Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:43, курсовая работа
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.
Кіріспе
1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару
1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі
2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар
2.1. Кедендік төлемдер және салықтар
2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу
2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
2.4. Кедендік ресімдеу
3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері
3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері
3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» АҚ
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
«Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы
кеден төлемдері»
Қабылдаған: Дулатбекова Ж.А.
Астана
2008 жыл
Жоспар:
1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару
1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі
2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар
2.1. Кедендік төлемдер және
2.2. Кедендік төлемдерді және
2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
2.4. Кедендік ресімдеу
3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері
3.1. Қазақстан Республикасының
3.2. Кеден саясаты ішкі
және сыртқы саясаттың
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
тізімі
1. Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алып,егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұры-лымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келеді. Осындай басты бағыттардың бірі – кеден жүйесі.
Кеден ісі саласы –
Қазақстан Республикасының
Белсенді сыртқы сауда
саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның
экспорттық-импорттық
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.
Келесі бөлімінде, яғни екінші бөлімінде – мемлекетіміздің бюджетінің қалыптасуындағы осы кеден төлемдері мен салықтардың алатын орны, оларды есептеу, төлеу мерзімдері мен тәртібі, кедендік ресімдеу мен бақылау, кеден баждарын жинау механизмі көрініс табады.
Соңғы бөліміне келмек болсақ, бұл бөлімде кеден ісі дүние жүзілік деңдейде қарастырылады. Қазақстан Республикасының кеден саясаты шет елдердің кедендік саясатымен салыстырмалы түрде көрсетілген. Осы жерден біз еліміздің кеден ісінің барлық ерекшеліктері мен кемшіліктерін байқаймыз.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы.
Қазақстан Республикасындағыкеден төлемдерінің жағдайын Алматы қаласы жіне Алматы облысы кеден басқару бөлімшесінің жүйесінде қаратырсақ.
Бөлім құжаттары.
Жұмысты ұйымдастыру.
Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар. Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік қызмет Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.
Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кедені және кедендік бекеттері бар.
Қазақстан Республикасында кедендік саясатты жүзеге асырушы орган- қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі» Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.
«Кедендік іс жөніндегі» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік басқарма және еркін экономикалық аймақта орналасқан 2 дербес кедендік органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.
Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік: Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы.
Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі осы органдар жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамсыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшелінеді.
Орталық кеден органы кедендік қызметінің барлық мәселелерімен айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық құрылымның негізін құраушы элемент болып кеден есептелінеді.
Кеден дегеніміз – кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген жіне тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.
Кедендік органдар жүйесі.
Орталық Кедендік орган
Кедендік қызмет Басқармасы
Кеден
Кедендік бекеттер
Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергілікті әкімшілікке тәуелсіздігі төмендегі жүйені құрудың айрықша белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының кедендік органдар жүйесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік табыстық
министрлігінің кеден комитеті
Кедендік басқарма
Кеден
Кедендік бекеттер
Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуелділіктің жоқ болуы – жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөліігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.
Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің – біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы , яғни төменгі органдарының жоғары органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы – Кеден крмитеті.
Кеден органдарының негізі қызметтері:
Негізгі функциалардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.
Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және кедендік қызметке тікелей жетекшілік етеді.
КР Кеден комитеті
экономиканың әр түрлі
Кедендік басқармалар – орталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арсындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын болып табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетінің міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы кедендік іске ғана жетекшілік етеді.
Қазақстан Республикасының кедендері – кедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізін құрайды.
Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері