Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:43, курсовая работа

Краткое описание

Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Содержание работы

Кіріспе





1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.

1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы

1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару

1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі





2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар

2.1. Кедендік төлемдер және салықтар

2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу

2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі

2.4. Кедендік ресімдеу



3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері

3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері

3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде



3. Қорытынды



4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

кеден ісі курстық жұмыс.doc

— 395.50 Кб (Скачать файл)

Декларанттың ауызша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясындағы кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде шешімдер қабылдауына әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате жазуларды, техникалық немесе грамматикалық қателерді (үш жағдайдан аспайтын) қате деректерді сызу немесе тиісті мәліметтерді үстінен жазуын түзетуге жол беріледі. Әрбір мұндай түзету уәкілетті тұлғаның қол қоюымен және декларанттың мөрімен куәландырылады.

Кеден органдарының құзыретіне жататын мәліметтерді жүктің кедендік декларациясына енгізуді қоспағанда, кеден органдары лауазымды адамдарының өз бастамасы, тұлғаның тапсырмасы немесе өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясын толтыруға, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ.

Декларанттың  дәлелді өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясы  тауар шығарылғанға дейін қайтарып алынуы мүмкін. Кеден органы жүктің кедендік декларациясы қайтарылатын кезде жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгілейді, тауарларды уақытша, алдын ала, мерзімдік  декларациялау рәсімін пайдалану жағдайларын қоспағанда, ол қайтарып алуға рұқсат берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс. Жүктің кедендік декларациясын қайтарып алу кедендік баждарды жєне салықтарды төлеу мерзімдерін ұзартпайды.

Қайтарып алынатын жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан тысќары жерлерге әкету мақсаты үшін оларға берілген жағдайда, жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысќары жерлерге нақты әкеткенге дейін қайтарып алынуы мүмкін. Осы тауарларға жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгіленбейді. Бұл орайда, қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясы жойылуға тиіс.

Тауарлар шығарылған күннен бастап бір ай ішінде декларанттың дәлелді өтініші бойынша, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен айрықша жағдайларда жүктің кедендік декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

 

Кеден органдарының үстіміздегі жылдың 8 айы ішіндегі қызметінің басымды бағыттарының бірі Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылды. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, кедендік бақылауды және ресімдеуді автоматтандыру, бақылаушы органдармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (СЭҚ) өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кедендік ресімдеу мен бақылау рәсімдерін оңайлату бойынша жұмыс жүргізілді.

Кеден кодексін практикалық  қолдануды талдау және СЭҚ-қа қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып Кедендік бақылау комитеті кедендік рәсімдерді оңайлататын кейбір ережелерін толықтыру және өзгерту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

"Күнбе күн" қағидаты  бойынша жүк кедендік декларацияларды  (ЖКД) ресімдеу, алдынала және  мерзімдік декларациялау жүзеге асырылуда, бұл жүктердің кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады. 2005 жылғы 8 ай ішінде 296 011 ЖКД ресімделді, олардың ішінен 11568 ЖКД - алдынала декларациялау рәсімі бойынша және 2171 ЖКД - мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша, бұл ретте "күнбе күн" жүйесі бойынша бір күн ішінде ЖКД-ны ресімдеу пайызы ресімделген ЖКД-ның жалпы санынан 84,6 % құрайды. Ең адал кәсіпкерлерге сертификаттар берілді, бұл оларға "жасыл дәлізді" пайдалануға мүмкіндік береді.

Кедендік құнды кедендік бағалаудың халықаралық принциптеріне сәйкес анықтауға бақылау жүзеге асырылуда, тарифтік және тарифтік емес шаралары қабылдануда, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну заңдылығына бақылау күшейтілуде. Біріншіден, импортталатын тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтауға, тауар номенклатурасының кодтарын, сондай-ақ тауарлардың шығу елін дұрыс айқындауға бақылауға бастапқы назар аударылады.

Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің қаулыларымен ресми ақпараттың көздері  ретінде ҚР аумағына әкелінетін негізгі  тауарларға каталогтар бекітілген.

Қолданылып жатқан шаралар  бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылатуға мүмкіндік берді. 2005 жылғы қаңтар-тамыз  кезеңінде республиканың кеден  органдары бюджетке 204,4 млрд. теңге  сомасына кедендік төлемдер мен салықтардың  түсуін қамтамасыз етті. 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 51,4 млрд. теңгеге немесе 33,6 % жоғары өндіріп алынды.

Кедендік сатистиканың деректері бойынша 2005 жылғы қаңтар-шілде  ішінде импорттың көлемі 9 037,5 млн. АҚШ  долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі импорт көлемдермен салыстырғанда 2 526,8 млн. АҚШ долларына немесе 38,8 %-ға жоғары.

2005 жылғы қаңтар-тамыз  кезеңінде ұсынылған жеңілдіктердің  көлемі 223,8 млрд. теңгені құрады, бұл  өткен жылдың ұқсас мерзімінен 67,5 млрд. теңгеге жоғары, немесе өсім 43,2 % құрады.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2005 жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі кедендік төлемдер мен салықтардың түсім  үлесі 16,9 % құрады, республикалық бюджеттің  кірісінде осы көрсеткіш 22,4% құрады.

2005 жылғы қаңтар-шілде  кезеңіндегі босатулардың сомаларын  есептеу және төлемді кейінге қалдыру әдісімен ҚҚС сомаларын ескере отырып кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алу коэффициенті 13,6%  құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Тауарлардың контрабандасына  қарсы күрес бойынша белгілі жұмыстар атқарылуда.

2005 жылғы 8 айы ішінде  өткен жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырғанда тұтастай құқық  қорғау қызметі, оның ішінде  қылмыстық істерді соқта жіберу  бойынша көрсеткіштерінің жақсаруы  байқалады.

Есептік кезең ішінде ҚР ҚК 209-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша 203 қылмыстық іс қозғалды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7 қылмыстық іске жоғары, ҚР ҚК 214-бабы (кедендік төлемдер мен салықтардан жалтару) бойынша 87 қылмыстық іс қозғалды, бұл 2004 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 25 қылмыстық іске жоғары.

ҚР ҚК 250-бабында (есірткі  құралдарының контрабандасы) көзделген  қылмыстың белгілері бойынша  қозғалған 16 қылмыстық іске жоғарылау  байқалуда - есірткілер контрабандасының 139 фактісі анықталды, олар бойынша 132 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 195 кг есірткілер, оның ішінде 81,8 кг героин алынды.

Қозғалған қылмыстық  істер және әкімшілік материалдар  бойынша анықталған мемлекетке келтірілген  зиянның сомасы  3 млрд. 802 млн. теңгеге  жетті.

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес, кеден органдарын жоғары кәсіби кадрлармен қалыптастыру бойынша  іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қабылданған  шаралар нәтижесінде кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты қозғалған  қылмыстық істердің саны төмендетілді (алдынала көрсеткіштер бойныша 2004 жылдың 8 айы ішінде 41 қылмыстық іс қозғалды, 2005 жылдың осы кезеңі ішінде - 32). Аттестация нәтижелері мен теріс негіздер бойынша кеден органдарынан жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны едәуір қысқарды (2004 жылғы 8 ай ішінде - 54, үстіміздегі жылы - 31 қызметкер босатылды).

Кадрлық құрамды жинақтау конкурсттық іріктеу арқылы жүзеге асыру жалғасуда. Барлығы 433, олардың  ішінен конкурс бойынша - 407 адам қабылданды. Бүгінгі күні жоғары білімі бар лауазымды  адмдардың жалпы саны 5416 (92,4 %) құрады, олардың ішінен экономикалық - 1434 (26%), заңды - 2137 (39 %) білімі барлар, "кеден ісі" мамандағы бойынша қызметкерлер - 613          (11 %), басқа мамандықтар - 1232 (23%). ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жоғары оқу орындарының «Кеден ісі» мамандығы бойынша түлектері арасында Олимпиадалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 9 ең үздік қатысушылар кеден органдарына жұмысқа орналастырылады.

Қазақстан кәсіпкерлерінің  Форумында берілген Елбасының тапсырмасына сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында Кедендік саясат бойынша консультативтік кеңестер құрылған, ақпараттық-консультациялық пункттер, «сенім телефондары» жұмыс істейді. Кеден органдары «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 28 мамыр-28 маусым кезеңінде, негізгі мақсаты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау орнату болып табылған «Кеден бизнес үшін» деген акцияны өткізді. Акцияның қорытындысында кеден органдары мен «Атамекен» өкілдері, оның ішінде өңірлік өкілдері арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Акция шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында (әкімшілік, кеден органдары, "Атамекен", бақылаушы органдар және басқа органдар) кең көлемдегі жұмыс өткізілді. Мақсаты - өткізудің бос дәлізін көрші Өзбекстаннан келетін көкөністермен қамтамасыз ету және осылай біздің республикамыздың аумағындағы бағаларды төмендеті, "жасыл өнімді" жеткізуші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты орнату.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан  соғысындағы Жеңістің 60-жылдығын  және Қазақстан Республикасы  Конституциясының 10-жылдығын мерекелеу  күндерінде едәуір жұмыс атқарылды. Кеден органдарының бірқатар қызметкерлері  жұмысындағы қол жеткізілген көрсеткіштер және мінсіз қызметі үшін мемлекеттік ордендермен және мерекелік медальдармен марапатталды.

Кедендік әкімшіліктермен  және Шетелдік мемлекеттердің өкілдіктерімен Халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің бастамасымен үстіміздегі жылдың 20-21 қаңтар кезеңінде Алматы қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымы Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының 2-ші конференциясы өткізілді, оның жұмысына 37 мемлекеттің кеден әкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары, Еуропа Қоғамдастықтарының Комиссиясы, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілер, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2005 жылғы 23-25 маусым  кезеңінде Брюссель қаласында  (Бельгия) ДКҰ-ға 166 мүше елдердің  кеден әкімшіліктері басшыларының қатысуымен Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-106 сессиялары өтті. Сессиялардың барысында Қазақстанның кеден қызметі ДКҰ Саяси Комиссиясының мүшесі болып сайланды, бұл халықаралық танушылық пен республиканың кеден органдары халықаралық стндарттарға сәйкес келуге бағдарланған осы заманғы кеден қызметін жасауға қол тигізген ынталарына сенімділікті білдіреді.  Бұдан былай Қазақстан стратегиялық жоспарлау және ДКҰ қызметінің басымдықтарын айқындау кезіндегі мәселелерді талқылау кезінде ТМД және Балтық елдерінің мүддесін білдіретін және қорғайтын болады.

ҚР кеден органдары  Қазақстанның Дүниежүзілік кеден ұйымына  кіру жөніндегі келіссөз процесіне  белсеңді қатысуда. Көпжақты келіссөздер барысында ҚР ДКҰ-ға кірген кезде қабылдайтын нақты міндеттемелері, ұлттық заңнамасы ДКҰ Келісімдерінің ережелеріне сәйкес келтірудің өзекті мәселелері талқыланады, ішкі нарықты және отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаудың іс жүзндегі деңгейін айқындау бойынша ұсыныстар әзірленуде.

Қазақстанның кеден  қызметі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі белсеңді жұмысты жалғастыруда, Еурокеденмен, Еуропа Одағына мүше-мемлекеттердің кеден қызметтері бірлестіктерімен ұтымды ынтымақтастық етуде. Қазақстанға кедендік жүйені жаңарту жөніндегі басымды бағыттарды және жобаның концепциясын айқындау мақсатындағы жұмыс сапарымен Дүниежүзілік Банктің миссиясы келді.

Сондай-ақ жұмыстың негізгі  бағыттарының бірі ЕурАзЭҚ, ТМД, БЭК, ОЦАС шеңберлерінде ынтымақтастықты  одан әрі нығайту болып табылады. Біз кедендік заңнаманы, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау ережелері мен рәсімдерін біріздендіру, жалпы кедендік тарифті қалыптастыру, интеграциялық процестерді, тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын жеделдету бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз.

ҚР ҚМ КБК Бірыңғай экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Жоғары деңгейдегі топ сарапшыларының жұмысына белсеңді қатысады.

Үстіміздегі жылдаң 18 мамырында  Челябинск қаласында ҚР және РФ Президенттерінің қатысуымен Шекара маңындағы ынтымақтастық  форумы өтті. Біздің мемлекетіміздің басшысы қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен кедендік бақылауды өткізу үшін кеден пункттерінің санын көбейту бастамасымен сөз алды. Оларды енгізу қаржылық шығындарды екі есе, ал шекарадан өту кезіндегі тиісті рәсімдерден өту уақытын үш есе қысқартуға мүмкіндік беретін бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салу мәселелері талқыланды.

"Байқоңыр" кешенінің  50-жылдығына орай Қазақстан Республикасы  мен Ресей Федерациясы Президенттерінің  ресми кездесулері шеңберінде               2005 жылғы 2 маусымда Қазақстан мен Ресей кеден қызметтерінің басшылары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үстіміздегі жылдың                29 тамыз - 1 қыркүйек кезеңінде Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы кеден және шекара қызметтерінің өкілдері Ресей Федералды кеден қызметінің өкілдерімен кездесті, нәтижесінде келісілген мәтін және Бірлескен бақылау жөніндегі келісімнің ережелерін іске асыру үшін әдістер мен позицияларды біріңғай түсінушілік әзірленді.

 

3.2. Кеден саясаты ішкі және  сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі  ретінде

ТМД мемлекеттерінің  кеден заңдарының негіздерінде кеден  ісін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық реттеу принциптері анықталған. Сонымен  қатар негіздерге қайшы келмейтін  нормалар енгізуге рұқсат етілген. Бұнда  кеден саясатының мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі екендігі баса айтылады. Қазақстан Республикасының кеден саясаты Қазақстандық нарықты, отандық тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға, экономика, экспорт және импорттың орнын басатын өндірісті дамытуға, шетел инвестициясын тартуға, сауда саясаты мәселелерін шешуге және т.б. ықпал етуге тиіс. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Кеден саясаты кеден ісімен қатар кеден құқығының пәнін құрайды. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде оның экономикалық сипаттағы өзіндік заңды түрде анықталған мақсаты бар. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, шетел инвесторларын тарту, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруға ықпал ету, монополияға қарсы күресті және бәсекелестікті қолдау кеден саласы мақсатына енбейді. Сондықтан кеден ісінің мүмкіндігінеорай кеден саясатының нақты мақсатын айқындау керек. Үкіметтік деңгейде, тіпті жалпы мемлекеттік бағдарлама контекстінде кеден саясаты әлі күнге талқыланған емес. Кеден комитеті ұсынған 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған Кеден саясатының даму бағдарламасы да біраз кешігуде.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері