Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . . . . . 5
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . . . . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгересіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұнын өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклердік делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді роль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді.
Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кісіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: “Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді”? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында “стратегиялық көзқарассыз” ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – “Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде” деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.
Конференцияда басты назар мына мәселеге аударылды: “Белсенді іс-әрекеттер арасында” келесі шарттарды орындайтын корпорациялар жатады:
1. Өз қызметінің стратегиялық бағыт-бағдарын жеке түсіне білетін;
2. Уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз
ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алатын;
3. Ұйымдастырудың, жұмыс режимінің тиімді түрлерін, ресурстар мен
жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін, арақатынасын таба
білген;
4. Біріккен еңбек оның барлық қатысушыларын қанағаттандыратын
жағдайда ғана табысқа жетуге болады.
Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеніңде тұрған елдер үшін өте құнды. Бұл әрине, Қазақстанға да қатысты.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге “Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы” туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктері анықтап берді.
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формасы деп аталады.
Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.
Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің деңгейіне қарай: толық, аралас, шектеулі болып бөледі.
Бизнес – бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын сізге беруге ынталандыратын өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына, кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өңдірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Кәсіпкерлердің өздеріне ғана тән ерекше этикасы және дүниетанымы бар. Бұл жағдайға қарап, біз кәсіпкерліктің ерекше бір философиясы бар екенін айтуымызға болады. Кәсіпкерлік философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының әсерінен өзгеріп тұрады. Ал кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып келеді. Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп тұрады, ал нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.
Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр нәрсе, әр тенденция мәңгі болмайтындықтан нарық субъектілерінің мінез-құлқы әрқашанда өзгермелі. Егер кәсіпкер экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік ортаға бейімделе алмаса, онда оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер әрқашанда күтпеген жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай алуы қажет.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік проблема – халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы “тұтынушыға қызмет ету” режиміне ауыстыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюктурасын бақылау мен қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвистициялау мәселелерін талдау.
Индустрия, энергетика, Сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі министрліктердің, ведомстволардың және кәсіпкерлер бірлестіктерінің қатысуымен Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жасап, оны Үкіметтің қарауына берді.
Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Атап айтқанда, алғашқы құжаттардың бірі болып “Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы” Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада “Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту” Қоры құрылып, Президент Жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында “Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы” мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. Арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің “Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөніндегі құқығын қорғау туралы” Жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды
жою;
тексеруші органдар санын қысқарту;
заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.
Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін “көленкелі экономикаға”, салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегисының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.
Сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына, әр түрлі ресурстардың жылдам айналуына, кәсіпорындар арасында тиімді қатынастар орнауы үшін қолайлы жағдай құрылуына нарық инфрақұрылым элементтерінің дамуы да үлкен әсер етеді. Бизнесті дамыту үшін нарық инфрақұрылымына үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені нарықтық инфрақұрылым дамымай шағын және орта бизнесте алға баспайды. Банктер, тауарлық және басқадай биржалар, сақтандыру компаниялары, аудиторлық және консалтингтік компаниялар, транспорттық және байланыс кәсіпорындары нарық инфрақұрылымның басты элементтері болып саналады.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.
Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық программа туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.
Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды.
Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ыңтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе, шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.
Кәсіпкердің мемлекетпен арадағы қатынасы да белгіленген. Мемлекеттік басқару органдары кәсіпкерлермен экономикалық әсер ету механизмінің әр түрлі тұтқаларын қолдана отырып қатынасқа түседі. Ол тұтқалар мыналар:
Информация о работе Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары