Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 21:49, реферат

Краткое описание

Мен ағылшын дәрігері Патрик Диксонның «ЖҚТБ және Сен» атты кітабының қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын. Ол бүгінгі күні Қазақстанда өте маңызды кітап. Оның авторы 1987 жылы мәсіхші сенушілердің назарын бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған ЖҚТБ эпидемиясы (індеті) мәселесіне аударған қауым жетекшілерінің алғашқыларының бірі. Оның «ЖҚТБ туралы ақиқат» атты алғашқы кітабы Англиядағы көптеген сенушілер қауымдарына терең әсер етіп, олардың АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы күреске құлшынысын оятты.

Содержание работы

Кіріспе: Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде
1 Тарау: ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
2 Тарау: Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар
3 Тарау: Адамдар жиі қоятын сұрақтар
4 Тарау: Баратын жер жоқ
5 Тарау: Сіз қалай ойлайсыз?
6 Тарау: Біз қайда бара жатырмыз?
7 Тарау: Біз не істей аламыз? Әрекет жасайтын мезгіл жетті

Содержимое работы - 1 файл

Патрик Диксонның СПИД (ЖҚТБ) туралы кітабынан.doc

— 506.00 Кб (Скачать файл)

Сіз қасында отырып оның демі ауырлай  бастағанын және бұрынғыдан бетер терең  ұйқыға кетіп бара жатқанын байқайсыз. Біраз уақыттан кейін (ол соншама  ұзақ уақыт болып көрінгенмен, шын  мәнінде бірнеше минут қана) науқастың тынысы өзгереді. Медбике оның жүрек соғысының әлсіреп және жиілеп бара жатқандығын аңғарады. Әйелдің маңдайынан моншақтап тер шығады.

Біртіндеп оның тынысы ақырындай бастайды, ең соңында мүлдем жоғалады. Сіз  оның тірі не өлі екенін білмейсіз. Бірнеше минуттан кейін оның кенеттен терең дем алып, содан соң қайтадан үнсіз қалғанын көріп қорқып кетесіз. Тағы да біраз уақыт өтеді, содан кейін сіз оның келмес сапарға кеткенін түсінесіз.

 

Өлі дене әлі де тірі

Оның денесінің барлық жасушалары дерлік әлі тірі болады. Егер жарты сағатта оның бүйректерін алса (егер ол рак ауруымен немесе ЖҚТБ-мен ауырмаса), мұның басқа бір адамға пайдасы тиеді. Миының жасушалары қатты бұзылғандықтан, көпке шыдай алмайды, бірақ терісі тағы бір апта өмір сүреді. Егер ертең кешке дейін көзінің мүйізді қабығын алса, көзі соқыр болып қалған балаға көруге мүмкіндік береді. Оның жүрегінде әлі де соғып тұрған жасушалар бар. Оның ішектері әлі жұмыс жасап тұр, ал асқазаны ас қорытып жатыр. Денесінің барлық ақуыздары (белоктары) қалыпты күйде, ал жілік майы жаңа қан жасушаларын өндіруде. Ендеше не болып қалды?

Ақыр аяғында бұл құпия болып  шығады. Мен атеистің шынайы діни тәжірибеге өзінің өлімі кезінде тым жақын  келетіні және өлімнің рухани түсінікті  барлық жағынан да жоғарылататынын әрқашан айтамын. Осы құпияны немесе сәбидің дүниеге келгенін бастан аяқ бақылағаннан кейін де, бұрынғысынша «Құдай жоқ» деген сеніммен әрі қарай өмір сүре беру үшін тым қасарысқан, қатігез адам болу керек.

 

Өлімге деген төрт жауап

Адам өзінің өлетінін білгенде, төрт нәрсе болады. Біріншіден, адамның басым қасиеттері өзгереді. Егер дәрігерлер оның Жаңа жыл қарсаңында өлетінін айтқан болса, оған колледждегі оқуын жалғастырудың қажеті бар ма?

Екіншіден, қарым-қатынастар өзгереді. Оның ең жақын досы бұл жаңалықты қабыл алуға дәті бармай, ауруханаға бір келуге де жарамайды. Ал бұрын-соңды ешқашан араласпаған, сырттай ғана таныс болған өзге адам оған үлкен жігер береді. Ауруы ушығып, өлімге бет бұрған шақта ғана науқас өзінің кім екенін және өзі үшін кімнің қымбат екенін біледі.

Үшіншіден, осы уақыт орны толмас өкініштің кезеңіне айналуы мүмкін. Кейбір адамдар өткен өміріне  көз жіберіп, егер өмірдің осындай  қысқа екенін білген болсам, көп  нәрселерді басқаша істеген болар  едім деп уайымдайды.

Ақырында адамдар болашаққа көз жүгірте бастайды. Менің сөйлескен адамдарымның көпшілігі өлімнен емес, өлуден қорқады. Олар өзін-өзі ұстай алмай қалудан, біреуге масыл болудан, басқаға толықтай тәуелді болудан, жан ауырпалығынан, өлімнің тұншықтыруынан, ақыл-есінен, қозғалу қабілетінен айырылып қалудан қорқады.

Бірақ бұл қорқыныштың тағы бір  өлшемі бар. Шынымен де бұл өмірден  басқа еш нәрсе жоқ па? Мен расымен-ақ жеке адам ретінде денемді құрап  тұрған жай ғана молекулалардың жиынтығы болғаным ба? Мен өлсем, ақырына жеткенім бе әлде қандай да бір тіршілік бар ма?

 

Өлім аузында жатып  Құдайға тәубе ету

Осы және тағы да басқа көптеген сұрақтар адамдарды ізденуге итермелейді. Олар аруақты шақырушыларға, көріпкелдерге, халық емшілеріне және тағы басқа  о дүниелік өмір бар деп сендіретіндердің бәріне барады. Өлім аузында жатып Құдайға тәубе ету — әдеттегі әрі шынайы болатын нәрсе. Айқыштағы қарақшы өзінің өліп бара жатқанын біліп, Мәсіхке тәубе еткен. Өкпе рагіне шалдыққан адамның ауруханаға келгені әлі есімде. Ол тақуа әйелдерге қарап: «Мен атеистпін, Құдайдың бар екеніне сенбеймін. Осында қалу үшін міндетті түрде католик болу керек пе?» — деп сұрады.

Біз оған бұл жерде кез келген сенімдегі адамдарды және сенбейтіндерді де қуана қарсы алатынымызды түсіндірдік. Мен біреу одан оның жеке сенімі мен нанымдары жайлы сұрады деп ойламаймын. Бірақ екі апта өткеннен кейін ол өзі осы тақырыпты қозғап, сенушілер қауымының жетекшісімен кездесуді өтінді. Өлім аузында жатқан ол ешкім де сенім жайлы бір ауыз сөз айтпастан бұрынғы көзқарасынан қайтқан еді.

 

Өмірден де үлкен өмір бар

Сенуші ретінде мен осы өмірден  кейін өмір бар екеніне және өлімнің  тек уақытпен және кеңістікпен шектелген  осы тәндік әлемнен шығып, болмыстың  басқа түріне апаратын қақпа ғана екеніне сенемін. Иса бізге өлгеннен кейін осы өмірде не істегеніміз жайлы есеп беретіндігімізді айқын айтқан.

Иса сонымен қатар ешкімнің де өз-өзінен және өзінің арқасында мүлтіксіз  еместігін көрсеткен: ешкім де Құдайға  ұнамды бола алмайды. Ешкім де Құдайдың алдына келіп, тірі қалатындай мүлтіксіз емес. Бірақ Ізгі хабардың мәні мынада: Құдай Исаны жіберуі арқылы біз бен Өзінің арасындағы осынау терең шыңырауға көпір жасады. Біздің жасаған күнәларымыздың барлығының да мәңгілік салдары бар. Біз олар үшін жауап береміз және істеген істерімізге берілетін жаза — ақыр аяғында өлу және құрып кету.

Бірақ Құдай бізге тиісті жазаны өз мойнына алу үшін Исаны жіберді. Иса Өзінің құрбандық өлімі арқылы бізді күнәларымыздың салдарынан азат етті. Құдай Оны қабылдап және Оған сенім артқандардың барлық күнәларын  Иса арқылы кешіруді және Өзіне тапсыратын есебімізді ағартып тазартуды таңдады. Біз ешкім қол жеткізе алмайтын, ешкім біле алмайтын, ешкім түсіне алмайтын Құдаймен Иса арқылы өз Әкеміз секілді қарым-қатынас жасай аламыз.

Сенушілер үшін өлім сәті — Құдай  мен Оның сүйіспеншілігін тек жартылай ғана түсіну қалпынан Оның жанына толықтай өту. Бұны басымыздан өткізу — жұмақтағы ләззаттың өзі. Ал Құдайды және Оның істерін ешқашан білмегендер үшін Киелі кітапқа сай өлімнен кейінгі өмір орны толмас өкінішке айналады.

Осы өлімнен кейін не болатыны жайлы  ілім қауым үшін әрқашан аса маңызды  болған. Бірақ осыған орай көптеген адамдар қауымдардың ЖҚТБ-ға шалдыққан  науқастарға көмек көрсетуге  ат салыса бастағанын білгенде, бірден олардың көкейінде сұрақ туындайды. Егер сенушілер кейбір адамдардың қайтыс болғаннан кейін Құдайдан алшақтап кететініне сенетін болса, онда олардың әрбір о дүниеге аттанып бара жатқан адамға барып, Ізгі хабар айтқысы келетіні күмәнсіз емес пе?

Мен жақын арада ЖҚТБ-ға қарсы  күресетін ұйымда қызмет атқаратын, әрі өзі де АҚТҚ-ны жұқтырып алған көрнекті бір тұлғамен сұхбаттастым. Ол будда дініне кірген екен. ЖҚТБ-ға душар болған жандармен сөйлескенде, өзінің сенімі жайлы қатты айтқысы келгенімен, олай істеуге болмайтынын түсінетіндігін ол езу тарта мойындады.

Егер ЖҚТБ-мен ауыратын адам сенушілер  қауымының өкілімен кездесуді өтінсе, демек, оған рухани көмек қажет. Ал егер келген қауым өкілі оған тек тамақ  жасап, киімін жуып, балаларымен ойнап, су әкеп беретін болса, онда науқастың  үмітім ақталмады деп есептеуі ғажап емес. Дегенмен, егер ЖҚТБ-мен ауыратын науқас біреуден тек киім-кешегін жуып беруін ғана өтініп, ал келген адам тек сенім жайында ғана сөйлескісі келсе, онда бұндай жағдайда қатты ашулануға барлық себептердің бар екенімін де келісесіз ғой.

Өмірінің ақырына аяқ басқан адамның қасында болу — үлкен артықшылық. Бұл шынымен ерекше уақыт және бұны басынан кешкен әркім мұнымен келіседі. Науқастың «жоқ» немесе «өтінем, барыңызшы» деп айтуға әлі жетпейтінін пайдаланып, біреудің еш қысылмастан оның қасынан кетпей отырып алғанын ауру адам ауыр қабылдайды. Көбіне бұндай реніш кейінірек науқас қандай да бір адамның ешқашан оның үйіне келмеуін жалынып сұрағанында ғана сыртқа шығады. Сыпайылықтың арғы жағында дер кезінде бой көрсетпеген реніш пен ашу-ыза жасырынып тұруы мүмкін. Өйткені егер осал жағдайға душар болсаңыз, онда бүкіл өміріңіз тәуелді жанға қарсы шығудан бұрын сіз екі рет жақсылап ойланасыз.

 

Пайдалы ма әлде зиянды ма?

Егер емханадағы дәрігер агенттіктен  ерікті жұмысшыны тауып беруді сұраса, онда ол одан рухани жетекшіні емес, іс жүзінде көмек көрсетушіні күтеді. Қандай да бір қоғамдық ерікті көмекшінің түні бойы аурудың тәубе етуіне әрекет еткені белгілі болғанда, дәрігердің ашулануына барлық құқы бар. Олардың пікірінше бұндай қоғамдық тегін жұмыстың еш пайдасы жоқ.

Бұның оған дәрігер ретінде көмегі тимейді, өйткені оған дәл сол  агенттікке қайтадан өтініш жасау тым  қиынға соғады. Бұның ауырған адамға да пайдасы болмады, өйткені ол жақсы  сырлас бола алатын адамды және көмекті  күтті, ал оның орнына ол уағызшыға кез болды!

Дәрігер бұл бағдарлама сенімге  келетін жаңа адамдарды іздейтін діни қызметкерлердің пайдасы үшін деген қорытындыға келеді. Егер осылай болса, онда дәрігер әріптестерінің бәріне де осындай пайдасыз, зиянды адамдар туралы хабардар етуі керек.

 

Қонақ әрі қызметші

Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты бар. Олардың көпшілігі жергілікті мәдениет пен дәстүрге байланысты. Мысалы, Уганданың  бірқатар жерінде кейбір сенушілердің қауымға берілгендігі соншалық, егер қауым бағдарламасы бойынша ЖҚТБ-ға қатысты жұмыс істейтін қызметші келіп, әрбір кездескен сайын бірге мінажат етуді ұсынбаса, бұл өрескел болып көрінер еді. Егер сіз дұға етуді өзіңіз ұсынбасаңыз, ақыр соңында бәрібір сізден осыны өтінеді. Сенушілердің үйдегі мінажаты бұл — қауым қызметінің үйреншікті бөлігі. Мінажат — бұл өмір сүру салты. Алайда Таиланд пен Үндістанның кейбір бөліктерінде мүлдем басқаша. Сондықтан біз мұндай нәрселерге өте сақ болуымыз керек.

Бұл көбіне біздің қызметімізді қалай  атқаратынымызға және адамдардың бізден нені күтетініне байланысты. Әйтсе де, мәдениетке және мәсіхшілік сенімге қаншалықты қайша екендігіне қарамастан келесі нәрселер әрқашан да шындыққа тіреледі.

Егер сіз науқас адамға тамақ  әзірлеп беру үшін келсеңіз және ол сіздің оған қол ұшын беруге әрқашан  да дайын екеніңізді, ешқашан шағымданбайтыныңызды, оны қандай адам болмасын сол күйінде қабылдап, тіпті оның дүниеге деген көзқарасы мен өмір сүру салты сіздікінен басқаша болса да оған шыдамдылықпен күтім көрсететініңізді байқап және сіздің қауымға баратыныңызды білсе, ол сізден сеніміңіз жайлы айтып беруді өтінеді. Бұндай жағдай өзіңізде бар үмітпен бөлісетін, науқас адамға рухани жұбаныш пен тыныштық беретін ғажап мүмкіндік. 

Егер адамның өзі осы тақырыпта  сөз қозғаса, оның сұрақтарына жауап  бермеу ақымақтық әрі қайырымсыздық болар еді. Оның көзқарасы сіздікінен өзгеше екендігіне қарамастан, оның қасынан сенуші адамның табылуы ол үшін үлкен сүйеніш болуы мүмкін. Тіпті ол адам сіздің ол үшін мінажат еткеніңізді сұрауы да ықтимал. Атеистердің көбіне басқа адамдардың мінажатына сенетіндігі ғажайып нәрсе! Әйтсе де, сіз барлығына да қызметші-көмек беруші тұрғысынан қарауға тиіссіз: бүгін осы адамға қалайша көбірек пайдамды тигізе аламын? Сіз сонымен қатар өзіңіздің қонақ екендігіңізді және қызметіңізді ұсынамын деп оның мазасын кетіріп алмауыңызды да үнемі есіңізден шығармауға тиіссіз. Айтпақшы, мен жоғарыда айтып кеткен буддаға сенуші Мәсіхке деген сенімге осындай жолмен келген.

 

Мектепте берілетін  білім

Дәл осы қағидалар мектептегі жұмыста  да қолданылуға тиіс. Жыныстық қарым-қатынас тәрбиесі мен ЖҚТБ жайлы оқушыларға қалай айтып-жеткізу керектігі туралы әркімнің қалыптасқан өз көзқарасы бар мектептегі жұмыс бұл аса сезімталдықты талап ететін сала. Және тағы да бұл көзқарастар әр елде, әр аймақта, әр қоғам мен әр мектепте өзгеше болуы мүмкін. Адамдар белсенділер ЖҚТБ дағдарысын мектеп үшін орынсыз болатын сақтандырғыш мүшеқаптардың жарнамалары үшін пайдалануға немесе пуритандық көзқарастар мен қалыптарға үгіттеуге тырыса ма деп қорқады.

Мұғалімнің шақыруы бойынша келген ағарту ісін жүргізуші мектепте қызметші, ал сыныпта қонақ болуы тиіс. Талқыланатын тақырыптар, оны жеткізу әдістері мен сол шараның жалпы ыңғайын табуды алдын ала келісіп алған жөн.

Мектептегі жұмыс — артықшылық және егер сізді шақырған адамның тарапынан қолдау көрсетілмесе, онда ол жеке бастың көзқарасын үгіттеудің мінбесіне айналмауы керек. Бірақ егер діни сұхбаттар немесе өмірден алған тәжірибелер туралы сабақ барысында мұғалім не оқушы лектордың о дүниедегі өмірге деген мәсіхшілік сенімімен бөлісуін не жыныстық қатынас жайлы көзқарасын нақтылауын сұраса — оның жөні басқа. Алайда мұндай көзқарастар талқылануға және қарсыласуға ашық жеке бастың пікірі болып қалуы тиіс. Дегенмен менің айтарым барлық жағдайда сіздің жетекшіңіз жергілікті мектеп пен оның мұғалімдері болсын. Олар сізге өзіңіз ойлағаннан артық еркіндік береді.

Қорытындылай келе ЖҚТБ қоздығыш-вирус  арқылы тарайтын, ортақ инеден немесе ауру адаммен болған жыныстық қатынастан жұғатын, сансыз көп адамның өмірін алатын жан түршігерлік ауру. Ол біздің осал сезінетін екі жерімізден соққы береді, олар —біздің адамгершілігіміз және біздің өлімге деген көзқарасымыз. ЖҚТБ бізді не істеп жүргендігіміз әрі кім екендігіміз жайлы ойлануға мәжбүр етеді.

Енді әрекет жасайтын мезгіл жетті.

 

Әрекет жасайтын мезгіл жетті

Ең алдымен сізге өз өміріңізге көз жүгіртіп шолып өту қажет  шығар. Мен көптеген адамдардың өмірінің соңына жетейін деп қалған сәтте  өмірдің мәні туралы терең ойлана бастайтынын байқадым. Өз үйіңізді ретке келтіру үшін өлім жазасына кесілу міндет болғаны ма сонда? Мүмкін, сізден дереу жыныстық қатынасқа байланысты өміріңізді өзгерту не нашақорлықтың инесінен бас тарту, сонымен қатар, сізге ненің маңызды болып табылатынын шешу талап етілетін шығар.

 

Сізге не маңызды?

Сізді шын мәнінде не нәрсе бақытты ете алады? Сіз үшін қандай қарым-қатынас маңыздырақ? Мен осы жылды ғана емес, алдағы бірнеше жылды және болашақты да  айтамын. Сіз нағыз достарыңыздың кім екенін әрі сіз кімнің иелігінде екеніңізді білесіз бе?

Информация о работе Сенушілер ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде