Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 17:44, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда, елдің экономикасы кәсіпорындарға ікелей байланысты болып келеді. қызмет түріне қарамастан әрбір кәсіпорында қызметкерлердің жұмысын бағалауға, еңбекақысын есептеп көп көңіл бөлінеді. Еңбекақы есептеу тәртібі – кәсіпорын бухгалтериясындағы ең маңызды және жауапкершілігі мол операциялардың бірі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................
І.Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
1.1.Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны төлеу нысандары мен жүйесі..............................................................
2.2.Еңбекақы есебінің нормативті базасы.Еңбекақыны жоспарлау және реттеу................................
2.3.Еңбекақы есебінің басты мақсаттары..............................................
ІІ. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбек ақысын талдау
2.1. Адам құрамының есебі және жеке еңбек шарты...........
2.2. Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебі.......................................................
2.3. Еңбекақысының талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі...................................................................................
ІІІ.Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
3.1. Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі................
3.2. Қосымша жалақыны құжатпен ресімдеу және реттеу.......
3.3. Қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдар.............................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру.doc

— 255.50 Кб (Скачать файл)

     Тарифтік  мөлшерлеме – бұл жұмыс уақытының  бірлігі үшін (сағат, ай, күн) , біліктілігінің айқын күрделілігі, еңбек нормасын орындаған қызметкерлердың еңбекақысының белгіленген мөлшері. Тарифтік тор – бұл разрядтың коэффициентінен тұратын және оған меншіктердің ара қатынасы жазылады.

     Тарифтік  разряд – қызметкерлердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операциялар мен әр жұмыстарда қолданылады.

     Әрбір разряд үшін тарифтік коэффициент қалыптасқан, ол қызметкердің тарифтік мөлшерлемесі бірінші разрядтың мөлшерлемесінен  неше есе артық екенін көрсетеді.

     1993 жылы 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай  тарифтік тор  халық шаруашылығындағы  қызметкерлердің барлық дәрежесіне  қосылған болатын.Бірыңғай тарифтік  торда І разрядтағы жұмысшылардан  бастап, басшылардан аяқталатын, қызметкерлердің  рязрядтарын тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.

     Бірыңғай  тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге барады. 21 тарифтік разряд шаруашылықты жүргізу нысанына, меншік нысанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған.

1-8 разрядтар  бойынша жұмысшыларға  төлемдер
6-15 разрядтар  бойынша сызықтық қызметкерлер
4-11 разрядтар  бойынша орта білімді  мамандар
7-15  разрядтар бойынша жоғары білімді  мамандар
10-20 разрядтар  бойынша кәсіпорынның  басшылары, бөлімнің қызмет басшылары
9-21 разрядтар  бойынша ғылыми қызметкерлер

 

         Жұмысшы дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процессінде  орындалған – жалпы қызметінің бағдарына  болған соң, жұмыстың дәрежесі бір топта  көрсетіледі.

         Тарифтік  торға тарифтік коэффициенттерін абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтарын  саны мен диапазоны жатады.

         ҚР-ның  «Қазақстан Республика еңбек туралы заңы» 2000 жылдың 1 қаңтардан бастап, іске асырылған бұл заңға сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердың еңбек арақатынастары нормативтік, құқық актілерімен және еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

     Еңбек нормасы күнтізбелік сағаттар (күндер) немесе нормаланған сағаттар,  яғни белгілі бір жұмысты атқаруға кететін уақытпен есептеледі.

     Еңбекақы  төлеудің жүйесін, түрін, тарифтік мөлшерлеме, жалақының, үстемақының, басқа да сыйақылардың  көлемін, сонымен қатар олардың  қызметкер арасында бөлінуін және тағы да басқа жағдайларды кәсіпорын  өзі ескеріп, қалыптастыруы мүмкін. Ол коллективтік немесе еңбек келісім шартында қарастырылады.

     Еңбекақы төлемдерінің разрядтары      Тарифтік  коэффициенттер      Еңбекақы  төлемдерінің разрядтары      Тарифтік  коэффициенттер
     1      1,0      11      2,05
     2      1,07      12      2,20
     3      1,15      13      2,37
     4      1,24      14      2,55
     5      1,33      15      2,74
     6      1,43      16      2,95
     7      1,54      17      3,27
     8      1,66      18      3,43
     9      1,78      19      3,67
     10      1,91      20      3,94
                   21      4,94

 

     Кәсіпорындар  өз қызметкерлеріне мынадай еңбекақы төлеу жүйелерін жасай алады:

     1)Мерзімді (тарифтік) – қызметкер жасаған  уақыт есепке алынады.

      1. жай;
      2. мерзімді – сыйақылы;

     2)келісімді  – қызметкер жасаған өнім саны  ескеріледі.

      1. тікелей;
      2. келісімді – сыйақылы;
      3. келісімді –дамушы;
      4. көтеріңкі.
 

     Кәсіпорында қызметкерлерге еңбекақы төлеудің екі  нысаны – келісімді және мерзімді  қолданылады.Олар өз кезегінде белгілі бір жүйелерге бөлінеді.Еңбекақы төлеудің жүйелері  әр кәсіпорынның жұмыс жағдайлары мен технологиялық процесстер, басқадай факторларға байланысты.Еңбекақы төлеу жүйесінің мағынасында мынадай түрлері қарастырылады: қызметкерлердің жасаған жұмысының көлемі, сапасы ескеріліп сыйақы төлеу есебі.

     Жалақының келісімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол өндіріс учаскелерінде қол  еңбегінің немесе машиналы-қол еңбегінің  басымдылығы жағдайында қолданылады; дәл осы жағдайда өндірілген көлемін және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет. 

     Келісімді еңбекақы мына жағдайларда қолданылады:

  1. тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткіштерінің бар болуы;
  2. жұмысшының өндірімін немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;
  3. осы учаскеде жұмысшыларды өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін онан әр арттыруды ынталандыру қажеттілігі;
  4. орындалатын жұмыс көлемінің дәлме-дәл есептеу мүмкіншілігі;
  5. техникалық негізделетін еңбек мөлшерін қолдану.

     Еңбекақының келісімді нысаны мына төмендегі  жағдаларда пайдалануды ұсынуға  болмайды, егер де:

  1. өнімнің сапасы нашарласа;
  2. техникалық тәртіптемелер бұзылса;
  3. жабдықтарды қызмет көрсетулері нашарласа;
  4. қауіпсіздік техника талабы бұзылса;
  5. шикізаттар және материалдар артық жұмсалса.

     Еңбекақының мерзімдік нысанында қызметкерлерге еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірісте нақты жұмыс  істеген уақытындағы қызмет ақысына  қарай белгіленеді.

     Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандыру.

     Еңбекақының мерзімді төлеу нысанын қолдану  шарттары:

    1. учаскелерде жұмыс орындарында жұмыстың бас көрсеткіші болып табылатын өнімнің және жұмыстың жоғары сапалылығын қамтамасыз ету;
    2. жабдықтарды қызмет көрсетудегі орындалған жұмыстар, сол сияқты конвейерлік желістегі реттелмеген ырғақтар;
    3. жұмыстарда көп қажет ететін шығындарды есептеу және еңбекті мөлшерлеу, алайда бұл жұмыстардың өндірілімінің орындалуы негізгі көрсеткішке жатпайды.

     Қызметкерлердің әр түрлі категорияларына еңбекақы төлеудің түрлі жүйелері қолданылуы мүмкін. Шаруашылық қызметкерлерге еңбекақы мерзімді түрде, ал негізгі өндіріс  қызметкерлеріне келісімді түрде  есептелуі мүмкін.

     Мысал. Еңбек келісім шартына байланысты қызметкерге оның жасаған күндері негізінде жалақы есептеледі.Штаттық кесте бойынша осы мамандықтағы қызметкердің жалақысы – 25000 тенге.

     Қызметкердің  тарифтік мөлшерлемесі анықталады.

     2006 жылы еңбек күндерінің жалпы  саны – 248.?

     248 күн / 12 ай = 20,67 күн

     Қызметкердің  тарифтік мөлшерлемесі:

     25000 / 20,67 = 1209,48 теңге.

     Мерзімді  – сыйақылы жүйе бойынша қызметкердің жалақысына сыйақы қосылып есептеледі.

     Келісімді жүйе бойынша қызметкерлердің еңбекақы төлеу есебі сол қызметкердің шығарған өнім бірлігіне алынады.Келісімді – сыйақылы еңбекақы төлеу жүйесі бойынша қызметкрдің нормасын асып шығарғаны үшін сыйақы беріледі.

     Мысал. Өнім данасының құны – 200 теңге. Нормасын асып шығарған қызметкерлерге жалақысының 10% түрінде сыйақы есептеледі. Жұмысшы 100 дана жасап шығарды.

     Жалақы  есебі:

     Жалақысы  – 20000 теңге (200 теңге * 100 дана);

     сыйақы  – 2000 теңге ( 20000 теңге * 10%);

     Сонымен, еңбекақысы  - 22000 теңге. (20000 теңге + 2000 теңге).

     Келісімді-прогрессивті жүйе бойынша жұмысшы жалақысы өнімді нормадан асып шығарғаны үшін арта түседі.

     Мысал. Негізгі өндіріс қызметкерлеріне  қызмет көрсететін жұмысшы жалақысы  - бригаданың жалақысының 15 % болып табылады. Осы айда бригада жалақысы 127500 теңге.

     Жалақы  есебі: (127500 теңге * 15% = 19125теңге).

     Еңбекақы төлеудің көтеріңкі нысаны бірге жасаған жұмысты сағат бойынша есептеу арқылы есепке алынады.

     Мысал. Үш адамнан тұратын бригада келісім  шартта көрсетілген жұмыс көлемін  аяктады.Сағат саны – 400. Жұмыстың бағасы – 60000 теңге.

     Жалақы  есебі:

     Әр  жұмысшының жалақысы оның жасаған сағат санына байланысты есептелінеді.

     
     Қызметкердің аты-жөні      Сағат саны      Жалақысы, теңге      Жалақы  есебі
     Жәрдемов А.      120      18000      60000 теңге / 400 сағ. * 120 сағ.
     Мүсірепов Н.      150      22500      60000 теңге / 400сағ. * 150 сағ.
     Есенов А.      130      19500      60000 теңге / 400 сағ. * 130 сағ.
     Барлығы:      400      60000       

 
 

     Еңбекақы  төлеудің келісім нысаны барысында, есеп жүргізу,  құжаттар негізінде  жүргізіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2.Еңбекақы  есебінің нормативті  базасы 

     Кәсіпорындағы барлық қызметкерлердің еңбектік қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен қарастырылады.Соған байланысты әр кәсіпорын еңбекақы есебінің жүйелерін, нысандарын, тарифтік мөлшерлемелердің көлемдерін, түрлі төлемдерді және т.б. қадағалап, құрастыра алады. Бірақ, кәсіпорынның өз еңбек жағдайлары заңда қарастырылған жағдайладан кем болмауы тиіс.

     Еңбекақы  есебінің негізіне заңмен көрсетілген  минималды еңбекақы алынады.Бұл  сомадан төмен жалақаны кәсіпорын  өз қызметкеріне төлей алмайды.

     Кәсіпорын қызметкерінің еңбекақы есебін дұрыс  жүргізу үшін бухгалтерде барлық құжаттар болуы тиіс, яғни сол құжаттарда қызметкер есепті айдың ішінде қанша сағат, немесе қандай көлемде жұмыс атқарғаны көрсетілуі тиіс.

Информация о работе Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру