Зейнетакы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:06, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты зейнетақы қорының қызметіне талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зейнетақылық жинақтау жүйесінің негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәнін және оның ғылыми-теориялық негіздерін оқу;
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы мен дамуын таңдау;
Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының қызметін жетілдіру бағыттарын ұсыну;
Қойылған мақсаттарға жет үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуы мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру;
дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау;
республикадағы зейнетақы қорларының қызмет тиімділігін артырудың маңыздылығын анықтау.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы зейнетақы жүйесінің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерінің кең көлемде, жан-жақты зерттелуі және талдау нәтижелерін зейнетақы қорлар қызмет тиімділігін дамытуда қолдануға болатындығы.

Содержание работы

КІРІСПЕ...... 3
1. ЗЕЙНЕТАҚЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....5
1.1 Зейнетақы жүйесін реформалау алғышарттары мен ерекшеліктері 5
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері мен әлемдік тәжірибесі.......8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ...................17
2.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі АҚ «МЖЗҚ» мысалында 33
2.2 АҚ «МЖЗҚ» Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау қорларының бірі..........33
3. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.......46
ҚОРЫТЫНДЫ.…59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word (Автосохраненный).doc

— 334.50 Кб (Скачать файл)

Бұған қатысты  мемлекеттік бюджетте міндетті зейнетақы жарналарын өтеу көлемдерін болжау және жоспарлау жүйесін құру ұсынылады, ерікті жинақтаушы зейнетақы сызбаны енгізу бойынша қосымша шаралар қарастырылуы мүмкін.

Жүктілік және тууына, бір жасқа дейінгі балаға қарауға байланысты демалыста отырған әйелдерді жалдаушылардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын мемлекеттік субсидиялау мүмкіндігі зерттелуде. Зейнетақы жүйесіндегі реформаларды ары қарай тереңдету шаралары Қазақстан азаматтарына конституциялық кепілдіктерін  жүзеге асырып, лайықты қарттықты қамтамасыз етеді [21,24].

 

    1. Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері мен әлемдік тәжірибесі

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің халықаралық  және ұлттық нормалар негізінде адамның  әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету  жөніндегі аса маңызды міндеті. Неғұрлым тар мағынада – тұрмыс деңгейіне қатысты құқықтарды қамтамасыз ету. Демократиялық қоғамның заңнамасында жұмыспен қамтылу және еңбек үшін сыйақы алу, демалу, жасының ұлғаюына байланысты, сырқаттық, жұмыссыздық жағдайында, асыраушысынан айрылғанда әлеуметтік қамсыздандырылу, балаларды тәрбиелеу, білім алу, денсаулығын сақтау, мәдени қатысу құқықтары, тұрғын үйге құқық көзделеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру- әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттіліктерін қанағаттындыруға  және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы. Әлеуметтік қорғау обьектілері болып:

  • жасы ұлғайған (қарттық ғұмыр) азаматтар;
  • еңбекке жарамды жаста ауырған азаматтар;
  • соның ішінде: еңбек ету қабілетінен айырылған мүгедектер;
  • жарымжан және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек   балалар, жетімдер;
  • күнелтуге қажетті ең аз мөлшердегі табысы жоқ кедей жұртшылық;
  • табиғат және әлеуметтік апаттардан зардап шеккен азаматтар, т.б. саналады.

Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру  бірнеше блоктарға бөлінеді, олар: әлеуметтік сақтандыру, меншікті әлеуметтік қорғау  және әлеуметтік көмек (әлеуметтік  қолдау, жәрдем). Әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), заттай түсімдер, тегін жеңілдікті  қызметтер көрсету, тағы басқа да секілді нормлары болады.

Бұл әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерінің бір-бірімен  өте тығыз байланыста болғандықтан да олардың бірі туралы әңгіме қозғағанда олардың арасын бөле-жара қарастыру  тіпті де мүмкін емес. Әлеуметтік қорғау дегенде – зейнетақы, зейнетақы дегенде - әлеуметтік қорғау елестейді. Сондықтан да зейнетақы мәселелері туралы сөз бастағанда әлеуметтік қамтылулардың ортақ негізін бір қарап шығу артық болмас [15].

″Зейнетақы″ сөзі қазақстың төл сөзі екені белгілі, дегенмен бұл сөзге қарағанда дәл бүгінгі күні осы ұғыммен тікелей кездесіп отыратын қолданушы қоғам арасында ″пенсия″ сөзі қолданылатын рас. Ал″пенси″ сөзі латындық ″pensio″ - қазақша ″төлем″ деген түсінік беретін сөзінен шыққан. ″Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы″ заңында зейнетақы  туралы төмендегіше түсінік беріпті: Зейнетақы – орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген  қаражат  есебінен  төленетін зейне тақы төлемдерінің жиынтығы.

Бұл осы ұғымға заңдық термин ретінде берілген анықтама, енді өзімізше экономикалық тұрғыда  түсінік беріп  көрсек:

Зейнетақы –  экономикалық белсенді емес халықтың бір бөлігіне: азаматтардың қартайғанда қарттық ғұмырын қамсыздандыруға, еңбек ету қабілетінен  толық немесе жартылай айырылу жағдайында, асыраушысынан айырылу жағдайында және еңбек қызметінің белгілі бір саласында белгіленген  жұмыс өтілі жеткілікті болған жағдайда материалдық жағынан қамсыздандыру  үшін төленетін кепілдікті тұрақты (әдетте, ай сайынғы) ақшалай төлем.

Зейнетақымен  қамсыздандыруға жұмсалатын ресурстардың мөлшері екі тобымен ажыратылады, олар:

  • демографиялық факторлар тобы (адам ғұмырының орташа ұзақтығы және сонымен байланысты адамдардың қартаю процесі);
  • экономикалық факторлар тобы (зейнетақымен қамсыздандыру мен жалақының арақатынасы, олардың ең төменгі деңгейі, еңбектің ерекше жағдайы үшін қосымша төлем, т.б.).

Зейнетақы мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Еңбек зейнетақысы – жасына. Мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылу жағдайында, және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы.
  2. Еңбек зейнетақысын алуға құқығы жоқ еңбек етуге қабіблетсіз азаматтардың бәріне төленетін әлеуметтік зейнетақы.
  3. Халықтың аз қамтылған бөлігін қолдау мақсатында, әлеуметтік саясат ұстанымдарын  көздейтін мақсатта, т.б. мақсаттарда  негізгі зейнетақылық төлемдерге (мемлекеттің, кәсіпорынның) үстеме ретінде төленетін басқа да қосымша зейнетақы төлемдері (әдетте зейнетақының бұл түрі алғашқы екеуіне қосымша үстеме ретінде төленетін төлемдер, бұл түрдің өзіндік ерекшеліктері болғандықтан жеке қарастырылады).

Зейнетақы –  жасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігінің  табысының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Халықтың ақшалай табыстарының дәрежесі халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды әлеуметтік индикаторы саналады. мемлекеттік емес болып бөлінді [20,29].

Қазақстан халқының ақшалай табыстарының дифференциясы  мен формаланған құрылымын төменде  сурет  түрінде бейнеленген.

Ақшалай кірістердің  негізгі көзі ретінде еңбек табысы көбірек  орын алады, ол жалпы табыстар көлемінің 66%-н құрайды; жәрдемақының салыстырмалы салмағы 4,5%-ды құраса, мекендік әлеуметтік және тұрғындық көмектер -1,2%, степендиялар – 0,1%-ды құраған. Қазақстан Республикасы 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Осы жүйеге көшкеннен бері әрбір жеке тұлға еңбек ақысының 10% жинақтаушы зейнетақы қорына салым ретінде аударып  келеді.    

 


 

 

 

 

ш

1 - cурет – Табыс түрлері []

 

1сурет – зейнетақылық алымдар алынатын табыс түрлері

 

Жинақтаушы  зейнетақы қоры – ақшалай жинақтарды салым түрінде тартатын, салымшылардың  ұзақ мерзімді келісім - шарт негізінде төлеген жарнасын жинақтаушы қаржы институты. 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген "Қазақстан Республика сында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары мемлекеттік және жинақтаушы зейнетақы қорлары «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мен «ЖЗҚ қызметін реттеу комитеті» арқылы лицензияланып, зейнетақы салымдарын жинақтауға, зейнетақы міндеттемелерін есептеуге,  өз қызметтері  бойынша коммисиондық сыйақылар  алуға, зейнетақы төлеуге, сонымен қатар заңдылықтарға сәйкес басқа да қызметтерін жүзеге асыруға құқылы болып табылады. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында 15 лицензияланған жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Осы 15 қордың біреуі мемлекеттік, ал 14 қор мемлекеттік емес, сондай-ақ, 2003 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 33-ші бабында көрсетілгендей жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративті болып бөлінеді. Зейнетақы (латын тілінің pension – төлем) бектілген заңдылық ретімен әлеуметтік қорғаудың және басқа да қайнар көздерінің белгілі категория тұлғаларына берілетін үздіксіз ақшалай төлем.

Зейнетақымен  қамсыздандырудың негізі болып түрлі  заңды фактілер табылады. Біздің елде халықты әлеуметтік қорғау негізінен мемлекетпен жүзеге асырылатын болғандықтан, әр жұмыскер өзінің қарттық шағын қамтамасыз етуді жоспарламайтын.

Қабылданған заңға  сәйкес жыл сайынғы зейнетақының алты айға өсуі қаралады; Қазақстанда  ерлердің зейнеткерлік жасы 63 жасты, әйелдердің -58  жас, 60 және 50 жасқа сәйкес құрайды.

Қазақстанда бекітілген зейнеткерлік жас Еуропа және Америка  елдерінен әлде қайда төмен. Мысалы: Германия, АҚШ, Англияи, Австрия, Польшадағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы 65 жасты, Норвегия мен Данияда 67 жасты құрайды.

Зейнетақының  үш негізгі категориясы бар: жұмыс  орны бойынша зейнетақы, әскери қызметкерлер зейнетақысы және әлеуметтік зейнетақылар. Өз кезегінде жұмыс орны бойынша зейнетақы жасына, еңбек стажына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты бөлінеді. Әлеуметтік зейнетақы зейнеткерлік жасы бойынша еңбек қызметі мен мүгедектігіне байланыссыз төленеді. Ол зейнетақы түрі жасы бойынша толық зейнетақы алмайтын тұлғаларға төленеді. Бұл жастайынан мүгедектер, асыраушысынан айырылу жағдайындағы балалар, толық еңбек стажы жоқ жасына байланысты мүгедектер және т.б.

Жинақтаушы  зейнетақы қорының бизнес –жоспары лицензия алу үшін қажетті құжаттардың бірі. Бизнес –жоспар көмегімен Қор камитетіне өзінің өмірге қабілеттілігін дәлелдеуі, қарды және әлеуметтік жүйеге келтірілген іскерлігіне сенім беру, олардың тұрақтылығы мен қордың зейнетақы жинағына салымдарды қорғауды қамтамасыз етуі керек [21].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ

     ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ

 

2.1  Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметі АҚ «МЖЗҚ» мысалында

 

Қазақстандық  «МЖЗҚ» АҚ – зейнеткерлік қызмет көрсету  ұжымындағы сөзсіз көшбасшыларының  бірі болып табылады. Бұл қор осыдан 10 жыл бұрын құрылған және № 0000001 мемлекеттік лицензиясына ие, Қазақстандағы бірінші жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады. Бүгінгі таңда «МЖЗҚ» қоры – зейнетақы жинақтары бойынша республикадағы зейнетақы қорлары арасында көшбасшылық орыннын бірін иеленген, Қазақстанның зейнетақы нарығындағы  ірі жинақтаушы зейнетақы қорларының бірі, оған 2010 ж. 1 наурызда жарияланған қызметінің нәтижесі бойынша қаржылық көрсеткіштер дәлел:

«МЖЗҚ»  зейнетақы активтерінің көлемі – 257,4 млрд. теңге 

«МЖЗҚ»  салымшылар саны – 1 млн. астам адам

«МЖЗҚ»  АҚ салымшыларының жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі үлесі 13,12%  - ды құрайды. Әрбір 7 – ші жұмыс істейтін қазақстандық осы қордың салымшысы болып табылады.

Ерікті  зейнетақы жарналары бойынша  Қорда 5,6 мың шоттың болуы, салымшылардың  Қорға деген сенімінің дәлелі болып табылады.

ЖЗҚ «МЖЗҚ» - Қазақстан Республикасының нарығындағы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар жинақтарының 99,7% - ын біріктірген жалғыз қор. Жарғылық капиталы – 4 млрд. 840 млн. теңге.

Қордың  инвестициялық қаржыны салалар, валюталар және елдер бойынша  әртараптандырылған.  Ай сайын тоқсан сайын баспасөзде жарияланатын инвестициялық қаржының жағдайына сараптама жасау арқылы оған көз жеткізуге болады. Бүгінгі күні «ГНПФ» қоры – ЖЗҚ – ның ішінде құралдар мен валюта бойынша ғана емес, сонымен бірге эмитенттер бойынша, бағалы қағаздарының санын, олардың құнын және рейтингін ашып, өзінің инвестициялық қаржының толық көрсеткен бірден – бір қор. Қордың есептелген инвестициялық кірісі қызметінің басынан 2010 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 80,9 миллиард теңге болды.

Қор зейнетақы жинақтарын төлеудің күн  сайынғы айқын тәртібін жүргізеді. Қызметін бастаған кезеңнен бері Қордан Қазақстанның барлық аймағында тұратын  салымшы – алушыларға 22 млрд. теңгеден астам қаржы төленді. Қазақстанның зейнетақы нарығында бірінші рет 2009 жылы комиссиялық сыйақының үдемелі шкаласы қабылданды. Егер инвесткіріс төмен болса,  «МЖЗҚ» басқа қорларға қарағанда, комиссиялық сыйақы алмайды:

8-кесте

2010 жылға Қор комиссиялық сыйақының  келесі шамасын белгіледі:

 

  Зейнетақы активтерін инвестициялаудан кірістілік деңгейі (жылдық %)

Инвестициялық кірістен «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ – ның комиссиясы

3% - ға дейін

0%

3% - 8%

10%

8% - дан жоғары 

15%


   

«ГНПФ»АО» АҚ – ның артықшылықтары:

Қор еңбек шығынын азайтуға және Уақыт  пен Қаражатты үнемдеуге арналған, осы заманғы және жоғарғы технологиялық қызметтерді бірінші болып енгізді:

Ол  үшін алдын – ала қордың жақын  филиалында сәйкестендіргіш пен  пароль алу керек.

Екіншіден – Қордың мамандары әзірлеген «ЭКОномим Время и Деньги» (Уақыт пен Ақшаны Үнемдейміз) бірегей бағдарламалық өнімін орнату. «ЭКОВИД+» - бұл, зейнетақы жарналарының барлық түрін аудару мен өнім бойынша төлемдерді қалыптастыруды, төлем тапсырыстарының архивін және басқа да істерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа бірегей бағдарлама.

Үшіншіден – «ПростоКредит» МНҰ ЖШС – нен, HSBC Қазақстан ЕБ АҚ – нан, «Сбербанк России» ЕБ АҚ – нан, «Альянс - Полис» СК – нан, «Астан - Финанс» СК – нан, «БТА Сақтандыру» СК – нан, «Қазкоммерц -Полис» СК – нан, «Сентрас Иншуранс» СК – нан, «Коммеск Өмір» СК – нан бірегей мүмкіндіктер. Қор салымшылары осы қаржы ұйымдарында несиелер мен комиссияларға жеңілдіктер түрінде артықшылықтарға ие.

Еліміздің барлық аймақтарында Зейнетақы қорының  өкілдіктері бар және аймақтық ерекшеліктер мен клиенттердің мұқтаждығын ескеріп, филиалдар желісін ары қарай дамыту мен нығайтуда жұмыс атқарылып отыр.

  Бүгінде қор салымшыларға сапалы  сервис көрсету, қауыпсіздік пен  жоғары технологияны қамтамасыз  ету, аппараттық қорғау және  жоғары білікті мамандарды жалдау  үшін жеткілікті ресурстарға ие. Басқаша айтқанда қор саннан сапаға көшті. Салымшыларды сырттан тартудың орнына бұрыннан қалыстасқан салымшыларға жоғары класты сервис ұйымдастырды. Стандандартты қызмет көрсету халықаралық деңгейге жетіп, бүкіл респулика аумағы бойынша бірдей сапалы қызметті қамтамассыз етуде.

Информация о работе Зейнетакы