Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 08:36, дипломная работа
Стратегиялық басқару менеджменттің белгіленген бір түрі ретінде жақында ғана қалыптасты. ХХ ғасырдың екінші жартысында менеджменттке көп назар аударыла бастады. Бизнесті басқару сұрақтарына деген қызығушылық әрдайым жоғары деңгейде.
Кіріспе........................................................................................................................3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Стратегиялық басқару теориясының мәні мен пайда болуы......................7
1.2Банк саласындағы стратегиялық басқару теориясының ерекшеліктері......................................................................................................18
1.3 Коммерциялық банктердегі стратегиялық талдаудың үлгілері ..................30
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ.
2.1 Қазақстандағы банк қызметін мемлекеттік реттеу........................................37
2.2 «Нұрбанк» АҚ-ның даму перспективалары ..................................................44
2.3 «Нұрбанк» коммерциялық банктің талдауы.................................................57
3. ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Банк ісінің дамуындағы қазіргі заман беталыстары......................................68
3.2 Банк тәжірибесіндегі факторлы талдау әдістері............................................81
Қорытынды...............................................................................................................89
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................92
Кіріспе......................
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
1.1 Стратегиялық басқару теориясының мәні мен пайда болуы......................7
1.2Банк саласындағы стратегиялық басқару
теориясының
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ.
3. ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
3.1 Банк ісінің дамуындағы қазіргі заман
беталыстары...................
3.2 Банк тәжірибесіндегі факторлы
талдау әдістері......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің жолдауында айтылғандай, 2005 жылы экономикаға шетелдік инвесторларға қарағанда отандық кәсіпкерлер көбірек инвестициялады. Бұл қазақстандық бизнестің өсуі мен ынталануының жақсы көрсеткіші. Қазақстандық кәсіпорындар капиталды қорландыру алғашқы кезеңін өтіп, нарықта бәсекелес күреске жан-жақты дайындалуда. Көптеген компаниялар байсалды түрде және ұзақ мерзімге білікті кеңесші, ғалымдар, менеджерлер мен маркетологтардың көмегімен республикамыздың қаржылық, өндірістік және аграрлық секторына ене бастады. Көптеген мекемелер, саяси және экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, ұзақмерзімді болашаққа (перспективаға) бизнестің жетілдіруін жоспарлап жатыр. Түрлі деңгейдегі талқылауларда стратегиялық басқару, стратегиялық бизнес-жоспарды дайындаудың тәжірбиесі, дамудың стратегиялық ықпалдары және т.б. осы сияқты терминдері жиі қолдана бастады.
Стратегиялық басқару менеджменттің белгіленген бір түрі ретінде жақында ғана қалыптасты. ХХ ғасырдың екінші жартысында менеджменттке көп назар аударыла бастады. Бизнесті басқару сұрақтарына деген қызығушылық әрдайым жоғары деңгейде. Біздің ойымызша, бұл, бизнесте менеджмент үлкен роль атқаратыны ғана байланысты емес, сонымен қатар менеджмент тәжірбиелік қызмет ретінде үнемі жетілуде, тіпті кейде өзінің мағынасынмен ертеректе тәжірбиеде және теориялық түсінікте дұрыс басқару үлгісі деп есептелетіндерге қарама-қайшы келетін түрге ие болады. Мұндай құбылыстар себебінің тамырлары менеджменттің бәсекелестердің алдында өз ұйымына артықшылықтармен қамтамасыздандыру міндетінде жатыр. Демек, бұл басқарушылар әрқашан басқарудың жаңа, біртума бағыттарын ізденуді білдіреді. Егер менеджерлер барлығын олардың бәсекелестеріндегідей істесе, өздерінің амалдарын жалпымен қабылданған ережелер мен стандарттар бойынша жасаса, онда олар фирманың қызметінде ешқандай біртумалыққа жетпейді. Яғни бәсекелестерді ешқашан оза алмайды.
Әрине, басқарудың бөлек
компоненттері бар, оларға қатысты
осы компоненттерді сипаттап қана қоймай,
осы компоненттер шеңберінде басқаруды
қалай жүзеге асыру қажеттілігін көрсететін
қалыптасқан және тұрақты теорияның бар
екенін айтуға болады. Бірақ, егер мәселе
стратегиялық басқару жайлы болса, ең
алдымен, бұл кәсіпорынның қатаң бәсекелестік
күрес және осы бәсекелестік күрестің
әрбір қатысушысы жеңу үшін барлық мүмкіндіктерді
пайдаланатын жағдайында динамикалық
өзгерістегі ортада өмір сүруіне мүмкіндік
беретін шешімдерді табуға бағытталған,
өзінің негізінде жоғары басшылықтың
теориялық іс-әрекеттерінен тұратын менеджменттің
құрамды бөлігі ретінде түсіну қажет.
Стратегиялық басқарудың ерекшелігі ондағы рутиналық процедуралардың аздығы мен шығармашылықтың көптігінде, яғни өнердің ролі өте жоғары. Сондықтан, стратегиялық басқарудың теориясы кәсіпорынды басқарудың стратегиялық міндеттерін сәтті шешу тәжірибесін жалпылау негізінде және сәтті нәтижеге жетуге көмектесетін жеке басқарушылық сызбалары мен мақұлдауларды ерекшелендіру негізінде қалыптасады.
Әлемдік экономикада дамыған елдерде стратегиялық басқарудың дамуының жетерліктей үлкен тәжірбиесінің барына қарамастан, оны қазақстандық экономикасында пайдалану мүмкіндіктерін толық және егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Бұл біздің және басқа елдерде экономикалық субъектілердің қызмет етуіндегі жағдайлардың айтарлықтай айырмашылықтармен байланысты. Республиканың кәсіпорындарына стратегиялық басқаруды енгізу мәселелері қазақстандық ғалымдармен әлі толық зерттелмеген. Бұл көптеген себептерге байланысты, солардың бірі оны пайдаланудың маңыздылығы мен актуалдығын түсінбеу. Бұл, әсіресе, жоғары бәсекеге қабілеттілігі және қызмет ету тиімділігі экономиканың басқа да салаларында экономикалық өсуді білдіретін республикамыздың коммерциялық банктердің қызметіне байланысты.
Бүгінгі күнде банк жүйесі экономкада жаңа экономикалық қатынастарды ынталандырып және олардың қалыптасуына әсер ететін нарықтық өзгерістердің негізгі факторларының бірі болып табылады. Қазақстандық банк жүйесінің уақыттық санауындағы қысқа тарихына қарамастан, оның сапалық деңгейі мен даму беталысы мәселелерді шешу жағдайларында оңтайлы болашағы мен әрі қарай жетілу мүмкіндіктері жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Себебі банк жүйесі жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы жағдайында ең сезімтал буындарының бірі болып табылады. Қазақстаннның банк жүйесін қалыптастыру кезінде қателер мен жаңылыстар жасалды, олар оның бүкіл даму үрдісіне теріс әсерін тигізді. Ірі банктердің банкроттығы , көптеген банктердің төмен қаржылық потенциалы, қайтарылмаған несиелер мәселесі және қысқа мерзімде шешуді қажет ететін көптеген басқа да мәселелері. Мұнда қазіргі кезде стратегиялық қағидалар мен технологияларға негізделген басқару сапасы туралы сөз қозғау керек. Банк жүйесінің жалпы құрылымында стратегиялық басқарудың орны мен ролін нақты анықтау қажет. Себебі, қазіргі заманда нарықтық қатынастарға бағытталған іс-әрекеттер серіктес іскерлік қатынастарды сәтті реттеудің «визиттік карточкасы» болып табылады.
Тақырыптың өңделгендік дәрежесі. Стратегиялық басқару теориясының даму мәселелері И.Ансофф, С. Блэк, А.Шендел, В.Хаттен, Хью Дэвидсон, Ф.Котлер, К.Пирс, Дж. Робертсон, Дж. Эванс, Б. Берман және т.б. шетел ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. ТМД елдерінің ғалымдарымен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту жағдайында стратегиялық басқарудың қағидаларын қолдану мүмкіндіктері жайлы бірқатар зерттеулер жасалды. Бұл салада Виханский О.С., Нарибаев К.Н., Нысанбаев С.Н., Джумамбаев С.К., Наумов А.И., Глухов В.В., Градов А.П. және тағы басқалардың ғылыми еңбектері мәлім.
Жоғары тиімді стратегиялық басқару, ірі корпорациямен басқару мәселелері, олардың дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету және осыған тығыз байланысты зерттеулер жасаған бірқатар ғалымдарды сөзсіз келтіруге болады.
Бірақ, стратегиялық басқару дамуының, әсіресе, республикамыздың коммерциялық банктерінде, зерттеу мәселелері толығымен анығына жетіп зерттелмеген. Көптеген авторлар шетелдік тәжірбені қолдану ұлттық экономиканың ерекшеліктерімен үйлесу қажеттілігін бірнеше рет ескертеді. Бірақ, стратегиялық басқарудың басқа елдер мен біздің елде қолданудың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айтпайды. Кейбір авторлармен біздің банктерді батыстық үлгіге бейімдеу әрекеттері жасалған. Даму стратегиясын таңдау, ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлау тұрғысынан коммерциялық банктерде стратегиялық басқаруды қолдану мүмкіндігі тіпті зерттелмеген деп те айтуға болады. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының қарқынды дамып жатқан банк жүйесіндегі стратегиялық басқарудың мүмкіндіктері мен мәселелерін зерттеудің табандылықты қажеттілігіне жағдай туғызады.
Қазақстан республикасының коммерциялық банктерінде стратегиялық басқарудың дамуы мен оларды пайдаланудың нақты жолдарының теориялық шарттарын анықтау осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Бұл мақсаттарға жету келесі міндеттерді шешуді талап етеді:
Дипломдық жұмыстың пәні Қазақстан Республикасының
коммерциялық банктерінде бәсекелестік ортада тұрақты жұмыс істеуінің маңызды құралы ретіндегі стратегиялық басқару болып табылады.
Дипломдық жұмыстың нысаны Қазақстан Республикасының экономикасында қазіргі замандағы өзгерістердің ең белсенді қатысушылары ретінде республиканың коммерциялық банктері жатады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін жасауға экономикалық теорияның классиктері мен қазіргі замандағы шетелдік және отандық экономисттерінің ғылыми зерттеулері қызмет етті.
«ҚР банктері және банк қызметі туралы» 1995жылғы 31 тамызында N 2444 қабылданған ҚР Заңы,ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің есептік және ақпараттық мағлұматтары, халықаралық ұйымдардың мағлұматтары, газет, журнал статьялары зерттеудің ақпараттық базасын құрады.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Стратегиялық басқару теориясының мәні мен пайда болуы.
Соңғы онжылдықта кез-келген жүйеге болашақта бәсекелес күресте өмір сүруге мүмкіндік беретін стратегиялық ұстаным жөніндегі зерттеулер саны күрт өсіп кетті. Қатаң бәсекелестік күрес және тез өзгеретін жағдайда барлық компаниялар тек ішкі істердің жағдайына ғана назар аудармай, олардың ортасындағы болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз ететін ұзақмерзімді стратегияны жасау қажет. Бүгінгі күн тез өзгеретін қоршаған ортаға басқару жүйесінің бейімделуін қамтамасыз ететін басқарудың қажеттілігін талап етеді./1,3б/
Бірақ, бірегей әмбебап стратегиялық басқарудың жоқтығы сияқты барлық компаниялар үшін ортақ стратегия жоқ. Әрбір фирма, ұйым, жалпы алғанда, жүйенің өзіне тән дара ерекшеліктері болғандықтан, стратегиялық баламаларды таңдау үрдісі күрделі әрі бірегей.\3,14б\
«Стратегиялық басқару» және «стратегиялық жоспарлау» терминдері батыс менеджментінің тәжірбиесіне ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары кеңінен енді. Сонымен қатар, өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында стратегиялық жоспарлаудың әдістеріне қызығушылық деңгейі төмендесе, бұдан кейін 90-шы жылдары статегиялық басқару және жоспарлау әдістері мен әдістемелері жаңғырды. Соңғы беталыс бүгінгі күндері де жалғасуда.
Отандық тәжірибе үшін қаншалықты жаңа болса, соншалықты таныс – бәрі әдістемеге байланысты. Бір жағынан, нарықтағы бесжылдық жоспарлар, ұзақмерзімді жоспарлау өткен заманда шаруашылық тәжірбиесінің активінде берік орын алған. Сонымен қатар барабар нарық жағдайы мен тез өзгерістегі қоршаған орта қолданылатын қазіргі кездегі стратегиялық әдістер совет кәсіпорындарының шаруашылық басшылығына аз шамада мәлім болған. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары және ХХІ ғасырдың алғашқы жылдары отандық тәжірбиеде жалпы стратегиялық басқару мен жеке стратегиялық жоспарлаудың әдістері мен технологияларын қарқынды таратылу байқалуда. \4,6 бет\
Стратегиялық басқару
бітпейтін бюрократтық «
Стратегиялық басқарудың
конструктивті анықтамаларын