Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:43, курсовая работа
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.
Кіріспе
1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару
1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі
2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар
2.1. Кедендік төлемдер және салықтар
2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу
2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
2.4. Кедендік ресімдеу
3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері
3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері
3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы мүмкін.
Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін сәйкес қажетті кедендік операциялар жасалғаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер жєне салықтар есептеліп, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу деп танылады.
Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
Тауарларды алушы, жіберуші не олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген кеден органының қызметі аймағынан тыс жерде тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жүзеге асырылған кезде декларант басқа кеден органының қызмет аймағында кедендік операциялардың жасалғаны туралы хабарлама беруге міндетті.
Хабарлама берілген кезінен бастап төрт сағаттан аспайтын мерзімде кеден органында тіркелуге тиіс. Хабарламаны тіркеу нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген тұлғалар кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге міндетті.
Кеден органдары орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы.
Кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде құжаттарда кеден органдарының шешімдерін қабылдауға әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық қателер болуы себепті құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар электронды түрде берілуі мүмкін. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тауарлар мен
көлік құралдарына қатысты
Тауарлар мен
көлік құралдарына қатысты
Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкін жағдайларды белгілеуге құқылы.
Тауарлармен жасалатын жүк және өзге де операциялар кеден органдарының рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін және кеден органы үшін қандай да бір қосымша шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік ресімдеу аяқталмаған болса, оларды пайдалануға және оларға билік етуге жол берілмейді.
Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар, олардың өкілдері, сондай-ақ кеден органымен келісе отырып, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алуы мүмкін.
Сынамалар мен үлгілер осы сынамалар мен үлгілерді зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерлерде іріктеп алынады. Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша акт жасалады.
Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алған кезде қатысады.
Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардыњ сынамалары мен үлгілерін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар және олардың өкілдері іріктеп алған кезде қатысады.
Аталған тұлғалар және олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде жәрдем көрсетуге, соның ішінде сынамалар мен үлгілер алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен жүзеге асыруға міндетті.
Кеден органдары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне өткізілген зерттеу нәтижелері туралы хабардар етілуге тиіс.
Кеден органдары тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейді.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін, оларды зерттеу мерзімі мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына табиғи зілзаланың, авариялардың, апаттардың зардаптарын жоюға қажетті тауарларды, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, экспресс-жүктерді, ізгілік және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат мақсаты үшін хабарламалар мен материалдарды және осы тектес басқа тауарларды әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік ресімдеу басым тәртіпте жүргізіледі.
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған көлік-экспедициялық ұйымдар жетпіс екі сағат ішінде алушыға дейін жеткізу мақсатында көліктің кез келген түрімен өткізілетін тауарлар экспресс-жүк деп танылады.
Кедендік ресімдеудің басым тәртібінде жүктің толық кедендік декларациясын кеден органына кейіннен бере отырып, уақытша кедендік декларация ретінде қаралатын өтініш және тауардың ілеспе құжаттарын беру көзделеді.
Өтініште тауарларды жіберушілер мен алушылар, тауарлар жіберетін және жеткізілетін елдер туралы мәліметтер, тауарлардың атауы, сипаты, саны, брутто салмағы және құны, тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ, мәлімделетін тауарларды орналастыру болжанатын кедендік режим туралы мәлімет, жүктің кедендік декларациясын, кедендік мақсат үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді белгіленген мерзімде беру туралы міндеттеме болуға тиіс.
Жүктің толық кедендік декларациясы тауарлардың шартты шығу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей кеден органына беріледі.
Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың өтініші мен тауардың ілеспе құжаттарын кеден органы тіркеген күні қолданыста болѓан нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
Кедендік төлемдер жєне салықтар салынатын тауарлар кедендік төлемдердіњ жєне салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда ғана басым тәртіппен ресімделеді.
Авариялық жағдай туындаған кезде электроэнергиясы берілген жағдайда авариялық жағдай туындаған кезден бастап үш тәулік ішінде кеден органына берілетін диспетчерлік өтінімді уақытша кедендік декларация деп қарауға болады.
Кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру үшін қажетті мәліметтердің ең аз көлемі берілген кезде тауарлар мен көлік құралдарын шығаруды көздейтін, тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.
Тауарлар сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдырылғаннан басқа жағдайларда, олар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген, кедендік режим өзгерген кезде кеден органдарында декларациялануға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында өзгеше белгіленбесе, тауарларды декларациялау тауарларды кедендік ресімдеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргізіледі.
Кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган
Мына тұлғалар:
1) қазақстандық тұлғалар;
2) шетелдік жеке тұлғалар (оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде);
3) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік тұлғалар;
4) Қазақстан
Республикасының аумағында
Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды декларациялау және өзге де кедендік операциялар жасау барысында декларант:
1) Қазақстан
Республикасының кеден
2) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау өткізгенде, олар сынамалар мен үлгілерді іріктеп алған кезде қатысуға;
3) кеден органдары іріктеп алған сынамалар мен үлгілерге жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысуға;
4) өзінің құқығы бұзылған жағдайда кеден органдарының шешіміне, кеден органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Декларант:
1) тауарлар мен көлік құралдарына декларация жүргізуге;
2) кеден органының
талабы бойынша декларацияланат
3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге;
4) кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге немесе олардың төленуін қамтамасыз етуге;
5) кеден органдарының өзге де талаптарын орындауға міндетті.
Декларант:
1) кедендік декларацияда және өзге де ұсынылатын құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі үшін;
2) кедендік төлемдерді және салықтарды төлемегені үшін;
3) Тауарларды декларациялау кезінде көзделген құжаттарды уақтылы ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Кеден органына кедендік декларацияны бермегені үшін тауарларды өткізетін тұлға немесе шарт бойынша осы тұлға уәкілеттік берген кеден брокері жауапты болады.
Кеден брокері кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде кеден брокеріне кедендік мақсаттар үшін берілген қажетті мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшін беруші тұлға жауапты болады.
Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысан бойынша (жазбаша, ауызша, конклюденттік, электрондық) мәлімдеу жолымен жүргізіледі.
Тауарларды декларациялаудың нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді жєне салықтарды есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай түрлері қолданылады:
1) жүктің кедендік декларациясы;
2) жолаушының кедендік декларациясы.
Жүктің кедендік декларациясы – декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат. Жүктің кедендік декларациясы мынадай жағдайларда, егер:
1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық есептік көрсеткіштен асса;
2) тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе;
3) өзге де жағдайларда беріледі.
Жүктің кедендік декларациясы алдын ала декларациялау кезінде, сондай-ақ уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолданылуы мүмкін.
Жүктің кедендік декларациясын уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолдану жағдайлары көзделген тәртіппен белгіленеді.
Еркін нысанда жасалған өтінішті және (немесе) тауарларды бірдейлендіру және шығару үшін қажетті мәліметтері бар көліктік, коммерциялық құжаттарды жүктің кедендік декларациясы немесе уақытша кедендік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.
Жолаушының кедендік декларациясы – Қазақстан Республикасының Кедендік Кодексінде көзделген оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін жеке тұлға толтырып, кеден органына беретін құжат.
Кедендік декларациялардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы тауарды межелі кеден органына табыс ету күнін қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі.
Егер жүктің кедендік декларациясын беру мерзімінің аяқталуы кеден органының жұмыс істемейтін күніне орайлас келсе, кеден органының одан кейінгі жұмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып саналады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысќары жерлерге әкетілетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы оларды нақты әкетуге дейін беріледі.
Декларанттың дәлелді өтініші бойынша кеден органы жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзартады. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік төлемдердіњ жєне салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органдарында жүзеге асырылады.
Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері