Сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 16:05, дипломная работа

Краткое описание

Адамзаттың тарихи дамуы, ғылыми техникалық прогресстің жеделдеуі қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты шиеленістіре түсті. Өндірістің дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша, қоршаған табиғи ортаның ластануы сияқты жаңа дағдарыстар алып келді. ХХ-ғасырға дейін адам баласының табиғатқа әсері жер шарының әр түпкірінде түрліше әсер еткен болса, қазір ол бүкіл планетаны қамтып, өмірге мейлінше қауіп төндіріп отыр.

Содержание работы

Кіріспе …………

І тарау. Оқушыларға сабақтан тыс экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері.
Экология және экологиялық білім беру мен тәрбие жайлы ұғым.
Экологиялық білім берудің педагогикалық негізі.
Қазіргі мектеп жағдайында сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу.

ІІ. Тарау. Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі.
2.1. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің мүмкіндіктері.
2.2. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім берумен тәрбеиелудің жолдары.
2.2.1. Экологиялық соқпақ.
2.2.2. Табиғаттану экскурсиялары.
2.3. Оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің деңгейін анықтау.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 105.72 Кб (Скачать файл)

Н.С.Сарыбеков  табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері үлкен жетістіктермен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында пайдалануда.  Қазіргі кезде экологогиялық проблемалардың зардаптық көлемі үлкеюіне байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жаңаша көқарастарын қалыптастыру қажет. Оқушылардың экологиялық білімді игеру мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілуі керек:

біріншіден, сабақ оқыту үрдісінде экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстылығын ғылыми негізде жүргізу керек. Екіншіден, сабақтан жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде табиғат  пен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөнінде нақты білім мен практкиалық тәжірибені, дағдыны әр оқушы санасына жеткізу қажет.

Қазіргі таңда оқушыларға экологиялқ білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше екендігін біздің жүргізген ғылыми зерттеуіміз дәлелдеп отыр. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды өткізудің сан алуын түрлері мен жолдары бар. Мұндай мектептен тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра  білгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелу өз нәтижесін беріп, оқушылардың өзін қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға көмегін тигізеді.

Жалпы білім  беру мен тәрбиелеу мектепте жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептің алдынд тұрған негізгі мақсат – оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Баланың бойында осындай сзгі қасиеттерді қалыптастыру, олардың іске асырылуы мектептерде жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға да байланысты.

 

 

 

 

 

 

ІІ Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің жүйесі

2.1. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің мүмкіндіктері.

Экологиялық білім беру мен халық ағарту ісі жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жан-жақты білім беру мен тәрбиелеудің, дүниеге адамгершілік, ізгілік көқарастарын қалыптастырудағы, табиғат пен қоғамның өзара ықпалын дұрыс түсінудегі басты құрал болып саналады.

Жалпы білім  беретін мекетептердің міндеті оқушыларға табиғат пен қоғам туралы ғылымының негіздерін үйретіп қана қоймай, ең бастысы, оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ұялату, қоршаған табиғи ортамен парасаттылық тұрғыда қарым-қатынас орнатып, экологиялық білімділік пен дағдыны қалыптастуры болып табылады.

Жалпы білім  беретін мектепті бітірген жас түлектерде экологиялық ойлаудың тұтастығы ілң қалыптассын жетілмейді. Ал оның қалыптасуы үшін жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің ең басты міндеттері оқу жылдарының өң бойында тұтастай сақталынып, жалғасын тауып отыруы шарт. Бұндай іс-шараларды жүзеге асыруда сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың орны бөлек.

Қазақстан Республикасында дарлық басқа ТМД елдеріндегі сияқты жалпы білімі беретін мектептерде оқытудың барлық құрылымы оқушылардың азамттық жауапкершілігін қалыптастыруға, адамгершілің көзқарас туғызуға бағытталған.

Мектеп - қоғамның жас жеткіншектерін жоғары құлықтылыққа, салихалыққа, мәдениеттілікке және кәсіби қабілеттілікке ұдайы баулудың, дайындаудың басапқы әрі негізгі буыны.

Мектеп Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заң күші бар іс-қағаздары және жадығаттарға сәйкес жұмыс жүргізеді.

Ал жалпы  орта білім беретін мектептер  негізінен үш сатыдан тұрады:

І саты –  бастауыш мектеп І-ІҮ сыныптар;

ІІ саты –  орталау мектеп Ү-ҮІІІ сыныптар;

ІІІ саты –  орта мектеп Х-ХІ сыныптар;

Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім берудің мақсаты мектеп оқуышарының қоршаған табиғи ортаның жай-күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік көзқараспен сенім жүйесін орнықтыру болуы тиіс. Жалпы білім беретін мектептерде өтілетін барлық пәндерді эукологияландыру мен оларды сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстармен ұштастыру жас ұрпақты өзін қоршаған ортаға үнемі зерттеушілік көзбен қарауға, онымен адамгершілік, ізгілік ұғым түсінік тұрғысынан қатына жасауға үйретеді. Осы жолмен олардың бойында бүкіл тіршілік атаулыға деген биік сезім мен жауапкершілік қалыптаса бастайды.

Жас жеткіншектердің алғашқы қалыптасуы, азаматтық саналарының жүйеге итүсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбие алуы қажет. Мектеп оқушыларына экологиялық білім беруді тек жеке пәндер бойынша оқу-тәрбие үрдісінде ғана жүргізіп қоймай, оны сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында да жалғастыру қажет. Тиісті әдебиеттерге жасалған талдауларымыз қазіргі заман талабына сай мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерін былайша тұжырымдауға мүмкіндік береді:

• басты идеяларды, негізгі экологиялық ұғымдарды түсіну арқылы адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес оған ықпал жасауы;

• экология ұғымдарының сан алуан игіліктерін өндіріс пен мәденитті дамытудың негізгі міндет көздерінің бірі деп түсіну;

• Адамның экологиямен қарым-қатынас жасауға деген рухани қажетсінуін дамыту.

Экологогиялық білім беру мен тәрбиелеудің мақсаты – қоғам мен табиғаттың үйлесімділік әсер идеяларын түсіну, адам мен айналадағы табиғи ортаның қалпын сақтау жауапкершілігін баулу.

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған аса жауапты міндеттерінің бірі – оқушылардың сапасына өзін қоршаған табиғи ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті жердің флорасы мен фаунасына сүйіспеншілікті қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлағын сақтап, молайта түсуге бағытталған сезімдерін қалыптастырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Ал оқушылардың экологиялық білімді игеруде сабақтан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.

2.2. Сабақтан тыс жұмыстарды  жүргізгенде оқушыларға экологиялық  білім берумен тәрбиелеудің жолдары

Өмір өзгеріп, заман жаңарып еліміз дамудың жаңа жолына түскен кезде мектептіріміздің міндет, борышы бұрынғыдан әлдеқайда ауырлай түсетіні түсінікті. Бұл міндет әрбір пәнге, әрбір пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға қатысты болса керек. кез келген пәнді оқыту мен жеке пәндер бойынша жүргізілетін мектептен тыс жұмыстар жаңа заман тудырып отырған әлеуметтік-экономикалық талаптарға жауап беруі тиіс. Жаңа заманға жаңаша көзқарас, жаңа дүниетаныммен қарап, білім бағдарын сонымен салыстыра отырып түземесе, оқушыларымыздың ескі сүрлеуден шыға алмайтындығы кім-кімге болса да жасырын сыр болмаса керек. жалпы орта білім беретін мектептерде оқу тәрбие жұмыстарын әлеуметтік-экономикалық және ғылыми техникалық даму талаптарын басшылыққа ала жүргізіп, білім мен білікті тәжірибе дұрыс пайдалана білген жағдайда ғана жас өспірімнің айдағыдай білім алатындығы оның ғылыми дүниетанымы дұрыс қалыптасатындығы дәлелденіп отыр.

Жалпы білім  беретін мектептерде оқу-тәрбие және оны жетілдірудегі дидактикалық принцип бірлігін сақтау оқу-тәрбие үрдісінің барлық құрамдас бөлшектерінің өзара бірлікті әрекет жасауын талап етеді. Сонда ғана оқушылардың тыңғылықты білім алып, ғылыми танымның, көзқарасының қалыптасып, ақыл-ойы мен рухани күш-жігерінің дамуына жан-жақты білім беріп, дұрыс тәрбиелеу ісіндегі толып жатқан түрлеуі көп күрделі мәселерді жинақты түрде шешуде мектептен тыс уақытта өтілетін жұмыстардың орны ерекше.

Мекетептен  тыс жұмыстардың сан ауын түрлері бар. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беріп тәрбиелейтін мектептен тыс жұмыстардың мақсаттарына қарай төмендегідей етіп топтауға болады:

  1. Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары;

• табиғатқа бақылау жүргізу.

• туған жердің өсімдіктері бойынша түрлі қатырмалар жасау.

  1. Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары;

• экологиялық білім беру мен тәрбиелеуге арналған ғылыми оқулар мен конференциялар;

• экологиялық білім беру мен тәрбиелеуге арналған тәрбие сағаттары.

• факультативтік сабақтар.

  1. Оқушылардың экологиялық білімдерін  тексеру жұмыстары:

• экологиялық олимпиадалар өткізу;

• «Жасыл әлем викторинасы» т.б. жарыстар өткізу.

  1. Оқушылардың өлкетану жұмыстары:

• экологиялық соқпақ ұйымдастыру;

• мектепте «Табиғат мүйісі» табиғат бұрышын ашу;

• этнографиялық – экологиялық музей ашу;

• «Жасыл аптека» клубын құру;

• «Құсбекі» ата жолын ұйымдастыру және т.б.

Жалпы орта білім беретін мектептерде жоғарыда көрсетілгендей мектептен тыс жұмыстарды өткізгенде оқушылардың ата-анасы мен қалың жұртшылықты да қамтыған абзал. Мектептерде жүргізілетін барлық сыныптан және мектептен тыс бір жүйеге келтіру үшін,  жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді тиімді құру екендігін көп жылғы жүргізілетін зерттеу жұмыстарымыз дәлелдеп отыр.

Егемен  еліміздің ертеңі өткен тарихымызбен сабақтасып келеді. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай білмейтін ерекше талаптары қалыптасты. Бала тәрбиесінде кейінгі жылдары пайда болған «Қазақстан тәлім-тәрбие тарихы», «қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Елім-ай», «мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбиесі»

 Тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, жалпы орта білім беретін мектептерде мектептен тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларды экологиялық білім ьеру мен тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін барлық жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім беру орталығын құру қажет.

Ұстаздар оқу бағдарламасындағы әрбір тақырыпты мүмкіндігінше оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуге бағыттауы керек.

Әрбір пән мұғалімі өз пәндері бойынша экологиялық білім беру мен тәрбиелеу бағытында сайыстар, байқаулар, кештер, конференциялар ұйымдастырады, өз пәндері бойынша оқушылардың экологиялық білім дәрежесін байқау үшін тағы да зертхана жұмыстары мен олимпиадалар ұйымдастырады, өз пәндері бойынша үйірме, факультативтік, қосымша сабақтар жүргізеді, факультативтік, қосымша сабақтар жүргізеді, әр түрлі клубтар мен музейлер ашып, өлкетану жұмыстарын жүргізуді басшылаққа алады.

2.2.1. Экологиялық соқпақ

Соңғы  оқу жылдарында біздің еліміздің жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық оқу сабақтарын ұйымдастыру ісіне ерекше мән берілуде.

Экологиялық оқу сабақтары түрлі мақсаттарға сәйкес ұйымдастырылуда. Мысалы, тарих, зоологиялық, географиялық, геологиялық, ботаникалық өлкетану және т.б.  Ондай соқпақтар көбінесе экологиялық оқу соқпақтары деп аталып жүр. Мұндай соқпақтарды тікелей өсімдіктану, жануартану, жағрапия сабақтары бойынша да өткізуге болады. Ондай соқпақтар қорық, табиғат ескерткіштері немесе табиғаты көрікті табиғи ландшафт арқылы да өтуі мүмкін. Экологиялық оқу сабақтарының танымдық, тәрбиелеік және ұйымдастырушылық маңызы ерекше. Экологиялық соқпақ ұйымдастырылатын аймақ алдын-ала жан-жақты тексеріліп, ондағы табиғи жағдай ескеріледі, оны ұйымдастыруға қатысқан әрбір оқушының бойында табиғатқа алушының сезім қалыптасады, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды, әрі өз бойында экологиялық мәдениеттілік қасиет пайда болады. Әрбір экологиялық соқпақ оқушының қызығатын әрі қоймайтын орнына айналуға тиісті. Экологиялық соқпақты безендіруге оқушылардың өздерін қатыстырып, ынталандыру қажет.. Экологиялық  соқпақтың ұзындығы 1,5-2,0 километрден аспағаны жөн, егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Экологиялық соқпақ өтетін табиғат алқыбында әр түрлі ландшафттар қамтылуы және онда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері болғаны дұрыс.

Сонымен бірге экологиялық соқпақ өтетін жер антропогендік әсерге ұшыраған алқаптарды да қамтығаны абзал, яғни адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін айқын көрсететін ластанған су айдыны, қолдан жасалған үйінді қоқыс--қалдықтар, эрозияға ұшыраған жер, өртенген орман алқабы, т.б. жерлер болса, сол арқылы оқушылардың көзін жеткізуге болады.

Экологогиялық соқпақтың жүретін жолы шеңбер немесе тұзақ тәрізді болғаны жөн, яғни соқпақ соңында бастапқы соқпақ басталған жерге қайта оралу қажет.

Соқпақ бойында тоқтап, демалатын аялдама орны, танымдық ерекшелігі бар алаңдар болуы керек. Соқпақ бойында бағыт сілтеуші көрсеткіштер, әдемі безендірілген танымдық тақтайлар, көрмелер болуы керек. әрбір соқпақты өткізгенде мыналарды ескерген жөн:

Біріншіден, соқпақ өтетін жерлерге анық  көрінетін етіп тақта іліп, оған қажетті жазулар жазып, суреттер салу керек;

Екіншіден, танымдық дәрежесі бар табиғат қорғау жайындағы мәліметтер болуы қажет;

Үшіншіден, табиғаты әрбір адамның өзін-өзі  алып жүру ережелері, жазылған нұсқаулар болуы керек;

Төртіншіден, оқушылардың рухани сезіміне әсер ететін әр түрлі тақпақтар, даналық нақыл-сөздер, мақал-мәтелдер т.б. жазылып қойылуы қажет.

Информация о работе Сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға