Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 17:44, дипломная работа
Қазіргі таңда, елдің экономикасы кәсіпорындарға ікелей байланысты болып келеді. қызмет түріне қарамастан әрбір кәсіпорында қызметкерлердің жұмысын бағалауға, еңбекақысын есептеп көп көңіл бөлінеді. Еңбекақы есептеу тәртібі – кәсіпорын бухгалтериясындағы ең маңызды және жауапкершілігі мол операциялардың бірі.
Кіріспе................................................................................................
І.Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
1.1.Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны төлеу нысандары мен жүйесі..............................................................
2.2.Еңбекақы есебінің нормативті базасы.Еңбекақыны жоспарлау және реттеу................................
2.3.Еңбекақы есебінің басты мақсаттары..............................................
ІІ. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбек ақысын талдау
2.1. Адам құрамының есебі және жеке еңбек шарты...........
2.2. Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебі.......................................................
2.3. Еңбекақысының талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі...................................................................................
ІІІ.Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
3.1. Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі................
3.2. Қосымша жалақыны құжатпен ресімдеу және реттеу.......
3.3. Қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдар.............................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кездегі қолданылатын бухгалтерлік регистрлер қызметкерлердің айлық жалақы есебі туралы толық әрі нақты мағлұмат бере алмайды.Сондықтан да, қызметкердің жалақысын есептеуге маңызды рөлді , еңбекақы есебін рационалды ұйымдастыру болып табылады.
Еңбекақыны жоспарлау және
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсылаған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді.
Қазіргі
уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау,
мемлекеттің кепілденген ең қысқа
күнелту денгейін қамтамасыз етумен
және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен
шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен
байланысты. Еңбек қатынастарын реттеудің
нормасы болып табылатын тарифтік келісімнің
және ұтымдық келісім шараларының негізінде
жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтар
арасындағы, жұмысшы мен қызметшілердің
арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім
шарттарының қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі жалақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалатын және әлеуметтік факторларға сәйкес сараланады.
Кәсіпорында еңбекақы төлеу оңтайлы ұйымдастыру қызметкердің қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастырылуын – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінде қызметкердің еңбектік салымы мен еңбекқы төлеу шамасы арасындағы сәйкестілікті қамтамасыз ету, яғни тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сәйкестілікті бекіту.
Көптеген қазақстандық кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің ұйымдастыруның негізіне мынадай басты талаптар тиісті:
1.3.Еңбекақы
есебінің басты
мақсаттары
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу – бұл олардың жұмыс жасаған уақытына және заңға сәйкес белгілі бір жағдайларда - жұмыс жасаған күндеріне де төленеді.
Еңбекақы есебін ұйымдастырудың мынадай мақсаттары:
Кәсіпорындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеп, есептеу - кәсіпорын жұмысын ұйымдастырудың негізгі бөлігінің бірі болып табылатындықтан, есептеу жүйесіне жоғары талаптар қойылады.
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу тиіс:
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:
Өндіруші қызметкерлер үшін еңбекақыны реттеу ұжымдық шарт арқылы жүзеге асады, ал басқару мен инженерлік – техникалық қызмет жұмыскерлердің еңбегін төлеу жағдайын шарт арқылы көрсетеді. Ол белгілі бір кезеңге жұмыскер мен әкімшілік арасында жасалады.
Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.
Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс беруші жүргізеді. Қызметкердің жұмыс істеу нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі міндетті.
Нарықтық
экономика жағдайында жалақы жұйесін
дұрыс қолдану принциптерін түсіну
үшін мына жағдайларды білген жөн: осы
жүйеге негізделген күнкөрістің ең төмен
деңгейі «ең төмен жалақы» - тұтыну игілігі
және қызметінен тұрады.
ІІ Бөлім. Қызметкерлерге еңбекақыны есептеу тәртібі
2.1.
Адам құрамының
есебі және жеке
еңбек шарты
Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге жұмысқа алушы (заңды немесе жеке тұлға) және қызметкер (жеке тұлға) арасында жеке еңбек келісімшарты жасалуы тиіс.
Жеке еңбек келісімшарты дегеніміз жұмысшымен жұмыс беруші арасында жазбаша жұмыс орны, келісімшарттың мерзімі, еңбек режимі жағдайы, демалыс, еңбекақы, екі жақтың материалдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді әлеуметтік тұрмыстыұ қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша келісім.
Әдетте, еңбекақы мөлшерін жұмыс беруші тағайындайды, ал жұмысшы немесе қызметкер екі жақты келісімге сәйкес белгілі мамандығы бойынша берілген жұмысты атқаруға міндеттеренді, ал жұмыс беруші басқа да төлем ақыларды уақытылы төлеп отыруға міндеттенеді.
Жеке
еңбек шарты мазмұны мен
16
жасқа толған әрбір азамат
еңбек шартына отыруға құқылы.
Келісімшарт
мерзімі заң бойынша
Жеке еңбек шарты жасалғаннан соң жұмысқа қабылғандығы жайлы жұмыс беруші бұйрық (өкім) шығаруы керек. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылғандығы туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылғандығы туралы белгі жасайды. Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының 15.02.2000 ж. №35-П «Еңбек кітапшасын жүргізу жөнінде оны бекіту инструкциясы» туралы Әлеуметтік қорғау және еңбек министрілігінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек шартынан басқа жұмысқа алушы қызметкермен азаматтық-құқықтық келісімшартқа отыруға құқылы. Ондай келісімшарт жеке арнайы тапсырмаларды орындау үшін жасалады.
Азаматтық-құқықтық келісімшарттың жеке еңбек шартынан айырмашылығы орындаушы арнайы тапсырманы ұйымның ішкі еңбек тәртібіне тәуелсіз орындайды.
Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек және әлеуметтік қатынас ұйымдық шарт бойынша реттеледі. Мұндай шартқа отыру, жасау және оны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының «Ұйымдық шарты жөніндегі» 04.07.1992 жылғы №1514-ХІІ заң бойынша анықталады. Бұл шарт жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне байланысты, заң негізінде белгіленген төменгі еңбекақыдан жоғары деңгейде еңбекақы белгілей алады. Жұмыс беруші, сыйақы мөлшерін ұйымдық шартқа сәйкес белгіленген мөлшерден кем тағайындай алмайды.
Қызметкер
бір бөлімнен екінші бөлімге ауысқан
жағдайда, басқа жұмысқа ауысқандығы
жөнінде маман бөлімінің
Жыл сайынғы және басқа да «Еңбек туралы» заңға, ережелер мен заң актісі, ұйымдық және демалыс графигіне байланысты қызметкерлерге берілетін демалыс туралы бұйрық шығарылады, оны мамандар бөлімі екі дана етіп толтырып, біреуін мамандар бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға береді. Бұйрыққа не кәсіпоырн басшысы, немесе құрылыс бөлімі бастығы (мастер) қолын қояды. Осы бұйрық негізінде мамандар бөлімі қызметкерге демалыс берілгендігі туралы оның жеке карточкасына белгі қояды, ал бухгалтерияда қызметкердің орташа еңбекақысы есептеліп, демалыс уақытына тиесілі төлемі анықталады.
Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда жеке еңбек шартының тоқталғандығы жайлы бұйрық шығарылып, оны мамандар бөлімі екі дана етіп толтырып, бір данасын мамандар бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға өткізеді. Бұйрыққа не кәсіпорын басшысы, немесе құрылым бөлімі мастері қол қояды. Осы бұйрық негізінде бухгалтерия қызметкерімен есеп айырысады.
Барлық қызметкерлер санаты жұмыс уақытының пайдалану есебін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына бақылау жасау үшін,т жұмыс уақыты туралы ақпарат және еңбекақы есептеу үшін, жұмыс уақыты табелі жасалады. табель оның құрылуына жауапты тұлғамен бір дана етіп, тиісті ресімделген соң бухгалтерияға беріледі. Табелде жұмысқа келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты мен басқа да тиісті жағдайдан ауытқулар тиісті құжаттар негізінде көрсетіледі. (еңбекке жарамсыздық қағазы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағандығы туралы анықтама және т.б.) Жұмыс уақыты есебі табельде жұмысқа келген күндерін көрсету немесе тек ауытқуларын (келмей қалу, кешігу) көрсету арқылы жүргізіледі.
Табель нысаны қалауы бойынша, бірақ міндетті түрде жұмыс уақытының пайдалану есебі көрінетіндей болйы керек.
Шаруашылық
қызметінің процессінде жұмысқа
қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде
қызметкердеің саны өзгереді, жұмысы
бойынша ауысулар жүргізіледі. Адам
құрамының есебін мамандар бөлімі жүргізеді.
Ол жалпы кәсіпорын боынша, оның құрылымдық
бөлімшелері бойынша қызметкерлердің
саны туралы және осы санның өзгерісінің
себептері туралы; жынысы, асы, санаты,
лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі
және басқа белгілері бойынша қызметкерлер
құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз
етеді. Адам құрамын есепке алу үшін №Т-2
нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми
қызметкерлер үшін №Т-4 нысанындағы ғылыми
қызметкерді есепке алу карточкасы қолданылады.
Жұмысқа келген адамдар соңғы жұмыс орны
туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын
мамандар бөліміне көрсетуге толтырылады.
Ол мамандар бөлімінде сақталады.Оған
табельдік номер тағайындалып есеп айрысу
карточкасы беріледі. Бухгалтерия оған
ай сайын жалақы туралы мәліметтерді еңгізеді.
Жаңадан қабылғандарды жұмысқа қабыладу
туралы №Т-1 нысаныдағы бұйрықпен ресімделеді.
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы №Т-5 нысанындағы
бұйрық қызметкерді бір бөлімшеден басқа
бөлімшеге, бір лауазымнан басқасына өткізуді
ресімдеу кезінде қолданылады. Соның негізінде
жеке карточкасда және еңбек кітапшасына
белгілер қойылады. Демалыс беру туралы
№Т-6 нысанындағы бұйрық жыл сайынғы және
өзге демалыстарлы ресімдеуге арналған.
Оның негізінде жеке карточкаға белгілер
қойылады, онымен бухгалтерия демалыс
кезеңіне ақы төлеуді жүргізеді.
Информация о работе Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру