Ортаңғы сынып оқушыларының өсу мен даму мэселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:59, дипломная работа

Краткое описание

Мектеп оқушылары, эсіресе орта мектепте оқитын жасөспірімдердің өсу мен даму процестерінің жедел жүретін кезінде. Жоғарыда айтылған әлеуметтік - экономикалық күйзелістер эсер етуі мүмкін. Сол эсерлер жүрек қан тамыр жүйесін, жыныс жэне тағы басқа жүйелерінің қызметін өзгертуі мүмкін. Сондықтан балалармен жасөспірімдердің физикалық дамуын, жүрек қан тамыры жүйесінің физиологиялық көрсеткіштерін зерттеп білу жэне оған баға беру, іс жүзінде түрлі шара қолдануға үсыныс жасау келеулі проблема болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
I. Әдебиеттерге шолу
1.1 Ортаңғы сынып жасөспірімдерінің тамақтануы жайындағы
эдеби деректер -3
1.2 Ортаңғы сынып оқушыларының тыныс алуы жайындағы
эдеби деректер -5
1.3 Ортаңғы сынып оқушыларының физикалық өсу мен даму мэселелері -17
1.4 Балалар мен жасөспірімдердің қан айналымы жүйесінің функционалдық қызметінің өзгеруі -22
II. Объектілер жэне олардың сипаттамасы -28
III. Алынған нэтижелер -30
Қортынды 38
Қолданылған эдебиеттер -40
Қосымша материялдар -43

Содержимое работы - 1 файл

Гулжан Дип8.doc

— 319.00 Кб (Скачать файл)

Оқушылар жүрегінің жэне қан тамырларының дұрыс жүмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиенальщ үйымдастырылуының ас зор маңызы бар.

Жүректің жүмысына ,миокардта да патологиялық өзгерістердің пайда болуына темекі тарту, алкогольды ішімдіктерді пайдалану, аурулар (мыслы, ревматизм), психикалық зардаптар эсер етеді.

Бұдан шығатыны, аталған факторларға жол бермеу, жүректің берік болуына септігін тигізеді.

Баланың жасы өскен сайын жүрек камерасының (қалқанша мен қарынша) сиымдылығы бірте -бірте үлғаяды. Сэбиден ол 2,4 мл-ге, 7 жастағы- 23,0, 12 жастағы - 41,0. Ересек кісіде 60,0 мл-ге тең.

27b

 

Жас өскен сайын жүректің ішкі қүрлымы эжептеуір өзгереді: қабаты, бүлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының қүрлысы, яғни анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі жағынан да өзгеріске үшырайды.

Қанның қызметі

Қан организмде тасымалдау қызметін атқарады. Оттегі мен қанмен бірге өкпеде организмнің барлық тканьдеріне барып, ол көмірқышқыл газы (СО) тканьдерден кері өкпеге келеді. Сөйтіп, қан газдары таымалдап, организмнің тыныс алу қызметіне қатысады.

Қан бірге ас қорыту заттары тасымалданады; амин қышқылдары, глюкоза, майлар, минералды заттар, витаминдер. Бүлардың барлығы организм тканьдеріне барады, ал мөлшерден артығы қор ретінде жиналады.

Қан қорғаныш қызметін атқарады. Организмге улы заттар немесе микроорганизмдер енуі мүмкін. Қанның кейбір клеткалары (лейкоциттер) бүларды жоя отырып, организмді уланудан жэне эртүрлі аурудан сақтайды.

Жүректің жұмысы

Артерияға ырғақты түрде қайталанып отыратын қан айналу - жүректің функциялық қызметінің негізі. Ол жүрек қалқаншалары мен қарыншаларының рет ретімен жиырылуы мен босаңсуының арқасында жүзеге асады. Жиырылу кезеңі систола, ол босаңсу кезеңі диастола деп аталады. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың алмасып отыруы жэне керсінше алмасып отыруы жүрек цикілі немесе дэлірек айтқанда жүрек жүмысының цикіліі деп аталады.

28

 

 

 

 

 

Жүрек жүмысы цикілінің үзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек., 12 жастағы 0,75, ал үлкен адамда - 0,8 секундқа тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жастағы 80-90, ал үлкен адамда 68-70 рет жиырылады.

Жүректің бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систолдық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бала жүрегі кмерасының сиымдылығы ересектердікінен кішірек болғандықтан, олардағы систоланың көлемі де аз болады. Бір минуттағы барлық систоланың көлемі жүректің минуттық көлемін қүрайды. 7 жасар балада ол 2120 мл-ге. 12 жасар 2740мл және үлкен кісіде 4010 мл-ден 5600 мл-ге тең болады. [8]

Тамырдың соғуы

Жүректің эр бір жиырылу кезіндегі артериялар қабырғасының ырғақты тербелісі тамырдың соғуы деп аталады. Артерия қабырғасының ырғақты тербелісі тамырдың соғу толқыны түрінде, бүкіл қан тамырлары системасына таралады.

Тамырдың ең жылдам соғуы жаңа туған сәбилерде байқалады, оларда орташа есеппен алғанда, минутіне 130 рет соғады, бір жастағы балаларда 110-120, 10-11 жаста 70-90, 12-13 жаста 75-80, 15-17 жаста 65-75. Сөйтіп, өсіп- жетілу дэрежесіне қарай организмде тамыр соғу біртіндеп азая түседі. Жүректің соғу жилігінің олай төмендеуі сопақша мида орналасқан нерв орталығы тонусының бірте- бірте жоғарылауы нәтижесіне байланысты. Тонус, эсіресе, дене еңбегімен жэне дене тәрбиесімен шүғылданған адамдарда жоғарылайды.

Бірақ жас шамалары бір қатардағы балаларда тамыр соғу жиілігі едәуір түрақсыз. Қыздарда тамырдың соғуы үлдарға қарағанда эр уақытта жиілеу болады. 14- 15 жастан ары қарай тамырдың соғу жиілігі біртіндеп ересек адамдарға теңесе бастайды.

Тамырдың соғуын иық, үйқы жэне басқа да артерияларды саусақпен үстау арқылы  байқауға     болады.  Қанның  ең жоғарғы қысымы қолқада

29

 

байқалады. Қанның қозғалу бағытына қарай қан тамырларының бойындағы қысым төмендей түседі. Ірі артериялар мен веналарда қанның қозғалуына кедергі аз болады да, онда қанның қысым бірте - бірте төмендейді. Қан қысымының едэуір төмендеуі артериялар мен капиллярда байқалады, себебі онда қанның қозғалуына ең үлкен кедергі болады.

Қан тамырларындағы қанның қысым мөлшері өзгеріп отырады. Қарыншалардың систоласы кезінде қан белгілі күшпен қолқаға қарай ығысады, сонда қысым ең жоғары болады. Бүл ең жоғары қысым систолдық немесе максималды деп аталады. Бүл жағдай қан жүректен систола кезінде ірі қан тамытларына қарай көп мөлшерде ығысқан кезде пайда болады. Жүректің диастола фазасы кезінде артерия қысымы төмендеп, диастолалық немесе минимальды болады.

Адамдарда артерия қысымы тэулік бойы өзгередді. ¥йқы кезінде төмендейді, ал жүмыс кезінде және әртүлі сезім әсерлерінен жоғарылайды. Оның көрсеткіші тү_рақты. Мысалы, 7-8 жастағы балаларда қанның қысымы сынап бағанасының 99\64 мм тең, 12 жаста 105\70, 13-15 жаста 107\73 жэне есейген кезде (20- дан 40 жасқа дейін)-108\80.Сонымен 5-9 жастағы балаларда қыздарға қарағанда артерия қысым жоғары болып, ал 9-14 жастарында керсінше болады. Жыныстық жетілудің басталуына байланысты үлдарда қан қысымы біразы жоғарылай түседі. ¥лдар мен қыздарда (7-19 жас)ересек адамдардың нормасына (сынап бағанасы бойынша 110-75мм) жақындайды .

Қан айналымының бүзылуына байланысты, аурулар кезінде, сонымен қатар сұйықтықты мөлшерден артық қабылдағандаиқан қысымы өзгереді. Бір жағдайда ол жоғары болып, гипертония ауруына шалдықса, ал басқа жағдайда төменде, гипотония байқалады.

Гипертония мен гипотония балаларда сирек кездеседі,  бірақ ересек адамдарда көптеген себептердің эсерінен едэуір жиі байқалады. [5]

30

 

 

Жүректің жиырылу жиілігнің өзгеруі

Балалық шақта қыздар мен үлдар жүрегінің жиырылуы жиілігі бірдей болмайды. Мысалы, дене еңбегін атқару кезінде 7-9 жастағы үлдар жүрегінің жиырылуы жиілігі минутына 184-ке дейін, 12-13 жаста 206-ға дейін, ал 16-18 жастағы жігіттерде -196 ретке дейін артуы мүмкін. 8-9 жастағы қыздар бүлшық ет жұмысын атқарғанда тамырдың соғу жиілігі минутына 187-г дейін, 14-15 жаста 206-ға дейін, ал 16-18 жастағы қыздарда 200-ге дейін артуы мүмкін. Жүрек неғү_рлым жаттықан болса, оның жиырылу күші мен соғу көлемі соғүрлым артады. [3]

Жүрек- қантамыр жүйесінің жас ерекшеліктері

Жүректің жалпы жүмыс өсуі, дамуы массасынан да көрінеді. Жаңа туған балада - 23,6 г., 2-3 жаста 3 есе, 6 жаста 11 есе артады, 7,12 жас арасында жүрек өсуі мен массасының артуы біршама баяулайды, дененің өсу қарқынынан қалып қояды. 13-14 жаста жүректің өсу қарқыны қайта күшейеді. Жүректің өсуі, дамуы баланың жасына, жынысына, салмағына, бойына, тағы да басқа жағдайларға байланысты.

Жүректің соғу жиілігінің де жасқа сай ерекшелігі бар: жаңа туғандарда ол 1 минутта 120-140 рет болса, 1 жаста 120-125, 3 жаста 105-110, 6 жаста 90-95, 7 жаста 85-90 рет.

Систолдық көлемі жаңа туғандарда 2,5мл, 2жаста 19-20 мл, 6 жаста 34-35 мл, 7 жаста 23 мл, 13-16 жас аралығында 59мл. Минуттық көлем жаңа туғандарда 0,33 л, 2 жаста 2,1 л., 6-9 жаста 2,8л, 13-16 жаста 3,8 л.

Жаңа туған балаларда  максимальды қысым сынап бағанасы бойынша 60-89 мм, 5-8 жаста 80-104, 11-13 жаста 80-127 мм, сынап бағанасына тең, ал

31

 

 

 

 

минимальды қысым жоғарыда көрсетілген жастарға сай сынап бағанасы бойынша 30-54, 40-79, 45-80 мм.

Бойы үзын, салмағы үлкен, тетелес балалардың оңтүстіктегілерге қарағанда солтүстікте өмір сүретіндерде қан қысымы жоғары болады. Қан қысымы дене қалпының өзгерістері кезінде (отыру, жүру, жату) жэне эмоция өзгерістері кезінде ауытқиды.

Қан айналу жылдамдығы жаңа туғандарда 12 секунд, 3 жаста 15 секунд, 7-8 жаста 16-17 секунд, қан айналу уақытының жасқа сай артуы, жүрек қызметінің өзгерістеріне, қан тамырларының өсуі мен дамуына тағы да басқаларына байланысты. [4]

Бала жүрегін жаттықтыру

Баланың дені сау кезде оның жүрегінің табиғи жаттығуы   организмнің мүқтажы жеткілікті дәрежеде қанағаттандырады.

Бала жүрегін нығайту жөнінде айтылғандардың бэрінің де айтарлықтай маңызы бар, өйткені оның күйінің нашарлауы жүрек қызметінің элсіреуіне себепші болады. Бала жүрегін табиғи жаттықтыруды күшейтудің, яғни оның қимыл белсенділігін арттырудың ерекше маңызы бар. Алайда, эсіресе бала ауырып түрғаннан кейін жэне ол енжар болып, тез қажитын кез келген уақытта жүрекке күш түсуін мүқият жойып, нерв системасын күту керек. [2]

Жүректің төзімділігін арттыруда дене шынықтыру және спорт ойындары зор роль атқарады.

Қандай жастағы балаларға болмасын дене шынықтыру жаттығулары мен спорт ойындарының бэрі пайдалы бола бермейді. Мәселен, шаңғы тебумен, суда жүзу 6-7 жастан, жеңіл атлетика, волейболмен 7-8 жастан, ал велосипед тебу,   күрес,   хоккей,   футбол,   сияқты   түрлерімен   10-11   жастан   бастап

32

 

 

 

 

шүғылдануға болады. Ал спорттың басқа ауыр түрлері 14-15 жастан бастап қана рұқсат.

Таза ауада орындалатын еңбек түрлері жүрек - тамыр системасына қолайлы әсер етеді. Таза ауада орындалатын дене еңбегі кезінде қан оттекке мол қанығып, жүрек бүлшық еттің жүмысын жақсартады. Жүрек жүмысы жақсаруының нэтижесінде бүкіл организмнің жүмысы да жақсара түседі. [1]

II. Обьектілер, олардың сипаттамасы және зерттеу әдістері

Зерттеу жүмысы № 137 М. Жұмабаев   атындағы орта мектепте оқитын 8,9,10,11 сынып оқушыларына және студенттерге (13-20жас) жүргізілді.

Осы жұмысты жүргізуде біздің алдымызға қойған мақсатымыз осы жастағы балалардың гемодинамикалық жэне тыныс алу ерекшеліктеріне баға беру болды.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай тэсілдер қолданылады. Стандартты жүктеме беру қолдана отырып, жүрек -қантамыр жүйесін баға беру көзделеді.

Коротков эдісі бойынша артерия қан қысымының максимальды жэне минимальды көрсеткіші есептелді жэне оның айырмасы пульстық қысым есептелінеді.

Систолдық жэне минуттық қан көлемі Старр формуласымен шығарылады. Алынған нэтижелер вариациялық статистика ( М+ т, р,і) Монцевичюте Эрингене эдісімен шығарылады.

33

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдістер

Әдісіміз үш жіктемеден түрады: 1-ші жүктеме 30 секунд ішінде отырып түру, 2-ші жүктеме 15- секунд ішінде баспалдақты (степ тест) жүктеме беру, 3-ші жүктеме баспалдақты (степ-тестті) қарқынды орындау.

Оқушылардың артериялдық қан қысымы тонометрмен өлшенеді. Өкпенің тіршілік сиымдылығы спирометр құралымен анықталады. Оқушылардың антропометриялық көрсеткіштері алынды.

Бойдың түрғандағы жэне отырғандағы көрсеткіштері ростомермен өлшенеді. Дене салмағы медициналық таразымен өлшенді.

Дене ұзындығы және дене шеңбері сантиметрлік таспа лентасымен өлшенді.

Бойды түрғанда өлшеу үшін бой өлшегіш зерттелетін адам бой өлшегіш құралға қолын төмен түсіріп, ішін тартып түру керек. Өкшесі бірге, аяқ үшы ашық, екі жауырын ортасы бағанаға тиіп тұрғаны жөн. Бас шалқая көз алмасының астымен қүлақ өсіндісі бір деңгейге келіп тіреледі. Құралдың жылжымалы таяқшасы төбеге түсіріледі. Бойдың үзындығы астыңғы деңгейдегі белгілермен өлшенеді.

Бойды отырғанда өлшеу үшін айтылған қүрал орындығына отырғызу керек. Жамбасы, жауырын арасы бағанаға тиіп түруы тиіс, тізесі бүгулі, қолы төмен түскен, басы шалқақ төбеге тақтайша тигенде, астыңғы деңгейдегі белгі арқылы анықтайды.

Түлға үзындығы өлшеу үшін сантиметрлік тапаны алдыңғы шықшытқа жапсыра үхтап, ол төменгі үшын қасаның үстіне жапсыра үхтау керек.

Қолдың үзындығын өлшеу үшін иықтың ең жоғары қозғалмайтын нүктесін табу керек. Ол үшін қолды ары - бері қимылдатса нүкте қозғалмайды. Сантиметрлік таспа үшын саусақтың тырнақ фалангысының жүмсақ етіне басу керек.

34

 

Қол қарының үзындығын өлшеу үшін иықтың жоғары нүктесі мен шыбық басының нүктесіне тапа ұштарын басу керек. Шыбық басы буынның сыртқы жағында орналасқан. Оны «сүлулық шұңқыры» деп атайды.

Білектің ұзындығын өлшеу үшін «сүлулық шүңқырынан» шыбықтың біз тэріздес өсіндісіне дейін таспа тарту керек. Біз тәріздес өсінді қол басы буынның сырт жағында.

Қол басы ұзындығын өлшеу үшн біз тэріздес өсіндіден ортаңғы саусақ ұшына дейін тарту керек.

Санның үзындығын өлшеу үшін ортан жіліктің басынан тілерсектің тізе буындғы басына дейін тарт у керек.

Аяқ басын өлшеу үшін өкше үшынан бас бармақ үшына дейін тарту керек.

Дене шеңберінің өлшемдері

Бас шеңберін өлшеу үшін таспаны алдынан қабақ үстіне, артынан шүйдеге тарту керек.

Иық шеңберін өлшеу үшін қолды төмен түсірген жағдайда екі басты бүлшық еттің дөң жеріне таспа тарту керек.

Сан шеңберін өлшеу үшін таспаны артқы қалталанған жерінен тарту керек. Оң сан алынады.

Балтыр шеңберін өлшеу таспаның ең жуан жерінен тарту керек. Оң балтыр өлшенеді.

Кеуде шеңберін өлшеу үшін таспаны артынан жауырын үштарының астына келтіреді, алдынан емшек асына келтіріп тартады.

Зерттеу жүмысы қан айналым көрсеткішінің қалыпты жағдайдағы мөлшерін көрсетеді жэне жүктемеден кейінгі өзгеру динамикасын байқауға мумкіндік береді. Мүндай функцияларды байқау қан айналым жүйесінің физиологиялық қорын жэне оның бейімделгіштік мүмкіндігін көрсетеді.

35

 

 

 

III. Алынған нәтижелер

Дененің өсу қарқыны антропометриялық әдіс арқылы анықталады. Қазіргі кезде балалар мен жа өспірімдер сандарға негізделген таблицалар немесе цифрлар, өлшеу кезінде алынған орташа сандардан едэуір ауытқу сандар шығатын болса(артық немесе кем), онда дененің өсуінде белгілі кемшілік болғаны. Ондай кемшіліктердің болуында, бастан өткен әр түрлі ауру-сырқаулар жэне кейбір факторлар себеп болуы мүмкін . [3] Сондықтан, антропометриялық зерттеулер жүргізу, тек дененің өсіп жтілу дэрежесін анықтау ғана емес, сонымен қатар баланың денсаулық жағдайына жалпы баға беру.

Информация о работе Ортаңғы сынып оқушыларының өсу мен даму мэселелері