындалады. Сондай–ақ өндірістік күштер мен еңбек ресурстарының шоғырлануын ескере отырып, стратегияда географиясы, мөлшері мен салымшылардың салалық қажеттілігі көрініс табады. Өткен мерзім бойынша жинақтаушы жүйенің толықтай дамуы оның қызмет етуі жылдарындағы көрсеткіштерінің динамикасы көрсететін сандық көрсеткіштері дамуының тұрақты тенденциясымен сипатталады. Берілген кестеден көрсетілген мәліметтерден жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықтың сенімінің артуы және салымшылар мен қызметшілер  санының өсуімен байланысты зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы жинақтары қарқынды ұлғайып отырған. Жаңа зейнетақы жүйесін енгізу зейнетақы жасының біртіндеп өсуімен жүргізілді. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақыға шығу жасы ұлғайды, 2004 жылдың 1шілдесінде зейнетақыға шығу жасы ер адамдарда 63 жас, ал әйел адамдарда 58 жас. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеңестік уақыттардан қалған барлық зейнетақылық жеңілдіктер алынып тасталды.

Бүгінде зейнетақы жүйесінде 70% –дан жоғары жұмыспен қамтылған халық қатысқан. Зейнетақы жүйесі міндетті сипатта болғандықтан, салымшылар көлемінің өсуінде де көрініс табады. Салымшылар көлемінің өсуі зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының дамуына әкеледі [7].

2007 жылдың ортасына қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 6 млн.–ға жуық адам тартылды, орташа бір МЕЗҚ–на 500 мыңға тарта адам құрады. Салымшылар саны бойынша ірі МЕЗҚ болып салымшылар көлемі 2 млн. адамнан жасатын МЖЗҚ табылады, ол бүкіл зейнетақы жүйесі салымшыларының барлық көлемінің 31%–ын құрайды.

Еркін зейнетақы салымдарын 26200 адам аударады, ол барлық салымшылардың 0,45%–ын құрайды. Еркін салымдар негізінен  АО " ГНПФ" шоғырланған. Бұл қорға  еркін салымдардың 24%–ына жуығы  тиісілі.

Жалпы 2007 жылдың 1 қаңтарына республика аймақтарында 72 филиал мен 73 өкілдігі бар, республикалық 16 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет етті.

Ал 2009 жылдың 1 қыркүйегіне республикада 14 жинақтық зейнетақы қорлары қызмет атқаруда. Олар аймақтарда өздерінің 77 филиалдары мен 77 елшіліктеріне ие. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару лицензиясына 12 заңды тұлға ие, оның ішінде өзінше басқару лицензиясына 5 қор ие: «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ, «Қазақстан БТА ЖЗҚ» АҚ, «Капитал» ЖЗҚ» АҚ, «Қазақмыс ЖЗҚ» АҚ. Жеке зейнетақы есеп шоттарының салымшылар саны 2009 жылы 8209653 құрады. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша 5 қор ең көп салымшыларға ие болды. Соның бірі - «Ұлар-Үміт» - 15,27 %.

Ерікті зейнетақы  жарналары бойынша ең көп салымшылар шоттарының санына ие қорлар ретінде, «Ұлар-Үміт» 18,24 % құрайды. Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың көп бөлігіне ие қорлар – «ГНПФ» және «Қазақстан Халық Банкі». 2009 жылы ол бойынша салымшылар саны 3698 құрады, олардың жеке зейнетақы шоттарында 27,2 млн. теңге жинақталды. Келесі 2 кестеде зейнетақы жарналары бойынша өсім көрсетілген.

Қор жинақтарының масштабтары тек елдің көлемінен  ғана емес, сондай–ақ олардың қызмет етуінің ұзақтығына да байланысты. Ұзақ мерзімді қорларда қолмақты қаражаттар жинақталады.

Ең ескі зейнетақы  жүйелері Голландия, Дания мен Швецияда. Ұзақ мерзімде жұмыс істеген халықаралық  зейнетақы қорлары. Европалық комиссия мәліметтері бойынша жоғарыдағы аталған мемлекеттер мен Англияның  зейнетақы қорларының жинақтары 2008 жылдың аяғында ЖІӨ мөлшерін ұлғайтып, жүздеген миллиард доллар құрады.

2009 жылы 8 ай ішінде жиынтық активтер 67,717 млрд. теңгеге немесе жарты млрд. долларға өскен. Жыл басынан зейнетақы активтерінің өсімі 18,4%–ды құрады. Жалпы жылына зейнетақы активтері шамамен 92–93 млрд. теңгеге жоғарылауда. Зейнетақы жинақтарының анағұрлым көп сомасын, "–ГНПФ" қоры иеленуде. " ГНПФ" АО зейнетақы активтері толық емес 2008 жылда 500 млн. доллардан астам өскен. Осындай қорлар зейнетақы қызмет нарығының 65%–ын құрайды. Ал нарықтың 1/3–ін 10 орташа ЖЗҚ  (ABN AMRO–КаспийМұнайГаз, Құрмет, Қазақстан, Сенім, Қазақмыс, МұнайГаз–Дем, Халықтық зейнетақы қор, Отан, Қорғау) алады, ал қалғандары нарықтың 1,5%–ын құрайтын ұсақ разрядтарға жататының атап көрсетуге болады. Қазақстанның қаржылық жүйесі  пост-кеңестік кеңістіктегі ең озық жүйенің бірі ретінде танылады. Мұны халықаралық эксперттер де мойындайды. Еліміздің қаржылық құрылымында зейнетақыны жинақтау қорлары елеулі рөлге ие.

 

10-кесте

2008-2009 жылдарда Қазақстанда зейнетақы қорлары салымшылары шоттар санының өсімі

Салымшылар  шоттары

2008 ж.,мың теңге

2009 ж.,мың теңге

Өсім, мың  теңге

Өсім қарқыны, %

Міндетті зейнетақы  жарналары бойынша

7299393

8209653

910260

12,47

 Ерікті зейнетақы  жарналары бойынша

31580

32983

1403

4,44

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналар бойынша

3202

3698

496

15,49


 

Қазақстанның  зейнетақы жүйесін реформалау тарихи 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы  зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  ҚР Заңы қабылданған кезден басталады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша республикамызда 14 зейнетақы жинақтау қоры қызмет етеді, олардың республика аймақтарында 76 филиалы мен 75 өкілдігі бар [14,32].

Зейнетақы жинақтау қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды 10 ұйым жүзеге асырады, олардың  ішінде 2 зейнетақы жинақтау қорының зейнетақы активтерін өз күшімен басқаруға лицензиясы бар. Олар: «Қазақстан халық банкі   ЖЗҚ» АҚ және «Қазақстан ТАБ ЖЗҚ» АҚ атап көрсетуге болады.

Қазақстан Республикасында  жинақтаушы зейнетақы қорының активтері        2008 жылдан басқа зейнетақы жинақтау қорларына қосылуы жолымен қайта құрылуына байланысты, зейнетақы салымдарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметін іске асыру жніндегі 2 лицензияның әрекеті тоқтатылды («Филип Моррис Қазақстан ҚЖЗҚ» АҚ, «Құрмет» ТҚЖЗҚ» АҚ).

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 2009 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы жарналары бойынша 7 613369-ды құрады. 2008 жыл бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аударып отырған салымшылардың (алушылардың) шоттарының саны 638 932-ге (9,2%) өсті. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) саны өткен жылы 2 179-ға (7,2%)  өсті және 2009 жылдың 1 қаңтарында 479,9 млн теңге зейнетақы жинақтарының жалпы сомасымен 32 336-ны құрады.

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың шоттарының саны, 2007 жылы 533-ке өсті және 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 17,1 млн теңге жалпы зейнетақы жинақтарымен 3 297-ні құрады. [7].

2009 жылдың 14 қаңтарына қарай салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 648,6 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 34,0% -ға өсті. 2008 жыл бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының өсімі 164,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарының жалпы түсімі өткен жылы 132,4 млрд теңгеге немесе 34,8% -ға ұлғайды және 2009 жылдың 1 қаңтарына қарай 512,4 млрд теңгені құрады. [17,30].

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына  үлестірілген зейнетақы активтерін (комиссиялық сыйақыны алып тастағанда) инвестициялаудан түскен таза инвестициялық таза табыстың сомасы 2008 жылдың ішінде 40,4 млрд теңгеге өсті (35,3%) және 2009 жылдың 1 қаңтарына қарай 155,1 млрд теңгені құрады. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы сомасында таза инвестициялық табыстың үлесі 23,91% -ға немесе өткен жылдың ішінде 0,22 пайызға ұлғайды.

Зейнетақы жинақтау қорларының 2009 жылдың 1 қаңтарына қараған жағдайы бойынша зейнетақы төлемдері 35,8 млрд теңгені құрады, бұл 2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 35,8% -ға артық. 2009 жылы зейнетақы жинақтау қорларынан жүргізілген зейнетақы төлемдері 9,4 млрд теңгені құрады.

Салымшылардың (алушылардың) бір қордан екінші қорға  зейнетақы жинақтарын аударуы 2009 жылы 96,4 млрд теңгені құрады және сақтандыру ұйымдарына зейнетақы аннуитеттің келісім-шартына сәйкес зейнетақы жинақтарының аударымдары 13,0 млн теңгені құрады.

Инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтері, 2009 жылдың 1 қаңтарына қарай 650 млрд теңгені, 01.01.07. кезіндегі ұқсас көрсеткішке қатысты өсім 34,2% -ды құрады. Инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің ҚР ІЖӨ-ге қатысты өсімі 2008 жылы 8,74% -дан 9,59% -ға дейін ұлғайды. 2009 жылдың 1 қаңтарына қараған жағдайы бойынша зейнетақы жинақтау қорларының зейнетақы активтерінің номиналдық табысының 2008 желтоқсан мен 2009 желтоқсан мерзіміндегі орташа өлшенген коэффиценті 18,92% -ды, жинақталған құнсыздану деңгейі аталған мерзімде 22,62% -ды құрады.

Деректерден көрінетіндей, 2009 жылғы зейнетақыны жинақтау жүйесі үшін айтарлықтай күрделі болып өтті.

Дамуындағы  анық алға басуға және қорларға, жалпы алып қарағанда, 2007-2009 жылдардағы кризистен сәтті өтуіне мүмкіндік тудырған бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануына қарамастан, қорлардың жалпы жүйе бойынша табыстылығы да айтарлықтай төмен болды. Бірінші кезектегі бұл нарықта табыстылығы барабар қаржылық құралдардың жетіспеушілігіне байланысты болды. Бір жағынан заңдардың қатты құрсауымен, ал екінші жағынан салымшыларға олардың жинақтарын сақтау және көбейту жөніндегі моральдік міндеттемелерін шектелген зейнетақы қорлары жаңа даму жолдарын іздестіруге мәжбүр болады. Нарықтың тербелістеріне дер кезінде жауап табу, жағдайды үнемі талдау және алдын ала білу, басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы икемділік барлық алға қойылатын міндеттердің сәтті шешімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың біріне айналады.

Информация о работе Зейнетакы