Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . . . . . 5
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . . . . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Жаңадан бастайтын кәсіпкер бастапқыда мазмұны мен логикасын түсінуге тиісті мәселелер жалпы алғанда міне осындай. Келешекте ол менеджер ретіндегі өз потенциалын арттырып, негізінен алғанда, рыноктағы операциялар жөнінде, онымен байланысты барлық проблемалар бойынша шешімдер қабылдау тәсілдерін меңгеретін болады. (7. 158-163 бет)
Қорытынды
Кәсіпкерлікті шаруашылық искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық жаңашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреміз, мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі “мүмкіндік - искусствосы”. Оның үстіне әңгіме тауарлы және бәсекелі шаруашылықтың туумен байланысты өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Мұнда жеке бастың бейімділігі, қабілеті, батылдығы маңызды рөл атқарады. Бұған қосарымыз Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен жауапкершілігі туралы алғашқы қабылданған заң актілірінің бірі “Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы” болды. Мұнда кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген жауапкершілігі бар деп анықтама берілген.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетің кезкелген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” ұғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өзмүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”. Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге “Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы” туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктері анықтап берді.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.
Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы “Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы” Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.
Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей шектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі деңгейінен көрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршендігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.
Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы” Жарлығы жақсы ықпал етіп отыр.
“Жеке кәсіпкерлік туралы”, “Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар ендіру туралы”, “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы” Заңдар дайындалып және қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Р.Н., Табаев Т.П.
“Экономикалық теория” Алматы: Қазақ университеті, 1999 ж.
(84-90 бет).
2. Әубәкіров Я.Ә. “Экономикалық теория негіздері” Оқулық. – Алматы,
“Санат” 1998 ж. (177-180 бет).
3. Бердалиев К.Б. “Қазақстан экономикасын басқару негіздері”
Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001 ж. (79-88 бет).
4. Крымова В. “Экономикалық теория” Кестелі оқу құралы, Алматы:
Аркайм, 2003 ж. (23-24 бет).
5. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Оқу
құралы, Алматы: Экономика, 2003 ж. (11-17 бет).
6. Осипова Г.М. “Экономикалық теория негіздері” Алматы,
2002 ж. (76-81 бет).
7. Сәбден О. “XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз” Алматы:
Қазақстан, 1997 ж. (158-163 бет).
8. Сәбден О., Тоқсанова А. “Шағын кәсіпкерлікті басқару”
Алматы, 2001 ж. (14-26 бет).
9. Шеденов Ә.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.
“Жалпы экономикалық теория” Алматы – Ақтөбе, 2001ж. (152-155 бет)
10. Мауленов С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.
“Экономикалық теория” Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2003 ж.
11. Нұрғалиев Қ.Р. “Қазақстан экономикасы” Оқу құралы, Алматы:
Қазақ университеті, 1999 ж.
5
Информация о работе Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары