Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 21:49, реферат
Мен ағылшын дәрігері Патрик Диксонның «ЖҚТБ және Сен» атты кітабының қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын. Ол бүгінгі күні Қазақстанда өте маңызды кітап. Оның авторы 1987 жылы мәсіхші сенушілердің назарын бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған ЖҚТБ эпидемиясы (індеті) мәселесіне аударған қауым жетекшілерінің алғашқыларының бірі. Оның «ЖҚТБ туралы ақиқат» атты алғашқы кітабы Англиядағы көптеген сенушілер қауымдарына терең әсер етіп, олардың АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы күреске құлшынысын оятты.
Кіріспе: Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде
1 Тарау: ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
2 Тарау: Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар
3 Тарау: Адамдар жиі қоятын сұрақтар
4 Тарау: Баратын жер жоқ
5 Тарау: Сіз қалай ойлайсыз?
6 Тарау: Біз қайда бара жатырмыз?
7 Тарау: Біз не істей аламыз? Әрекет жасайтын мезгіл жетті
Мүшеқаптар сенушілердің ЖҚТБ мәселесіне деген жауабының бір бөлігі болуы тиіс
Қауымдар мүшеқаптар жайлы мәселеге
жауап іздегенде, әр түрлі ойда болады.
Мынадай мысал: бір адам қауым
жетекшісіне қан құю
Осындай жағдайдағы қауіп-қатерді қарастырайық. Егер екеуі де жыныс арқылы таралатын емделмеген мерез (сифилис), соз (гонорея), теңгеқотыр (шанкроид) және басқа да ұзаққа созылған аурудан аман болса, бір рет жақындасқанда АҚТҚ-ны жұқтырып алу қаупі жарты пайыздан аз. Ал мүшеқапты пайдалану бұл қауіпті тағы он есе азайтатынын білеміз. Демек, егер сіз мүшеқапты дұрыс қолдансаңыз, әйеліңізден не күйеуіңізден АҚТҚ-ны жұқтыру қаупі 2000-ның біріне қарағанда аз дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, орта есеппен бұндай ерлі-зайыптылардың ауру емес жұбының біреуі АҚТҚ-ны жұқтыруы үшін шамамен 2000 рет жыныстық жақындасуы тиіс. Әлбетте, бұл жағдай 20 реттен кейін болып қалуы мүмкін және 10000 реттен кейін де болмауы мүмкін. 2000 рет — бұл жүздеген ерлі-зайыптылармен не болып жатқанын бақылаудан шығаруға болатын орташа көрсеткіш.
Сонымен, сенуші үшін кейбір жағдайда сөз әйелінің не күйеуінің өмірін сақтап қалу жайлы болғанда, сақтандырғышты пайдалануға деген ешқандай кедергі болмайтындығы анық. Бұл жолмен қаншалықты алысқа баратынымыз белгілі бір қауымға байланысты, бірақ мен айтып өткендей, олардың ұстанатын дәстүрлері мен мәдениеттері бір-бірінен өте алшақ.
Атастырылған екі жастың алдындағы таңдау
Кейбірде ЖҚТБ-дан орасан зор жапа шеккен елдердегі бірқатар қауымдардың жетекшілері жұптар АҚТҚ-ға тест тапсырмайынша, олардың некесін қиюдан бас тартады. Егер олардың біреуі не екеуі де вирусты жұқтырған болса, олардың неке қиюына тыйым салады. Жеке өз басым Киелі кітаптың ішінен осы әрекетті құптайтын ешбір аятты білмеймін. Біздің адамдарды қамқорлыққа және жауапкершілікке шақыру керектігіміз айдан анық. Егер әйел де, еркек те АҚТҚ-ны жұқтырған болса, онда медицина тарапынан алғанда, неге оларға үйленуге болмайды деген дәлелді көрмеймін және олардың, мәселен, ракпен ауыратын екі аурудан қандай айырмашылығы бар. Қайта, балалы болмас бұрын ең бастысы балаларының ауру жұқтырмауы үшін, тіпті кейбір дәрі-дәрмектерді жүктілік кезінде қабылдағанда қауіпті азайтатын болса да, екеуінің де әбден ойланғаны жақсы.
Атастырылған жұптың біреуі ауру,
ал екеншісі сау адам болса, олар расымен
қиындыққа душар болады. Өйткені
олар ұзақ мерзімдік қатынасқа түсетіндік
Шылым шегу ше?
Мен жақында Бурунди еліндегі көптеген қауым жетекшілерімен мүшеқапты пайдалану жайлы мәселені талқыладым. Мен олардан шылым шегуді мақұлдайсыздар ма деп сұрадым. Олар мақұлдамайтындығын айтты. Мен олардың фильтрі бар және фильтрі жоқ шылымды шеге алатынын, бірақ фильтрі бар шылым әлдеқайда қауіпсіздеу әрі одан адам өлімі азырақ екендігін айттым. Сонымен, егер олардың темекі тартуды әдетке айналдырып, өз райынан қайтпайтын достары болса, онда олар оған фильтрі бар темекі тартуға ақыл бермес пе еді? Олар оған фильтрлі шылымның қаншалықты қауіпсіздеу екендігін түсіндірмес пе еді? Немесе олар бұны адамдарды одан да көбірек шылым шегуге жігерлендіру деп ойлар ма еді?
Олар шылым шегуге қаншалықты қарсы болса да, темекінің одан бетер қауіпті болғанын қаламайтындықтарын айтып, келісті. Және фильтрі бар шылым шегетіндердің фильтрсіз шылымды шегетіндерге қарағанда ауыру қаупі азырақ болатынын түсіндіретін мемлекеттік жарнаманың қажеттігімен келісті. Мен бұл дәлелдің мүшеқап мәселесіне де көп жағынан қатысты екенін нұсқадым. Егер біреу (біздің насихатымызға құлақ аспай) бәрібір тәуекелге бел байлап, ауру жұқтырған адаммен жақындасқанның арқасында өлетін болса, онда оған осы біртіндеп келетін ажалдан қалай аман қалу керектігін ескерту біздің міндетіміз емес пе?
Мен үшін мәселе түсінікті: біз адамдарды пәктік пен адалдықты сақтап қалуға жігерлендіру үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Бірақ сонымен бірге егер олар өз жолдарымен жүруді таңдаса, өлімнің қатерін азайту мүмкіндігі бар екендігін түсіндіру біздің міндетіміз.
АҚТҚ — дамуға қатысты мәселе
АҚТҚ — дамуға қатысты мәселе. Кедейлік ЖҚТБ-ның таралуына септігін тигізеді. Білімнің аздығы, дәрігерлік жәрдемнің жетіспеушілігі, нашар байланыс, жоқшылық балаларды кездейсоқ жыныстық қатынас арқылы ақша немесе нан табуға мәжбүрлейді. Осы тұйыққа тірелген жоқшылықтан бірігіп арылуымыз керек. Егер барлық назарымызды тек қана АҚТҚ-ға шоғырландыратын болсақ, бұл ЖҚТБ-ның таралуын тоқтатпайды.
Мәселен, ауру жұқтырған жезөкшені алайық. Егер ол еркектердің ұсынысынан бас тартса, күнделікті нанын қайдан табады? Оның балаларын кім асырайды? Дәрі-дәрмекке кім ақша төлейді? Осы мәселені шешетін алдын алу науқандары (профилактикалық кампаниялар) жеткіліксіз. Бізге істің ыңғайын табу керек. Міне, сондықтан да экономиканың өсуі ЖҚТБ-ға қарсы қарудың бірі болып табылады: инвестицияларды тарту, бизнес пен халықаралық сауда-саттықты жігерлендіру. Кішігірім банктер, кіріс әкелуге бағытталған іс-шаралар және басқа өзіне-өзі жәрдем беру бағдарламалары әрбір жан басының жалпы табысын арттырғаны үшін ғана емес, сонымен қатар АҚТҚ-ны — жұқтырғандардың өмірлерін қайта құрып әрі жетімдердің амандығын сақтауда негізгі рөлді атқаруға тиіс. Біз көріп отырғандай, ЖҚТБ ешқандай емі де, қарсы вакцинасы да жоқ қатерлі ауру. Жалғыз ғана үмітіміз адамдарға инфекциядан қалай сақтана алатындығын үйрету. Егер ешбір емі не вакцинасы болмаса, ал сақтандырғыштарды сатып алуға жүз миллиондаған адамның бәрінің бірдей қалтасы көтермейтін болса, не істеуіміз керек?
Африканың тәжірибесі
Бірнеше апта бұрын ғана мен осы мәселенің шешімін аса қажет ететін, яки ауру күллі ұрпақтың қырылып қалуына қауіп төндіріп тұрған елге барып келдім. Угандада Африканың кез келген басқа елдеріне қарағанда ЖҚТБ ауруы кеңінен таралған болатын. Бұл елді көбіне ЖҚТБ-дан азап шеккен ел деп болжауға болатын еді, бірақ жағдай басқаша. Уганданы әділ әрі ержүрек жетекшілер басқаратыны сөзсіз. Онда нәтижесі әлемдегі ең табысты деп саналатын науқандардың бірі ұйымдастырылды.
Африканың басқа бірнеше елдерінде ЖҚТБ мәселесі соншалықты кезек күттірмейтін қиын мәселе болса да, үкімет басы ол туралы тіс жармауды жөн көрген. Бір елде дәрігерлер АҚТҚ-ны жұқтырғандардың санын нақты білгендеріне қарамастан, ресми түрде олардың санын төмендетіп айтқан. Егер адамдар сіздің еліңізде ЖҚТБ-ға шалдыққан аурулардың көп екенін білсе, үлкен компаниялар сізбен бірге қызмет істеуден бас тартады, туристер келмейтін болады. Экономика құлдырайды және күтім көрсетуге мұқтаж өлім аузындағы мыңдаған аурулардың үстіне жұмыссыздық пен үдеп келе жатқан жоқшылық қосылады.
Уганда үкіметі елдегі үлкен мәселені ашық мойындады. Бұл халықаралық ұйымдардың көмек беруіне, сонымен бірге халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріп, түсіндіру, алдын алу жұмыстарына жол ашты. Егер сіз шын мәнінде біреудің сол аурудан өлім үстінде жатқанын ресми түрде мойындамасаңыз, адамдарға қалайша өлімнің негізгі себебі осында деп айтуға болады. Орталық Африканың кейбір бөліктерінде жүк таситын машинаның әрбір үшінші жүргізушісі және түні бойы сыраханаларды кезіп жүрген жас қыздардың тең жартысы ауру жұқтырған. Жалпы алғанда сол аймақтардың әрбір бесінші тұрғыны ауру жұқтырған. Бірқатар эксперттердің айтуынша Африканың кейбір қалаларында жыныстық қатынасқа белсенді жастағылардың тең жартысы ЖҚТБ-дан өлуде.
АҚТҚ басқа да жыныстық қатынастан жұғатын аурулар іспетті таралады
Мен екі бірдей қызынан айырылған бір анамен кездескен едім. Оның бет-жүзін қайғы басқан болатын. Ол маған қыздарының қалай қайтыс болғандығын әңгімелеп берді. «Олар өмірден тым жас кетті ғой, одан да менің өлгенім артық еді», — деді ол. Африкада инфекция әрдайым кез келген жыныстық қатынастан жұғатын аурулар іспетті: еркектен әйелге, әйелден еркекке таралады. Осы елдерге ат басын бұрған еуропалықтар санаулы ғана жыныстық қатынаста болғандарына қарамастан, елдеріне ауру жұқтырып қайтады.
1988-жылы мен бірінші рет Уганда еліне бардым. Денсаулық сақтау және Білім беру министрліктерінің өтініші әрі шақыруы бойынша бірнеше күн бойы 20 мың адаммен сұхбат жүргіздік. Біз мектептерге барып, оқушылардан кімнің ЖҚТБ-дан қайтыс болған адамды өз көзімен көргенін сұрағанда, олардың жартысы қолын көтерді. Ал екі жылдан кейін олардың барлығы дерлік қолын көтерді.
Біз ашық аспан астында африкалық үлкен әрі шулы оркестрдің сүйемелдеуімен жиналыс өткіздік, сонымен бірге аудармашылардың көмегімен жеке ақыл-кеңес бердік. Екі мың жарымдай жергілікті тұрғындар біз мәліметтермен бөлісіп, сұрақтарға жауап бергенше, үш сағат бойы алаңда орнынан тапжылмай тұрып бізді тыңдады. Тыңдаушылардың көбісі әдетте бұл тәрізді іс-шараларға қатыса бермейтін ер адамдар болды. Олар ЖҚТБ ауруы сол аймақтағы әрбір адам үшін өлім мен өмірдің мәселесі болғандықтан келген еді.
Тест тапсырудың үлкен маңызы бар
Көптеген жастар маған келіп, анализ тапсырғысы келетінін айтып өтінді. Олардың уайымдарының орынды себебі болды. Олар неке қиюға келген екі жастың біреуі ауру жұқтырған болып шығуы әбден мүмкін екендігін, солайша екіншісін өлімге итермелейтінін біледі. Оларға не істеу керек? Оларға өмірлерінің соңына дейін сақтандырғышты байқап пайдаланыңдар деп айтуға тіпті аузың бармайды.
Ал балаларды не істейміз? Әйел адам егер нәрестелі болса, оған өзінің сүті арқылы инфекция жұқтыратынын түсінеді. Ол өз баласын өлтірмейтініне көз жеткізу үшін, тест тапсыруды қалайды.
Маған күйеуі басқалармен жиі болатындығын уайымдап жүрген бір әйел келді. Оның күйеуі соңғы он жыл ішінде талай рет әйелінің көзіне шөп салғанын мойындады және олардың екеуі де өздерінің қайтыс болған таныстары сияқты оның да ауру жұқтырып алғаны әбден мүмкін екенін біледі. Сол адамдар әрдайым қорқынышпен өмір сүреді: олар тек ақыл-кеңеске ғана мұқтаж емес. Олардың кейбіреулеріне дереу тест тапсыру қажет. Біздің қолымыздағы ЖҚТБ-ға қарсы ең мықты қарулардың бірі — анализ тапсыру. Өйткені ол вирустың тасымалдаушысын анықтауға көмектеседі, солайша адамдар өздерінің сүйіктілерін немесе кездейсоқ жыныстық қатынасқа түскен адамды өлтірмеу үшін қадамдар жасай алады. Басқалары жұбайының не серігінің аурудан аман екендігін біліп, егер бір-біріне деген адалдықтарын сақтаса, өмірлерінің соңына дейін АҚТҚ-ны жұқтырудан қорықпай-ақ сақтандырғышсыз жақындаса алады.
Өмірдің соңына дейін жыныстық бір серіктеспен болу
Уганда үкіметінің күйзеліске қарсы әрекеті тез әрі айтарлықтай нәтижелі болды. Ешқандай екі ойлы өтініш түспеді. Жауап айқын әрі анық болды: «Қауіпсіз жыныстық қатынас дегеніміз — өмірлерінің соңына дейін некелескен, пәктігін сақтаған екі жастың арасындағы жыныстық қатынас. Егер сіз шынымен бұлай істей алмасаңыз, онда, мүшеқап сіздің өміріңізді сақтай алу мүмкін.»
Африканың көптеген үкімет басшылығын вирустың дәрігерлік емдеу жолы арқылы таралуы мазалайды. Кейбір аймақтарда ауруларға қан құю үшін өткізілген қанның әрбір бесінші литрінің вирусы бар болып шықты. Бір қуантарлық жайт, енді Африканың барлық жерінде дерлік бүкіл донорлық қанды тексеретін қажетті жабдықтар бар. Сонымен қатар бір рет қолдануға жарамды дербес инелер мен тазартқыш (стерилдейтін) құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі жанға батады. Африкада ЖҚТБ-дан өздері де білмей ауру жұқтырған қаншама дәрігерлер мен медбикелердің қаза тапқанын ешкім білмейді. Сондықтан инфекция түскен қан мен құрал-жабдықтың қаншалықты қауіпті екенін білу денсаулық сақтау ұйымдарының науқанды ісінің маңызды бір бөлігі болды.
Адамдар Африкада бәрі де басқаша дейді
Көптеген адамдар Африканың басқа елдерден қандай айырмашылығы бар деген сауалға жауап таппай басын қатыратын. Сіз өзіңіз шешуіңіз керек. Оны ұйғару өз қолыңызда. Кейбіреулер африкандықтар АҚТҚ-ны қабылдауға аса бейім, сондықтан да ауру сол жерде аса жылдам қарқынмен тарайды дейді. Бұл айтылған ой Лондонның клиникаларының бірінде өткізілген зерттеулердің нәтижесінде теріске шығарылды. Дәрігерлер есеп жүргізгенде қателескендігін жұрт алдында мойындағанға дейін, алты ай бойы осы айтылған ой бүкіл әлемге жария болып келді.
Ал басқалар африкандықтар тәртіпсіз жеңіл жүріске тым әуес дейді. Адамдар неге сенгісі келсе, соған сенеді. Африканың қайсыбір аймақтарындағы ер адамдардың жүріс-тұрысы оларды жеңіл жүріске итермелейтіні анық, бірақ бұның өзі африкандықтардың арасында ЖҚТБ-ның неге сонша кең тарағанын түсіндіре алмайды.
Тағы бір болжам ЖҚТБ эпидемиясы медицинада тазалықтың болмауынан, яғни лас ине мен залалданған қаннан деп түсіндірілді. Бірақ шындық былай дейді: егер осының бәрі рас болса, онда күре тамырына инемен дәрі жіберілген әр жастағы адамдар жаппай вирус жұқтырған болар еді, алайда ауру жұқтырғандардың көпшілігі жыныстық қатынасқа белсенді жастағы жігіттер мен жас қыз-келіншектер. Ақырында біреулер белгілі бір ауруды жұқтыру, ағзаның басқа инфекцияларды жұқтыруына да жол береді деп мәлімдеді. Мәселенің түбі осында деп пайымдауымызға аса маңызды негіз бар. Дұрыс ақыл бізге кімде-кім АҚТҚ-ны жұқтырғанға дейін ұзақ мерзімді ауруға тап болған адам болса, оның ЖҚТБ-ға қарсы тұруға дәрменсіз екендігін айтады. Көбіне бұған безгек және басқа да тропикалық аурулар себепші бола алады.
Алайда ең жақсы түсіндірме ол — жыныстық қатынастан жұғатын аурулар. Олар барлық жерде де бар, бірақ денсаулық сақтау мекемелер жүйесі нашар дамыған елдерде жыныстық қатынаспен берілетін созылмалы ауру әдеттегіден де жиірек кездесейтін. Оған қоса, байланыс жүйесі жақсы дамыған елдерге қарағанда нашар дамыған жердегі ауру жұқтырған адамның жыныстық серігінің кім екенін анықтау анағұрлым қиын. Біз егер адам соз, мерез немесе осыған ұқсас ауруды жұқтырған болса, осы вирустардан теріде қалған кішкентай жаралардың ЖҚТБ вирусының ағзаға енуіне оңай жол беретінін білеміз.
Үндістандағы Мумбай (Бомбей) сияқты елді-мекендерде АҚТҚ-ның тез таралуының бірден-бір себебі сол үлкен қаладағы ересектердің жартысы дерлік емделмеген жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды тасымалдауында.
Сіздер көріп отырғандай, Орталық Африкада орын алған жайттардың қандай да бір дәрежеде Батыста да қайталанатыны хақ. Африкада болып жатқан жайттардың бәрін көре тұра, Ұлыбританияда ЖҚТБ-ның қаупі гейлер мен нашақорларға ғана төніп тұр деп мәлімдеу — нағыз ақымақтық. Тек ақымақтық қана емес, надандық болуы тиіс: 2001-жылы Ұлыбританияда жаңадан ауру жұқтырғандардың көбі гетеросексуалдар болатын, олардың көпшілігі ауруды басқа елдерден жұқтырып алып келген.
Информация о работе Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде