Ортаңғы сынып оқушыларының өсу мен даму мэселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:59, дипломная работа

Краткое описание

Мектеп оқушылары, эсіресе орта мектепте оқитын жасөспірімдердің өсу мен даму процестерінің жедел жүретін кезінде. Жоғарыда айтылған әлеуметтік - экономикалық күйзелістер эсер етуі мүмкін. Сол эсерлер жүрек қан тамыр жүйесін, жыныс жэне тағы басқа жүйелерінің қызметін өзгертуі мүмкін. Сондықтан балалармен жасөспірімдердің физикалық дамуын, жүрек қан тамыры жүйесінің физиологиялық көрсеткіштерін зерттеп білу жэне оған баға беру, іс жүзінде түрлі шара қолдануға үсыныс жасау келеулі проблема болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
I. Әдебиеттерге шолу
1.1 Ортаңғы сынып жасөспірімдерінің тамақтануы жайындағы
эдеби деректер -3
1.2 Ортаңғы сынып оқушыларының тыныс алуы жайындағы
эдеби деректер -5
1.3 Ортаңғы сынып оқушыларының физикалық өсу мен даму мэселелері -17
1.4 Балалар мен жасөспірімдердің қан айналымы жүйесінің функционалдық қызметінің өзгеруі -22
II. Объектілер жэне олардың сипаттамасы -28
III. Алынған нэтижелер -30
Қортынды 38
Қолданылған эдебиеттер -40
Қосымша материялдар -43

Содержимое работы - 1 файл

Гулжан Дип8.doc

— 319.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

М А 3 М ¥  Н Ы

Кіріспе

I.  Әдебиеттерге шолу

1.1   Ортаңғы сынып жасөспірімдерінің  тамақтануы жайындағы

эдеби деректер                                                                                                  -3

1.2  Ортаңғы сынып оқушыларының  тыныс алуы жайындағы

эдеби деректер                                                                                                  -5

1.3  Ортаңғы сынып оқушыларының  физикалық өсу мен даму мэселелері                                                                                         -17

1.4  Балалар мен жасөспірімдердің  қан айналымы жүйесінің функционалдық  қызметінің өзгеруі                                                                                           -22

II. Объектілер жэне олардың сипаттамасы                                                   -28

III. Алынған нэтижелер                                                                                  -30 Қортынды                                                                                                         -38

Қолданылған эдебиеттер                                                                              -40

Қосымша материялдар                                                                                   -43

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі кезде нарықтық экономикаға көшу жолында елеулі элеуметтік -экономикалық өзгерістер болып жатыр. Мұндай жағдайда халықтың, эсіресе оның ішіндегі жасөспірімдердің өсу мен даму процестері, денсаулығы жэне тағы басқа жағдайлары қиындағаны мэлім.

Еліміздің болашағы - жас ұрпақ десек, бүгін де олардың денсаулығы мэз емес. Оған соңғы кездері белең ала бастаған жезөкшелік, нашақорлық сияқты қоғамның жегі құрттары «септігін» тигізіп жатыр. Соның салдарынан жарымжан, ақыл есі кем, кемтар сэбилер дүниеге көптеген келуде, шала туған нэрестелер бір төбе болса, тумай жатып шетінеп кеткендер қаншама. Жалпы ана мен бала денсаулығы қаншада мемлекеттік қамқорлығында болуға тиіс. Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық жағдайы тым нашарлап кеткені рас. Сан салалы себептердің салдарынан табиғи өсім жыл сайын төмендеп келеді. 2007жылы әр мың өністі анаға шаққанда балалардың тууы 28,6 болса, 2001жылы 18,7 перзентке дейін төмендеді. Сәбилердің шетінеу көрсеткіші аздап азайғаны мен элі де жоғары деңгейде түр. 2007 жылы өмірге келген баланың 28,2 шетінесе, бүл көрсеткіш 2000 жылы 27,5 болған еді. 2002 жылы мың адамға шаққанда 18,9 болса, 2001 жылы 6,7 дейін қүлдырады. Шығыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанда, Алматы облыстарында соңғы жылдары табиғи өсім болмай қалды.

Сэбилердің шетінеуі эйелдердің денсаулығына, олардың еңбек жағдайында, тұрмысы мен тамақтануына, сондай- ақ аймақтағы экологиялық жағдайға тіклей қатыстылығы сөзсіз. Өкінішке орай бүл ретте эйелдер денсаулығының эр жүз келіншекке шаққандағы көрсеткіші кеміп барады. Ол 20% аспайды. Ал Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында бүл көрсеткіш бар болғаны 10-15% қана. Қан аздығынан Қазақстандағы эр бір екінші, бүйрек ауруынан эр бір он алтыншы эйел зардап шегеді. Тұтас алғанда республикадағы бала туатын жастағы қыз

 

 

келіншектердің 50% эстрогенетикалық кеселі бар. Қазақстандағы демографиялық ахуал алаңдалық күйде. Әр мың түрғынға шаққанда 2007 жылы 20,5, 1996 жылы 20,2, 1997 жылы 18,5 нэресте өмірге келген. Өлім көбеюде. Осының салдарынан халықтың табиғи өсімі төмендеуде. Жыл сайын анемия, бүйрек, жүрек, қан тамыры ауруларымен ауыратын эйелдер саны жылдан жылға артып отыр. (Отчет о мировом развитий).

Мектеп оқушылары, эсіресе орта мектепте оқитын жасөспірімдердің өсу мен даму процестерінің жедел жүретін кезінде. Жоғарыда айтылған әлеуметтік - экономикалық күйзелістер эсер етуі мүмкін. Сол эсерлер жүрек қан тамыр жүйесін, жыныс жэне тағы басқа жүйелерінің қызметін өзгертуі мүмкін. Сондықтан балалармен жасөспірімдердің физикалық дамуын, жүрек қан тамыры жүйесінің физиологиялық көрсеткіштерін зерттеп білу жэне оған баға беру, іс жүзінде түрлі шара қолдануға үсыныс жасау келеулі проблема болып табылады.

Жоғарыдағы айтылған проблемаға қандай дэрежеде екенін білу үшін жүктеме беру арқылы олардың қан қысымының өзгеруін бақыладық. Оқушылардың антропометриялық көрсеткішін, дене салмағын, өкпенің тіршілік сиымдылығын, бел күшін өлшедік.

Дене қимылы адам тэнінің туғаннан қалыптасқан негізгі физиологиялық қажетілігінің бірі. Бір сөзбен айтқанда қимыл әрекет - өмір.

Денсаулықты сақтауда дүрыс  тамақтанудың да өз маңызы бар. Айтылған мәселелерді еске ала отыра, біз  осындай мәселелерді зерттеуді  мақсат еттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ӘДЕБИТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1. Ортаңғы сынып жасөспірімдерінің тамақтануы жайындағы әдеби

деректер

Адам мен жануарлар организімінің тіршілік эрекеті бүкіл мүшелердің жүмыс істеу кезінде жүмсалатын энергияның үздіксіз пайдаланумен байланысты. Организмде үнемі клетка ішінде зат алмасу процесі өтеді, жүрек үздіксіз қызмет атқарады, тыныс алу қозғалыстары жасалады, несеп түзіледі, нерв системасы да, өзінің эрекетін тоқтатпайды.

Біздің денеміздің қүрамына органикалық жэне анорганикалық  заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, су, минералды түздар мен витаминдер кіретіні белгігі. Органикалық заттар үздіксіз тотығады да, бүл кезде энергия бөлініп шығады. Алайда, тотыға келе органикалық заттар басқа, молекулалардың құрлысы едэуір қарапайым заттарға айналады. Жүмсалған заттардың орны үздіксіз толықтырылып отыруы тиіс. Мүның қүрамында клеткаларға қажетті барлық заттар организм қабылдайтын тамақ арқылы өтеді. Бірақ тамақ организмге, қабылданған күйінде сіңіре алмайды. Ол организмнің ішкі ортасына қабылданудан бүрын ферменттердің әсерімен бірқатар күрделі өзгерістерден өтеді. Тамақтың механикалық өңдеуінің және тамақ қүрамындағы заттардың организм сіңіре алатын неғүрлым қарапайым қүрам бөліктерге ыдырауының бүкіл процесі ас қорыту деп аталады. Белоктардың ас қорыту мүшелерінде ыдырауының ақырғы өнімдері - бүл амин қышқылдары. Майлар глицерин мен үлкен молекулалы органикалық қышқылдарға, ал көмірсулар - моносахаридтерге, негізіне глюкозаға ыдырайды.

 

 

 

 

 

 

Балалардың тамақтану физиологиясы мен гигиенасы

Мектептегі жылдар - жедел өсу мен ақыл - ойдың үздіксіз даму шағы. Организмнің өсуі мен қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін басқа факторлардың ішінде тамақтану режимі маңызды роль атқарады. Тамақтану режимі деп тамақты шамалап, түрлендіріп, үнемі бір мезгілде ішуді түсіну керек. Тамақты үнемі бір мезгілде ішудің ас қорытуда және энергия көзі -қоректік заттардың сіңіруінде зор маңызы бар. Тамақ ішу аралығындағы уақыт 3-4 сағаттан артық кем болмауы тиіс. Егер бала үнемі бір мезгілде тамақтанатын болса, онда балада тамақ ішкенге дейін-ақ шартты рефлекторлы түрде сөл бөліне бастайды. Бүл ас қорыту процесін айтарлықтай күшейтеді. Керсінше, тамақты эр түрлі мезгілде ішуден ас қорыту бездері бөлетін сөлдің мөлшері айтарлықтай кемиді. Тамақ ішу мезгіліне қалыптасқан барлық шартты рефлекстер жойылады. Кейде қарны ашқан балалар эдеттегі түскі немесе кешкі ас уақытын күтпестен, жүре «жүрек жалғайды». Бүлайша ішетін тамақтың мөлшері организмнің қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз болады. Мүндай зиянды эдет қалыпты тамақ ішу режимін бүзады, өйткені ол келесі тамақ ішуде тэбетке зиянын тигізеді.

Тамақтану режимінің  келесі шарты - оны шамалап ішу. Тамақты көп ішу бала организіміне өте зиянды. Тамақты шамадан артық ішу әр түрлі аурулардың (семіру) дамуына экліп соғады, сондай- ақ баланың ақыл- ой эрекетін кемітеді. Тамақ рационын жасуда оның мөлшері, жүғымдылығы мен дәмділігі жеткілікті болуын ескеру керек.

 

 

 

 

 

 

 

Әр түрлі азық түлік өнімдерінің қоректік қүндылығы

Әрбір азық - түлік өнімінің оның химиялық қүрамымен байланысты ерекшеліктері болады. Өсімдік және жануар текті өнімдерді ажыратады. Өсімдік текті тамақ негізінен көмірсудан, яғни оның қүрамында көмірсулар көп, белоктар аз болады. Жануар текті тамақта, керсініпе, белоктар көп, көмірсулар мүлде жоқ немесе егер кездессе,өте аз болады. Белгілі бір өнімнің қасиеттерін білу оны үлымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Етте, балықта, жүмыртқада белок көп болады. Балаларға еттің  семіз емес сорттарын беру үсылады. Әр түрлі сүт өнімдеріне де белок  көп кез кездеседі. Сондай ақ өсімдік  текті өнімдерде де белоктар бар. Белок бүршақ түқымдастарда (атбас  бүршақ, сүмбіл бүршақта, соя) ерекше көп болады. Адам өзіне қажетті көмірсуларды нан, жарма, картоп, жэне қанттан алады. Организм майды өсімдік майынан, сары майдан жэне тоң майдан алады.

Тамақтану нормасы

Адамның тамақтану нормасы  оның жасына, кэсібіне, тіршілік эрекетіне  байланысты. Дене жүмысын атқаруда тамақтану нормасы жоғары болады, өйткені тамақ біздің организміміз үшін негізгі энергия көзі болып табылады. Демек, организм энергияны неғүрлым көп жү_мсаса,оның орнын толтыру үшін тамақ   соғүрлым көп қажет болады.

Балардың тамақтану нормасын жасауда мынаны ескеру керек. Тамақтың энергетикалық қүндылығы айтарлықтай жоғары болуы тиіс, өйткені бала денесінің эрбір килограмм массасына ересек адамға дейінгі бала денесінің 1 кг массасына тәулігіне 460,5, бастауыш мектеп жасындағы балаға 293,1, 18 жасар жігітке - 209,3 кДж керек болады.

Алайда, организмнің энергияға  мүқтаждығын қанағаттандырумен  іс бітпейді. Мысалы,14235 кДж алу үшін адамға бидайдың 1,5 кг ақ нанын жеу

 

жеткілікті. Мүндай бір түрлі тамақ организмнің мүқтаждығын қанағаттандыра алмайды: оған қүрамында қажетті мөлшердегі белоктар мен көмірсулар бар алуан түрлі жануарлар жэне өсімдік текті тамақ қажет.

Тэулік рационы

Өсіп келе жатқан организм күн сайын төрт рет тамақтануы керек. Тәулік рацион былайша бөліну тиіс: ертеңгі ас тамақтың тәулік мөлшерінің 20-25%. Тамақтану нормасын анықтауда және тамақ рационын жасуда баланың жасын, оның дене массасын, өнімдердің энергетикалық құндылығын, олардың дэмділік сапасын жэне тағы да басқаларын ескерген жөн. Азық-түлік өнімдеріндегі қоректік заттардың қүрамын, сапасы мен мөлшерін осылайша дэл есептеу ғана өсіп келе жатқан организмнің бүкіл энергия шығынын толтыруды қамтамасыз етеді.

Шығыс мектептерінде дастарқан мәзірін жасауда тамақтың мөлшері мен сапасын үнемі ескере бермейді. Осыған қарамстан, балалардың денсаулығына      жауап      беретін      жэне      оларды           тамақтандыруды

үйымдастыратын мүғалім жекелеген тағамдардың энергетикалық қүндылығы жөнінде жуықтатылған болса да деректерді білуге міндетті: Мысалы, тэрелке толтырылған ет сорпасында 837,4-125 кДж, сүт сорпасына - 1591,0- 1716,6 гарнирі бар ет тағамында - 2093,4- 2212,1 кДж, овощ тағамдарында -837,4-1674,7 кДж,бір стақан компотта немесе кисельде - 418,7- 628,0 кДж болады.

Тамақтың алуан  түрлі болуының маңызы

Алуан түрлі тамақ дегеніміз - бүл өсімдік жануар текті эр түрлі өнімдерден түратын тамақ. Организмнің талабына осындай тамақ қана сай келеді, өйткені онда белоктардың, минералды түздар мен витаминдердің қажетті мөлшері жеткілікті болады. Тамақтың қүрамы неғүрлым алуан түрлі болса, организм оны соғүрлым жақсы сіңіреді.

 

Балаларға арналған дастарқан мэзірін олардың жас ерекшеліктері мен тамаққа мұқтаждығын ескере отырып, алдын ала ойластыру қажет.

Балалардың жазғы жэне қысқы тамағының біраз айырмашылығы болады . Қысқы уақыттағы төменгі температурада бала организімі энергияны көп жұмсайды . Сондықтан баланың бү_л кезеңдегі тамағының энергетикалық қүндылығы жоғары болуы тиіс. Жазда қоршаған ортаның жоғарғы температурасы жағдайында организмге^ қажетті оңай сіңірілетін қоректік заттары бар тамақ ұсынылады, өйткені ыстық кезде балалардың ас қорыту бездерінің қызметі күрт төмендеп, ас қорыту сөлінің мөлшері жеткіліксіз болады. Сүт, өсімдік текті тамақ осындай болады. Сүт тағамдарында балалардың қалыпты өсуі мен дамуына қажетті барлық қоректік заттар, ал өсімдік текті тағамдарда, бүларға қоса, витаминдер, минералды тұздар жэне ішкі перистальтикасын күшейтетін клечатка болады. Жазда майлы жэне етті тағамдарды көп пайдалану олардың қарында, ішекте іркілуіне себепші болуы мүмкін, бүл олардың ашуына, шіруіне, бір қатар жағдайларда ішек- қарын жолы қызметінің бүзылуына экеп соғады.

Мектепте тамақтандыру ісін үйымдастыру

Мектеп оқушыларын тамақтандыру ісін дүрыс үйымдастыру семь^яның, ата-аналардың ғана емес, сондай- ақ мектептердің, мүғалімдердің маңызды міндеті болып табылады.

Мектептегі ертеңгі  астың энергетикалық қүндылығы 1200-1600 кДж болуы тиіс. Буфет жүмысы дүрыс  үйымдатыруы үшін тамақ эзірлеуге  жауапты адамдар балалар эрекетінің сипатын, жыл мезгілін ескере отырып , бір аптаға арналған ертеңгі ыстық аста екі тағам, ал түскі аста (ұзартылған күн топтары үшін )- үш тағам болуы көзделеді. [3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зат пен энергияның алмасуы

Зат алмасу тірі дененің ең негізгі қасиеттерінің бірі, бүл арқылы өмір сүру жүзеге асады. Тіршілікке тэн қасиеттер - өсу, даму, көбею, тітіркену, қимыл тағыда басқа зат алмасу процесінің салдары. Зат алмасу - организм мен сыртқы ортадан қоректік заттардың, су мен организмнен керексіз көмір қышқыл газы, су мочевина, несеп қышқылы, минералдық заттардың, тағы басқа заттардың сыртқа шығуына дейінгі организмде үздіксіз жүретін күрделі процестердің жиынтығы. Организмге сыртқы ортадан түсетін заттар тамақ қүрамында болады. [4]

 

Ассимиляция және диссимиляция

Клеткаға енетін заттар клетканың өз заттына айнала отырып, күрделі өзгерістерге үшырайды . Заттардың бүлайша сіңірілуі, олардың клетка заттарына айналуы ассимиляция деп аталады. Ассимиляция процесінде клеткалар заттарға ғана емес сондай - ақ ондағы жасырын энергияға да байиды. Организмге клетка заты түзілуімен қатар, оның ішінара бұзылу процесі жүреді. Бір клетканың қүрамына кіретін органикалық заттардың бүзылуы, ыдырауы диссимиляция процесінде энергияның басқа түрлеріне айналатын потенциялдық, жасырын (химиялық) энергия босап шығады. Мысалы, қаңқа бүлшық етінде потенциалдық энергия механикалық (бүлшық ет жиырылып, жүкті көтереді )және жылу (бүлшық еттің температурасы көтеріледі) энергиясына айналады. Ассимиляция мен диссимиляция бір-біріне тэуелді болғандықтан, оларды бір процесс ретінде зат алмасу жэне организмдегі энергияның басқа түрге өзгеру процесінің екі жағы ретінде қарастыруға болады. [2]

10

 

 

 

 

 

Зат алмасу

Зат алмасу организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғүмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция -клеткалар қүрамына кіретін жэне арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделу) ; диссимляция - зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сэтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға , айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бүлардың бәрі жылуға айналады. Бүл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен органдардың, организм жүйелерінің, тү_тас адам денесі атқаратын қызметтеріне жүмсалады. Клеткалар құрлысы мен энергия қорының баяғы мөлшерде оларға сырттан қоректік минералдық заттар. Витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі -тағам,оның сапасы, мөлшері, қүрамындағы қоректік заттар, олардың ара қатынасы дене мүқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет.

Информация о работе Ортаңғы сынып оқушыларының өсу мен даму мэселелері