Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 17:44, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда, елдің экономикасы кәсіпорындарға ікелей байланысты болып келеді. қызмет түріне қарамастан әрбір кәсіпорында қызметкерлердің жұмысын бағалауға, еңбекақысын есептеп көп көңіл бөлінеді. Еңбекақы есептеу тәртібі – кәсіпорын бухгалтериясындағы ең маңызды және жауапкершілігі мол операциялардың бірі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................
І.Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
1.1.Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны төлеу нысандары мен жүйесі..............................................................
2.2.Еңбекақы есебінің нормативті базасы.Еңбекақыны жоспарлау және реттеу................................
2.3.Еңбекақы есебінің басты мақсаттары..............................................
ІІ. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбек ақысын талдау
2.1. Адам құрамының есебі және жеке еңбек шарты...........
2.2. Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебі.......................................................
2.3. Еңбекақысының талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі...................................................................................
ІІІ.Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
3.1. Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі................
3.2. Қосымша жалақыны құжатпен ресімдеу және реттеу.......
3.3. Қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдар.............................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру.doc

— 255.50 Кб (Скачать файл)

     Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен басқа төлемдерді есептеу уақыты бойынша орташа жалақыны есептеген кезде қосады, ал жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

  1. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік жалақы бойынша қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе құлақтандырудың негізінде жүргізіледі.
  2. жас өспірімдердің жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан аспау керек (16-дан 18 жасқа жейін – аптасына 36 сағат, 15-тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат).

         Олар:

  • кесімді ақы алушы жасөсіпірімдерге кесімді ақы алушының ставкасы бойынша;
  • мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге – тиісті разрядтың мерзімдік ставкасы бойынша төленеді. Жеңілдік сағаттары жұмыс уақытының табелінде көрініс табады.

         3. Нәрестені тамақтандыруға арналған  үзіліс. Мұның өзі медицина мекемсі  емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерг берген анықтамамен ресімделеді. Демалыс пен тамақтануға берілтен жалпы үзілістен басқа әрбір үш сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа сағаттық жалақы бойынша төленеді.  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

     3.2.Қосымша  төлемдер есебі 

     Уақытша еңбекке жарамсыздық  кезінде төленетін  жәрдемақы

     Жәрдемақы қызметкердің сырқаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз кезінде, протездеу, жанұя мүшелерінің біреуі ауырған кезде қарауға кеткендще, карантин және туберкулез ауруына шалдығына немесе кәсіптік сырқатқа байланысты басқа жұмысқа уақытша аудару кезінде, басқа жағдайларға үкімет белгіленген тәртіпте төленеді. Уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан жәрдемақы төлеудің немесе есептеудің негізі еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы немесе анықтамалар болып табылады.

     Еңбекке жарамсыздық парақшасы – еңбекке  жарамсыздығын растайтын құжат; жұмыстан босату және уақытша еңбекке  жарамсыздық бойынша, екіқабат және босану кезінде жәрдемақы алу үшін негіз болып табылады. Еңбекке жарамсыздық парақшасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын кез-келген жұмыста істейтін тұлғаларға беріледі. Жұмыстан шығарылған тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парақшасы берілмейді.

     Еңбекке жарамсыздық парақташасы мен  уақытша еңбекке жарамсыздық  туралы анықтама бланкілері қатаң есептілік  құжаттары болып табылады. Олардың  нысандары белгіленген тәртіпте бекітіледі.

     Төленетін жәрдемақы көптеген факторларға  тәуелді болып табылады.Оған қызметкердің осы жұмыста жасаған уақыты да жатады:

         - 8 немесе одан да көп жыл жұмыс істеген қызметкерге жалақысының 100%;

         - 5 жылдан 8 жылға дейін жұмыс жасаған қызметкердің жалақысы 80%;

         - 5 жылға дейін жұмыс жасаған қызметкердің жалақысы 60%.

     Заңдылықтарда үздіксіз стажына байланыссыз 100 пайыз жалақы мөлшерінде жәрдемақы беру қарастырылған: еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқат нәтижесінде, ҰОС қатысқан мүгедек жұмысшыларына және басқа да мүгедектерге, 16 жасқа толмаған үш не одан да көп бала асырап отырған тұлғаларға, екіқабаттарға, сондай-ақ заңдылықтармен қарастырылған басқа да жағдайларда.

     Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық  бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақының 100% көлеінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру қорына төлеген сомасының келешкекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.

     Жәрдемақыны есептеу үшін нақты жалақыға сол  объектіде бекітілген еңбекақы төлеу  жүйесімен қарасытырлағн жалақының, ақшалай сыйлықақылардың барлық түрлері, үстемақы және қосымша төлем, еңбек сіңірген жылдар үшін жыл нәтижет бойынша сыйақылар кіреді.

     Азаматтарға мынадай жағдайларда жәрдемақы  берілмейді: қылмыс жасау нәтижесінде  жарақат алған кезде, ішімдік, нашақорлық және т.с.с. пайдалану кезінде өз денсаулығына қасақана қастандық жасаған кезде. Сонымен қатар, соттың шешімі бойынша мәжбүрлі емделуге тартылған (психикалық аурумен ауратындардан басқа), олардың кінәлары анықталған жағдайда сот-медициналық сараптамасынан өтетін, сондай-ақ қамалудағы тұлғаларға берілмейді. 

     Жүкті әйелдерге және дүниеге  сәби әкелуіне байланысты берілетін жәрдемақы

       Әйелдерге жүкті болуына және  бала босануына байланысты 70 күнтізбелік  күн көлемінде және бала туылғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі. Жәрдемақы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі деамылс кезінде жалақының 100 пайыз көлемінде белгіленеді және төленеді. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын жұмыс істейтін әйелдерге беріледі. Сонымен қатар сол кәсіпорында қанша жұмыс істегеніне байланыссыз беріледі. 

     Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке  жарамсыздығы бойынша  жәрдемақы

     Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақысының 100 пайыз көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру сақтандыру қорына  төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.

     Бала  туылған (асырап алу) кезде берілетін  біржолғы жәрдемақы

     Бала  туылған кезде сол жылдағы  республикалық ҚР Заңында белгіленген  көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Өлі бала туылған кезде жәрдемақы  төленбейді.

     Бала  туылған (үш айға дейінгі баланы асырап алған кезде) кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны алуға ата-аналардың біреуі немесе орнын ауыстыратын адамның құқығы бар. Егер екі және одан да көп бала туылған кезде, жәрдемақы әр балаға  бөлек төленеді. Оның көлемі ағымдағы жылға бекітілген зейнетақыны, жәрдемақыны және басқа да төлемдерді есептеу үшін қарастырылған 4 еселенген есіптік көрсеткішке тең. Жәрдемақы тек бала туылғаннан кейін 6 ай ішінде шешесінің жұмыс орнынан, ал шешесі жұмыс істемесе – әкесінің жұмыс орнына әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.  

     Жерлеуге  төленетін жәрдемақы

     Сол жылғы респебликалық бюджет бойынша  ҚР Заңына сәйкес бекітілген көлемде  беріледі. Жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасына немесе жерлеуді өз мойнына алған басқа да жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Өлі бала туылған кезде жерлеу үшін жәрдеамық жалпы негізде беріледі. 

     Қызметкер санының немесе штаттардың қысқартылуына байланысты берілетін жәрдемақы

     Қызметкерлер  санының қысқаруы бойынша шараларды  жүзеге асырумен байланысты еңбек келісімшартын бұзу немесе кәсіпорынды қайта құру және жою кезінде кәсіпорыннан, мекемеден, ұйымнан қысқартылатын қызметкерлерге орташа жалақы көлемінде жәрдемақы төленеді.

     Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы  алуға зейнетке шығуға құқығы басталғанға  дейінгі еңбекке жарамды азаматтар, бекітілген тәртіпте танылған және тіркелген жұмыссыз азаматтар құқылы. Мұндай құқықт жұмыс іздеп жүрген немесе ұзақ мерзімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдар да иемденеді.

     Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы азаматты жұмыссыз деп тіркеген күннің 8-күнінен бастап жұмысқа орналасу мәселесі шешілгенге дейін, бірақ 26 күнтізбелік аптадан аспайтын мерзім ішінде, ал жұмысын мен табысын жоғалтқан тұлғаларға, ұзақ мерзімнен кейін еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдарға 112 ай ішінде төленеді.

     Жұмысын және табысын жоғалтқан азаматтар  үшін жұмыссыздық бойынша берілетін  жәрдемақы, егер олар жұмыссыздық басталғанға  дейінгі 12 ай ішінде толық жұмыс  күні немесе толық емес жұмыс күні ішнде 12 күнтізбелік аптадан кем емес уақыт аралығында жұмыс істеген болса төленеді.

     Жұмысын және табысын жоғалтқан тұлғалар үшін жұмыссыздық бойынша жәрдемақы  көлемі алдындағы жұмыс орны бойынша  негізгі жалақыға пайыздық қатынаста  төленеді.

     Барлық  басқа жағдайларда (оның ішінде жұмысқа енді тұрайын деп жүрген азаматтарға) жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы Қазқастан республикасының заңдылықтарымен анықталған күнкөрістің ең төмен деңгейіне пайыздық қатынас ретінде бекітіледі.

     Жәрдемақы көлемі бекітілген тәртіпте индекстеледі. 

     Жұмысшылар  мен қызметкерлердің  қан тапсырған  күніне, яғни донорлық міндетті атқарған күніне төленетін төлем

     Кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлер қан  тапсырған, яғни донорлық қызмет атқарған күні жұмыстан босатылуына тиіс. Қан  тапсырған жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша бір жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демалысына да қосып алуына болады. Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлердың жұмыст болмайтын доғарыда айталыға бұл күніне еңбеақы орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.  

       Жұмысшылар мен  қызметкерлерге жұмыстың  тоқтап қалған  уақытына төленетін  төлем

     Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбекақы тарифтің 50% мөлшерінде төленеді. Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыруы мүмкін. Егер жұмыстың тоқтап қалған уақытында жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіпорын әкімшілігі ұсынған басқа жұмысты орындаудан бас тарататын болса, яғни берілген жұмысты орындамайтын болса, онда ол уақыт үшін оған ешқандай еңбекақы төленбейді.

     Өнім  өндіру барысында  кездесетін ақау үшін төленетін төлем

     Ақау  деп өндіру барысында сапасы жағынан  белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін  немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған  күйінде тікелей  пайдалануға жарамсыз болып, сол қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды, бөлшектерді айтады. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар ұйымдағы қызметкерлердің кінәсінен толығымен жарамсыз болып табылатын болса, яғни ол өнімдер ақау болып табылса, онда бұл өнімдерді өндіргені, жұмысты орындағаны үшін қызметкерлерге еңбекақы төленбейді. 

     Қызметкерлерге  сыйақылар төлеу  есебі 

     Кәсіпорын қызметкерлердің жұмыс белсенділігн арттыру мақсатында келісімді – сыйақылы, мерзімді – сыйақылы және басқа да еңбекақы төлеу нысандарын қолданады.Сонымен қатар, әрбір кәсіпорын өз қызметкерлеріне түрлі сыйақылар мен басқа да төлемдерді шығаруы мүмкін.

     Сыйақылар жүйесін құрастыру үшін келесі бөлімдерден  тұруы керек:

  • сыйақы көрсеткіштері;
  • сыйақы жағдайлары;
  • сыйақы мөлшері;
  • сыйақы алатын қызметкерлер;
  • сыйақыларды қаржыландыру.
 

     Сыйақының мөлшерінің сомасы:

  • кәсіпорынның әдеттегі шығындар есебіне;
  • аяқталмаған шығындар есебіне;
  • кәсіпорынның пайдасы есебінде төленуі мүмкін.

     Егер де сыйақы өндіріс процесстеріне ( кәсіпорын  мерейтойына немесе басқа да мерекелік күндерге байланысты ) болмайтын болса, онда есептелінген сыйақылар аяқталмаған шығындар есебіне жазылады.

     Кәсіпорындарда  сыйақылар сонымен қатар бөлінбеген табыс есебінен алынуы мүмкін.Ол заңнамалық құжаттарда көрсетілген.Бұл жағдайға байланысты, акционерлердің және қатысушыларының рұқсатынсыз бөлінбеген табыс сыйақыларға қаражат бөліне алмайды. 

     Жұмысшының  сыйақы мөлшерін анықтау.

     Мына  деректерді пайдаланып, еңбекке келісімді сыйақы төлеу жүйесінде V разряд жұмысшының жалақы мөлшерін есептеу қажет.

  1. Сағаттық тарифтік мөлшерлеме (ТМ сағ.) – 175,4 теңге;
  2. Өндірістің сағаттық нормасы (НӨ) – 10 дана;
  3. Өндірістің бір айлық нормасы – 1620 дана;
  4. Өндіріс нормасын орындаудың жоспарлы пайызы – 100%:
  5. Бір айлық жоспарлы тапсырма – 1750 дана;
  6. Нақты жұмыс істеген – 162 сағат;
  7. Бір айда өндірілген өнім (ӨӨ) – 1855 дана.

         Цехтағы сыйақы төлеу жағдайы бойынша  жұмысшыға жоспарлы тапсырманы орындағаны үшін 15% мөлшерінде сыйақы және жоспарды асыра орындаған әрбір пайызы үшін  - 15%-дан келісімді жалақы төленеді.

                 Шешуі:

     1. Мына формула бойынша бір бұйымның  келісімді бағаламасын есептейміз:

Информация о работе Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру