Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:43, курсовая работа

Краткое описание

Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Содержание работы

Кіріспе





1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.

1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы

1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару

1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі





2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар

2.1. Кедендік төлемдер және салықтар

2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу

2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі

2.4. Кедендік ресімдеу



3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері

3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері

3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде



3. Қорытынды



4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

кеден ісі курстық жұмыс.doc

— 395.50 Кб (Скачать файл)

Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзімін бұзуға әкеп соқпауға тиіс. 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде есепке қою  кезінде ресімделетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын және кеден органдарында есептік тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын  кеден органы мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғалар:

заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу куәлігін;

статистикалық басқарма беретін статистикалық  карточканың көшірмесін;

заңды тұлғаның банк шоты ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы;

салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асыруға ниеттенген жеке тұлғалар:

жеке тұлғаның жеке куәлігін;

салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы тапсырған жағдайда бір жұмыс күні ішінде береді.

Есепке алу үшін табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген мәліметтерді растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын берген кеден органына күнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті.

Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық көшірмесін және осы бапта көзделген кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс.

Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің құрылымын   кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті құжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мєлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.

Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша  көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рұқсат етеді. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды өткізбегені не бұрын өткізген  құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады.

Егер тауарлардың  кейінгі легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.

Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы құжаттардың көшірмелеріне  осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.

Келісім-шарттар, шот-фактуралар (инвойстар), көлік құжаттары, кедендік төлемдердің және салықтардың төленгенін растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға  тиіс және жүктің кедендік декларациясы  тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.

Бұл орайда кедендік ресімдеу мақсаттары үшін осы құжаттармен бірге декларант куәландырған көшірме тапсырылуға тиіс.

Жүктің кедендік декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына ќатар табыс етілуімен жүргізілуге тиіс:

1) декларанттың  өз атынан жүктіњ кедендік декларациясын беруге өкілеттігін растайтын  декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге шарт және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты;

2) кедендік ресімдеуге  жататын тауарларға меншік, билік ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты (келісім-шарты), кедендік ресімдеуге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану құқығына келісім не өзге құжат;

3) Қазақстан  Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді растайтын көлік құжаттары;

4) тауарлардың  кедендік құнын растайтын - шот-фактура (инвойс), шот-проформа, арнайы тізбе және тауарлардың кедендік құнын анықтау және мәлімдеу үшін көзделген өзге де құжаттар;

5) тауарлардың  шығуын растайтын - тауарлардың шығуы туралы декларация не тауарлардың шығуы туралы сертификат;

6) кедендік режимнің  талаптарына және кедендік төлемдерді жєне салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдерді жєне салықтарды төлеуді немесе олардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын: 

қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлемнің орындалуы туралы банктің белгісімен төлемдік тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – кеден органының, банктің  кассалық кіріс ордеріне берілетін түбіртек;

кедендік бажды, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзімді ұзартуды (мәулеттік төлеуді)  растайтын құжаттар;

7) тауарларды межелі жерге жеткізуді растайтын - тауарлар жеткізуді бақылау құжаты не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де құжаттар;

8) валюталық  бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын - Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар;

9) мәлімделген  кедендік режимдерге қарамастан, тауарларды әкелу кезінде стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растайтын - фитосанитариялық (карантиндік) сертификат, ветеринариялық сертификат. Көрсетілген сертификаттар оларға сертификаттар беру міндетті тауарлар үшін Ќазаќстан Республикасыныњ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда ғана беріледі;  

10) сыртқы экономикалық  қызметке қатысушының санатын  растайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы.

Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес құжаттарға қосымша мынадай құжаттар беріледі:

1) еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты; 

өлшеу құралдары  үлгісін бекіту туралы немесе өлшеу  құралдарын метрологиялық аттестаттау  туралы сертификат не Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес метрологиялық  қадағалау қолданылатын тауарлар үшін жұмыстар атқару шарты;

Қазақстан Республикасының  заңдарында және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарында көзделген  жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік  органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін – лицензия;

2) тауарлар экспортының  кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының  заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті  мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар:

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес лицензиялауға  және экспорттық бақылауға жататын  тауарлар үшін - лицензия;

3) тауарлар кері импортының кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан тауарларды әкетуді растайтын жүктің кедендік декларациясы;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға  өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

әкетудің кедендік баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін әкетудің кедендік баждары төленгенін растайтын құжат;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға  жататын тауарларға рұқсат;

4) тауарлар транзитінің  кедендік режимі:

осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік мөрлер мен пломбаларды қойып тауарларды тасымалдау үшін көлік құралын (контейнерді) жіберуді растайтын құжаттар;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға  жататын тауарлар транзитіне рұқсат;

5) кеден қоймасының  кедендік режимі - тауарларды сақтауға кеден қоймасының иесімен жасалған шарт;

6) бажсыз сауда  дүкенінің кедендік режимі - өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган таныған шетел сертификаты;

7)  кедендік аумақта тауарларды ќайта µњдеудіњ кедендік режимі - тауарларды ќайта µњдеудіњ талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;

8) еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі - тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;

9)  кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі:  

тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы қорытындысы;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;

10) тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:

тауарларды және көлік құралдарын әкету туралы міндеттеме;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

11) тауарларды жєне көлік ќұралдарын уақытша әкетудің кедендік режимі - тауарларды әкелу туралы міндеттеме;

12) еркін кеден  аймағының кедендік режимі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

13) еркін қойманың  кедендік режимі:

тауарларды  сақтауға еркін қойма иесімен жасалған шарт;

кәсіпорынның декларацияланатын тауарларды пайдалана отырып, өңдеу жөніндегі операцияларды өткізу мүмкіндігін растайтын технологиялық құжаттамасы;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

14) тауарлар кері экспортының кедендік режимі:

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде ресімделген жүктің кедендік декларациясы не уақытша сақтау орындарындағы тауарларды мәлімдеу кезіндегі қысқаша декларация;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға  жататын тауарларға рұқсат;

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда тауарлардың кері экспортына тауарларды шығарған елдің уәкілетті   органының рұқсаты болған  жағдайларда кері экспортқа жол берілетін  кезде – осындай рұқсат;

15) тауарларды  жоюдың кедендік режимі - тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

16) мемлекет  пайдасына тауардан бас тартудың  кедендік режимі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;

Декларант белгіленген тәртіппен толтырылған жүктің кедендік декларациясын оның электрондық көшірмесімен бірге, сондай-ақ кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды  кеден органына береді.

Жүктің кедендік декларациясы мен кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды кеден органының қабылдаған күні мен уақыты  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайтын тәртіппен ресімделіп, қоса берілетін құжаттардың тізімдемесінде көрсетіледі және  кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады. Куәландырылғаннан кейін тізімдеме декларантқа қайтарылады.

Кеден органының:

1) декларацияны  декларант болып табылмайтын  тұлға берген;

2) декларацияда  белгіленген тәртіпке сәйкес талап етілетін мәліметтер көрсетілмеген;

3) декларацияға қол қойылмаған не тиісінше куәландырылмаған немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаған;

4) декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік баждар және салықтарды төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік тµлеу мерзімін беру, сондай-ақ есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдер жєне салықтар төленбеген не олардың төленуі қамтамасыз етілмеген;

5) олар туралы мәліметтер жүктің кедендік декларациясының арнаулы бағанында  көрсетілетін құжаттар түгел берілмеген жағдайларды қоспағанда, жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

Жүктің кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден  бас тарту жүктің кедендік декларациясын қабылдаған кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды адамы жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын толтырады және берілген құжаттармен бірге, көрсетілген бас тарту парағын жүктің кедендік декларациясын берген тұлғаға тапсырады.

Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеу нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Қабылданған жүктің кедендік декларациясы  тіркелген уақыттан бастап заңды күші бар құжат болып табылады. 

Кеден органының  рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясында мєлімделген мәліметтер өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, ал кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясы қайтарып алынуы мүмкін.

Кеден органы декларанттың өтінішін алған кезде жүктің кедендік декларациясын тексеруді аяқтамаған немесе тауарларды қарауды бастамаған жағдайда жүктің кедендік декларациясында мєлімделген мәліметтерді өзгертуге және толықтыруға рұқсат етеді.

Жүктің кедендік декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу саласын кеңейте немесе қысқарта алмайды, кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясында көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерден басқа мәліметтерді беруге әкеп соқпайды.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері