Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 21:49, реферат

Краткое описание

Мен ағылшын дәрігері Патрик Диксонның «ЖҚТБ және Сен» атты кітабының қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын. Ол бүгінгі күні Қазақстанда өте маңызды кітап. Оның авторы 1987 жылы мәсіхші сенушілердің назарын бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған ЖҚТБ эпидемиясы (індеті) мәселесіне аударған қауым жетекшілерінің алғашқыларының бірі. Оның «ЖҚТБ туралы ақиқат» атты алғашқы кітабы Англиядағы көптеген сенушілер қауымдарына терең әсер етіп, олардың АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы күреске құлшынысын оятты.

Содержание работы

Кіріспе: Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде
1 Тарау: ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
2 Тарау: Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар
3 Тарау: Адамдар жиі қоятын сұрақтар
4 Тарау: Баратын жер жоқ
5 Тарау: Сіз қалай ойлайсыз?
6 Тарау: Біз қайда бара жатырмыз?
7 Тарау: Біз не істей аламыз? Әрекет жасайтын мезгіл жетті

Содержимое работы - 1 файл

Патрик Диксонның СПИД (ЖҚТБ) туралы кітабынан.doc

— 506.00 Кб (Скачать файл)

Осының бәрі маңызды сұрақтар. Көптеген адамдар мәсіхші болғаннан кейін былай дейді: «Егер мен қазіргі білетіндерімді бұрын білсем, менің өмірім ешқашан мұндай мәнсіз болмас еді». Өкінішке орай, өлім қаупі төнген ауру не бақытсыз оқиға адамды терең ойға шомдырып, өз ойлары мен сезімдерін тексеруге мәжбүр етеді. Таныстарыңыздың көпшілігі ешқандай ұзақ мерзімдік жоспарсыз қарым-қатынастың біреуінен екіншісіне, жұмыстан жұмысқа ауысқан бір күндік өміріне бола бақытты шығар.

Бірақ осындай өмір салтын ұстанатын  адамдар ақырында жиі жағаға шығып қалады. 38 жастағы әйел өзіне үйленемін, балаларына әке боламын деп сөз беріп, өзімен бірге тұрып жатқан еркектің соңғы екі жыл бойы көзіне шөп салып жүргенін және енді оны тастап кетіп бара жатқанын біледі. Бір ер адам бизнесте өз арманына жетсе де, жанұясы мен достарын жоғалтқанын түсінеді. Ол ақшаға достарды емес, тек қызығушыларды   ғана сатып алуға болатынын өте кеш түсінеді. Басқа еркек бірнеше кезекті қарым-қатынастан кейін бәрінен көңілі қалып, өзінің махаббаттың не екенін түсінетіндігіне күмәнданады.

 

Бақытты өмір

Мен Құдайдың сізді арнайы бір мақсатпен  жаратқанына және егер Құдайдың сізге  деген сол мақсатын өзіңіз тапсаңыз, онда орасан зор бақытқа кенелетіндігіңізге сенемін. Бұл жоспардың бір бөлігі басқалар үшін өмір сүруден құралады. Иса өзіңізді табудың, яғни толықтай адам болудың жалғыз ғана жолы — өзіңізді жоғалту екендігін айтқан. Бұл сіздің барлығы келіп аяғын сүртетін «төсеніш» болуыңызды білдірмейді. Бұл өз ырқыңызбен еркін өмір сүру құқынан бас тартып, Исадан қалай өмір сүру керектігін сұрауды білдіреді. Мен Құдайдың сізге арнаған ерекше жоспары бар екеніне және Ол сізді сүйгендіктен, Оның жоспары сізді толықтай бақытқа кенелтетініне сенемін.

Бұл жоспардың ең маңызды бөлігі сіз толық бақытты өмір сүру үшін Құдай сіздің Оны досыңыз ретінде жақын танып, жаңа күш-қуатқа, ішкі жан дүниенің қорына ие болғаныңызды қалауынан тұрады. Бұл бізге толымдылықты, кейде тәндік сауығуды да береді.

 

Сіздің ат салысуыңызға болады

Екіншіден, сіз ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарға көмек болатындай әрекет ете аласыз. Немесе сіз ерікті адам болуды, қайырымдылық қаржы бөлуді, науқастың халін білуді не оның отбасына демеу көрсетуді қалайтын шығарсыз. Мүмкін, сіз АҚТҚ-дан қалай сақтануға болатынын айтып, адам өмірін сақтауға жәрдем беруді қалайтын шығарсыз. Неге бұл туралы қауымыңыздың мүшелерімен немесе АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты жұмыстар атқарып жүргендермен сөйлесіп, өз қызметіңіз бен уақытыңызды ұсынбасқа? АСЕТ-тің интернет-сайтынан сіз көп пайдалы мәлімет таба аласыз. Олардың көшірмесін жасап, қағазға басып та ала аласыз.

 

Не істеуге болады?

Қолыңызда бар нәрседен бастаңыз. Мен жақын арада Уганданың  өте кедей облысында тұратын  алты қария ұйымдастырып ашқан ЖҚТБ-ның  кесірінен жетім қалған балаларға  арналған мектепке бардым. Олар өздерінің  қолында бар нәрседен бастап, соған бірте-бірте ауыл тұрғындарын жұмылдырған. Ептеп олардың бастаған ісі аяғынан тұрған. Олар ақша жинап, жер сатып алған. Содан соң сиыр сатып алу үшін ақша жинаған. Сиырдың сүті мектепті қамтамасыздандыруға кеткен шығынды өтейді. Олар қолдан кірпіш жасап, көп кешікпей қамыстан жасалған лашықтары кішігірім ғимаратқа айналады. Содан кейін олар жаңа ғимарат салуға кіріседі. Олар бүлдіршіндерді қолдарынан келгенше өздерінің бос уақыттарында оқытып-үйретеді. Бұған бүкіл ауыл тұрғындары көмектескен. Біреулер тамақ әкелетін, басқалары оны даярлайтын, үшіншілері балалардың шөлін қандыру үшін күнделікті су әкелетін. Жасы келген қариялар өздерінің білім алуға тиіс екендігін түсініп, білімдерін жетілдіру үшін мемлекеттік дайындық курстарына барады. Бір қонақ келіп, электр желісін жүргізуге қаржы бөледі. Басқа біреуі су құбырын жүргізуге қаржылай жәрдем береді. Тағы біреуі үлкен қыздарды үйрету үшін іс машинасын береді... Осылайша олардың істері ілгері баса бастады. 

Әрбір қауым өз мүшелерін басқа  адамдарға көмек көрсету үшін бір нәрсе істеуге жігерлендіре алады. «Тир Фонд» ұйымының негізін қалаушы Джордж Хоффман бірде былай деген: «Сіз бүкіл әлемді өзгерте алмайсыз, бірақ қай жерде болса да бір адамның жеке әлемін өзгерте аласыз».

Бүгін барып біреудің өмірін құтқарыңыз.

Бүгін барып ЖҚТБ-ға шалдыққан адамның  отбасына азық-түлік апарып беріңіз.

Бүгін барып жетімді не жесірді  жұбатыңыз.

Бүгін барып өз өмірін ЖҚТБ-ға қарсы  күрес пен қызметке арнаған біреуге  жігер беріңіз.

Құдай оларды қорғап, сақтасын деп  мінажат етіңіз.

Сонда сіз осы дұғаларға жауаптың бір бөлігі бола аласыз!

 

Көмек көрсету

Үшіншіден, сіз, мүмкін, осы кітапта  талқыланған кейбір тақырыптар туралы біреумен әңгімелескіңіз келетін шығар. Сірә, сіз өзіңіз ауру жұқтырып алдым-ау, не сіздің бір танысыңыз ауру жұқтырып алды-ау деп уайымдап жүрген боларсыз. Мүмкін, сізге әрі қарай не істеу керектігі жайлы тиімді кеңес алу үшін қауым жетекшісімен немесе дәрігермен сөйлесу қажет шығар.

 

Жетінші тарау

Біз не істей аламыз?

 

Әрекет жасайтын мезгіл жетті

АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты жобалардың іс-тәжірибесі

 

АСЕТ-тің Чехия мен  Словакиядағы алдын алу жұмысы

Чехиядағы АСЕТ — тоғыз жылдан астам уақыт бойы ЖҚТБ-ның алдын  алу жұмысын атқарып келе жатқан қоғамдық ұйым. Ұйымның негізгі жұмысы мектептерде, интернаттарда, университеттерде, балалар лагерінде, сенушілер қауымдары мен түрмелерде аурудың алдын алу туралы лекциялар оқудан тұрады.

Статистика АҚТҚ-ны жұқтырғандардың  көпшілігі 15-25 жас аралығындағы жастар екендігін көрсетеді. Дәл осы  жаста олар алғаш рет есірткіні  қабылдап көріп, алғашқы төсек қатынасына түседі. Сондықтан Чехиядағы АСЕТ ұйымы аурудың алдын алу жұмысында басты назарды дәл осы жастағы жастар тобына бағыттаған.

Чехиядағы АСЕТ ұйымының лекторлары мектеп басшылығымен келісіп, оқушыларға оқитын 40 минуттық екі лекциядан тұратын бағдарламаны дайындаған. Оған  қатысушылар жыныстық қатынасты денсаулық, ұзақ мерзімді қарым-қатынас және болашақтың тұрғысынан қарастыруы үшін лекцияларда белгілі контекстегі деректер көрсетілген. Лекциялар оқушыларды салауатты өмір салтына шақырады және адалдық, достық, кіршіксіз таза сүйіспеншілік пен пәктік тәрізді өнегелі құндылықтарға үйретеді.

Оқушылар лекцияны жақсы қабылдауы  үшін АСЕТ-тің лекторлары жасөспірімдердің ойлау жүйесіне барынша жақындай түсуге, олардың тілінде сөйлеуге тырысады. Лекторлар «ресми мұғалімдердің» тұрғысынан қарамайды, қайта оларды өздерінің бірі ретінде қабылдап, сөзіне құлақ салулары үшін жасөспірімдердің деңгейіне түседі. Тәжірибе көрсеткеніндей мектептерде ЖҚТБ-ның алдын алу жұмысымен дәрігерлер айналысқанда, олар «түсініксіз медицина тілінде» сөйлейтіндіктен, жасөспірімдер олардың кеңесіне құлақ аспайды. Жасөспірімдер үшін махаббат, жыныстық қарым-қатынас және есірткі тақырыптары ата-аналарымен және мұғалімдермен талқыланбайтын «жабық тақырыптардың» бірі. Жасөспірімдердің көпшілігі мұғалімді «сабақ оқуға мәжбүрлеп, нашар баға қоятын» «жағымсыз кейіпкер» ретінде қабылдайтындықтан, мектептегі мұғалімге оқушылардың осы бағыттағы мінез-құлықтарына дұрыс ықпал ету қиынға соғады. Осы жаста балалар аталған нәрселер жайлы достарынан, көшеден немесе тележұлдыздардан естіп біледі. Сондықтан АСЕТ-тің лекторлары мектепке оқушыларды ЖҚТБ туралы статистикамен қорқыту үшін емес, қайта олармен достасып, осы тақырып жайында ашық сөйлесу үшін келеді. АСЕТ-тің лекторларының көпшілігі жастармен жұмыс істеуде тәжірибе жинаған, қазіргі замандағы жастардың мәдениетін түсінетін және жасөспірімдерге дұрыс өнеге көрсетіп, ықпал ете алатын сенушілер. Жеке бастың тәжірибесі лекторлардың төсек қатынасын некеге дейін күте тұруды сенімді түрде айтуына жол береді. Мектептердегі бұндай лекцияларды тек қана қауымның жастар жетекшісі мен бағушысы ғана емес, сенуші мұғалімдер мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері де жиі оқиды. Лекцияны ерлі-зайыптылардың оқығаны да жақсы, сонымен қатар өзінің басынан кешкен оқиғалары жайлы айтып беру үшін есірткінің тәуелділігінен азат болған бұрынғы нашақорды шақыруға да болады.

Лекция барысында лекторлар  жасөспірімдермен ашық әңгімелесіп, олармен  бірге пікірталас ұйымдастырып және барлық сұрақтарына жауап беруге тырысады. Лекцияның дәл осылайша әдеттен тыс болуы оның ықпалы мен тиімділігін көрсетеді. Лекцияларда мәліметтерді қызықтырақ етіп көрсетіп, оқушылардың назарын аудару мақсатында, түрлі түсті слайдтар қолданылады. АҚТҚ жұқтыру жолдары жайлы мәлімет пен мысалы, баскетболист Мэджик Эрвин Джонсон немесе әнші Фредди Меркьюри секілді бұрын жұртқа кеңінен танымал болған адамдардың жеке өмірлерінен алынған оқиғалар кезектесіп отырады. Лекцияларда оқиғалардан басқа өздеріне төнген қауіпке мән бермегендіктен, ЖҚТБ-ны жұқтырған басқа жастардың мысалдары да пайдаланылады. Лекциялар мектептегі ресми сабақтарға ұқсамайды. Тақырыптың маңыздылығына қарамастан, лектордың жасөспірімдермен байланыста болуы үшін әзіл-қалжың да айтылады. АСЕТ-тің тәжірибесі бойынша таза медициналық мәліметтерді жеткізгеннен гөрі, АҚТҚ жұқтырған адамдар туралы әр түрлі оқиғаларды айту арқылы оқушылардың назарын аударып, оларды қызықтырған әлдеқайда жеңілірек. Сонымен қатар лекция барысында өзара белсенділікті көрсететін түрлі аурудың алдын алуға байланысты ойындар жүргізуге де болады.

Лекторлар АСЕТ ұйымы жүйелі түрде  ұйымдастыратын оқыту семинарларына  қатысып отырады. Жаңа лекторларды  тәжірибелі мұғалімдер жеке оқытады  және біраз уақыт олармен бірге  сабақтарға қатысады. Алдын алу жұмыстарын бастауды қалайтын адамдар өз рухани бағушыларынан қолдау хат алуы тиіс, өйткені ауруды алдын алу қызметі жетілгендікті және жауапкершілікті талап етеді.

Словакиядағы АСЕТ-ке мемлекеттік  білім беру министрлігі қолдау көрсетеді. Білім беру министрлігі осы АСЕТ ұйымының Словакиядағы барлық мектептерде «адамгершілік тәрбиесі» жөніндегі пәнді дайындауын өтінген. Словакиядағы АСЕТ осы пәнді мұғалімдер мектептерде оқыта алуы үшін оларға үйретеді және оның ішіне ЖҚТБ-ның алдын алу жайлы лекциялар да енгізілген.

Чехиядағы АСЕТ өз жұмысының нәтижелілігінің  арқасында білім министрлігінің АСЕТ-тің лекцияларын мектептерде  оқытуға ұсыныс беретін қолдау хатын  алды. Ұйымның партнерлері — ЖҚТБ-ның  алдын алу жұмысына ерікті лекторларды  оқытуға жәрдем беретін әр түрлі дәрігерлер мен психологтар. Бүгінгі күнде Чехия Еуропа бойынша АҚТҚ жұқтырғандардың саны ең аз ел. Кейбір дәрігерлер бұл нәтижені АСЕТ-тің алдын алу жұмысының қарқындылығымен байланыстырады. Жыл сайын осы ұйымның лекцияларын бүкіл Чехия бойынша мектеп оқушыларының жартысынан көбі тыңдайды.

Чехиядағы АСЕТ-тің басшысы Томаш  Рехак бірнеше рет Ресей мен  Украинаға келіп, АСЕТ семинарларында жергілікті лекторларды оқытты. Чехиядағы  АСЕТ-тің аурудың алдын алу  лекциялары орыс тіліне аударылып, жергілікті жағдайға бейімделген. Олар осы лекциялар оқылған мектептерде жақсы бағаланды. Осы алдын алу бағдарламалары жайлы көбірек мәліметті Ресейдегі АСЕТ-тен білуге болады (мекенжайы кітаптың соңында берілген).

 

Ресейдегі АСЕТ ұйымының жұмысы туралы

Ресейдегі АСЕТ ұйымы (Aids Care, Education, Training — ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі, дайындау) Угандада, Танзанияда, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Болгарияда, Үндістанда, Таиландта, Австралияда және АҚШ-та жұмыс істейтін халықаралық АСЕТ ұйымының партнері. АСЕТ ұйымы UNICEF және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді.

ANPO АСЕТ автономды коммерциялық  емес ағартушылық ұйымы мектептерде,  балалар клубтарында, балалар  лагерьлерінде, реабилитация орталықтарында  және қауымдарда АҚТҚ инфекциясының алдын алумен айналысады. Біздің мақсатымыз балалар мен жасөспірімдердің құндылықтары мен ойлау қабілеттеріне әсер етіп, солайша олардың болашағы мен еліміздің болашағына ықпал жасау. АСЕТ ұйымының сенуші лекторлары мектепте оқитындарға ЖҚТБ пен есірткінің алдын алу лекцияларын оқиды. Бұл лекциялар Киелі кітап құндылықтарына негізделген және жасөспірімдерді өнегелі әрі салауатты өмір салтына шақырады. Мектеп басшысының және мұғалімдердің келісімімен оқылатын лекциялар әдетте екі 40 минуттық сабақтан тұрады. Лекция барысында қызықты материалдарды, фотосуреттерді және түрлі түсті плакаттарды көрсетуге болады. Лекцияның материалдарын қазіргі замандағы сенбеуші жасөспірімдерге жеңіл әрі түсінікті болатындай етіп сенуші дәрігерлер мен психологтар дайындаған.

ЖҚТБ-ның алдын алу туралы осы  лекциялар Иркутскідегі ЖҚТБ-орталығының  дәрігерлерімен келісілген. Ресейдегі  ең алғашқы лекторларды дайындау семинары Иркутскіде өткізілді. Онда жергілікті сенуші лекторлар Иркутск облысының  әр түрлі мектептерінде өздерінің алдын алу жұмыстарын бастаған. Бұл лекциялар мектеп басшыларының, мұғалімдердің сонымен қатар оқушылардың да ойларынан шығып, жақсы пікірге ие болған. Бұндай семинар Ресейдің өзге де облыстарында, Украинада, Қазақстанда … өткізілді.

Семинарға қатысушылардың қағазға басып шығарылған лекциялармен бірге аурудың алдын алу туралы нұсқауды, мектептерде қолдануға болатын түрлі түсті слайдтардың жинағын, лекцияда келтірілген мысалдар қамтылған бейнетаспаны және керекті әдебиеттерді алуына мүмкіндігі бар. Бұл материалдардың бір жинағы 400 рубль (2000 тенге) тұрады. Оны пошта арқылы тапсырыспен АСЕТ ұйымынан алуға болады. Материалдардың бір жинағын бірнеше лектор пайдалана алады.

Біз сонымен бірге жергілікті сенушілер  қауымдармен бірігіп сенбеуші жасөспірімдерге арнап «ЖҚТБ-ға қарсы ұйымдастырылған жастар кеші» атты алдын алу акциясын өткіземіз. Егер сіздің қауымыңыз мектептерде ЖҚТБ-ның алдын алу жұмыстарымен айналысқысы келетін адамдарға арнап арнайы семинар өткізгісі келсе, онда сіз бұл семинар жайында көбірек мәліметті біздің веб-беттерімізден немесе бізге тікелей хабарласу арқылы таба аласыз.

Информация о работе Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде