Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 08:36, дипломная работа
Стратегиялық басқару менеджменттің белгіленген бір түрі ретінде жақында ғана қалыптасты. ХХ ғасырдың екінші жартысында менеджменттке көп назар аударыла бастады. Бизнесті басқару сұрақтарына деген қызығушылық әрдайым жоғары деңгейде.
Кіріспе........................................................................................................................3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Стратегиялық басқару теориясының мәні мен пайда болуы......................7
1.2Банк саласындағы стратегиялық басқару теориясының ерекшеліктері......................................................................................................18
1.3 Коммерциялық банктердегі стратегиялық талдаудың үлгілері ..................30
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ.
2.1 Қазақстандағы банк қызметін мемлекеттік реттеу........................................37
2.2 «Нұрбанк» АҚ-ның даму перспективалары ..................................................44
2.3 «Нұрбанк» коммерциялық банктің талдауы.................................................57
3. ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Банк ісінің дамуындағы қазіргі заман беталыстары......................................68
3.2 Банк тәжірибесіндегі факторлы талдау әдістері............................................81
Қорытынды...............................................................................................................89
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................92
Бұл кезде, осындай корпоративтік құрылымдарда синергия әсері байқалады, ол екі не одан да көп кәсіпорындар бір қолда біріккен кезінде пайда болатын стратегиялық артықшылықты білдіреді. Әсерлілік өседі, бұл өндірістің өсуі мен шығындардың азаюында көрінеді, себебі бірлескен еңбектің әсері жеке жігердің жай жиынтығынан жоғары. /7, 152бет/
Сондықтан, жоғарыда аталған жағдай ескерілген стратегиялық басқарудың келесі үлгісін ұсынамыз. (сур.6)
Компанияны стратегиялық басқару, атап айтқанда банкпен, банктің ұзақмерзімді өміршеңдігін және бәсекелестік күресте онымен сәттілікке жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін орталық буыны болып табылады.
Сонымен қатар, көптеген казақстандық компаниялар жүйелі стратегиялық басқаруды енгізумен байланысты олардың алдындағы ашылып жатқан мүмкіндіктерді әлі бағалай алған жоқ. Бұл, бір жағынан, стратегиялық басқару үрдісінің жеткіліксіз жүйелілік пен стратегиялық жоспарлау мен осы мәселенің күрделілік жағдайында басқару әдістеменің жан-жақты қарастырылмағандығымен түсіндіріледі. Стратегияны дайындау және жүзеге асыру кезінде шешілетін көптеген мәселерді қанағаттандыратын қажетті құралдардың жоқтығы да ендіру мен оның тартымдылығын төмендетеді.
Стратегиялық басқарудың көп дәрежелі үлгісі
Синергиялық әсер –
стратегиялық артықшылықтар
Оны әлдебір қалыпты үрдіс ретінде айтылған түсіндірмесінде қорытылған стратегиялық басқару мен жоспарлаудың дәстүрлі әдістемелері олардың бір-біріне маңыздылығы мен стратегияның қалыптасуындағы мәнін, сол сияқты ағымдағы жағдайдың ерекшеліктерін, сол сияқты кәсіпорынды да елемейтін көбінесе статикалық, бірнеше «жораларды» орындаудан тұратын және оларды ары қарай қолданысы мен стратегия үшін маңыздылығы жайлы тиянақсыз нұсқаулардан тұрады; себебі ерекше шығармашылық үрдіс ретінде ол толық көлемде тек аз ғана адамдарға таныс, ал формальды талдау әдістері мен жағдайларды тиянақсыз бөлу, іс-әрекеттерді бағдарлау бір жақты және кәсіпорынның барлық шамасын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, себебі ол стратегиялық басқаруды толық көлемде қолданған кезінде ғана басқарушыларға жетімді болады.
Сонымен, стратегиялық басқарудың мәселесі келесімен сипатталады:
Сонымен, біздің ойымызша,
стратегиялық басқару мен бизнес-
Мұндай әдістеме қателік қауіпін біршама төмендетеді және шешімде субъектілік үлесін төмендетіп, бірақ шешім қабылдау үрдісіне жеке шешім қабылдайтын тұлға (ШҚТ) адамның әсерін толық ескеру арқылы талдаудың деректілігі мен сапасын жоғарылатады.\8\
1.2 Коммерциялық банктегі стратегиялық басқару теориясының ерекшеліктері.
Коммерциялық банктер қаржы делдалдар категорясына жатады. Қаржы делдалдары қоғамға ақша айналымын салааралық және аймақаралық қайта бөлісумеханизімін қамтамасыз етіп, маңызды қызмет атқарады.
Жаңа міндеттерді жасау және оларды басқа контрагенттердің мінжеттемелеріне ауыстыру қаржы делдалдықтың негізін құрайды.
Қазіргі кездегі несиелік-банктік жүйелер күрделі, көпбуындық құрылымды болып келеді. Қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш маңызды элементтерін атап көрсетуге болады:
Орталық банк – банктердің банкі. Ол іскер фирмалар мен халық үшін операциялар жүргізбейді. Оның клиентурасы – коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, сол сияқты үкіметтік ұйымдар.
Коммерциялық банктер
несие капиталының түрлі
«Банк » сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан.Банко – үстелдер тауарлардың сауда саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде , қалаларда шақа соғылатын(чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылған.\9,243б\
Өндірістің дамуына байланысты банктердің жаңа қызметтері пайда болды. Бұл, ең алдымен, өндіріс кезеңін қысқамерзімді несиелеу бойынша банк операциялары. Капитал айналымын толықтыру шикізат пен материалдар қорларын жасауға, дайын жаңа өнімдер мен тауарлар, еңбек ақысын төлеуге арналған несиелер беріле бастады. Біріншіден, несиелеу уақыты созылып, капиталдың ұзақмерзімді салымдарының беталысы байқалды. Қазіргі күні банк қорларының бөлігі негізгі капиталға құнды қағаздар мен басқа активтерге салына бастады.
Қазіргі күні коммерциялық банк түсінігі тым басқа мағынаны білдіріп, банктің «іскер» сипатын, олардың қызметтерінің түріне қарамастан, нарықтың барлық субъектілеріне қызмет көрсетуге бағдарлануын білдіреді.
«Банк» түсінігін ашуға келсек, республикамыздың банк жайлы заңдарында: «Банк – бұл осы Заңмен сәйкес банк қызметімен айналысуға құқығы бар коммерциялық мекеме болып табылатын заңдық тұлға» \2, 5б\.
Экономиканың банк секторының маңыздылығы коммерциялық банктердің капиталдық ауысуы үрдісінегі ролімен анықталады.
Банк қызметінің тұрақтылығы
елдің экономикасына әсерін тигізеді.
Міне, сондықтан «...банк жүйесін
жоғарғы тәртіптің
Тек коммерциялық банктер атқаратын қызметтер қандай? Бұл ең алдымен, ақша жасадың макроэкономикалық қызметі. Мұнда депозиттік өктемдік атымен белгілі үрдіс айтылып отыр, яғни бір банктегі депозиттердің өсуі геометриялық үрдістерінің жиынтығы формуласы бойынша бүкіл қаржы жүйесіндегі ақшаның жиынтық ұсынысын өсіреді.\10, 11б\ Яғни,
D*1/m = M, мұндағы D – бастапқы депозиттердің өсімі
M – осының нәижесіндегі ақша жиынтық ұсынысының өсімі
1/m – ықшамдалған ақша мультипликаторы
m – міндетті қорлар мөлшері
Ақша жасау қызметімен қатар коммерциялық банктердің тағы екі өзіндік қызметтері бар. Бұл – жинақ ақшаларын сақтау және төлемдік қызмет. Жинақ ақшаларын сақтау дегенде коммерциялық банктің шаруашылықты жүргізетін субъект депозит ашып, оларды қайтадан алғанға дейін коммерциялық банкте ақшаларын сақтайды). Төлемдік қызмет дегенде коммерциялық банк шаруашылық жүргізетін басқа субъектілерге төлемдердің түрлі құралдарын ұсынады, сол сияқты осы төлемдердің көп бөлігінің өндірісін өзіне алады.
Бұл екі қызмет макродеңгейде, яғни нақты шаруашылық қызметтер арасындағы ақша қозғалыстары деңгейінде және микродеңгейде, яғни экономикада оның нысаны ақшалардың жиынтық қозғалысын қарастырады.
Бір жола бір-бірімен байланысқан, бірақ мәні бойынша үш түрлі қызметтерді арнайы шаруашылық жүргізетін субъектісі ретінде коммерциялық банктің ерекше қасиеті.
Негізгі қызметтерді орындаумен қатар банктер клиенттеріне (тапсырыскерлеріне) көптеген тағы басқа қаржылық қызметтерді ұсынады. Қазіргі кездегі коммерциялық банк қызметіндегі маңызды жақтарына құнды қағаздарды шығару және оларды нарықта орналастыру болып табылады.
Жалпы депозиттік-есептесу операциялары, несиелік қызмет көрсету және басқа да қызметтер коммерциялық банктің несие жүйесіндегі бірегей орынды алуға мүмкіндік береді.
Банк экономикалық кәсіпорын ретінде - әрдайым шаруашылық жүргізетін субъект. Сонымен бірге банк – бұл сауда кәсіпорны. Банк саласындағы коммерция белгілі ұстанымдарға негізделген. Олардың ішінде ең бастысы – шаруашылықты табысты жүргізу ұстанымы, мүмкіндігінше көп пайда түсіру. Банктың коммерция үрдісі аз инвестициялар мен пассивтегі өзінің төмен үлесі кезіндегі көбірек пайда түсіруді көздейді. \5\
Коммерциялық банктер экономикадағы нарықтық өзгерістердің туындысы бола тұра, нарықтық қатынастардың дамуына өз ықпалын тигізу керек. Банктер бұл міндетті өзінің қызметіндегі негізгі ұстанымдарды сақтауды қамтамасыз етіп қана орындай алады. Кейбір экономисттер, мысалы Т.Н.Белоглазова, бұл міндеттерді экономикалық субъект ретінде банк нарықтылығының негізгі шарттары деп түсіндіреді.\11, 17б\ Сонымен бірге «нарықтылықтың» үш категориясын көрсетеді: банктің экономикалық дербестігі, өз қызметінің нәтижесіне экономикалық жауапкершілік және пайда көру. Сонымен бірге банктердің нарықтылық шарттарының мұндай өзінше пайымдау кейбір күмәндар туғызады. Әрине, банктің толық экономикалық дербестігі оның қызметіндегі негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады. Ол оның өз ақшалай қаражаттары мен қорларын еркін билу, клиенттер мен салымшыларды еркін таңдау, салықтардан қалған табыстарын толық өз еркімен жұмсай алатынын білдіреді. Автордың айтуынша, экономикалық дербестік екі жолмен іске асады. Біріншіден, банк нарықтық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің ақшалай қаражаттарын, қорларын салықтардан қалған табыстарды өз қалауы бойынша өз қалауымен жұмсай алады және оған құқығы бар. Екіншіден, нарықтық қатынастардың субъектісі бола тұра, өз қызметінің барлық салаларында тәуелсіз, дербес саясатын жүргізуге мүмкіндігі бар. Шынында да банктік тәжірбиеде осы ұстанымды жүзеге асыруға жағдай бар. Банктер өз қызметінің үрдісінде барынша көп табысты түсіруге бағдарланған өз бетімен пайыздық, несиелік, депозиттік саясат жүргізеді.
Солай бола тұра, өзінің ақшалай қаражаттарын, қорларын, салықтардан қалған табыстарды өз қалауы бойынша өз қалауымен жұмсай отырып, банктер өзінің соңғы нәтижелеріне жету үшін олардың тиімді пен әсерлі жұмсалуына экономикалық жауапкершілік тартады. Осыдай, толық экономикалық дербестік өзінің соңғы нәтижелері үшін экономикалық жауапкершілік дегенді білдіреді, яғни экономикалық жауапкершіліксіз экономикалық дербестік жоқ. Өз қызметінің нәтижелеріне экономикалық жауапкершіліксіз экономикалық дербестік макродеңгей мен микродеңгейде теріс экономикалық салдарға әкелу мүмкін – бұл жақсы жағдайда, ал ауыр жағдайда – бос демагогикалық тезиске айналады. Яғни, толық экономикалық дербестік өзіне экономикалық жауапкершілікті кірістіреді.
Осындай тұжырымның пайдасына келесі жағдайлар дәлелдейді: қазіргі кезде банк қызметі жоғары тәуекелмен байланысты, банктің клиенттер (тапсырыскерлер) құрылымы жеке тұлғалардың көбею жағына қарай өзгеруде, бұл банктың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады. Коммерциялық банктердің қызметтерінде негізгі себептеріне пайда түсіру және оны көбейту болған және осылай бола береді де. Кез келген банк операцияларын жүргізгенде банктер соңғылардың пайдалылығын көздейді. Сонымен қатар банктер көбінесе өз қызметтерінде түрлі жолдармен бірмезгілдік пайда түсіруді басшылыққа алады, ал банк капиталының өсу перспективалары және нарықта банктің ұстанымын нығайту банк қызметінің сыртында қалады.
Банктердің «нарықтылық» шарттарының құрылымында екі ұстаным ғана қалады: бұл толық экономикалық дербестік пен пайда түсіру. Бірақ, банк қызметінде тек осы ұстанымдарда бағдарлау коммерциялық банк қызметінде тепе-теңсіздік тудырып, ірі негативті (теріс) экономикалық және әлуметтік сипаттағы салдарға әкелуі мүмкін. Соңында бұл «коммерциялық банк» түсінігінің жойылуына әкеледі, бұл қызіргі кезде қазақстандық банктердің ішінде орын алды.Г.Т.Калиева өзінің еңбегінде банктің нарықтылық шарттарына (критерийлеріне) тағы бірнеше ұстанымдарды енгізуді ұсынады. Бұл, ең біріншіден, бар қорлар шеңберіндегі банк жұмысы. Аталған ұстаным (принцип) коммерциялық банктің негізгі жорамалдарының біріне айналу керек. Бұл ұрдісті жүзеге асыру коммерциялық банктің өз корреспонденттік шотындағы ақша қаражаттарының қалдықтары шамасында ғана төлемдерді жүргізіп, несие беріп және қолма-қол ақшаларды алуы тиіс. Коммерциялық банктердің бар қорларының шеңберіндегі жұмысы қорлар мен несиелік салымдар арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етеді және олардың шоғырланған қорларына банк активтерінің сипаттары сәйкес келуіне көмектеседі. Коммерциялық банктердің бар қорлардың үстінен жоғары жұмысы банк қызметінің коммерциялық негіздерін әлсіретіп, міндетті түрде жойылу дағдарысына әкеледі. Аталған ұстанымды банк нарықтылығының шарттарына қосу банк күйреуін жоюға жайлы жағдайлар туғызады.
Коммерциялық банктер
қызметінің негізгі ұстанымдарына
Г.Т.Калиева сонымен бірге