Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 17:44, дипломная работа
Қазіргі таңда, елдің экономикасы кәсіпорындарға ікелей байланысты болып келеді. қызмет түріне қарамастан әрбір кәсіпорында қызметкерлердің жұмысын бағалауға, еңбекақысын есептеп көп көңіл бөлінеді. Еңбекақы есептеу тәртібі – кәсіпорын бухгалтериясындағы ең маңызды және жауапкершілігі мол операциялардың бірі.
Кіріспе................................................................................................
І.Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
1.1.Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны төлеу нысандары мен жүйесі..............................................................
2.2.Еңбекақы есебінің нормативті базасы.Еңбекақыны жоспарлау және реттеу................................
2.3.Еңбекақы есебінің басты мақсаттары..............................................
ІІ. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбек ақысын талдау
2.1. Адам құрамының есебі және жеке еңбек шарты...........
2.2. Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебі.......................................................
2.3. Еңбекақысының талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі...................................................................................
ІІІ.Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
3.1. Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі................
3.2. Қосымша жалақыны құжатпен ресімдеу және реттеу.......
3.3. Қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдар.............................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2.2.Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебі
Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы төлеу есебі (22-ден 6-ға дейін сағат).
Түнгі
уақыттағы жұмыс сағаттары
Мерзімінен тыс жұмыстары үшін еңбекақы төлеу есебі.
Мерзімінен
тыс жұмыстар тек белгілі бір жағдайларда
болуы мүмкін. Мерзімінен тыс жұмыстың
бастапқы екі сағаты 1,5 есе көлемде төленеді,
ал келесі сағаттарда – әрбір сағат үшін
2 есе көлемде төленеді.Мерзімінен тыс
жұмыс әр қызметкер үшін екі күн ішінде
төрт сағаттан, ал бір жыл ішінде 120 сағаттан
аспауы тиіс.
Мысал.
Қызметкердің сағат ішінде тарифтік
мөлшерлемесі 100 теңге. Өнім шығару нормасы
сағатына 4 өнім бірлігі.; бір дана құны
25 теңге (100 теңге / 4дана) Мерзімінен тыс
жұмыстың 4 сағатында қызметкер 16 өнім
бірлігін жасады.
Мерзімінен тыс жұмыстың жалақысын есептеу.
Келісім құны бойынша: 25 теңге * 16 бірлік = 400 теңге
Мерзімінен тыс жұмысқа қосымша төлемдер: - бастапқы 2 сағатқа: (100 теңге * 50%) * 2 сағ. = 100 теңге;
3-ші және 4-ші сағаттарға (100 теңге * 100% ) * 2 сағат = 200 теңге.
Барлығы:
400 теңге + 100 теңге + 200 теңге = 700 теңге.
Демалыс және мерекелік күндері жұмыс ақысын есептеу.
Егер қызметкер мерекелік және демалыс күндері жұмыс істеуге мәжбүр болса, онда оған басқа күні демалыс беріледі немесе ақшалық нысанда төленеді.Мерекелік және демалыс күндері қызметкердің жалақысы екі еселенген көлемде есетеледі.
Мысал. Белгілі бір өндірістік жағдайларға байланысты, келісімді еңбекақы алатын жұмысшы демалыс күні жұмысқа шықты. Осы күні ол 48 өнім бірлігін шығарды.Бірлік құны 75 теңге.
Еңбекақы
есебі: екі еселенген бағалар бойынша
есептелінеді (75 теңге * 2) * 48 бірлік = 7200
теңге.
Қызметкердің жыл сайынғы демалыс күндеріне ақы төлеу.
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер сол кәсіпорында 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекте демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Демалыс мерзімі ұжымдық келісімшарттар мен ережелерге сәйкес белгіленеді, бірақ ол 18 күнтізбелік күннен аз болмауы тиіс. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.
Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда еңбек демалысы кезінде сақталатын орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айларына байланысты анықталады.
Егер барлық есептік кезең толығымен орындалған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы есептік кезеңде есептелген жалақы сомасын 12-ге және жұмыс күні мен белгіленген еңбек демалысын төлеу кезінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының жыл сайынғы балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық санына бөлу арқылы есептеледі.
Егер есептік кезеңдегі 12 ай толығымен орындалмаған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндерін өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы істелген жұмыс уақытына есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа немесе жұмыс істелген уақытқа сәйкес алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесіндегі жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Еңбек демалысын еспетеу үшін қабылданған еңбекке төленетін ома 12-ге (бір жылдағы айлардың саны) және жұмыс уақытының балансына сәйкес анықталатын бір айдағы жұмыс күнінің орташа санына бөлінеді. Ол 1998 жылы алты күндік жұмыс аптасы үшін 25,67, ал бес күндік жұмыс аптасы үшін – 21,42 құрады. Орташа жалақы есебіне уақытша жұмысқа қабілетсіздік жәрдемақысы да қосылады. Жәрдемақы төленетін уақыт өтелген жұмыс деп саналады. Алынған орташа күндік жалақыны еңбек демалысының күніне көбейтіледі.
Мысал.
Қызметкерге
жыл сайынғы демалыс күндері
беріледі, ол 28 күнге тең.Сонымен
қатар қалыпты жұмыс
2006
жылдың 15 тамызынан 2007 жылдың 14 тамызына
аралығындағы жұмыс жылына қызметкерге
20 маусым – 23 шілде аралығында демалыс
күндері беріледі.
1.Демалыс күндерініне төлем есебі.
Қызметкер жұмыс күнінің орташа есебі:
50000теңге / 29,6 = 1689,18 теңге
Демалыс күндерінің төлем есебі:
1689,18 теңге * 34 = 57432,16 теңге
Демалыс күндерінің 11 күні маусымға, ал 23 күні шілде айына келіп тұр.
Маусым бойынша төлемдерінің сомасы:
1689,18 * 11 = 18580,98
шілде айының сомасы:
1689,18
* 23 = 38851,14
2.Қызметкердің маусым айында жасаған жұмыс күндері үшін жалақы есептеу.
Маусым айында қызметкер 1- 19 аралығында жұмыс жасады. (маусымның барлық жұмыс күндер саны – 21 күн)
50000 теңге / 21 * 12=28571,43
Сонда
қызметкердің демалыс күніне кетер
алдында оған 86003,59 теңге төленеді.
Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы
Жеке
еңбек келісімшартының қандай негізде
бұзылғанына байланыссыз жыл
сайынғы еңбек демалысына пайдаланбаған
немесе толық пайдаланбаған жұмысшыға
өтемақы төленеді.
2.3.
Еңбекақысының талдамалық (аналитикалық)
және топтамалық (синтетикалық)
есебі
Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақысынң жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:
Д-т: «тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша шығындар» шты;
«Жалпы әкімшілік шығындар» шоты;
«Негізгі
өндірістегі жұмысшылардың
К-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты.
7110-шоттың
дебитіне маркетинг бөлімінің
ьасқа да тауарларды сатумен
айналысатын жұмысшы-
7210-шоттың
дебитіне ұйымдағы әкімшілік
басқару қызметкерлеріне
8012-шоттың дебитіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерінің мерзімді және кесімді еңбекақылары жазылады. Кесімді еңбекақы алғашқы құжаттар негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік құнына қосымша, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.
8032-шоттың
дебитіне көмекші өндіріс
8042-шоттың
дебитіне цехтың әкімшілік
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде:
Д-т «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты.
К-т «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» шоты;
«Бюджетпен басқадан салықтар немесе алымдар бойынша есеп айырысу» және тағы да юасқа шоттар түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленгенде:
Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты.
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде.
Ал есептеліп бірақ, уақытысында таратылмағанда және тағы да басқа жағдайларда:
Д-т : «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты.
К-т: «Өзге де аламақ борыштар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
№ | Операция мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. |
Жұмысшылар
мен қызметкерлерге еңбекақы , сыйақы
және басқа да төлемдер есептелінді:
|
8012 8032 8042 7210 7110 |
3350 3350 3350 3350 3350 |
2. | Жұмысшыларға
кезекті демалыс ақысын есептеу
(егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған
болса);
Демалыс ақысынан есептелген әлеуметтік салық сомасы. |
3350 3150 | |
3. | Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға; | 3350 | 3220 |
4. | Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталатын табыс салығы сомасына | 3350 | 3120 |
5. | Жұмысшылардың еңбекақысынан сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға | 3350 | 3210 |
6. | Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың есеп беруі бойынша ұсталатын сомаларына | 3350 | 1250 |
7. | Бүлінген материалдық құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен жұмысшылардың еңбекақысынан ұсталатын сомаға | 3350 | 1250 |
8. | Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты) | 3350 | 3390 |
9. | Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына | 3350 | 1010 |
10. | Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың алдыңғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға | 3350 | 1250 |
11. | Лауазымды
тұлға болып саналатын |
7210 | 3350 |
ІІІ
Бөлім.Еңбекақы есебі
және еңбекақыдан
ұсталынатын төлемдер
3.1.
Қосымша жалақыны
құжатпен ресімдеу
және реттеу
Қазақстан Республикасы еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:
Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа жалақы бойынша төленеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 5.09.97 ж. №3 және ҚР Қаржы министрілігінің 16.09.97 ж. №17/8340 бұйрықтарымен белгіленген Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есептік кезең болып табылады (бір жылдан кем уақыт жұмыс жасаған қызметкер үшін орташа жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді). Орташа жалақыны анықтау үшін:
Күндік орташа жалақы, еңбекке ақы төлеу мен демалыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс күндерінің сомасына бөлу жолымен анықталады. Нақты жұмысшының орташа жалақысының мөлшері күндік орташа жалақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен анықталады.
Күндік орташа жалақы есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа жалақысының мөлшері орташа сағаттық жалақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады.
Егер:
Информация о работе Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру