Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:09, курсовая работа
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
КІРІСПЕ..................................................................................................................
I. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі...............................................
1.2 Ағылшын мақал-мәтелдерінің зерттелуі.................................................
1.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
II. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР..................................................................................
2.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің классификациясы....................
2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары..................................................
2.3 Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал-мәтелдерді аудару тәсілдері............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
ҚОСЫМША.........................................................................................................
Артына
өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың
бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы
"A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs
in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін
1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ,
1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер
жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын
шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica
Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes",
1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia
Anglo-Latina", 1640 жылыДж. Хербергтің "Outlandish
Proverbs", 1659 жылыДж. Хауэльдің "Proverbs",
1670, 1678 жылдарыДж. Рэйдің 'English
Proverbs" аттыенбектеріжарықкөрді.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С.И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін тұстардың бірі — аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі — Т.Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын ММ-дерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саnnоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы*: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right і ( (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе сиstоmег іs аlways rіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар[9,257].
Сонымен,
ағылшын тіліндегі мақал-
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылгөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады[10, 175].
Ағылшын
зерттеушілері аталмыш
"Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).
Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен.
Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn". (с.с.а.: Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген[11, 152].
Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбекгің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпаққа еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады,
1.3 Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
Дүниежүзіндегіғылымдармен, оның ішінде, тіл білімі салаларымен салыстыра алғанда, этнолингвистика — теориялық, әдістемелік тұрғыдан әлі де болса нақты қалыптаса қоймаған, анықталған тұстарынан гөрі, күңгірт жағы басымдау түсетін ғылыми бағыттардың бірі. Зерттеу нысаны ортақ, яғни "тіл мен мәдениет", олардың өзара байланысы, бір-біріне ықпалы болып табылатын, зерттеудегі әдіс-тәсілдері, теориялық қағидалары мен негіздері көп жағдайда ұқсас болып келетін этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының ара-жігі әлі де болса айқын ажыратылмауы, дәлелден гөріболжамның көбірек айтылуының өзі осы пікіріміздің айғағы іспеттес.
Этнолингвистиканың пәні, зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері тәрізді мәселелер отандық және шетел ғалымдарын ойландырып келгені белгілі. Олар тарапынан берілген сипаттамалар кейде бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырса, кей тұста ауқымын, қолданыс аясын тарылтып, екіұшты пікір қалыптастыратындығын да жоққа шығаруға болмайды. Енді солардың бір-екеуіне тоқталып өтейік.
Британ энциклопедиясында берілген анықтама:
"Ethnolinguistics, that part of anthropological linguistics concerned with the study of the interrelation between a language and the cultural behavior of those who speak it"[12,209].
Қазақшасы: Этнолингвистика — тіл мен сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениеті арасындағы арақатынасты зерттейтін антропологиялық тіл білімінің саласы[13,208].
Этнолингвистика — гректің ethnos (халық,тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте қайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Кең мағынада этнолингвистика — мәдениеттің, психологиясының және мифологияныңқарқын лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна.
Қазақ этнолингвистикасын дербес пән ретінде қалыптастырып, бағыт-бағдарын айқындау, одан әрі дамыту жұмыстары академик Ә.Қайдардың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тіл біліміндегі жас әрі жаңа сала екенін айта келіп, мақсаты мен нысаны жөнінде: " Бұл ғылым саласының кереметтігі де, бүгінгі тандағы ғылыми-практикалық маңызы да — оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін толық түсінуге болмайтын нысан екендігінде. Ол нысан — этнос және оның тілі. Өйткені тілсіз — этнос, этноссыз — тіл өмір сүре алмайды. Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сол бала кезеңінен есейгенге дейінгі болмысы мен өмір тіршілігін, дүние тануы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады," — дейді. Тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және рухани мәдениет мәселелері, сондай-ақ, М.М. Копыленко, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиев,Ә.Ахметов, Ж.Манкеева,С.Сәтенова, С.Смағұлова,Ғабитханұлы т.б. қарастырылған.
Этнолингвистика саласының қазақ және ағылшын тіл білімінде қалыптасуына, зерттелуіне салғастырмалы шолу жасай отырып, оның, әсіресе, отандық тіл білімінде кеңірек ауқымда қарастырылып, ұлттық материалдық және рухани мәдениетке байланысты бірқатар мәселелердің басы ашылғаны айқындалды. Этнолингвистикалық уәжі халықтың тұрмыс-тіршілігі, менталитеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен тығыз байланысты тұрақты тіркестердің тұп-төркінін айқындау - әр басқа ұлттар мен әртиптес тілдер жөнінде мол мағлұмат алуға, танымдық көзқарасты қалыптастыруға, септігін тигізері сөзсіз[14,237].
Адамға қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уәжі. Қос тілде де осы тақырып аясына жататын тіркестердің саны жағынан көптігі байқалады. Мұның сыры адамның қоғамдағы шешуші күш екендігінде жатса керек.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Manners makethе man",(c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайыжинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, Good manners makea man (c.c.a.:Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; Уou sit by a worthier man than thеmselves art one, Suffer him first to touch the meat (c.c.a.: Eгep өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.
"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі,өгейлігі не жетім қыздың жалғыздыгы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Үй-жайға, отбасына қатысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі.
Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байкалды. Мысалы, ағылшындар "My house is my castle" (c.c.a.: Өз үйім - қорғаным) десе, қазақ халқы "Өз үйім-өлең төсегім" деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.
Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар "түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек" деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы " My house is my castle " тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.
Ал, "өз үйім - өлең төсегім" тұрақты тіркесіндегі "өлең" лексемасына Э.В. Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша аталмыш тілдік единица түркі тілдеріне монғол тілінен енген кірме сөз, "сулы, сазды жерде өсетін шөп; нәрлі, жұғымдылығы шамалы, жұмсақ шөп" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі танда бұл бейнелі орам "Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып, қымтырылып отырғаннан гөрі өзіннің қарапайым, жұпыны төрінде көсіліп жатқанға не жетсін" деген ұғымда қолданылады. Жалпы алғанда, қос тілдегі ММ-дер арқылы берілетін негізгі ой біреу, яғни адамның үйіне деген ыстық сезімі мен үйдің адам өмірінде алатын орны. Бірақ осы ой ағылшын және казақ мақалында сол халықтың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дүниетанымына байланысты пайымдаулар арқылы берілген.
Гендерлік қатынасқа байланысты этнолингвистикалық уәжі.
Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілік те айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам — отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі, тұрмыс-тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет,рухани қарым-қатынас т.б. барлығы әйел адамныңқұзыретінде. Ағылшын және казақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал-мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени-әлеуметтік орнын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік: A good wife makes a good husband (c.c.a.: Жақсы әйел жақсы күйеу жасайды). Қазақ тілінде тәрбиелік мәні зор тіркеске мағыналас келетін бірқатар мақал-мәтелдер бар:
Жақсы әйел жаман еркекті би етеді.Дегенмен үй болу, отбасы құруда, отбасының тұрақтылығы мен сәттілігі еркектерден гөрі әйелдерге жүктелетіні меңзеліп тұр.
Ағылшынның «Good husband makes a good wife» (Күйеу жақсы болса, әйелін жақсы етер) мақалы күйеуі жақсы болса, әйелі де соған қарай бейімделіп, қайтсе де күйеуі оны жақсы қасиеттерге бейімдейтіні меңзеліп тұр. Дегенмен бұл жерде ьасты орын еркекке беріліп тұр, әйелдің жақсы «жар» болуы еркекке байланысты деген ой басымдылық көрсетіп тұр: