Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:43, курсовая работа
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.
Кіріспе
1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару
1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі
2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар
2.1. Кедендік төлемдер және салықтар
2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу
2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
2.4. Кедендік ресімдеу
3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері
3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері
3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
берешек сомасына өсімпұл есептеу;
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлкіне билік
4) мынадай тәртіппен:
төлеушінің банк шоттарындағы ақшасы есебінен;
төлеушінің қолма-қол ақшасы есебінен;
төлеушінің дебиторлары есебінен;
төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкер мен заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.
Берешек туындаған кезде төлеуші өсімпұл төлейді.
Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде есептеледі.
Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді.
Өсімпұлды төлеу, өндіріп алу және қайтару кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге, өндіріп алуѓа және қайтаруға ќолданылатын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Берешек пен өсімпұлды өтеу туралы хабарлама белгіленген мерзімде төленбеген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасы туралы, сондай-ақ кедендік төлемдердіњ, салықтар мен өсімпұлдардың төленбеген сомасын осы хабарламада белгіленген мерзімде өтеу міндеттемесі туралы төлеушіге жіберілген кеден органының жазбаша хабарын білдіреді.
Хабарламада оны ресімдеу үшін негіздеме, сондай-ақ төлеуші хабарламаны орындамаған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы тиіс.
Хабарлама төлеушіге
оны әкімшілік немесе қылмыстық
жауапкершілікке тартуға
Хабарлама берешектің туындау
фактісі белгіленген күннен бастап
бір айдан кешіктірмей
Хабарлама төлеушіге өз қолын қойғызып немесе хабарламаны жіберу және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылуы тиіс.
Төлеуші хабарламаға шағымдануды көзделген тәріппен және мерзімде жүргізеді.
Хабарламадағы талаптарды орындау мерзімі, төлеушінің осындай хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, төлеушіге хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
Шағымдану жағдайларын қоспағанда, осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде хабарламадағы талаптарды орындамаған кезде кеден органдары сәйкес іс-әрекеттер жасайды.
Хабарламаның нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Хабарламадағы талаптар орындалмаған кезде, кеден органы қайтаруға тиісті артық төленген сома есебінен не депозит есебінен берешек пен өсімпұлды өндіріп алуға құқылы.
Кеден органы осы бапқа сәйкес өндіріліп алынған берешек пен өсімпұлдар туралы өндіріп алу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.
Артық төленген сомаларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Артық төленген сома не депозит берешек пен өсімпұлды өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі шығарылады.
Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, берешек пен өсімпұлды өтеу жөніндегі операциялардан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.
Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сөзсіз орындауға тиіс.
Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде берешекті және өсімпұлды өтемеген жағдайда, төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу жүргізіледі.
Төлеушінің мүлкіне билік
Төлеушінің мүлкіне билік
Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап оны жойғанға дейін жалға алушы мен кепіл ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.
Осындай шешімнің негізінде кеден органы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы салық төлеушіге ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысанда билік ету шектелген мүліктің тізімдеме актісін жасайды.
Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік есебінің деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актілеріне сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айќындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жасалады және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.
Кеден органы мүлікке
билік етуді шектеу туралы шешім
мен мүліктің тізімдеме актісін
бір-бір данадан төлеушіге
Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін мүлікке билік етуді шектеудің себептері жойылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешім шығарған кеден органы жояды.
Белгіленген мерзімдер ішінде төлеуші берешек пен өсімпұлды өтемеген жағдайда, кеден органдары жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан даусыз тәртіппен ақша өндіріп алу туралы шешім шығарады.
Даусыз өндіріп алу туралы шешім төлеушінің шоты ашылған банкке қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және мемлекеттік бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін жіберу нысанында қабылданады.
Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассалық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.
Шоттардан даусыз тәртіппен берешекті және өсімпұлды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан берешек пен өсімпұлды шетел валютасымен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті сомаға барабар сомада жүргізіледі.
Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.
Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргізіледі.
Кеден органының төлеушіден бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша көрсетілген қолма-қол ақшаны, оның ішінде шетел валютасымен де көрсетілген қолма-қол ақшаны алып қоюы берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.
Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алуды кеден органы хабарлама негізінде жүргізеді.
Қолма-қол ақшаны алып қою Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысан бойынша алып ќою туралы актімен ресімделеді.
Төлеушіден алынған
қолма-қол ақша алынған күннен бастап
бір жұмыс күнінен
Төлеушінің – жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, кеден органы пайда болған берешек пен өсімпұл шегінде төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте, төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өтеу есебіне, шарттарға сәйкес осы кезде дебитор төлеушінің алдындағы дебиторлық берешек сомасы ретінде танитын сома шегінде, олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріліп алынатыны туралы дебиторларға хабарлама жіберіледі.
Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаны алған күнге төлеушімен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысулардың салыстыру актісін хабарламаны жіберген кеден органына табыс етуге міндетті.
Төлеуші мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер:
1) төлеуші мен оның
дебиторының атауы, олардың
2) төлеуші мен оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;
3) төлеуші мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;
4) төлеуші алдындағы дебитор берешегінің сомасы;
5) төлеуші мен оның
дебиторының заңды мекен
6) салыстыру актісі жасалған күні болуға тиіс.
Өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің негізінде кеден органы дебитордың банк шотына төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.
Дебитор-төлеушінің банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы белгіленген талаптарға сәйкес төлеушінің берешек және өсімпұл сомасын өндіріп алу туралы кеден органы шығарған инкассолық өкімді орындауға міндетті.
Ресімделген өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі болған жағдайда, кеден органы хабарламаны тапсырған кезден бастап тоқсан жұмыс күні ішінде дебитордың банк шотына берешек пен өсімпұлды өндіріп алу туралы инкассолық өкім ұсынуға құқылы.
Кеден органдары төлеушінің банк шоттарында ақша болмаған, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, төлеушінің келісімінсіз берешек және өсімпұл шегінде жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның билік етуі шектелген мүлкінен өндіріп алуға құқығы бар.
Төлеуші шектеу алып тасталғанға дейін билік етуі шектелген мүліктің сақталуын және оның тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, төлеуші билік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша шығындарды өтеуге міндетті және көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеті үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Билік ету шектелген мүлікті өткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Егер төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізгеннен кейін берешек пен өсімпұл өтелмесе, кеден органы берешек пен өсімпұл туралы, өндіріп алудың қабылданған шаралары туралы төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына ақпарат жібереді.
Берешек пен өсімпұлды
өтеу кезектілігі Қазақстан
2.4. Кедендік ресімдеу
Кедендік ресімдеу
кеден ісі саласындағы
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.
Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына;
2) осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;
3) тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.
Кедендік рәсімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және жеткізілетін елге қарамастан бірдей қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу - кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды кеден органына берген, ал көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша мәлімдеуі не кедендік ресімдеуді жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезінен басталады.
Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері