Зейнетакы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:06, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты зейнетақы қорының қызметіне талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зейнетақылық жинақтау жүйесінің негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәнін және оның ғылыми-теориялық негіздерін оқу;
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы мен дамуын таңдау;
Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну;
Қойылған мақсаттарға жет үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуы мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру;
дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау;
республикадағы зейнетақы қорларының қызмет тиімділігін артырудың маңыздылығын анықтау.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы зейнетақы жүйесінің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерінің кең көлемде, жан-жақты зерттелуі және талдау нәтижелерін зейнетақы қорлар қызмет тиімділігін дамытуда қолдануға болатындығы.

Содержание работы

КІРІСПЕ...... 3
1. ЗЕЙНЕТАҚЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....5
1.1 Зейнетақы жүйесін реформалау алғышарттары мен ерекшеліктері 5
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері мен әлемдік тәжірибесі.......8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ...................17
2.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі АҚ «МЖЗҚ» мысалында 33
2.2 АҚ «МЖЗҚ» Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау қорларының бірі..........33
3. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.......46
ҚОРЫТЫНДЫ.…59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word (Автосохраненный).doc

— 334.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

 

Қазақстан Республикасының  нарықты экономикаға өтудегі  стратегиялық бағдарламаларының біріндегі негізгі макроэкономикалық мәселе еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру – бұл диплом тақырыбының өзектілігі болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажетті объективті факторларын қарастырғанда әлеуметтік сфераға ерекше көңіл аударылады. Әлеуметтік сфера салаларының мәселелері нарықтық қатынастар жағдайында өздігінен шешілуі мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес арнайы мемлекеттік шаралардың орындалуын қажет етеді.

Қазақстан халықты  әлеуметтік қамсыздандыру реформасын  жүзеге асырған ТМД елдерінің  арасында бірінші ел болып табылады. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесінің өзгерісі ҚР Үкіметінің  1997 жылғы 12 мамыр № 819 үкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы  зейнетақылық қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясымен байланысты болды. Шетелдің халықты зейнетақымен қамтудың кең ауқымды тәжірибесін қарастырып және қорытындылап, еліміздің мемлекеттік органдары бұл сұраққа өз бағытын ұсынды. Бұл оң әсерлі экономикалық жағдай, яғни мемлекеттің халықтың әл- ауқатын  өсіруге талпынуы өмірдегі әлеуметтік қамтудың  жаңа жолдарын шұғыл енгізуді қажет етті.

Қазіргі таңда  зейнетақы реформасы біздің Республикамызда өз дәрежесінде  жүзеге асты деуге болады. Бұған дәлел ретінде жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерді айтуға болады: келісілген міндетті зейнетақылық салым көрсеткіші,  халық кірісінің өсімі, салымшылар санының  өсуі және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі. Бірақ іс жүзінде белгілі бір кемшіліктер де кездесті, олар: зейнетақылық заңдылықта, зейнетақы жүйесіне қатысушыларды топтастыруда, қаржылық құралдарды таңдауда, зейнетақылық жинақтарды инвестициялау кірісі бойынша және сақтандыру кепілдемелерін ұсынуда болды.  Мұның  бәрі дұрыс шешімді қажет етеді. Сонымен қатар халыққа реформаның жүргізілуі  мен ондағы өзгерістер туралы мерзімінде  хабарлап тұру керек.

Елімізде көптеген жинақтаушы зейнетақы қоры, оның ішінде мемлекеттік, корпоративтік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары қызмет етеді. Қорладың көп болуы олардың арасындағы бәсекені күшейтіп, қорлардың еркінсуіне мүмкіндік бермейді және салымшыларды тарту мен ұстап тұру үшін қызмет сапасын жақсарту жолдарын орнатуда көп іздендіреді. Зейнетақы қорының дамуы оларға салымшылардан келіп түсетін зейнетақы активтері мен салымшыларының нарықтағы үлесіне байланысты.

Жұмыстың мақсаты зейнетақы қорының қызметіне талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну.

Зейнетақылық  жинақтау жүйесінің негізгі мақсаттарына келесілер жатады:

  • зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәнін және оның ғылыми-теориялық негіздерін оқу;
  • Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы мен дамуын таңдау;
  • Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну;

Қойылған мақсаттарға  жет үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуы мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру;
  • дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау;
  • республикадағы зейнетақы қорларының қызмет тиімділігін артырудың маңыздылығын анықтау.

Жұмыстың тәжірибелік  құндылығы зейнетақы жүйесінің  соңғы жылдары қол жеткізген  жетістіктерінің кең көлемде, жан-жақты  зерттелуі және талдау нәтижелерін  зейнетақы қорлар қызмет тиімділігін дамытуда қолдануға болатындығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЗЕЙНЕТАҚЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 


1.1 Зейнетақы жүйесін реформалау алғышарттары мен ерекшеліктері

Елімізді тұрақты  дамытудың және қоғамдағы тұрақтылықтың  міндетті шарты әлеуметтік қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы көптеген нюанстарын жетік меңгеру болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық ырықтандыру  талаптары кезінде халықты әлеуметтік толқулардан мемлекеттік қорғау қажеттілігін тәжірибеден көріп жүрміз. Әсіресе қарт адамдарға қамқорлық жасау аса маңызды.  Жастары келе қарт адамдарда көптеген проблемалар туындап, олардың әлсіреу деңгейі артады. Көп жағдайларда өздерінің еріктерінен тыс жағдайларға көндігіп, қалыптасуға мәжбүр болады. Сондықтан қарт адамдардың лайықты өмірін (қоғам өміріне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру) қамтамасыз ету және дамыту құқықтарын қамтамасыз ету еліміздің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.

Біздің елімізге де келіп жеткен халықтардың қарқынды қартаюы кезінде еңбек ете алатын халықтың мойнына түсетін жүктемені азайту, жұмыс істейтіндердің де, зейнеткерлердің де өмір деңгейінің төмендеуін алдын-алатын мәселелерді шешуде үкіметтің қолдауы қажет.

Республикамызда зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесі орталықтандырылған жоспарлы экономикадан экономикалық күйзеліс жүйесіне ілескен нарықтық экономикаға өту өтпелі кезеңінде айқын көрініс тапты. Бюджеттік өткір дефицит зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік қаржыландыру үлесін төмендетті, зейнетақы мен жәрдемақы қарызының өсуіне алып келді. Осы жағдайларға байланысты үкімет бірыңғай дұрыс шешім тапты – ол нарықтық шарттарға тәуелсіз азаматтарды зейнеткерлікпен қамтамасыз етудің жаңа модулін құрды. Оның негізі ретінде чилилік зейнетақымен қамтамасыз ету үлгісі алынды. Ол жеке зейнетақы шотына белгіленген   жарналарды төлеп, жеке ақша аударуларды капиталдық қорда жинақтап, кейіннен ол зейнетақы төлемдерінің көзі болуды көздейді.

Зейнетақы қорларындағы жекелендірілген шоттар айқын. Ол зейнеткерлікті саяси манипуляциялар қауіпінен және оған байланысты қисынсыз инвестициялаулардан  қорғайды.

Әрбір зейнетақыны  тағайындау жүйесінде белгілі бір  шарттар көзделеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы бұрынғы істеген  жалақы көлемінен (олардың арасындағы қатынас табысты ауыстыру деп  атайды) зейнетақы көлемін белгілеу болып табылады. Негізінен, зейнетақының көлемі мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктеріне қарай, зейнетақы көлемі күнкөріс минимумын және олардың белсенді еңбек қызметі уақытына сәйкес қалыпты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. ЕКМ ұсынысына сәйкес зейнетақы деңгейі 2 жолмен: жалақысына қатысты зейнетақы көлемін анықтау және біріңғай ставка бойынша анықталады.  Жалақы негізінде есептелінетін жәрдемақыны тағайындау кезінде физикалық еңбекпен айналысатын білікті қызметкердің жалақысына көңіл аудару қажет. Екінші жол, яғни күнкөріс минимумы негізінде біріңғай ставка бойынша зейнетақы қарастырылатын елдерде ЕКМ біліктілігі жоқ қарапайым қызметкердің

жалақысының көлеміне назар аударуды ұсынады. Қазақстандағы  ынтымақтастық жүйе бірінші жолмен құрылған, бір уақытта табыс деңгейінің мөлшеріне шектеу қоймайды. Елде зейнетақы тағайындаудың келесі шарттары заңда анықталған:

  • зейнетақы жасы (58/63 жас, жеңілдіктерді пайдаланушылардан басқа);
  • қажетті стаж (20/20 жыл);
  • зейнетақы тағайындау үшін табыс көлемі, орташа айлық табысына қарай жұмыстағы үзілісіне қарамастан қатарынан әрбір 3 жыл жұмысына 1995 жылдың 1 – ші  қаңтарынан (15 айлық есеп айырысу көрсеткішінен аспайтын);
  • зейнетақы көлемі орташа айлық   есебінен 60 % болуы қажет. Ол үшін зейнетақының көлемі әрбір істелінген жылға қажетті стаждан жоғары 1 % - ға жоғарылайды, бірақ зейнетақыны есептеуге арналған табыстан 75% аспауы қажет. Жыл сайын ең төменгі зейнетақы заңды түрде бекітіліп отырады. 2004 жылдың 1 – ші қаңтарынан төменгі зейнетақы 5 800 теңгені, орташа зейнетақы – 8 592 теңгені және жоғарғы зейнетақы – 10 340 теңгені құрайды. 2005 жылы бойынша төменгі, орташа және жоғарғы зейнетақы көлемі тиісінше  6 200, 9 252, және 10 857 теңгені құрайды. 

Алайда, өткен  онжылдықтағы қабылданған және экономикалық талаптарға сәйкестендірілген саясат зейнеткерлердің  еңбек өтеліне және бұрынғы еңбекақысына қарамастан еңбек зейнетақысын жіктеудің азаюына және олардың теңгерілуіне алып келді. Еңбек зейнетақыларын жеткіліксіз жіктеу, олардың төмен деңгейі және табыстардың орын басу коэффициенті еліміздің тұрақты экономикалық дамуы талаптарында аталған халық бөлігінің төлем қабілеттілігі сұранысының өсуіне кедергі келтіретін басты факторы болып табылады.

Осы проблемаларды  шешу үшін Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет зейнетақыны төлеу көлемін дифференциалды  ұлғайтуды жүзеге асырды (зейнеткердің еңбек жинағына қарай) және 2008 жылдың 1-ші маусымынан 1 055,0 мың адамға зейнетақыны көтерді, екіншіден ең аз көлемде зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны азайды, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғарғы көлемдегі зейнетақына алатын болды.

Алайда осындай  көзге көрінетін зейнетақыны  жіктеп көтеру өзгерістері барлық проблемаларды  шешпейді. Ең бастысы – зейнетақымен қамтамасыз ету  төмен деңгейде қалып  отыр. Сондықтан үкімет зейнетақы реформасын ары қарай терең зерттеуді жалғастыруда. Ары қарай реформалау жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңашыл талаптарын ескеруі тиіс.

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесінің жеке зейнетақы  жинақтары мен зейнетақы активтерін жеке басқаруда болып, ынтымақтастық принципіне құрылмағандығына қарамастан, үкімет өзіне реттеуші функцияларды: адекватты нормативтік құқықтық базаны құру, стратегиялық бағыттарын анықтау және зейнетақымен қамтамасыз етудің міндетті және ерікті схемасын дамытуды ынталандыру, жинақтарды қорғау және қатер төнген кезде тиісті төлемдерге кепілдік беруді қалдырып отыр.

Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесінің субъектілерінің: зейнетақы қорларының, банк-кастодиандардың  және инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын мекемелердің қызметін, зейнетақы активтерін  реттейді. Олардың қызметтері лицензияланады: активтерді пайдалану бойынша өкілеттіктерін шектеу, жариялау талаптары, жүйенің субъектілерінің қаржылық жағдайын ақпараттау айқын болуы енгізілген, жинақтаушы зейнетақы қорларының арасындағы бәсекелестікті дамыту марапатталынады.

Инвестициялау тиімділігін қамтамасыз ету және зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігі үшін, зейнетақы жинақтарының құнсыздануын болдырмау үшін инвестициялауға  арналған активтер тізімі заңды түрде  белгіленген. Жекеменшік ерікті зейнетақылық жарналар ынталандырылады. Зейнеткерлердің белсенді еңбек қызметі кезеңіндегі жинақтаған қорларын алу механизмі тұрақты түрде жетілдірілуде.

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесін дамыту бойынша  айтарлықтай жұмыс 2003 - 2008 жылдары жүргізілді. 2002 жылы 29-шы желтоқсанда қабылданған № 369 «Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңмен және заңға тәуелді бірқатар актілермен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі өзгертулер енгізілді:

1) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақылық қордың  (МЖЗҚ) кепілі Үкімет болғандығына байланысты, Үкімет олардың алдына қойған негізгі міндеті – халықтың жинақтаушы зейнетақы қорына сенімін арттыру және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың ауыспауын тиімді қамтамасыз етті, ондай қорлар айрықша мәртебеге және өкілеттіктерге ие болмады. Қазіргі уақытта барлық зейнетақы қорлары тең дейгейде жұмыс істеуде;

2) жүйенің тұрақтылығын жоғарылату мақсатында, салымшылар мен алушылардың  құқықтары мен заң талаптарының бұзылуына жол бермеу шарттары мен талаптарын реттеу және құру мақсатында:

  • бірыңғай тәуелсіз реттеу органы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі құрылды, оның құзырына жинақтаушы зейнетақы жүйесінің шегінде жұмыс істейтін ұйымдарды реттеу және қадағалау кіреді;
  • құнсыздану деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген жарнасы көлемде жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы қорын мемлекеттік кепілдеме сақтау  енгізілді;
  • қордың немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі мекеменің кінәсінен салымшылардың көрген зияндарын қорлардың жекеменшік капиталының есебінен толтыру механизмі енгізілді;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының және төлеушілерінің уақтылы қаржы аударудағы, зейнетақы жарналарын ұстау және аудару, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақыны жинақтаудағы аударымдарды кешіктіргендері және зейнетақыны төлеудегі  жауапкершіліктері арттырылып, нормалары анықталып, санкция көлемдері белгіленді. 3) Аса қауіпті еңбек шарттары бар өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған ерікті қосымша зейнетақылық қамтамасыз ету енгізілді (ерікті кәсіби жарналар енгізілетін кәсіптер тізімі 33 астам өндіріс пен 2 мың көлемінде мамандықтар мен қызметтерді қамтиды). Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары қызметкердің пайдасына жұмыс берушінің жекеменшік қаржысынан қарастырылып, салық салу кезінде шығарылып тасталынады;

4) 2006 жылдың шілдесінен  жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы жинағының көлеміне қарай  зейнетақы төлемдерін төлеудің жаңа  ережелері енгізілді. Бір мезгілде жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуиттер жүйесін енгізу болжамын есепке ала отырып,  қамсыздандыру мекемелеріне аудару қарастырылды;

Информация о работе Зейнетакы