Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:06, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты зейнетақы қорының қызметіне талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зейнетақылық жинақтау жүйесінің негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәнін және оның ғылыми-теориялық негіздерін оқу;
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы мен дамуын таңдау;
Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну;
Қойылған мақсаттарға жет үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуы мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру;
дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау;
республикадағы зейнетақы қорларының қызмет тиімділігін артырудың маңыздылығын анықтау.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы зейнетақы жүйесінің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерінің кең көлемде, жан-жақты зерттелуі және талдау нәтижелерін зейнетақы қорлар қызмет тиімділігін дамытуда қолдануға болатындығы.
КІРІСПЕ...... 3
1. ЗЕЙНЕТАҚЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....5
1.1 Зейнетақы жүйесін реформалау алғышарттары мен ерекшеліктері 5
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері мен әлемдік тәжірибесі.......8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ...................17
2.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі АҚ «МЖЗҚ» мысалында 33
2.2 АҚ «МЖЗҚ» Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау қорларының бірі..........33
3. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.......46
ҚОРЫТЫНДЫ.…59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………................... 62
5) Егер аккумуляцияланған
зейнетақы жинақтары ең
2008 жылдың 1-ші
қыркүйегіне жинақтаушы
Осыған қарамастан чилилік әдісті қолданатын елдердегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің проблемалары бар. Оларға мыналар жатады:
Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы жүйесіне экономиканың бейресми секторларында жұмыс істейтін ауыл адамлары мен жұмысшылары аз қамтылған. Кіші және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерден де зейнетақы аударымдары тұрақты түспейді. Бұл кәрілік келіп жеткенде өзін-өзі қамтамасыз ету перспективасын төмендетеді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары барлық уақытта ауыл халқымен жұмыс істеуге көңіл қоймайды, себебі ауыл салымшысына қызмет көрсету қымбат та, ал алынатын комиссиондық жарна қалалық салымшыларға қызмет көрсетуге қарағанда әлдеқайда төмен. Негізінен қорлар ауыл салымшыларын үстемелеп отыруға мәжбүр. Бейресми секторлардың қызметкерлері әзірше «көлеңкеде» қалғылары келеді, себебі салық та, әлеуметтік жарналарды да төлегілері келмейді [22,29].
Үкіметті зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігі қатты алаңдатады. Орташа еңбек жалақысының өсу деңгейінің жоғары болмауы (әсіресе әйелдерде), жинақтаушы зейнетақы қорларының табыс деңгейінің төмендеуі және қамсыздандыру рыногінің дамымауы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары үшін болжанған зейнетақы көлемінің ең төменгі стандарттар деңгейінен төмен болуына алып келуі мүмкін.
Халықаралық тәжірибе зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және тиімділігіне жаңашыл талаптар кезінде тек қана ынтымақты немесе қамсыздандыру (жинақтаушы) негізінде қол жеткізуге болмайтындығын көрсетті. Қарттық кезде әлеуметтік қамтамасыз ету проблемасын жемісті шешу мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы жауапкершілікті бөле отырып, жүйені көп дейгейлі әлеуметтік қорғауды қарастырады.
Қарттықты әлеуметтік қорғауға базалық конституциялық кепілдерді сақтау талаптары кезінде әлеуметтік қамсыздандыруға көшу (2007 жылдан) қарттық келіп жеткенде міндетті және ерікті зейнетақы жинақтарының есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдер ұсынылатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз ету дейгейін құруға алып келеді.
Бірмезгілде 1998 жылға дейін қажетті еңбек өтелі бар азаматтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық көшкенге дейін бұрынғы жалақыларына қарай ынтымақты зейнетақы алатын болады. Аталған жүйеде тұтыну бағасының өсуін және қолданыстағы заңға сәйкес төлемдер бойынша шектеулерді есепке ала отырып, зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерінің көлемін кезең-кезеңмен көтеруден басқа қосымша қайта құруларды жүргізу біздің ойымызша тиімсіз.
Мемлекет 1998 жылғы
1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан
азаматтарды зейнетақы
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
3) әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының (мекемелерінің), қаржы полициясы және өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және ішкi iстер органдарының еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерiне төленедi.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Орталықтан
төленетін зейнетақы
Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi.
Орталықтан
зейнетақы төлемдерiн алуға
1) Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
а) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;
б) зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға;
в) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленеді.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы, соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған, Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Орталықтан
зейнетақы төлемдерiн
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.
2) төтенше
және барынша радиациялық
5 және одан
да көп бала туып, оларды сегіз
жасқа дейін тәрбиелеген
Орталықтан
төленетiн зейнетақы
1998 жылғы 1 қаңтардан
басталған кезең үшiн орташа
айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы
зейнетақы қорларына мiндеттi
зейнетақы жарналары жүзеге
1998 жылғы 1 қаңтарға
дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс
жұмыс iстеген әрбiр толық жыл
үшiн зейнетақы төлемдерiнiң
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.
Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн жиырма бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
Орталықтан
зейнетақы төлемдерiн
Орталықтан
зейнетақы төлемдерiн
Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңаша түрде жетілдірудің басты бағыттары: