Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:09, курсовая работа
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
КІРІСПЕ..................................................................................................................
I. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі...............................................
1.2 Ағылшын мақал-мәтелдерінің зерттелуі.................................................
1.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
II. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР..................................................................................
2.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің классификациясы....................
2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары..................................................
2.3 Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал-мәтелдерді аудару тәсілдері............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
ҚОСЫМША.........................................................................................................
Сонымен,қазақ
халқының мақал-мәтелдері –
Мақал-мәтелдерді
жинақтап, білгілі бір жүйеде
келтіруде, тілдік бірліктер
Жоғарыда айтылған
ой-пікірлерден қорытынды
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең -оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Н.Н. Березин мен Ш. Уәлиханов архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,
Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов, А.Е. Алекторов т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым — Ә. Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің" басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жариялаған Н.Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Сөздік құрамның негізгі қаттауын қарайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, малшылық, егіншілік, аңшылық жөніндегі мақал-мәтелдер деп негізгі үш мағыналық топқа бөліп, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін айқандаумен қатар, аталмыш тілдік бірліктерге қатысты өзіндік пайымдауларын ұсынды [5,28]. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халқының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
Тіл мамандары
Ә. Қайдар, Р. Сәрсенбаев, Ғ. Тұрабаева,
Ө. Айтбаев мақал-мәтелдердің
Мақал-мәтелдер де әдеби қалыптасқан, орныққан, оның құрамындағы компоненттердің де орны бекем. Мақал-мәтелдер – құрылысы жағынан әрі ықшам, әрі көркем, мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитын, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі»[6,223].
Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды негізі зерттеу материалы ретінде ала отырып, ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын, жасалу жолдарын, лексика-семантикалық, стилдік ерекшелікгерін жан-жақты талдап таратады. М.Әлімбаевтың "Өрнекті сөз- ортақ қазына" (1967) деп аталған зерттеу жұмысы аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің қазақ мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасу тарихы, жасалу жолдары, тілде қолданылуы, бір тілден екінші тілге аудару мәселесі, тәржімалаудың амал-тәсілдері жөнінде құнды пікірлері, теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстары баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл - ғылымда өзіндік орны, елеулі үлесі бар еңбек. Б. Адамбаевтың "Халық даналығы" атты монографиялық еңбегі (1976) "Мақал-мәтелдер" және "Шешендік сөздер" деген өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Жұмыс осы аталған тілдік бірліктердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік мәнін, құрылымы мен әдеби-көркемдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің окказионалды өзгерістері, варианттылығы Ғ.Тұрабаеваның, құрамы мен құрылымы, компоненттерінің байланысу тәсілдері, синтаксистік белгілері, инверсиялануы С.Кенжемұратованың, фразеологиялық тұтастықтар мен мақал-мәтелдер ұласымдылығы, танымдық-прагматикалық аспектілері Д.Бегалықызының ғылыми зерттеулерінде баяндалған.
Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А. Нұрмахановтың зерттеуі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э. Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық мәдени компоненттерін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия құбылыстары
А. Донбаеваның жұмысында қаралған.
Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің (әрі карай қысқаша- MM түрінде беріледі) зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталды:
а) тілішілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.
Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Мақал-мәтелдер
– халық шығармашылығының көне жанры.
Олар көне заманда пайда болды, және
өз пайда болу тарихымен ғасырлар
тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу
шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан
олардың алғашқы қайнар-
Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардыңқай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі ММ-дерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан шығару ісіне ғалымдардың баса назар аударғаны және ағылшын мақал-мәтелдерін тек өз аясында зерттеудің, жан-жақты емес, бір қырынан ғана қарастырудың орын алғандығы байқалды. Біздің пайымдауымызша, екі немесе бірнеше тілді салыстыра - салғастыра зерттеужұмыстарының бірнеше білімін теориялық тұрғыдан толықтыра, жетілдіре түсері даусыз.
Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген ережеге келер болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректі қалтқысыз жабудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б.Адамбаевтың "мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге - заңға айналған" деген ой тұжырымымен толық келісуге болады [7,17].Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, кез-келген сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлерінің халықтың көкейінен шығатын, ұтқыр ойы, бейнелі, өткір сөзі ғана кеңінен таралып, танымал болуы мүмкін. Халықтың дана билері мен шешендерінің бір кезде аузынан шығып, кейіннен ел аузында мақал-мәтел ретінде қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Даналығымен, шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, -ел жетім.
Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген "Көпті қорлаған көмусіз қалады" тіркесінің Әйтеке бидің, ал "Бұлақ көрсең көзін аш" Бәйдібек бидің дуалы ұзынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.
Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде, аңыз әңгімелернегізінде мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйебойына сеніп, жылдан құр қалыпты; Қайда барса да Қорқыттың көрі; Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл т.б.
Тілімізде жұмбақтардан бастау алатын ММ-дер кездеседі: Сырты бүтін, іші түтін (оқ); Қараңғы үйде қабан күркірейді (диірмен) т.б. Бұл жұмбақтардың кейде жұмбақтық негізінен "қол үзіп», фразеологиялық тіркес мәтел ретінде де қолданысқа енгені анықталады[8,177].
Рухы биік, ойы көркем, тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең кесек туындыларымен ерекшеленетін дарынды ақылы жазушылардың, дара тұлғалардың көңіл түпкірінен шыққан пікір-пайымдаулары да жалпыхалықтық қорға еніл, тұрақты қолданысқа, мақал-мәтелдік сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың (Ыбырай); Берекені көктен тілеме, өткен сиректен тиіс (М.Әуезов); Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ (Ғ.Мұстафин) т.б. Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің басым көпшілігі тарихтың терең қат-қабат қаттауларынан көрініс беретін оқиға, аңыз, әңгіме, ертегілердің және көрнекті ақын-жазушылар шығармалары негізінде қалыптасқан.
Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас құрылған жоқ. Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің әртүрлі құбылыстарын бейнелейтін және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздер түсіндірілді. Мақалдар аяқталған пікірді белгілейді.
Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа бейнелі нақыл сөздерді атайды.
Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде де, көптеген арнайы баптарда да, зерттеулерде де кездесуі мүмкін.
Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы: мақал жалпы пікірді түсіндіреді, мәтел – пікірді жиілік мінезінде. Осы лингвистердің пікірі бойынша тек қана мақалдар емес, және де мәтелдер аяқталған сөйлем формасымен ие бола алады.
Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады, мақал сияқты, бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.