Қасақаналық және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:09, курсовая работа

Краткое описание

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................
I. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі...............................................
1.2 Ағылшын мақал-мәтелдерінің зерттелуі.................................................
1.3 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
II. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР..................................................................................
2.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің классификациясы....................
2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары..................................................
2.3 Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал-мәтелдерді аудару тәсілдері............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
ҚОСЫМША.........................................................................................................

Содержимое работы - 1 файл

ОРИГИНАЛ ДИПЛОМ.docx

— 123.69 Кб (Скачать файл)

Little strokes tell great oaks

A stitch in time saves nine.

Мақал-мәтелдердің  кәдімгі балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын тәсіл, мысалы:

More haste, less speed

Easy come, easy go

Like father, like son.

Қысқалылық  еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі  болып табылады. Тек ең көп емес мақал-мәтелдер көпсөзді, олардың көпшілігі  бес сөзден тұрады:

Boys will be boys.

Dead men tell no tales.

Better late than never.

Practice makes perfect[18,20].

 

Қос тілдегі бейэквивалентті ММ-дің  этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және қазақ тілдеріне ғана тән, өзге тілде баламасы жоқ түрі кездеседі. Аталмыш тұрақты тіркестердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда, сандық көрсеткішінің, кездесу жиілігінің төмендігі байқалады. Мысалы, «Жеті атасын білмеген, жетімдіктің салдары». Қазақ жеті атасын білмегенді жетесіз деп, ол адамға үлкен мін таққан. Жеті атаға дейін қыз алып, қыз беріспейді. Мұндай шартты бұзған кісі әдепсіз деп танылса, ертеректе қатаң жаза қолданған.

«People who live in glass houses shouldn’t throw stones»(Әйнектен жасалған үйде тұратын адамдар тас лақтырмауы тиіс). Неігізінде бұл мақал «Өзің сол дәрежеде тұрып, басқаға сын айтпа» деген ұғымды білдіреді[19,10].

Қорыта  айтқанда, ұлт тарихы мен мәдениет, менталитеті, бітім-болмысы, күллі философиясы  өнінде жан-жақты ақпарат беретін  лингвокультуремалардың санатындағы  ММ ұлт тілі мен мәдениетінің өзара  байланыстылығын, тұтастығын айқандайтын  ерекше қабат болып табылады. Тілдік бірліктегі тасаланған мәдени түпдеректер  ішкі формаға аялық білім, эталон, стереотиптер арқылы айқындалады.

 

 

 

 

 

 

ТҰЖЫРЫМ

 

Бірінші тарауында мақал мен мәтелге  анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары  және айырмашылықтары айқындалды.  Сондай – ақ, зерттеу нысаны болып  отырған қазақ және ағылшын тілдеріндегі салғастырмалы түрде қаралатын  мақал-мәтелдерге тоқталдық.

Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал  – мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, ММ-дің қайдан бастау алғандығы анықталды. Сонымен қатар, мақал-мәтелдердің ағылшын тіліндегі зерттелуіне тоқталдық. ММ-дердің  қазақ және ағылшын тіл біліміндегі зерттелу  жайын сипаттадық, фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын көрсеттік, мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтары көрсетілді және де ММ-дер мен нақыл сөздердің арақатынасы айқындалды.

Мақал-мәтелдердің  этнолингвистикалық сипаты анықталды, дәлірек айтқанда , ММ-дің мағыналарының қалыптасуындағы уәждеріне тоқталдық. Этнолингвистика ғылымының бастау алуы, қалыптасу кезеңдері, қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалды.

Әрбір этнолингвистикалық уәжге екі тілде салғастыра отырып, мысалдармен көрсетілді.Көздеген мақсат-міндерімізге жеттік.

ММ-дер уақыт озған сайын тіл  мамандарының назарын аударып, зерттеушілеріне  арқау бола бастады. Осы тұрғыда  қазақ паремиологиясының сан  алуан тілдік маселелері қазақ лингвистерінен жан-жақты әрі жүйелі түрдегі  ғылыми зерттеулерді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. АҒЫЛШЫН  ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ  ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ,  ҰҚСАСТЫҚТАРЫ

 

2.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің классификациясы

 

Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді топтастырудың бірнеше қағидасы бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.

1. Әріптік,  әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың  бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С. Гварджаладзенің, Г.Л. Айшерсонның,  B.C.  Смиттің    жинақтарында ағылшын  ММ-деріәліпбилік тәсілмен түзілген, Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.

2. Ұйытқы сөз арқылы    (лексикалық    энциклопедиялық) топтастыру.      Зерттеу барысында белгілі паремиологтар А.Жигулиев, М.В. Буковская және бірқатар шетел ғалымдарының осы әдіске зор мән беретіндігі байқалды.  Қажет тілдік бірлікті ұйытқы сөзге сүйене отырып, оңай тауып алуға болатындығын аталмыш   әдістің   ерекшелігі  деп   танимыз.      Ал   кемшіл   тұсы жоғарыда  аталған  әдіспен  пара-пар,   өзара  мағыналас  мақалдар бөлек, ал, керісінше, лексемалары бір, мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді. Мысалы,

"Жуас түйе жөндеуге жақсы",  

"Түйе бойына сеніп жылдан  құр  қалыпты", 

"Түйе  көп болса,  жүк сыймас" тәрізді ММ-дер семантикалық    алшақтыққақарамастан, болғандықтан, бір    тақырыптық топқа біріктіріледі. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінде   аталмыш   әдіс   бойынша құрастырылған MM жинағының жоқтығы анықталды.

3. Монографиялық   топтастыру.   Мұнда   MM   жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. "Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках ХІІІ-ХХ веков" және "Ақылдың көзі, Ташкент   маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі   ежелден тұратын қазақтардың мақалдары" атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.

4. Генетикалық тұрғыдан  топтастыруда  ММ-дердің  шыгу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге   қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің     жетекшілігімен  жарық көрген "Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері" жинағы осы генетикалық әдіспен түзілген.

5. Тақырыптық (тематикалық) топтастыру. Бұл қағида бойынша мақал-мәтелдер мән-мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ мақал-мәтелдерінің осы қағидамен топтастырылғандығы  байқалды.  Топтастырудың бұл қағидасы мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Деп ұрғанмен, топтастырудың бұл жолы да кемшіліксіз емес. Біріншіден, көптеген    мақал-мәтелдер ауыспалы мәнге ие болғандықтан, көп тақырыпты болып келеді де, оларды бір топ аясына енгізу қиындық туғызады. Екіншіден, көп мақал-мәтелдердің тақырыптық тобын  айқындау да едәуір қиындық   туғызады.   Үшіншіден, мақал-мәтелдерді тақырыптық топқа  саралау,   топ  жиынтығын   құрайтын  топшалардың жалпы санын айқындау, мақалдардың топ-топқа меншіктігін анықтаутәрізді мәселелерді шешу зерттеуші немесе жинақтаушының құзырында. Бірақ, жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан, мақал-мәтелдерді тақырыптық тұрғыдан топтастырған жөн деп ойлаймыз. Себебі, ізденуші немесе тілді үйренуші өзінің мақсат-мүддесіне орай қажет мақал-мәтелді тақырыбына қарап оңай тауып алады, әрі қолдануға да өте ыңғайлы, Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігі айтпаса да түсінікті.

6. Мақал-мәтелдерді   зерттеуге   зор   үлес   қосқан   белгілі паремиолог     ғалым  Г.Л.Пермяков жоғарыдағы топтастыру үлгілерінің   кемшілік  тұстарын   ескере отырып, мақал-мәтелдерді жүйелеудің жаңа  бір  принципін  ұсынды.   Бұл  мақал-мәтелдерді инвариантты тақырыптық жұптармен (инвариантные тематические пары) топтастыру. Бұл принцип   бойынша, мақал-мәтелдер тобы "жақсы- жаман", "кәрі-жас", "бай-кедей" т.б.   деген тақырыптар бойынша жіктеледі.     Мысалы:  "Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң   күлер"   тұлғасының   ықшам,   мазмұнының   терендігімен ерекшеленетін   тілдік орам "Жақсы-жаман" тобына енеді.

7.  Академик  Ә. Қайдар көп жылдан бергі ізденуі нәтижесінде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру   принциптерін   ескере   отырып,   қазақ      тілінің   өз ерекшеліктеріне   сәйкес,   "Табиғат-Адам-Қоғам"   деген   идеографиялық классификацияны   ұсынған еді. Бұл топтастыру бойынша "Табиғат"  бөлімі төрт тараудан  (жануарлар,  өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б), "Адам" бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан,  "Қоғам" бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас,   шаруашылық,   кәсіп   т.б.)   жиырмадан   астам   тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип ағылшын және казақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің    этнолингвистикалық    ерекшеліктерін    ашуға қолайлы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

 

Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.

Қазақстан мемлекетіміз егемендігін алғаннан кейін шет елдермен байланысы  күннен күнге ұлғайып келеді. Қазақ  елі басқа елдердің тарихын 

Мақал-мәтелдердің өң бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің тұрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері түрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.

Қазақ тілінде  мақал-мәтелдердің бәрі негізінен  жай сөйлем түріндегі тұрақты  сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталған, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. Құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

 

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

 

Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

 

Let sleeping dogs lie –

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

 

Cut your coat according to your cloth –

Көрпеңеқарайкөсіл.

 

Catch the bear before you sell his skin –

Қашпаған  сиырдың ұзынан дәметпе.

 

First think, then speak –

Ойнасаң да ойлап сөйле.

 

2.  Болымсыз түрдегі бұйрық рай,  яғни тыйым салу;

 

Never say die - Салық сұра кетпесін.

Don't count your chickens before they are hatced-

Тігілмеген  етігіңді мақтама,

орылмаған етігіңді ақтама.

 

Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай  бал ашпа.

Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып,  құлдық деме.

Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы,  бергенді білген сыпайы.

Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның  құйрығын баспа.

 

3.  Шартты райлы сөйлем түрінде:

 

When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа  құласа, құрбақа құлағында ойнар.

If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

 

4.  Болымсыз жай сөйлемдер түрінде:

All are not friends that speak us fair - Жалған дос көзіңе  мақтар, сырт айналып сойылын  сатар.

All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның  бэрі аңшы емес.

All are not thieves that dogs bark at - Ит үргеннің  бәрі ұры емес.

Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп  қолданады.Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: "No sweet with out some sweat" деген мақалда бастауыш та баяндауыш та, ал "Ақыл-жастан, асыл-тастан" дегенде "Шығады" сөзі қалып қойған.

Мақал-мәтел  құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Мақалдарда  бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар  мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

Мысалы:

"It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen"

«Ақымақтыңақылытүстенкейінкіреді, ырысыкеткеннің, итіүры

кеткен соң үреді»

Business before pleasure

Еңбектүбі-бейнет,

Бейнеттүбі-зейнет.

East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Great boast, small roast

Сөзге көп-іске жоқ.

No sweet with out some sweat

Жылай-жылайжерқазсаң,

Күле-күлесуішерсің.


 

Мақал-мәтел  тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология «клише» деп атайды.

Қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған стандарт болса да, абсолюттік ұғым емес, ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне  сөз саптау шеберлерінебайланысты  ертүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпымазмунына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге бөленденуі сан келтіре қоймайды./25/

Информация о работе Қасақаналық және оның түрлері