Сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 16:05, дипломная работа

Краткое описание

Адамзаттың тарихи дамуы, ғылыми техникалық прогресстің жеделдеуі қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты шиеленістіре түсті. Өндірістің дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша, қоршаған табиғи ортаның ластануы сияқты жаңа дағдарыстар алып келді. ХХ-ғасырға дейін адам баласының табиғатқа әсері жер шарының әр түпкірінде түрліше әсер еткен болса, қазір ол бүкіл планетаны қамтып, өмірге мейлінше қауіп төндіріп отыр.

Содержание работы

Кіріспе …………

І тарау. Оқушыларға сабақтан тыс экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері.
Экология және экологиялық білім беру мен тәрбие жайлы ұғым.
Экологиялық білім берудің педагогикалық негізі.
Қазіргі мектеп жағдайында сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу.

ІІ. Тарау. Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі.
2.1. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің мүмкіндіктері.
2.2. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім берумен тәрбеиелудің жолдары.
2.2.1. Экологиялық соқпақ.
2.2.2. Табиғаттану экскурсиялары.
2.3. Оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің деңгейін анықтау.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 105.72 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғалымдар - экологияландырып, экологиялық проблемалар, әлеуметтік, экономикалық, техникалық, педагогикалық т.б. жақтарынан зерттелуде.

Экологиялық проблеманың педагогикалық жағын зерттеу арқылы бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты, олар: «Экологиялық білім», «Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық мәдениет», «Экологиялық сана», «Экологиялық ойлау», «Табиғатқа экологиялық қатынас». Бұлар – мазмұнында ортақ құрамдас бөліктері бар айқас және бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар.

Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатпен өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.

Экологиялық  ойлау – табиғаттағы алуын өзгерістердің бір-бірімен, экологиялық факторлармен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылымының күрделілігі анықталады, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашылады.

Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді таиғат қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру. 1970 жылдардан бастап бұл мәселеге барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту үрдісінде баса назар аударылып келеді.

Экологиялық этика – айналадағы табиғ солардың ішінде биологияны оқыту үрдісінде баса назар аударылып келеді.

Экологиялық этика – айналадағы табиғиортамен қарым-қатынастағы мінез құлық нормалары мен ережелерін білу және сақтау.

Экологиялық мәдениет – күрделі ұғым. Әдістемелік әдебиеттерде оның мазмұны мен көлемі әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге тсүпей келеді.

Экологиялық мәдениет – экологиялық білім беру жүйесінің міндетті  бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін тегіс қамтиды.

Экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты іс-әрекет түрлерінің мәдениет

Жеке  адамның экологиялық мәдениеті  дегеніміз – атбиағтты аялау талабына сай келетін білім, іскерлігі және дағдысы, іс-әрекетке әзірлігі мен оны жүзегне асыруы.

Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық мәдениет қалыптастырудың мақсаты – «адам – қоғам - табиғат» жүйесінде үйлесімділік орнату, таби,ғи байлықты сақтау, молайту және тиімді пайдалануда жауапкершілік сезімін туғызу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру  - аса күрделі үрдіс, ол идеология, саясат, құқық, ғылым, өндіріс, өнер, ағарту салаларының бірлесе жұмыс істеуі арқылы жүзеге асаы.

Экологиялық мәдениет пен этикалық құрамына мыналар кіреді: табиғат пен қоғамның дамуы заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну; табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжалай білу; табиғат пен қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау.

Оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиесінің нәтижесінде қалыптасады.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде экологиялық білім берудің мақсаты мектеп оқушысын айналасындағы табиғи ортаға әмбебап, басқаша айтқанда жауапкершілікпен қарауға үйрету екеніні анықтадық. «Жауапкершілікпен қарау» немесе әмбебап көзқарас - әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан саралауға болатын кең ұғым. Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына кіретіндер.

а) табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін түсінуі;

ә) табиғаттың халық қазынасы екенін сезінуі;

б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білуі;

в) табиғатпен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп түсіне білуі.

Пайдаланған мақсат бойынша экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасын келеді.

Бірінші – көппәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мжеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады.

Қазіргі кезде бірінші үлгі теориялық жағынан жете негізделгендіктен, тарихи қалыптасқан оқу жүйесін түбірлі өзгертуді қажет етпейді; сондықтан мектеп практикасында жиі қолданылуда. Бұл үлгіге сәйкес мектептегі орта білім мазмұнына қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуі жөніндегі білім жүйесі, экологиялық құндылықтар туралы, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулер мен ережелер, табиғатты үйрену және қорғау жөніндегі іскерліктер мен дағдылар кіреді.

Бұған қарағанда экологиялық білімнің құрамы өте күрделі. Мұнда ең алдымен қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсері адамның табиғатты пайдалануы тұрғысынан қарастырылады.  Ол үшін жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдар жинаған білім қорын іске жаратады. Ғылыми білім ұғымдар жүйесінен тұратын болғандықтан, әлеуметтік жаратылыстану және техникалық ұғымдарды пайдаланады.

Әлеуметтік ұғымдарға адам, қоғам және табиға үшеуінің қарым-қатынасынан туындайтын ұғымдар жатады, олар: адам мен қоғамның пайда болуы, адамның табиғат пен қоғамның перзенті екені, блин,адам мен табиғаттың бірлігі, бір-біріне тәуелділігі мен әсерінің тарихи қалыптасуы, бұл әсерлесудің қоғамның экономикалық формациясының түріне тәуелділігі. Әлеуметтік экология, міне осыларды зерттейді.

Техникалық білімнің дамуымен қабаттаса туындайтын ұғымдар: табиғатты үнемі пайдалану, өндірістің шикізатын және оны өңдеуден қалған қалдықты толық пайдаға асыру, әр түрлі өндіріс салаларын біріктіру, аз қадықты және қалдықсыз тұйық технология жасау, заттарды тазалық әдістерін жетілдіру, экологиялық таза өнім өндіру және т.с.с.

Жаратылыстану ғылымдарының білімі табиғат туралы деректерден, ұғымдар жүйесін туғызады. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа әсерінің шегін айқынауға, табиғатты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара байланысты заттардың биохимиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдарымен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар: тірі ағза, экологиялық жүйе, экологиялық жүйе, экологиялық факторлар, биосфера және т.б. тірі ағза зат алмасу және тірі материаны сипаттайтын өзге белгілермен ерекшеленеді. Жерден барлық тіршілік етушілердің биологиялық жүйесінен биосфера құралады. Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың абиотикалық, биотикалық және антропогенді түрлері бар. Заттардың биогеохимиялық айналымы дегеніміз – заттардың табиғатағы алмасуымен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі.

Табиғаттың өзіндік дамуында айтылған жүйлер арасында заттардың биолохимиялық айналымының жылжымалы тепе-теңдігі арнайды. Адамның табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экологиялық жүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа жол ашылады.

Мұның қазіргі кезде белең алған көріністеріне жерден алынатын қазба байлақтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы, атмостферасындағы азон қабатының сиреуі, топырақта зиянды заттардың жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы т.б. жатады. осыдан табиғат, адам және қоғамның бір-біріне екі жақты әсері жэнінде экологиялық білімінің жалпы білім құрамына міндетті түрде енгізілуі қажеттілігі туады.

Экологиялық білім берудің екінші мазмұны – жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру. Мұның мәнісі: оқушыда экологиялық сана орнығуын қамтамасыз ету. Әр оқушы табиғатты тұтасынан алғандығы қоғамның және жеке адамның алуын түрлі қажетігін өтетін қазына байлық деп түсінуі керек. Бірақ ол сарқылмайтын қазына емес. адамның қажеттігі практикалық, материалдық және рухани болуы мүмкін. Практикалық қажеттігін өтеу арқылы адам тіршілігін сақтайды. Материалдық қажеттігін өтеу арқылы өндірісті, ғылымда және техниканы дамытады. Рухани қажеттілігін өтеп, ақыл-ойын және эстетикалық талғамын өсіреді. Табиғаттың әсемдігімен сұлулығын көре білуге, одан ләззат алуға баулу -  экологялық білім мен тәрбиенің басты міндеті. Оқушы табиғаттың құндылығын экономикалық жағына да бағалай білуі тиіс. бұл, әсіресе, тәуелсіз Қазақстанның жарыққа бет бұрған шағын да аса қажетті қасиеттің бірі. Шетел қалталары жеріміздің байлығы, өндірісі мен мекемелерінің ұзақ мерзімге жалға алып жатқанда олармен ұтылмай келісім шарт жасайтын, елдің және жердің экологиялық болашағын ойлай да, сақтай да білетін білімді, жігерлі жастарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің үшінші бөлігі – экологиялық этиканы қалыпастыру, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулер мен ережелер жүйесі жөнінде білім беру. Ұзақ жалдар бойы табиғатқа қарым-қатынастық пайдалану – тұтыну тәсілі үстем болып келді. Пайда табуды ғана көздеген алып құрылыстар, өндірістер мен игерулер жүзеге асырылады. Осыдан барып Арал қасеіреті, Семей полигоны туындады. Әлемдәк деңгейде алғанда мұндай экологиялық апатты жақындататын адам әрекеті қаншама. Мұның салдарын адамзат кештеу болса да түсініп, экологиялық проблемалар әлемдік проблемаларға айналды. Мұның өзі табиғатты сақтап келесі ұрпаққа жаралған күйінде қалдыруға жағдай туғызады.

Экологиялық бөлімнің төртінші бөлігі – табиғатты білу мен қорғаудың іскеріктері мен дағдылары.

Табиғатты қорғауға байланысты қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар алуын түрлі. Оларға жататындар: табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылай және жәй-күліп бағалай білу; экология туралы ғылыми білімді жеткі меңгерген іскерлікті  игеру; және т.б. Осы талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң оқушының табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын, мәдениетін және іс-әрекетінің қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі мектеп жағдайындағы сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу.

Оқушыларға экологиялық білім  беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлақтарын үлкен парасаттылықпен  пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыруда айттамыз.

Оқушыларға экологиялық білім беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандықтан алдыңғы қатарлы философтардың, психологтардың, педагогтардың назарын аударып отыр. Оқушыларға экологиялық білім беру мәселесін шешуге педагогика кемеңгерлерінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін танып білудің орны ерекше. Ж.Ж.Руссо, Г.Лестолоцский және т.б. классикалық педагогикадан баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын  негіздеді. Олар баланың бойына ізгілікті дарытушы «табиғат сезіміне» тәрбеиелу туралы айта отырып, оның адамзат дамуындағы табиғаттың маңыздылығын көрсетеді.

ХІХ-ғасырдың халық ағартушылары В.ГГ.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добралюбов, Д.И.Писарев мектепте табиғатты немқұрайлы оқытуға болмайтынын, оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек екендігін ашына жазды. Халық ағартушылары экологиялық білім беру жөнінде сапалы білім беру жеке адамның мінез-құлқын қалыптастыратын сананың дұрыс жетілуіне әсер ететіндігіне айрықша мән берді.  Ұлы педагогтардың бірі К.Д.Ушинский адам мен таиғат арасындағы қатынастарды педагогикалық аспектілерде қарастырып, «табиғат дауысын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да ағына дейін тыңдауларын тиіс. Табиғатпен елсу, оған қарсы тұру жақсы емес, адам тиабиғат заңдылықтарын жақсы кеңгеруі қажет» дейді.

В.А.Сухомлинский балалардың бойына табиғатқа деген сү.йіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершіік тәрбиесінің негізгі деп санады.

Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатынындығы туралы қазақтың ғұлама ақынары, халық ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов еңбектерінде жазды.

Осы келтірілген халқымыздың ырымдары мен тиым сөздері қазіргі мектептеріміздегі  оқыту мен тәрбиелеу ісінің, соның  ішінде оқушыларға экологиялық білім  мен табиғат қорғауға тәрбиелеуді  жетілдіре түсуге өз үлесін қосады.

Академик  И.Д.Зверев оқушыларға экологиялық белем берудің басты міндеттері мен мақсаттарын ашып берді. Ол экологиялық білім берудің мақсаты ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді адамгершілік мораль нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына адамзаттың, белсенділік қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады деп отырып, оның педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне бола назар аудары.

«Экологиялық білім мен тәрбие» жаңа ұғым екендігін атап көрсете отырып, Б.Г.Иоганзен: «Экологиялық білім мен тәрбие адам мен қоғамның тәуелділігін, соңғасын сақтау және жақсарту қажеттілігін түсінетін, қоршаған дүниедегі әсемдікті бағалай білетін және табиғаттың жай-күйі үшін азаматтық жауапкершілік сеізімін игерген, жан-жақт жетілген жеке адамдарды қалыптастыруды қарастырады» дейді.

Экологиялық білім мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А.Н.Захлебныйдың  еңбектерінде де негізінен осы мазмұндас  тұжырымдалады.

Ғалымдардың көпшілігі экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің нәтижесін жеке адамның іс-әркетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белігілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп санайды.

А.Н.Захлебный  жалпы білім беретін мектепті екі әлеуметтік мақсатқа бағытттауды ұсынады:

  1. Оқушының жеке мінез-құлқында және түрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қахеттігіне тәрбиелеу.
  2. Қоршаған табиғи ортаны жақсарту мен қорғауды, оны оқушының ұқыптылықпен пайдалну дағдыларын тәрбиелеуді ұсынады.

Жалпы білім  беретін мектептерде оқушыға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің негізгі жоларын атап көрсеткен Қазақ табиғат зерттеушілерінің бірі академик Н.С.Сарыбеков.

Информация о работе Сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға