Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . . . . . 5
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . . . . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);
шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.
Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа барлық аймақта іс жүзінде шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінен құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.
“Жеке кәсіпкерлік туралы”, “Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар ендіру туралы”, “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы” Заңдар дайындалып және қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген. (6. 76-81 бет)
2.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпкерлікті ұйымдастыру және, тиесінше, кәсіпкерлер мен менеджерлердің іс-қимылы бойынша арнаулы әдебиет пен жетекші бағыт беретін материалдар басып шығаруды шұғыл қажет етті. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің шетелдік тәжірибесі өте пайдалы. Алайда шетелдік тәжірибенің, кәсіпкерлік қызметтің сырттай қызықты болып көрінетін оқиғаларының және шаруашылық жүргізудің бірегей модельдерінің әр жерден суыртпақтап алынған жүйесіз сипаттамаларының іске жаңадан кіріскен кәсіпкерге берері аз, өйткені оның неден бастау, іске қалай кірісу керек екенің білуі керек.
Жаңадан бастайтын кәсіпкерге фирманы басқару жүйесінің өзіндік “қаңқасын” қалай да қалайтын құрылымдық схемалардың белгілі бір жиынтығын ескеру өте пайдалы.
Біз оларды “басқару бағдарлары” деп атаймыз. Шет елдерде менеджмент және кәсіпкерлік негіздері бойынша көптеген арнаулы материалдар басып шығарылған, олар практиктерге, соның ішінде экономист еместерге бағышталған. Әдетте олар өз ісін ашуға – фирма құруға тәекел еткен жаңа кәсіпкер жүйелі түрде жасайтын қадамдардың сипаттамасы қарапайым логикалық схема түрінде, немесе бизнес-жоспар түрінде берілген методикалар. Бұл методикалардың ерекшелігі – ең алдымен олардың авторларының іске жаңадан кіріскен кәсіпкерге деген “жолдастық” ықыласы, екінші жағынан – оқып-үйренуге ұсынылған материалдың іскерік бағыты мен практикалық маңызы үшін кәсіпкер алдындағы жоғары жауапкершілігі. Жоғарыда айтылған бағдарлар іс жүзінде осында берілген.
Төменде шетелдік фирмадағы кәсіпкерліктің принциптері мен логикасын бейнелейтін схема ықшамдап берілген. Бастапқы позиция мынадай: кәсіпкер, өз қызмет орнына және функциялық міндеттеріне қарамастан, нарықтық макро- және микроэкономиканың жалпы негіздерін білуге міндетті. Бастапқы міндетті ұғымдар қатарына мына элементтер қосылады. Нарықтық экономика – экономикалық өмірді демейтін жүйе, оның нақ жүйе ретінде жұмыс істей алуы үшін еңбек бөлісіне сүйенетін, кейінгі процестердің – айырбастың, бөлудің және тұтынудың негізгі пункті болатын өнеркәсіп өндірісі қажет. Осы кезеңдердің жиынтығы экономикалық айналым құрайды. Экономикалық айналымның басты субъектілерінің – фирманың, өз бюджетімен және мемлекет бюджетімен отбасының – іс-қимылдары сайып келгенде жүйедегі тепе-теңдікті, балансты қамтамасыз етуге тиіс. Заңдар жүйенің құрамдас бөліктерінің үйлесімді дамуы үшін жағдайлар жасалуына кепілдік береді. Экономикалық айналымның басты шарты – неше түрлі құбылыстар болатын, тауар ақшаға және ақша тауарға айналатын рыноктың болуы.
Кәсіпкерлік принциптері негізінен көпқырлы. Кәсіпкер өз іс-қимыл стратегиясынын қазіргі заманғы фирманың нарықтық экономикадағы ролін ескере отырып белгілейді. Сатып алушыны бағдар ету – қазіргі кәсіпкерлік қызметтің негіз қалаушы принципі мен саясаты.
Кәсіпкерлік жүйесі ретінде фирманың шектес ортаға кіріп, шығатын көптеген жолдары бар, бұған кәсіпкер мұқият көңіл бөлуге тиіс. Байланыс субъектілері мыналар: 1) аса маңызды бәсекелестер; 2) аса маңызды жабдықтаушылар; 3) аса маңызды сатып алушылар; 4) корпорациялар; 5) орталық және жергілікті билік орындары; 6) азаматтық инициативалар (мысалы, “жасылдар” қозғалысы); 7) кәсіподақтар; 8) діни топтар және т.б.
Фирма алуан түрлі бағдарлар мен шектеулер, реттеуші нормалар, заң нұсқамалары, әлеуметтік, этникалық және басқа талаптар ортасында жұмыс істейді. Солардың ең бастылары:
-
-
-
-
-
-
-
-
Фирманың тіршілік философиясы – жалпы алғанда фирманың, сондай-ақ оның жекелеген қызметкерінің өзіндік іс-қимыл кодексі болып табылатын, мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын және баспаханада басып шығарылатын ресми құжат (біздің практикамызда кездеспейді). Мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған жүйесі жағдайында бейіні мен көлемі бірдей кәсіпорындардың бір-бірінен айырмашылығы шамалы. Ал рынок жағдайларында әрбір кәсіпорынның, керісінше, өз бейнесі, нақты жұмыс стилі, өз тіршілік философиясы бар. Фирма философиясы – бастапқы база, принципті идея, фирманы дамытудың басты қозғаушы күші.
Философия кәсіпкердің ойы мен ісі түрткі болған себептерді іздеуге неліктен бағытталғаны жөнінде сұрақ қойып, сол сұраққа жауап қайтарады, фирма іс-қимылының мәні мен мақсатының себептері мен түпнегізін зерттейді, іске қосылатын активтерге баға береді.
Фирма философиясының аса маңызды құрамдас бөлігі – басқару моделі. Онда кәсіпорын жұмысының, оны ұйымдастырудың негізгі принциптері, ұзақ мерзімді өндірістік, кәсіпкерлік және әлеуметтік нұсқамалар, өнім өткізілетін рыноктардың, қызметкерлердің жұмысын ынталандыру түрлері және әлеуметтік әріптестік шарттары сипатталған. Әзірленетін және үнемі жаңартылатын модель нақты жүзеге асатын, іске аспайтын элементтерсіз болуға, басшылықтың жоспарланған мақсаттарға жетуге әзірлік деңгейімен және қабілетімен сәйкестендірілуге, өндіріс мәдениеті мен әлеуметтік әділдік талаптарын білдіруге тиіс.
Фирманың мақсаттары белгіленген кезде оның нақты потенциалы мен қоршаған орта жағдайы – рынок потенциалы өскеріледі. Фирма потенциалының негізгі көрсеткіштері – пайда мен рентабельділік, шығынның орнын толтыру дәрежесі мен сипаты, қорлар мен инвестициялардың жаңаруы, зерттеулер мен талдамалардың қарқыны.
Рынок потенциалы негізінен рыноктың өсуімен және фирма конъюктурасы жүйесіндегі жалпы жағдаймен сипатталады.
Екі түрлі мақсаттар белгіленеді:
1. Сан – (рыноктық – айналым, өсім, рыноктағы үлес; экономикалық пайда, рентабельділік; қаржылық – капитал, бейне, фирмадағы жұмыстың әлеуметтік жағдайлары.
Модельде сондай-ақ басқару механизмінің сипаттамасы болып, онда фирма жұмысының ерекшелігі көрсетіледі. Басқарудың қосалқы жүйелерінің құрылымында мыналар болады: 1) материалдық шаруашылық; 2) өндіріс; 3) өнім өткізу; 4) жұмысшылар; 5) капитал мен инвестициялар; 6) ақпарат.
Қосалқы жүйелердің әрқайсысы шеңберінде басқару функциясы жүзеге асырылады, олар үшеу: ұйымдастыру, жоспарлау, контроллинг. Ұйымдастыру менеджердің жекелеген процестерді материалдық-заттық тұрғыдан да, кеңістік пен уақыт тұрғысынан да өзара үйлестіруін көздейді. Жоспарлау екі саланы қамтиды: 1) ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге бағытталған стратегиялық жоспарлау; 2) фирмадағы басқарудың барлық орта деңгейлерін қамтитын оралымды жоспарлау (өндірістік факторлар және резервтер). Контроллинг өндіріс пен кәсіпкерліктің жекелеген функциялық салаларының өзара іс-қимылдарын үйлестіруге, осал жерлерді анықтап, жоюға, резервтерді ашуға қызмет етеді. Контроллинг процесінде жоспар мен фактіні салыстыру мақсатты, күтілетін нәтижені және оларға қол жеткізу құралдарын салыстыруға мүмкіндік береді. Контроллинг – кәсіпкерлік инициативалар базасы.
Кәсіпкерлік идеяларды тікелей жүзеге асыру мына факторларға байланысты: мақсаттар мен міндеттерді дұрыс, айқын тұжырымдау; ақшалай қаржыландыру мөлшері; өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру; маркетинг қызметінің потенциалы. Идеяларды нақты жүзеге асыру (фирманы құру немесе дамыту) жоспарлар жүйесін жасаумен байланысты. Олардың құрылымы мен жүйелілігі мынадай:
Өнім өткізу жоспары тұтынушылар мен рыноктар топтарына орай сан бойынша бірнеше жылға белгіленеді.
Айналым жоспары өнім өткізу жоспарының деректері бойынша есептеледі. Сан өнімнің даналап сатылатын бағасына көбейтіледі.
Өндіріс жоспары өнім өткізу жоспарының деректері бойынша есептеледі; уақыт пен жұмыс күші жөніндегі қажетті анықтай отырып, технологиялық процестер сипаттамасы енгізіледі.
Қуаттар жоспары өндірістік алаңдар, машиналар, коммуникациялар түрінде белгіленеді және т.т.
Инвестициялар жоспарында қызметкерлер жөніндегі қажет, олардың біліктілігі, ақы төлеу принципі мен тәртібі анықталады.
Материалдық-техникалық жабдықтау жоспары ассортимент тұрғысынан өндіріс көлемін негізге ала отырып есептеледі.
Материалдық қор жоспары – ағымдағы материалдық қорлар анықталады.
Дайын бұйымдар қорларының жоспары – қоймадағы дайын бұйымдар қоры анықталады.
Қаржы жоспары – қаншама капитал қажет болатыны және оны тарту көздерінің қандай екені белгіленеді.
Өтімділік жоспарында оралымды қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпорынға қаншама (ағымдағы) қаражат қажет екені туралы қажетті мәліметтер болады.
Жоспар балансында кәсіпорынның қаржы жағдайы оның қарыздарымен салыстырылады.
Фирмада басқару процестерінің басым бөлігі әміршіл емес режимде жүзеге асырылады. Міндет - әрбір жеке адамның күш-жігерін фирманың басты мақсатына жетуге жұмылдыру. Осыған байланысты фирманың тіршілік қабылетін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар жиынтығын алып айсбергпен теңеуге болады, оның үштен бірі – көзге көрінетін бөлігі (өндірісті ұйымдастыру, жабдықтау, өнім өткізу, инвестициялар, қуаттар, жоспарлау, контроллинг, кадрлар және т.т.) және үштен екісі – көзге көрінбейтін бөлігі, яғни қызметкерлер жөніндегі менеджмент, ол рынок организмінің субъектілері – адамдардың іс-қимылын сипаттайтын ерекше факторлар мен импульстерге негізделген. Олардың негізгілері мыналар:
1. Құндылықтар:
-
-
-
2. Өзін-өзі басқаруға ұмтылу (инициатива, тапқырлық, тәуекел етуге
әзірлік).
3. Моралдық-этикалық факторлар (сенім, ашықтық, адалдық, опасыздық,
пайдакүнемдік, шамшылдық).
4. Саяси нұсқамалар (жеке, партиялық).
Фирма мақсаттарына жету үшін менеджменттің түрлі әдістері пайдаланылады. Ауқым, интенсивтілік және әдістерді қолдану саласы жағдайға, фирманың дәстүрлеріне, қызметкерлердің даярлық деңгейіне байланысты. Осы әдістердің қайтарымы менеджердің кәсіптік біліктілігі мен тәжірибесіне, инициативасына, шығармашылығына, іс-қимыл ширақтығына, пысықтығына, қабылданған басқару стиліне, себеп-салдар түрлеріне байланысты.
Менеджмент әдістері өкілеттіктер беру құралдары мен тәсілдерін пайдалануға, фирма мақсаттарын орындаушылармен қатаң түрде байланыстыра отырып саралауға, ауытқуларға қатысты процестерді бақылауға, қызметкерлердің күш-жігерлерін үйлестіруге, коммуникациялық байланыстарды дамытуға, дәлелдеуге, жүйелі амалдар қолдануға, кадрлардың кәсіптік даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және т.т.
Информация о работе Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары