Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 08:36, дипломная работа
Стратегиялық басқару менеджменттің белгіленген бір түрі ретінде жақында ғана қалыптасты. ХХ ғасырдың екінші жартысында менеджменттке көп назар аударыла бастады. Бизнесті басқару сұрақтарына деген қызығушылық әрдайым жоғары деңгейде.
Кіріспе........................................................................................................................3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Стратегиялық басқару теориясының мәні мен пайда болуы......................7
1.2Банк саласындағы стратегиялық басқару теориясының ерекшеліктері......................................................................................................18
1.3 Коммерциялық банктердегі стратегиялық талдаудың үлгілері ..................30
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ.
2.1 Қазақстандағы банк қызметін мемлекеттік реттеу........................................37
2.2 «Нұрбанк» АҚ-ның даму перспективалары ..................................................44
2.3 «Нұрбанк» коммерциялық банктің талдауы.................................................57
3. ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Банк ісінің дамуындағы қазіргі заман беталыстары......................................68
3.2 Банк тәжірибесіндегі факторлы талдау әдістері............................................81
Қорытынды...............................................................................................................89
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................92
1. Шығындар бойынша абсолютті жетекшілік.
2. Айырымдау
3. Фокустау
Кейбір кезде, банк бірден жоғары тәсілнамаларды сәтті қолдана алады. Стратегияның негізгі варианттарының қайсыбірін сәтті жүзеге асыру, әдеттегәдеә, жаппай күш-жігерлерді және лайықты ұйымдастырушылық шараларды талап етеді.
1.Шығындар бойынша абсолютті жетекшілік.Стратегияның бірінші варианты арнайы осы мақсатқа бағытталған экономикалық шаралардың үйлесімінің негізінде шығындарда абсолюттік салалық жетекшілікке жетуден тұрады. Шығындарда жетекшілікті қамтамасыз ету үшін тәжірбиенің жиналуының негізінде шығындардың азаюйына белсенді қатысып, өндірістік және үстеме шығындарды қатал бақылауға алып, тапсырыскерлермен ұсақ операциялардан жылыстап, зерттеулер мен әзірлеме, қызмет көрсету, өткізу жүйесі, жарнама және т.б. осындай салаларға шығындарды барынша азайту қажет. Мұның бәрі менеджмент жағынан шығындарды бақылауға үлкен назарды талап етеді. Төмен шығындар стратегиясын жүзеге асыру, өз кезегімен ірі алдын ала жаңа қондырғыларға күрделі жұмсалымдарды, агрессиялық баға белгілеуді, қажетті нарық үлесін жаулап алу үшін бастапқы шығындарды талап етуі мүмкін. Нарықтың жоғары үлесі, өз кезегімен масштабта экономиканың әсерлілігіне ықпал етіп сол арқылы шығындарды азайтылуына әкелуі мүкін. Еге \р шығындардың төмен деңгей позициясына жеткен кезде, ол жоғары таза пайда мен шығындарда үнемі жетекшілікті қамтамасыз ету мақсатымен жаңа, қазіргі заманға сай қондырғыларға қайта қаржы салымдарын жұмсауға мүмкіндік береді.
2.Айырымдау.Екінші негізгі стратегия – бұл банк ұсынатын өнім немесе қызметтерді әртараптандыру стратегиясы, яғни бүкіл банк жүйесі шеңберінде бірегей деп танылатын өнім мен қызметтерді жасау. Айырымдау түрлі формаларда жүзеге асады: бренд беделі бойынша, технология бойынша, функционалдық мүмкіндіктер бойынша, тапсырыскерлерге қызмет көрсету бойынша және тағы да басқа параметрлер бойынша. Мұратында банк өзін бірнеше бағыттар бойынша айырымдайды. Айырымдау стратегиясы шығындарға назардың бәсеңдеуін білдірмейді, бұл кезде тек олар бірнші кезектегі стратегиялық мақсаттар болып табылмайды.
Айырымдауды жүзеге асыру кейде нарықтың жоғары үлесіне жетуге кедергі жасуы мүмкін, себебі банк өнімін айырымдау түсінігі көбінесе оның эксклюзивтілігін білдіреді, бұл нарықтың жоғары үлесін алып тастайды.
Бірақ, әдеттегідей,
айырымдау төмен шығындар
3.Фокустау. Үшіші негізгі стратегия – арнайы тапсырыскерлердің бір тобына, банк қызметінің түріне немесе нарықтығ географиялық сегментінде фокустау. Айырымдау сиқты, фокустау да түрлі қалыптарды болуы мүмкін. Бірақ егер төмен шығындардың или айырымдаудың стратегия мақсаттары бүкіл банк жүйесіне таралса, онда фокустау стратегиясы тарлау мақсаттарда тоқталуын білдіреді, бұл өз кезегімен банк бизнесінің барлық функционалдық салаларында көрінеді. Аталған стратегияның негізінде банк кең ауданда қызмет көрсететін бәсекелестерге қарағанда тар стратетегиялық мақсатты көздегенде әсерлілігі және өнімділігі жоғары болады деген ұйғарымдар бар. Оны жүзеге асыру нәтижесінде банк мақсатты нарықтың қажеттіліктерін жақсырақ қамту арқылы айырымдауға жетеді немесе бұл нарыққа қазымет көрсету кезінде шығындарды азайтуға жетеді.
Үш негізгі стратегиялар арасындағы айырмашылықтар 9.3. суретте көрсетілген.
Фокустау стратегиясын жүзеге асыратын банк банк жүйесінде орташа пайдадан қарағанда жоғары пайданы табуы мүмкін. Оның фокустауы стратегиялық ұстаным шеңберінде төмен шығындар деңгейін, немесе айырымдаудың жоғары дәрежесін , немесе екі ұстанымдарды да білдіреді.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚ
Тұтынушы қабылдайтын
өнімнің бірегейлігі
АЙЫРЫМДАУ |
ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША АБСОЛЮТТІК ЖЕТЕКШІЛІК |
ФОКУСТАУ |
Фокустау стратегиясы әрдайым нарықтың елеулі үлесіне ие болу мүмкіндіктерін шектейді. Ол міндетті түрде пайдалылық деңгейі мен сату көлемі арасында таңдау жасауды ұсынады. Айырымдау стратегия жағдайындағыдай, шығындарда жетекшілікк ұстаным баламаларының пайда болуы мүмкін, бірақ міндетті емес.
Бәсекелес талдау тұрғысынан қазақстандық банктерді 4 топқа бөліп қарастыруға болады: ірі банктер; орташа банктер; шетел қатысы бар банктер; ұсақ банктер.
Отандық банк нарығында 40-тан астам коммерциялық бантер қызмет көрсетеді. Сарапшылардың бағасы бойынша банк нарығының 60%-зы үш банкке – Казкоммерцбанк, Халықтық банк, Банк ТұранӘлемге тиесілі. Нарықтың 30% келесі банктерге: АВН АМРО банк, Нұрбанк, Ситибанк, Алматы сауда-қаржы банкі, БанкЦентркредит, Темірбанк, Еуразиялық банк, Банк Каспийский, Валют-Транзит банк, ЗАО HSBK Банк Қазақстан, Альянсбанкке тиесілі. Қалғандардың үлесіне нарықтың 10% ғана келеді. Төменде банк нарығының көп бөлігін алып жатқан банктердің бәсекелестік стратеияларын талдаудың нәтижелері берілген. Банктердің бірінші тобы (ірі жетілген банктер) бизнестің жеке, корпоративтік даму секторларында және халықаралық қызметтерді кеңейтуде шамамен бірдей бәсекелестік сипатқа ие. Бұлар нарықта стратегиялық істеріндеқатысты нағыз жетекшілер. Банк ТұранӘлем (1999 жылдан бастап) өндірісті және тұтыну тауарларын сатуды қаржыландыруға бағытталған жаңа стратегиясының арқасында несиелеу саласында елеулі жетістіктерге жетті. Казкоммерцбанк – ірі өндірістік кәсіпорындар мен байланыс кәсіпорындарын инвестициялауымен. Халық банкі – тұрғындар мен ірі корпоративті секторға қызмет көрсетуімен. Бұлар үшін мықты кадрлық құрам, қауіптерді бағалау саласындағы жақсы тысқары істер, нарықты зерттеуде, бизнес-үрдістерді ішкі ұйымдастыру тән. Қолданыстағы стратегия – сыртқы ортаға барынша бейімделу үшін ішкі үрдістерді жетілдіру. Әлемдік стандарттарға дәрежесі мен банктің капитализация сапасы жағынан да сәйкес келеді. Материалды-техникалық базаның жоғары дәрежесі тән.
Орташа банктердің стратегиясы осыған ұқсайды. Аталған банктер – нарықтағы жетекшілікке үміткерлер деуге де болады. 2001 жылдан бастап бұл банктер әлемдік нарықтарға да бағыттала бастады. Соңғы жылдары активтердің көлемі 35%-ға көтерілді.
Отандық банктерге қарағанда, шетелдік банктер, әлемдік қаржы бизнесінде бас компанияның беделін қолдап және арқа сүйеп, нарықта ұстамды консервативті саясатты көрсетеді (АВН АМРО банк, Ситибанк, HSBK топтары және тағы басқалар).
Сонымен қатар байсалды және ілгерішіл банк имиджін саналы қалыптастыруындағы жұмысын, онымен жұмыс істеу тапсырыскер үшін бизнесінің байсалды және ілгерішілдігіне бара-бар екенін атап кеткен жөн. Банк қызметкерлері – ол отандық банктердің бұрынғы қызметкерлері, әдетте оның озық тобы. Жоғары белгіленген бағаның саясатыны ұстанады және тек қана ірі корпоративті бизнеске бағдарланған. Стратегиялық қалаулар, басында көбінесе мемлекеттік құнды қағаздарды және банкаралық несиелеуді инвестициялауға бағытталған болса, қазіргі кезде корпоративті тапсырыскерлерді несиелеуге қайта бағытталған. Шетелдік банктер батыстық стандарттарға сәйкес келетін жақсы ақпараттық-техникалық қамтамасыздандырумен, ұтымды орын алуымен, жабдықтануымен ерекшеленеді.
Ұсақ банктер олардың тұрақты тіршілік етуге мүмкіндік беретін өзінің активінде бірнеше тұрақты тапсырыскерлері бар. Олардың қызметі клиентурамен тығыз байланысты. Бұлар туралы әдетте – «нарық тауашасында көмілген» деп айтады.
Банк көрсеткіштерінің
өсу серпіні қолданылып жатқан стратегияның
әсерлілігінің деңгейі мен
2. ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
2.1. Қазақстандағы
банк қызметін мемлекеттік
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады,өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді.
КСРО-ның банк жүйесі оның қаржы саясатына, баға белгілеу механизіміне сәйкес командалық экономиканың және шаруашылықты орталықтанған басқару жүйесінің барлық талаптарына жауап берген. ҚҰрылымдық қатынаста ол қатал орталықтанған сипатқа ие болды және тік құрылымғы ие болды. Орталықтандыру беталысының көрінісі ретінде КСРО Конституциясының 6-шы бабында банктер мемлекет меншігі болып табылады және мелекет басқару органдарына толық тәуелді деп көрсетілген.\16, 11б\
КСРО-ның банк жүйесіне: КСРО-ның Мемлекеттік Банкі, Күрделі салымдарды қаржыландырудың бүкілодақтық банкі (Стройбанк СССР), КСРО-ның Мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары, Сельхозбанк, Промбанк, Коммуналды шаруашылығының Орталық банкі, Торгбанк енетін. Осылардың бәрі елде өзінің аймақтық бөлімшелерімен тармадалған жүйеге ие болды. КСРО-ның Госбанкі әлемдегі ең ірі банк болып табылған. 1983 жылы бүкіл елде тараған оның аймақтық бөлімшелерінің саны 4,5 мыңға жеткен. \17,110б\
КСРО-ның банк жүйесінде,оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті,несие-банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ реттемелеу, сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды.
Ақша-несие қатынасының қалыптасқан іс-тәжірибесі нарық қатынасы тудырған шарттармен сәйкес келмейді.
Социалистік жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен аспаптарын жойды.Утопиялық әрі идеологиялық тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банк түрінде щрасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. ОЛ барлық несие жүйесін өз уысынан шығармады, шынайы бәсекелестікті,тәуекелдіктің бүкіл элементтерін жойды.
1990 жылдың желтоқсанында
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі боп қайта құрылды.Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды. Республикалық Өнеркәсіп банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі - акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі - акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Алембанкке, Республика Жинақ банкісі - акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Жинақ банкісі Қазақстан Республикасының Халық банкісі атауына ие болды.
1989 жылдан бастап алғаш рет коммерциялық , аралас, кооперативтік,жеке меншік банктері пайда болды.\9\
Қазақстаннның егемендік алған кезінде 1993 жылдың 14 сәуірінде «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңдары қабылданды. Бірақ нарықтық өзгерістер тез өтіп жатқандығына байланысты, барлық заңдар күшін жойды да 1995 жылы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республика Президентінің Жарлықтары жарық көрді. Бұл жарлықтар нарықтық өзгерістер талаптарын жауап беретін, Қазақстандағы банк жүйесінің дамуына ыңғайлы негізін құрады. Жаңа банк жүйесін қалыптастырудың алғашқы жылдары оның екідеңгейлігі қатты білінген, себебі Мемлекеттік банк классикалық орталық банк ретінде енді-енді қалыптаса бастаған. 1988-1999 жылдар аралығын, біздің ойымызша, қолданыстағы банк жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңдері деуге болады. Бұл кезеңді мемлекеттік салалық банктердің қайта ұйымдастырылуы, алғашқы коммерциялық банктерді жасау кезеңі ретінде сипатауға болады.
1992 жылдан бастап 1994 жылдың аяғы банк жүйесінің қалыптасуының екінші кезеңі болып табылады. Оның негізгі сипаттарына Ұлттық банктің орталық банктің қызметтерін орындауға біртіндеп ауысуы, коммерциялық банктердің эксенстивтік қалыптасуы мен дамуы жатады. Бұл кезде банктердің саны күрт өсіп, жеке және біріккен банктер пайда бола бастады. Жаңа банктердің пайда болуына табыстарға оңай жетуге болатын ақша құнсыздануының жоғары дәрежесі себеп болды. Коммерциялық банктердің пайда болуына өзіндік ұлттық валютаның пайда болуы қатты әсер етті. Дәл осы кезеңнен бастап банк жүйесінің күшті экстенсивті-қарқынды (сандық және сапалық) дамуы басталды. 1994 жылдың қазан айына Қазақстанда 230 банк болды. Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық Банктен ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін шараларды талап етті. Ұлттық Банк пен Үкімет арасындағы тәжірбие мен үйлескен қарым-қатынастардың жоқтығы 1994 жылдың ортасына дейін ұлттық валюта идеясына «ұзақ өмір сіруге бұйрық берді». Тікелей қарыз алу арқылы бюджет дефицитін қаржыландыру тәжірбиесі амалсыздан сақталды. Осында, мүмкін, Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында шынайы міндеттер қарама-қайшылығы жатты.
1995 жылдың қаңтар айынан
бастап банк жүйесінің сандық
азаюы басталды, оның негізгі
мақсаты республикада банк жүйе
Банк жүйесі дамуының жаңа беталысын ескере отырып, 1995 жылдан бастап Қазақстандағы қалыптасуының жаңа кезеңі басталды деп ұйғаруға болады. Бұл кезде Ұлттық Банк классикалық ақша-несиелік құралдарын толығымен қолданған: қайта қаржыландыру несие көлемдерін реттеу, міндетті қорлар механизмін пайдалану, мемлекеттік құнды қағаздармен операциялар жүргізу, валюта нарығын реттеу. Пруденциалдық нормалардың механизмі минималды жарғылық қорды, капитал жеткіліктігін, бір қарыз алушыға максималды қауіпті, өтемпаздық коэффициентін, валюталық ұстаным, қор талаптарын қарастырған. Кағмдаларды орындау немесе орындамау банк қызметін бағалаудың негізгі критерийі болды. 1995 жылдың басынан бастап банк қызметіне қойылған нормативті талаптарды орындалмағаны үшін 100 жоғары банктерден лицензия тартып кері қайтарылды. 1996 жыл көптеген банктер үшін банкрот жылы болды ,себебі Ұлттық Банк пруденциалды қағидалардың шеңберін кеңейтіп, банк қызметін реттеудің тәсілдерін қатаңдатты.