Қасақаналық және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:09, курсовая работа

Краткое описание

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................
I. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі...............................................
1.2 Ағылшын мақал-мәтелдерінің зерттелуі.................................................
1.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
II. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР..................................................................................
2.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің классификациясы....................
2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары..................................................
2.3 Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал-мәтелдерді аудару тәсілдері............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
ҚОСЫМША.........................................................................................................

Содержимое работы - 1 файл

ОРИГИНАЛ ДИПЛОМ.docx

— 123.69 Кб (Скачать файл)

Тіл-тілдегі  идиомдардың бәрі де құрастырушы сыңарлардың жеке-жеке алғандағы магынасынан тыс тұтас мағына беретін, жеке лексема тәріздес номинативтік мағынаға ие бірліктер екені белгілі. Оның үстіне идиомда ұлттық колориттің қалың болатыны тағы бар. Бұлар әуел баста шыққанда компоненттердің жеке-жеке ауыспалы мағынадажұмсалып, қазіргі күйде қалыптасып кеткен. Идиомдарда көнерген создердің, реалий сөздердің жиі кездесетінін байқауға болады. Осы тұргыдан келгенде, идиомдарды басқа тілге дәлме-дәл жеткізудің мүмкіндігі азая түседі. Бұған қоса бір тілдің идиомасын басқа тілге тұрақты соз тіркесі етіп аударудың мүмкіндігі шамалы.

Тұтас адамзаттың бөлшегі ретіндегі кез келген халықтың өміріндегі ұқсас тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде туған фразеологизмдерді бір-біріне дайын балама ретінде пайдалануға болады. Өйткені ұлт-ұлттың ойлауы, елестетуінде ұқсастық болуы - заңды нэрсе. Осы тұрғыдан алғанда, кейбір фразеологиялық тіркесті аудару, тіпті, мүмкін емес. Сондықтан бүндай жағдайдағы ұтымды да оңтайлы әдіс - дайын фразеологизмдермен алмастыру. Мысалы: ағама жездем сай - два сапога пара; из одного теста; на один покрой. Малтасын езу - чесать языком, төбесі көкке жеткендей болу - (быть) на седьмом небе, кежегесі кейін тарту — душа не лежит, зарубить себе на носу — жадында ұстау; попадать на седьмое небо - төбесі көкке жету, ац түйенін карны жарылу - пир горой т.е.с. Бұл жерде, тағы айтамыз, қадағалайтын құбылыс - тағы да контекст.

Тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді (фразеологиялық сойлемшелерді) аудару. Қай тілде болсын фразеологиялық тізбектер мен сөйлемшелер метафоралық жолмен жасалатыны белгілі. Мұндай тізбектер идиомаларға қарағанда құрамындағы компоненттерінің мағынасынан ажырау, жартылай айырылу жағынан ерекшеленеді. Фразеологизмдерді кең де тереңдей зерттеген І.Кеңесбаевтың пікірінше, «Фразеологиялық түйдек (идиом.- Ж.Ж.) пен фразеологиялық тіркестер тілдегі қолдану сәтіне қарай бағзы уақыт бірінің орынына бірі жүріп, ауысып отырады. Бұл екеуінің кей ретте шегін белгілеп, ажыратып алудың өзі қиын./16,.22/+Осы тұрғыдан қарағанда, бұларды аударуда идиомдарга байланысты қолданылатын тәсілді назарда ұстауға да тура келеді. Өйткені фразеологизмдердің бұл түрлерінде де ұлттық бояу болатыны анық, сондықтан оны дәлме-дәл аудару көздеген мақсатқа жеткізе бермейді. Мысалы: слона-то не приметили дегенді көрмес - пілді декөрмес деп аударғаннан гөрі көрмес - түйені де көрмес деп қазақшалаған тиімді болар еді. Сол сияқты палец об палец не ударить деген тіркесті сөзбе-сөз саусағын саусағына соқпау дегеннен гөрі қазаққа екі қолын қусырып отырудың немесе бұрау басын сындырмау дегеннің, делать из мухи слона деген тіркесті шыбынды пілдей ету дегеннен гөрі контекске қарап түймедейді түйедей ету дегеннің бейнелік мәні күшті болады.

Метафоралық тұрақты тізбектердің құрамына енген сөздер белгілі бір дәрежеде өзінің тура немесе ауыспалы мағынасын сақтай алады. Сондықтан бұларға дайын балама іздеу түпнұсқаның стильдік реңін, контекстік мәнін бұрмалауы да мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, оларды аударуға тура келеді. Мысалы: Беречь, как зеницу оқа - көздің қарашығындай сақтау; Утопающий хватается за соломинку - Суға кеткен тал кармайды; Кусать себе палец - Бармағын тістеп қалу; Көзге шыққан сүйелдей - Как бельмо на глазу; Иттей ыза болу - Злиться как собака; Ит біле ме - Пес его знает т.с.с.

Мақал-мәтел, қанатты сөздерді (крылатые вырежения) аударуда өзгеше амалдар іздеуге тура келеді.

Тілдегі мақал-мәтелдер де белгілі бір дәрежеде тұрақты сөз тіркесіне жатады, ғалымдардың бұларды фразеологиялық сөйлемшелерге жатқызуы да тегін емес. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді жақындастыратын белгі ретінде оларға ортақ мынандай құбылыстарды атауға болады:

1. мақал-мәтелдер де, фразеологизмдер де сөйлеуде дайын күйінде (аздап грамматикалық өзгерістерге ұшырауы да мүмкін) қолданылады;

2.екі  біаліктің де құрастырушы сыңарлары тұрақты, бұл сыңарлардың орынын қалай болса солай ауыстырып жұмсауға болмайды;

3.кейбір  фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де құрастырушы сыңарларының лексикалық мағынасын сақтап тұрады;

4. фразеологизмдер сияқты макал-мәтелдерде де ұлттық колорит болады;

5.мақал-мәтелдерде де, әсіресе, тұрақты сөз тіркестерінде де образдылық, метафоралық мән болады.

Сонымен қатар бүлардың арасында елеулі айыр-машылықтар да бар:

1.оның бастысы - мақал-мәтелдерде сөйлемдік қасиет болғандықтан, олар коммуникативтік қызметке ие болса, тұрақты сөз тіркестері, негізінен, бейнелеуіштік-номинативтік қызметке ие болып тұрады;

2.  мақал-мәтелдерде үлгі-өнегелік, нақылдық, өсиеттік маңыз болса, фразеологизмдерде бейнелеуіштік қана мән болады;

3.  мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры болып есептеледі, яғни бұларда көркем әдебиеттің сипаты баршылық, ал фразеологизмдер, негізінен, таза тілдік құбылыстардың қатарына жатқызылады (Еске тусіру артық болмас, Халел Досмұхаммедұлы тұрақты сөз тіркестерін де ауыз әдебиетінің бір түрі деп есептеген);

4. мақал-мәтелдер әрбір жеке жағдайға байланысты туса, қолданылса, фразеологизмдерден мұны байқау қиын.

Сонда, мақал-мәтелдерді басқа тілге жеткізуде ескеретін жайттар - мақал-мәтелдерде ауыспалы мағына болатындығы, ұлттық колорит, реалиялық сипатын сақтауға тырысу, көркем әдебиет түрі болгандықтан, оның сол қасиетін - ұйқасы мсн ырғағын, дыбыс үйлесімдерін жеткізуге тырысу.

Зерттеушілердің әрқайсысы мақал-мәтелдерді аударуды өзінше топшылап, жинақтаса да, бұл мәселеде қарама-қайшылықтан гөрі пікір тоқайласуы басым. Сондықтан олардың әрқайсына тоқталып, талдау жасауды артық керем із.

Жоғарыда  айтқандай, сол мақал-мэтелдерді қолданып жүрген халықтың мінез-машығы, әдет-ғұрыбы, салт-санасы, тұрмыс-жайы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани ерекшеліктері оздерінің мақал-мәтелдерінде көрініс беріп отырады. Бұл жағынан, аударма мәселесіне келгенде мақал-мәтелдер реалияларға, идиомдарға үқсап кетіп отырады. Осы себеппен келгенде, мақал-мәтелдерді аударуда идиомдарды қолданылатын тәсілдерді де ескеруге тура келеді.

Мақал-мәтел  компоненттері өзінің лексикалық мағынасын сақтайтынына орай, екіншіден, мақал-мәтелдің басқа ұлтық екенін ескеріп оларды дәл аударуға да тура келетін кез келді.

Аударма жүзесінде мүндай жағдайда - екі  тілде де ұқсас мақал-мәтелдер болган жагдайда - түпнұсқаға адал болу мақсатымен жэне олардың басқа халықтікі екенін андату үшін дайын балама алу емес, аудару арқылы жеткізу де қолданылып жүр. Әрине, бұл жерде аудармашының назарынан түпнүсқаның стильдік бояуы, контекстік мәні тыс қалмауга тиісті. Мәселен, орыстың Лучше поздно, чем никогда дегеніне қазақша Игіліктің ерте-кеші жоқ деген балама бола тұрса да, оны Ештен кеш жақсы деп аударып, бұл аударма мақал осы күні қазақ тіліне сіңіп кетті. Сондай-ақ жоғарыдағы Ложка дегтя портит бочку меда дегенді осы мақсатпен Бір қасық қара май бір бөшке балды бүлдіреді деп аударуды жөн көретін пікір бар (Сәрсенбаев Р. Көрсетілген мақалада).

Зерттеушілердің талдауларына жүгінсек, мақал-мәтелдерді аударудың төменде көрсетілгендей жолдары бар. Енді соларға жеке-жеке тоқталайық.

Бірінші тәсіл. Өзге тілдегі мақал мен мәтелдің образды астарын жоғалтпай, лексикалық құрамын, стильдік оңін, құрылымын сақтап аудару, ягни калька жолымен жаңа мақал я мәтел жасау. Мұндайда мақал-мәтелдердегі ұлттық, тарихи фактілер, географиялық атауларды сақтау кездеседі. Мәселен, Мәскеу бір күнде салынбаған деген тәржіма - Москва не один день строился деген мақалдың калькасы, егер «Москва» урбонимін өзгертсек, мақалдың орыс халқынікі екенін аударма оқырманы байкамаған болар еді (Тілтанушылар бұл макалдың озінің латыннан аударылып келгенін айтады. Алғашқы түпнұсқасы Рим не один день строился екен). Сол сияқты Абылай аспас асу дегенді Даже хану Абылаю не посте деп аударғанды аудармашының ауызша сөйлеуінен естідік. Осы тәсілмен аударылған мақал-мәтелдерге біраз мысал:                                                                                                        

Өгізге мінгенге ит өш,

Адалын айтқанга жүрт өш;

 

Қасқыр да тоқ,                                                               

Қой да аман;

 

Кешкі ақылдан таңғы мақұл жақсы;

 

Жақсы әйел - тac қорған,

Жаман әйел - сордан;

 

Берерменге бесеу көп,

Аларманга алтау аз. -

 

Іріген  ауыздан шіріген сөз шығады. - Изо рта гнилого и гнилое слово т.с.с. мақалдар мен мәтелдер аудармалары жетіп артылады.

Кейбір  мақал-мәтелдердің аударма тілде  мағынасы сай келетін жуықтастығы  болса да, түпнүсқалык қасиетін сақтау үшін оларды аударып береді. Мысалы, Қолымен істегенді мойынмен көтер деген баламасы бола тура, оны Ауыр жүкке жегілме, жегілсең, егілмедеп аударуға болады. Сондай-ақ, (Қойшының қызы, кой келгенде, іс тігеді) — Іс - уақытында, сайран — сағатында; (Кеңесіп пішкен тон келте болмас)—Жеті өлшеп, бір кес (Аудармалар М.Әлімбаевтікі) т.е.с.

Екінші тәсіл бойынша аударуда мазмұн, қорытынды түйін сәйкес келгенмен, компоненттердің лексикалық мағынасына өзгерістер енгізіледі, бейнелеу тәсілі басқаша болады, эрине, формалық өзгерістердің болуы әбден мүмкін. Мұндай аударма мақалдардың жаттығы көзге көрініп тұрады, ұқсастықтан да ада емес. Мысалы:

 

Қасқырды  сұрлығы үшін емес, ұрылығы үшін ұрады;

 

Әлдеқайдан  жаңғырып, білмей қалды аңырып;

Екі түйе қасысса, ортасында шыбын өледі  –

 

Таспен жапалакты ұрсаң да, жапалақ  өледі,

Жапалақпен  тасты ұрсаң да жапалақ өледі.-

 

Бұл мысалдардың біріншісінде «қасқырдың койды жеп қойғаны» түсіп қалса, екіншісінде «аңырып» деген сөз қосылып тұр, үшіншісінде «өледі» сөзі «будет худо» болып өзгеріп тур, төртінші мысалда «ур» етістігі «упал (түсіп кету)» етістігімен алмастырылып тұр. Әрине, бұл тәсілде мақал мен мәтелдің поэтикалық шығарма екендігінің орыны бөлек.

Үшінші тәсіл. Бір халықтың тілінде келесі бір  халықтың тіліндегі мақал-мәтелдерге образдылығы, мән-мазмұны, салт-сананы бейнелеуі жағынан ұқсас, балама болып келетін жарыспалы түрде екі тілде қолданылып жүрген мақал-мәтелдер де болады. Әрине, бұл типтік, қайталанып отыратын тұрақты кұбылыс емес. Екі халықтың мақалдарында өзгеше бояу бейнелеу тәсілі болуы - заңды нәрсе. Бұндайда мақал-мәтелдердің стильдік реңкін, контекстегі рөлін есепке алып өзге тілдегі дайын мақал-мәтелдермен алмастыруға болады.

Кейбір тәжірибеден байқагандай, бұларды аударуда да идиомға қолданылган тәсілдер алмастыру да, аудару да қолданылатыны байқалады. Мысалы: плакать навзрыд -ойбай салу; ақ жүрек - душа нараспашку; одержать верх — мерейі үстем болу; ақ көңіл - добрый малый; қысыр әңгіме -язык поточить т.б. Аударылуға мысалдар: принять присягу - ант қабылдау; потерять доброе имя - жақсы атын жоғалту; аты шыққан адам - человек с громким именем; бір құдайга аян - одному богу известно т.c.c.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

"Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты" деп аталған  тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды. Этнолингвистика ғылымының бастау алуы, қалыптасу кезендері, қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалды.

Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады:

-  мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі   ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым, қорытынды пікір жасалмайды;

- ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады;

- мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады;

- мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан   "дайын" материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді;

- этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың жалпы тіл білімінде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердің тілдік сипатын сараптап қана қою жеткіліксіз, олардың ұлттық ерекшеліктерін, этнолингвистикалық сипатын ашу — бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі;

- мақал-мәтелдердің  этнолингвистикалық табиғатынайқындауда Табиғат - Адам - Қоғам" деп аталған үш бірлестікгі қамтитын идеографикалық классификация тиімді;

- бірқатар қазақ және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды, абсолютті эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі;

- ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі, не бірнеше тармақты болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады;

Информация о работе Қасақаналық және оның түрлері